Сынып. Қазақстан тарихы. v Орыс және шетел ғалымдары мен қазақ зиялыларының қазақстан тарихын

Сабақтың тақырыбы: § 44. Ғылыми мекемелер мен ғылыми-зерттеу жұмыстары

Сабақтың мақсаты:

v Орыс және шетел ғалымдары мен қазақ зиялыларының қазақстан тарихын, мәдениеті мен тұрмысалтын зерттеген еңбектерімен таныстырып, ол еңбетердің қазақ халқының саяси, экономикалық өмірі мен материалдық мәдениетін, өткен тарихын зерделеуге қосқан үлесіне тоқталу;

v Қазақ өлкесін зерттеген ғалымдардың еңбектері туралы айта отырып, оқушыны білімге, ғылымға қызықтыру;

v Білім мен ғылым қашан, қай кезде болса да адамға өте қажет екенін түсіндіре отырып, оқушыларды білімді азамат болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: интерактивті

Көрнекілік: карта, сызба

Сабақтың барысы:І.Ұйымдастыру кезеңі

· Оқу құралын тексеріп түгелдеу

· «Хабар» /ел жаңалықтарынан.../

· Оқушы зейінін сабаққа аудару

Негізгі ұғымдар: ғылым, ғылыми зерттеулер, экспедиция мақсаты, ғылыми жұмыстың бағыттары.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

Ø Оқушылардан Ы.Алтынсариннің шығармалары жайлы пікірлерін сұрастырып, бүкіл сыныпқа пікірталас үшін жалпылама сұрақ қойылады:

Ø Білім адамды өмірде үлкен жетістіктерге жеткізе ала ма? Келтірілген нұсқалардың бірін пайдалана отырып, өз пікірлеріңді дәлелдеңдер.

Ø Бүгінгі білім беру ісінің маңызды проблемасы қоғам мен әрбір азаматтың алған блімінін тиімді пайдалана білуінде болып саналады.

Ø Дәйекті білім деңгейі қоғамды прогресспен салауатты өмірге жетелейді.

Ø Білім дәрежесі қоршаған әлеуметтік мәдени ортамен тығыз байланысты.

ІІІ.Жаңа тақырыпты оқытудың жоспары:

1. Орыс ғалымдарының Қазақстанды зерттеудегі рөлі. Г.Потанин, Ә Диваев

2. Орыс ақын-жазушылары Қазақстан туралы. А.С.Пушкин, В.И.Даль.

3. Саяси жер аударушылардың Қазақстанды зерттеуге қатысуы. А.Н.Плещеев, А.Янушкевич, С.Гросс.

4. Украин халқының ұлы ақыны Т.Г.Шевченко.

5. Қазақстан аумағындағы кешенді зерттеулер мен ғылыми мекемелер.

6. Қазақстанды зерттеуші қазақ ғалымдары. Ш.Уәлиханов, М.Шорманов, Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.С.Бабажанов, М.Ж.Көпейұлы, М.Қарабаев, Х.Досмұхамедос, ағайынды Сейітовтер және т.б.

Қазақстанның Ресей империясына қосылуы өлкенің әлеуметтік-экономикалық дамуына ғана әсер етіп қойған жоқ, ағарту, оқу-білім ісінің жағдайына да әсер етті. Жергілікті түрғындардың әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері мен мәдениетіне жаңалықтар енгізілді. Қазақ-орыс қарым –қатынастарының жаңа деңгейге көтерілуі өлкені зерттеуге серпін берді, дала өлкесінің табиғи байлығын игеруге шешуші қадам жасала бастады. Қазақстан және қазақ халқы жайлы аңыз-әңгімелер мен мұрағат деректерін және т.б. материалдарды жинастырып, сұрыптау жұмысы қолға алынды. ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде өлкені зерттеуге айрықша мән берілді. ХІХ ғасырдың 80- жылдарында әрбір облыста статистикалық комитеттер құрылды. Олар қазақ халдықын тарихы мен мәдениеті, қоғамдық-саяс, әлеуметтік құрылымы, экономикалық жағдайы, халық шаруашылығы туралы материалдар жинастырумен, бір жүйеге түсіріп, оларды мақалалар жинағы мен кітіп етіп басып шығарумен айналысты. Қазақстан аумағында ғымыли мекелер мен ғылыми-зерттеу жұмыстарының барысымен оқушыларды жан-жақты таныстырып өтеді. Оқушылар дәптерлеріне қажетті даталар мен мағлұматтарды жазып алып, кесте толтырады.

«Қазақстандағы ғылыми зерттеулер»

(Қазақстанды зерттеуші орыс және шетел ғалымдарымен саяси жер аударылғандар)

Зерттеушілер Қазақстанда қандай оқиғаларға байланысты болды? Ғылыми еңбектері Зерттеушілік бағыттары (не туралы жазды?)
       

Өлкені зерттеуші қазақ ғалымдары жайлы өздігінен іздену жұмысы тапсырылады. Алдын ала ізденіс үшін берілген тапсырмалар бойынша оқушыларға сұрақ қойып, ойландыру арқылы білім деңгейлері дами түседі.

Оқушылардың ізденіс нәтижелеріне қорытынды жасалғаннан кейін, оқушының жаңа материалды қаншалықты меңгергендігін байқап көріп, жетістіктерін бағалап, ынталандырып тыруға болады.

№1 тапсырма:

«Қазақстанды зерттеуші қазақ ғалымдары».

Оқулық пен хрестоматиядағы материалдарды пайдалана отырып, төмендегі кестені толтырыңдар:

Зерттеушілер Қысқаша өмірбаяны Еңбектері Зерттеу бағыттары(не таралы жазды?)
       

Бағалау:

Үйге тапсырма:

Параграфты мұқият оқып шығыңдар, қазақстандағы ХІХ ғасырдың бірінші жартысы мен ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы ғылыми зерттеулердің жалпы мазмұны мен ұқсастықтары жайлы кесте толтырыңдар.

Қазақстандағы ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы ғылыми зерттеулер Ұқсастықтары мен айырмашылықтары Қазақстандағы ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы ғылыми зерттеулер
     

Оқулықтың 313-314-беттеріндегі құжатпен жұмыс. Құжат бойынша қойылатын сұрақтар:

1. Г.Потанинның ойынша қазақ зиялыларының бірігуіне не кедергі келтірді?

2. Автор қазақтың оқыған білімді азаматтарын неге шақырды?

3. Халықтың аңыз-әңгмелерін жинаудыңжергілікті қазақ зерттеушілері үшін жеңілдігі неде?