Олданылған әдебиеттер. Кеден мағлұмдамасы – мемлекеттің Әділет Министрлігімен тіркелген, оның қойған талаптарына сай жасалған

Түркістан

Жоспар

Кіріспе

Мәлімет ортасы

А) Жалпы анықтама

Жазу үлгісі

Олданылған әдебиеттер

Кіріспе

Кеден мағлұмдамасы – мемлекеттің Әділет Министрлігімен тіркелген, оның қойған талаптарына сай жасалған, кеден арқылы өтетін жүк туралы ақпаратты (тауар туралы, жүк туралы, құндылықтар туралы, валюта т.б. туралы) мәлімет беретін құжат. Кедендік мағлұмдама жүк беруші адаммен толтырылады да жүктің мемлекеттің шекарасынан қабылданған ережеге сай өтуін бақылайтын құзіретті кеден органдарына беріледі. Кеденге тапсырылатын жүк туралы берілген мәліметтің толықтығына , дұрыстығына жауапты болып кеден мағлұмдамасын толтырушы саналады. Мағлұмдамада көрсетілмеген және кеденнен рұқсатсыз өткізілген жүк кәмпескеленеді.
Кеден мағлұмдамасының бірнеше түрлері болады. Олардың негізгілері: Валюталық мағлұмдама, Кедендік баға мағлұмдамасы, Жүк мағлұмдамасы, Кедендік транзит мағлұмдамасы, Халықаралық Кеден мағлұмдамасы т.б.
16 жаска толған әрбір түлғаға толтырылады. Қажетті жауап сай келетін рамкада V таңбасымен белгіленеді. Уакытша кіру/шығудын, толық уақыты бойы сақталады. Жоғалтылган жағдайда жаңартылмайды

Кеден декларациясы

Кеден мағлұмдамасы, кеден декларациясы – мағлұмдаушының кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдары туралы, олардың кеден режимдері туралы дәл мәліметтерді, кеден мақсаттары үшін қажетті басқа да мәліметтерді белгіленген нысанда мәлімдеуі. Қазақстанда кеден мағлұмдамасы кеден органына тауар берілген күннен бастап 15 күннен аспайтын мерзімде беріледі. Жеке тұлғалар сатуға арналмаған тауарларды, қолжүктер мен бірге алып жүретін жолжүктерді Қазақстанның кеден шекарасынан алып өтуі кезінде тауармен қоса беріледі. Кеден мағлұмдамасын беру кезінде кеден органына қажетті құжаттар бірге ұсынылуға тиіс. Кеден органы кеден мағлұмдамасында және ұсынылған құжаттарда мазмұндалған ақпаратты тексеру мақсатымен қосымша мәлімдемелер сұратуға құқылы. Берілген кеден мағлұмдамасын кеден органы қабылдап алады. Оның қабылданғаны ресімделген сәттен бастап ол заңи мәні бар фактілерді куәландыратын құжатқа айналады. Кеден органының рұқсатымен кеден мағлұмдамасын тексеру басталғанға дейін, не тауарлар мен көлік құралдарын тексеру басталғанға дейін, не кеден органы көрсетілген мәліметтердің рас еместігін анықтағанға дейін бұл мәліметтердің өзгертілуі немесе толықтырылуы мүмкін, ал берілген мағлұмдама алынуы мүмкін. Сыртқы саудада:кеден мағлұмдамасы сыртқы сауда мәмілесіне қатысушының мемлекттік шекара арқылы алып өтетін тауар туралы құқықтық ережелерге сәйкес кеден органдары бекіткен нысанда толтырылған ресми мәлімдемесі. Әкелінетін (әкетілетін) тауарларды мәлімдеу тәртібі сыртқы экономикалық қызметті мемлекетті реттеудің ұлттық ерекшеліктерін ескере отырып‚ баждар мен салықтарды жинау үшін жағдайды қамтамасыз ете отырып белгіленеді. Кеден мағлұмдамасын сыртқы экономикалық операцияларға қатысушылар тұрақты тұратын жерінен‚ заңи мәртебесіне‚ кеден жеңілдіктерін пайдалануына қарамастан шекарадан өткізілетін тауардың әрбір топтамасына толтырады. Онда операциялардың түрі (экспорт‚ импорт)‚ тауардың аты‚ сауда жасаушы ел‚ тауар апарылатын жер, валюта‚ тауардың жалпы нақты құны‚ т.б. көрсетіледі. Ол экспорт пен импортқа салынатын салықтың‚ сыртқы сауда мәмілелері туралы өзара шартқа сәйкес шет елге ақшалай қаражаттың дұрыс аударылуын тексерудің негізгі құжаты болып табылады.

Жалпы ережелер:

1.1. Осы Нұсқаулық:

- экспорт;

- еркiн айналысқа шығару;

- кеден қоймасы;

- тауарлардың керi импорты;

- мемлекет пайдасына бас тарту;

- уақытша әкелу (әкету);

- Бажсыз сауда жасайтын дүкен;

- керi экспорт;

- кеден аумағынан тысқары жерде ұқсату;

- кеден бақылауымен ұқсату;

- кеден аумағында ұқсату;

- транзит;

Кеден режимдерiне сәйкес Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарларға жүк кеден декларациясын (онан ары (ЖКД) толтыру тәртiбiн, сондай-ақ тауарларды иесi Қазақстан Республикасының кеден органы болып табылатын кеден қоймасына орналастырған кезде салынып жатқан жиынтық объектiге жалпы жүк кеден декларациясын толтыру ережелерін анықтайды.

1.2. ЖКД комплектi КД1 нысанындағы (негiзгi парақ) төрт кiтапшаланған парақтан және осы Нұсқаулыққа көзделген ретте, КД2 (қосылған парақтан) тұрады.

1.3. ЖКД негiзгi парағы (КД1 нысаны), егер осындай тауарлар жөнiнде бiрдей кеден режимi белгiленген ретте атауы бiр тауарлар туралы мәлiметтердi (9-белгiнiң деңгейiндегi СЭҚ-тiң ТН бойынша бiрдей сыныптау) көрсетуге пайдаланылады.

1.4. Атауы бiрнеше тауарларды жарияланған жағдайда ЖКД-ның ажырағысыз бөлiгi болып табылатын қосымша парақтар (КД2 нысаны) пайдаланылады, олардың әрқайсысы тауардың тағы да үш атауын жариялауға мүмкiндiк бередi.

1.5. Бiр ЖКД-де тауарлардың 100 атауы туралы мәлiметтер мәлiмделуi мүмкiн (негiзгi параққа бiр мезгiлде 33-тен көп емес қосымша парақ тiркелуi мүмкiн).

Қосымша парақты толтыру ережесi ЖКД негiзгi парағының тиiстi бағанын толтыру ережесiмен ұқсас (декларант қосымша парақта толтырмайтын А бағанын қоспағанда).

1.6. ЖКД-де тазарту және өшiру болмауы тиiс.

Түзету қате мәлiметтердi сызып тастау, тиiстi мағлұматтарды қолдан үстiне басу немесе үстiне жазу арқылы жүргiзiлуi тиiс. Осындай әрбiр түзету уәкiлдiк берiлген тұлғаның қойылған қолымен және декларанттың мөрiмен куәландырылады.

1.7. ЖКД компьютердiң басу құралғысымен немесе басу машинкасымен қазақ және орыс тiлдерiнде толтырылады. Егер құндық көрсеткiштердiң (фактуралық және кедендiк құндар) және 9 белгiден артық болатын санмен көрсетiлсе, онда оларды кейбiр жағдайларда қолмен толтыруға жол берiледi. Кеден органдары түсiнiксiз толтырылған ЖКД бланкiсiн кеден декларациясы ретiнде қарастырмайды.

1.8. Егер ЖКД-ның қандай да бiр бағанының мәтiндiк деректерi бұрын толтырылған бағанның мәтiндiк деректерiн қайталайтын болса, онда бұл бағанда "N бағанды қ." деген түрде бұрын толтырылған бағанға сiлтеме берiлуi мүмкiн.

Кодқа қатысты осындай сiлтемелер қолданылмайды.

1.9. Өздерiне қатысты кедендiк баждар және салықтар алынбайтын, сондай-ақ соларға экономикалық саясат шаралары (лицензиялау, квоталау және т.б.) қолданылмайтын кейбiр тауарлар түрiне қосымша парақтар орнына спецификациялар, орамдық парақтар түрiнде тауарлар тiзiмдемесi немесе тауарлардың жекелеген түрлерi үшiн тiзiмдер қолдануға жол берiледi.

Осындай тiзiмдемеде тауарлардың атауы, СЭҚ-тiң ТН-на сәйкес олардың кодтары, мөлшерi, брутто салмағы және кедендiк құны көрсетiледi.

1.10. ЖКД-ның қандай да бiр бағасында мәлiмделетiн мәлiметтердi (кәсiпорынның атауы, вагон номерi, контейнердiң нөмiрi және т.б.). Көрсетуге қажеттi орын жоқ болған реттерде оларды сырт жағында көрсетуге жол берiледi. Мұндай жазба декларанттың қолымен және мөрiмен куәландырылады, ал тиiстi бағанда "сыртына қ" деген белгi жасалады.

ЖКД-ның негiзгi парағының сырт жағын өзге бақылаушы органдардың штамптары мен қолдарын қою үшiн де пайдалануға жол берiледi.

1.11. ЖКД бланкiлерiн осы Нұсқаулықта көзделмеген ақпараттарды енгiзу үшiн декларанттың пайдаланылуына жол берiлмейдi.

1.12. Кеден органы ЖКД-ның негiзгi парағының 7-бағанына және әрбiр қосымша парақтың А бағанының төменгi бөлiгiне тiркеу нөмiрiн және осы Нұсқаулықтың 2.4. тармағында келтiрiлген схема бойынша датасын қоя отырып, декларацияны және қосымша парақты тiркейдi.

1.13. Жүк кеден декларациясының парақтары бойынша бөлiнедi:

- бiрiншi парақ - кеден органында қалады және арнайы мұражайда сақталады;

- екiншi парақ (статистикалық) - статистика органдарына берiледi;

- үшiншi парақ - декларантқа қайтарылады;

- төртiншi парақ:

а) тауарлар әкетiлген кезде тауарды алып жүру құжаттарына тiркеледi және тауарлармен бiрге өзiнiң қызмет аймағында шекарадағы өткiзу пунктi орналасқан кеден органына жiберiледi;

б) тауарларды әкелу кезiнде - кедендiк ресiмдеудi жүзеге асыратын кеден органының кедендiк құны бөлiмiнде қалады.

1.14. Осы Нұсқаулықтың мақсаттары үшiн пайдаланылған ұғымдар мынаны бiлдiредi:

- "көлiк құжаты" - осыған сәйкес тауарларды халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын құжат, оның iшiнде тауарлардың бiрiктiрiлген, бас және құрастырмалы тауарлар топтамасы үшiн Қазақстан Республикасының кеден шекарасына дейiн (тауарларды әкету кезiнде) және Қазақстан Республикасының кеден шекарасынан тауарлар арналған жерге дейiн (тауарларды әкелу кезiнде) тасымалдау жөнiндегi құжаттар;

- "жөнелтушi" - Қазақстан Республикасының кеден аумағынан әкету мақсатында тауарларды тиеу және оларды тасымалдаушыға беру жөнiндегi iс-әрекеттердi iске асыратын, көлiк құжатында көрсетiлген тұлға;

- "алушы" - Қазақстан Республикасы аумағына әкелiнетiн тауарлар арналған, көлiк құжатында көрсетiлген тұлға;

- "қаржылық реттеуге жауапты тұлға" - сатып алу-сату немесе айырбастау сыртқы сауда мәмілесiн жасасқан немесе осы бойынша есеп айырысуды жүзеге асырушы қазақстандық тұлға;

- "фактуралық құн" - iс жүзiнде төленген немесе төлеуге жататын болмаса сатып алу-сату немесе айырбастаудың сыртқы сауда мәмілесiне (шартына) сәйкес тауарлардың қарама-қарсы жеткiзiлiмiмен өтелген тауарлар бағасы;

- "кеден құны" - Қазақстан Республикасының Кеден заңдарына сәйкес анықталатын тауарлар құны;

- "сатушы ел" - өзiнiң қай ұлтқа жататынына қарамастан аумағында өзiмен қазақстандық тұлға шарт жасасқан тұлға тiркелген (тұратын) мемлекет.

1.15. Бiр тауар топтамасы ретiнде:

а) өздерi труба құбыры көлiгi немесе электр берiлiсi желiсi арқылы өткiзiлуi кезiнде жасасқан сыртқы сауда шарттарының әрқайсысы бiр ай iшiнде жеткiзiлетiн тауарлар немесе электр қуаты;

б) көлiк құралдарының санына және тасымалдау құжатына қарамастан бiр жөнелтушiнiң бiр сыртқы сауда шарты бойынша бiр алушының мекен жайына жөнелтiлген, көлiктiң бiр түрiмен сол бiр өткiзу пунктi арқылы әкелiнетiн бiр мезгiлде кедендiк ресiмдеуге табыс етiлген тауарлар;

в) көлiк құралдарының санына және тасымалдау құжаттарына қарамастан бiр жөнелтушiнiң бiр сыртқы сауда шарты бойынша бiр алушының мекен-жайына жiберiлген қызмет аймағында өткiзу пунктi орналасқан бiр кеден арқылы әкелiнетiн, бiр мезгiлде кедендiк ресiмдеуге табыс етiлетiн тауарлар жария етiледi.

ЖКД-ның тиiстi бағанында б) және в) тармақтарында көрсетiлген тауарларды жариялаған кезде көлiк құралдарының саны, олардың қысқаша атауы қойылады және "сыртына қ" деген сiлтеме жасалады. ЖКД-ның 1 және 4-бағандарының сыртқы жағына көлiк құралдарының нөмiрi және тасымалдау құжаттарының нөмiрi (нөмiрлерi) қойылады. Мысалы: в) тармағында келтiрiлген шарттар сақталған жағдайда бiр алушының мекен-жайына үш атаулы тауарлармен үш автомашина жiберiлдi. ЖКД-ның негiзгi және қосымша парақтары толтырылады.

олданылған әдебиеттер

1. Л. Дүйсенбекова «Іс қағаздарын қазақша жүргізу». – Алматы: «Ана тілі», 2001 ж.,-3 бет.

2. Л. Дүйсенбекова «Қазақ тілі: Іс қағаздары жүргізу». – Алматы: «Мемлекеттік тілді дамыу институты» (Екінші басылым), 2011 ж.,-15 бет.