ТАҚЫРЫП-3. ЖІҚ-нің ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛЫЛЫҒЫ, ОЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

Жоспары:

1.ЖІҚ-ін жүзеге асырушы органдары.

2.ЖІК-ін жүзеге асырушы органдарының міндеттері.

3.ҚР ЖІҚ-ін жүзеге асырушы органдардың

құқықтары мен құзреті

Негізгі ұғымдар:Мемлекеттік органдар,тапсырма,Кеден агенттігі, нұсқау

1.ҚР аумағында ЖІҚ-н іске асыруға бағытталған,заңмен қатаң түрде анықталған мемелекеттік органдар жедел іздестіру қызыметін атқарады. Осы органдар ғана ЖІҚ-нің субьектілері болып танылады. Тек солар ғана ЖІҚ-ті туралы заңда көрстілген міндеттер мен құқықтарды пайдалана алады. Бүл тұлғалар жұмысын олардың қызыметкерлері, көмектесушлері, сол тұлғалардың атынан, сол органдарға жүктелген ЖІҚ-ті тапсырмаларын іске асырады.Сөйтіп ЖІҚ-тін іске асырушы органдар мен оның қызыметкерлері арасында белгілі бір құқықтық қатынастар орнайды, ол қатынастар ҚР заңдары арқылы реттеледі.

ЖІҚ-ті туралы Заңның 6-бабына сәйкес, ҚР-сы аумағында жедел іздестіру қызыметін жүзеге асырушы органдарға мыналар жатады:

1.Ішкі істер органдары.

2.Ұлттық қауіпсіздік органдары.

3.Қорғаныс министрлігінің әскери барлау органдары.

4.Ұйымдасқан қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агентігі.

5.ҚР Президентінің күзет қызыметі

6.ҚР кеден агентігі

7.Әділет министрлігінің қылмыстық атқару жүйесі органдары

Аталған тізім тек заң негізінде өзгертуге немесе толығуға жатады.

2.Жедел іздестіру қызыметін жүзеге асырушы органдардың міндеттері ЖІҚ-і туралы Заңның 7-бабында былай көрсетілген:

а)жеке және заңды тұлғалардың заңмен қорғалатын құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін, меншікті, қоғам мен мемелекеттің қауіпсіздігін қорғау, оның экономикалық және қорғаныс әлуетін нығайту үшін өз құзіретіне сәйкес қажетті шараларды қолдану.

б)жедел іздестіру шараларын жүзеге асыру арқылы қылмыстарды анықтауды, олардың алдын алуды, оларды болдырмауды және ашуды,қылмыстық процесте пайдалану үшін олардың нәтижелерін орнықтыруды қамтамасыз етуге, өздерінің қарауындағы қылмыстық істер бойынша жедел іздестіру шараларын жүргізу жөнінде тергеушінің жазбаша тапсырмаларын, прокурордың нұсқауын, сондай-ақ соттың ұйғарымын орындау.

в )қоғам мен мемелекет қауіпсіздігіне қатер төнгенін дәлелдейтін өздеріне белгілі болған жәйттер мен деректерді ҚР-ның мемелекеттік өкімет пен басқару органдарына дер кезінде хабарлау.

г) құқықтық көмек туралы шарттар(келісімдер) негізінде тиісті халықаралық құқық қорғау ұйымдары мен шет мемелекеттердің құқық қорғау органдарының тілектерін орындау.

д)жедел іздестіру шараларын жүргізу кезінде,сондай-ақ қылмыстық процесте пайдалану үшін жүргізілген жедел іздестіру шараларының нәтижелерін бейнелейтін материалдарды беру кезінде асыратын жағдайда қамтамасыз ету және хабарлама көздері құпиясының ашылуына жол бермеу жөніндегі қажетті шараларды қолдануға

Осы міндеттердің барлығы ЖІҚ-ті туралы Заңның 1-бабында көрсетілген міндеттерді іске асыруға бағытталған.Бұның өзінде де әр орган өзіне жүктелген міндеттерді заң және өзіне берілген құзірет шегінде іске асырады,яғни өз құзіреті шегінде іс шаралар жүргізеді.

3.Жедел –іздестіру қызыметін жүзеге асырушы органдардың құқықтары осы туралы Заңның 8-бабында былай көрсетілген:

а)өз құзіреті шегінде осы заңның 11-бабында көрсетілген жедел іздестіру шараларын жария және жасырын түрде жүргізуге.

б)жедел-іздестіру қызыметін жүзеге асырушы органдарға құпия көмек көрсетуге келісім берген адамдармен тегін немесе ақылы негізде ынтымақтастық қатынастар орнатуға.

в)жедел-іздестіру қызыметінің міндеттерін шешуді қамтамасыз ететін жедел есептер мен хабарлама жүйелерін құруға және пайдалануға.

г)жедел-іздестіру шаралары барысында жазбаша немесе ауызша шарт бойынша кәсіпорындардың,мекемелердің,ұйымдардың, әскери бөлімдердің қызымет жайларын, көлік және техникалық құралдарын,мүліктерін,сондай-ақ залал келтірілген жағдайда,осы залалды,шығындарын да жедел-іздестіру қызыметін жүзеге асырушы органдар есебінен иелеріне өтей отырып,азаматтардың тұрған немесе тұрғын емес үй-жайларын,көлік құралдары мен өзге де мүліктерін пайдалануға

д)астыртын кәсіпорындар мен ұйымдар құруға,осы мақсатпен лауазымды адамдарды,бөлімшелердің,ұйымдардың ведомстволық бағыныстылығын,жедел-іздестіру қызыметін жүзеге асырушы органдардың үй-жайлары мен көлік құралдарын,сондай-ақ осы органдармен құпия негізде қызымет істейтін азаматтардың жеке басын құпияландыратын құжаттарды пайдалануға.

е)қажетті ғылыми техникалық немесе өзге де таным-білімі бар лауазымды адамдар мен мамандардың көмегін пайдалануға.

ж)меншік нысанына қарамастан басқа министрліктердің, ведомстволардың, кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың жедел-іздестіру қызыметінің міндеттерін шешу үшін мәні бар хабарламаларын, ҚР-ның заң актілерінде белгіленген коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын мәліметтерді жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып тегін алуға және пайдалануға.

з)ҚР-ы аумағында жедел-іздестіру қызыметін жүзеге асыруға құқы бар басқа органдармен келісе отырып жекелеген шараларды жүргізу үшін,осы органдардың күші мен қаражатын тартуға.

и)осы заңның 11-бабнда көзделген жедел-іздестіру шараларын жүргізу мақсатымен ғана тәуліктің кез келген уақтында кәсіпорындардың,мекемелердің,ұйымдардың аумақтарына және үй-жайларына,меншік нысанына қарамастан,ал әскер бөлімшелерінің және басқа режимдік обьектілердің аумақтарына олардың басшыларының келісімі бойынша кедергісіз кіруге.

к)қылмысты топқа жедел іздестіру қызыметін жүзеге асырушы органның қызыметкерін немесе жеке өздеріне қатысты шынайы деректерді құпия сақтай отырып онымен ынтымақтастық жасап жүрген адамды енгізуге.

л)қылмысты іс-әрекетке еліктей мінез-құлық үлгісін қолдануға.

м)қылмыстарды, сондай-ақ оған қатысты адамдарды табу, қылмыстардың алдын алу және оларды болдырмау мақсатында қылмысты әрекеттерде қолданылатын және ҚР-сы аумағында тасуға, шетке тасуға немесе шеттен тасып әкелуге арналған тауарлардың, заттардың және өзге де материалдық құндылықтардың жеткізілуіне жедел бақылау жасауға.

н)қылмыстық процесте пайдалану үшін жедел-іздестіру шараларын жүргізудің нәтижелерін бейнелейтін материалдарды беруге құқылы

Ведомсволардың, кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың меншік түріне қарамастан, әскери бөлімдер мен құрамалары лауазымды адамдарының осы Заңда көрсетілген органдарға өздерінің құзіреті шегінде жедел-іздестіру қызыметін жүзеге асыруына кедергі келтіруге құқы жоқ.