Тақырыбы: Асинхронды қозғалтқыштарды жүргізіп жіберу

Жоспар: 1.Асинхронды қозғалтқыштарды жүргізіп жіберу

2. Жалпы мағлұматтар

Асинхронды қозғалтқышын айнымалы ток желісіне қосқан кезде оның стартор және ротор орамаларымен өтетін токтардың мөлшері олардың мен өтетін токтардың мөлшері олардың нақтылы мөлшерінен бірнеше есе артық болады. Оның себебі ротор орнында тұрған кезде айнымалы магнит өрісі оның орамасын магнит өрісінің айналу жиілігіне тең үлкен жиілікпен кесіп өтеді де, осы орамада үлкен ЭҚК-ті индукциялайды. Бұл ЭҚК ротор тізбегінде үлкен ток туғызады, ал ол статор орамасында да тиісті токтың пайда болуына әкеледі.

Ротордың айналу жиілігі өскенде жылжыма азаяды, бұл ротор орамасындағы ЭҚК пен токтың азаюына алып келеді. Ол өз кезегінде статор оррамасындағы токты азайтады.

Үлкен жүргізіп жіберу(іске қосу) тогы қозғалтқыш үшін де, қозғалтқыш энергия алатын ток көзі үшін де зиянды. Жиі іске қосу кезінде үлкен жүргзіп жіберу тогы қозғалтқыш орамаларының температурасын күрт көтереді, соның салдарынан оның оқшауламасы мезгілсіз ескіруіне мүмкін. Үлкен ток желідегі кернеуді азайтады, ол осы желіге қосылған басқа энергия қабылдағыштарының жұмыстарына әсер етеді. Сондықтан қозғалтқышты оның қуаты желіні қоректендіретін энергия көзінің қуатынан анағұрлым кіші болғанда ғана желіге тікелей қосып жүргізіп жіберуге болады. Егер қозғалтқыш қуаты энергия көзінің қуатымен шамалас болса, онда қозғалтқыштың жүргізіп жіберу кезінде тұтынатын тогын төмендету керек.

Тақырыбы: Асинхронды қозғалтқыштарды жүргізіп жіберу - №1 - открытая онлайн библиотека

13-сурет Асинхронды қозғалтқыш фазалык роторы түйіспесінде жүргізіп жіберу реостатып қосу схемасы

Тақырыбы: Асинхронды қозғалтқыштарды жүргізіп жіберу - №2 - открытая онлайн библиотека

13.1.-сурет. Статор ормасының жұлдыздан үш бұрышқа қайта қосу арқылы қысқа тұйыкталған асинхронды қозғалтқышты жүргізіп жіберу схемасы

Фазалық роторлы қозғалтқыштардың өте жақсы жүріп кету (іске қосылу) қасиеттері бар. Жүргізіп жіберу тогын азайту үшін ротор орамасын жүргізіп жіберу реостаты деп аталатын активтік кедеріге тұйықтайды (13-сурет). Мұндай кедергіні ротор орамасының тізбегіне қосқанда оның тогы кемиді, соның салдарынан статор орамасындағы және қозғалтқыш желіден тұтынатын токтар азаяды. Бұл кезде ротор тогының активтік құраушысы көбейеді, сол себепті қозғалтқыштың жүргізіп жіберу кездегі айналдырушы моменті өседі.

Жүргізіп жіберу реостатының бірнеше түйіспелері болады, сондықтан ротор орамасының тізбегіне енгізілген кедергіні біртіндеп азайтуға болдаы. Ротордың айналу жылдамдығының артуына қарай, реостат тізбектен біртіндеп шығарылып отырады.

Ротор қалыпты айналу жиілігіне жеткенде реостат толығымен шығарылады, яғни ротор орамасын қысқа тұйықтайды. Ротордың қалыпты жиілігінде жылжыма аз және оның орамасындағы индукцияланатын ЭҚК онша көп емес. Сондықтан ешқандай қосымша кедергілер ротор тізбегіне керек емес.

Жүргізіп жіберу реостаттары қысқа уақыт мерзімінде қозғалтқышты орнынан қозғайтын, жылдамдығы қалыпты жағдайға жеткенше ғана жұмыс жасайды. Егер реостатты ұзақ уақытқа қосып қойсақ ол істен шығады.

Энергия кезіне қарағанда қуаты аз қысқа тұйықталған роторлы қозғалтықшты желіге тікелей қосу арқылы жүргізеді. Үлкен қуаты қозғалтқыштың жүргізіп жіберу тогын оған берілген кернеуді төмендету арқылы азайтады. Жүргізіп жіберу кезінде кернеуді төмендету үшін қозғалтқышты желіге төмедеткіш автотрансформатор немесе реактор арқылы қосады. Ротор қалыпты жиіліктен айналған кезде қозғалтқыш желінің толық кернеуіне ауыстырып қосады. Қозғалтқышты бұлай жүргізіп жіберген кезде оның жүргізіп жіберетін моменті күрт төмендейді, бұл қаралып отырған тәсілдің үлкен кемшілігі. Жүргізіп жіберу тогын N есе азайту үшін желі кернеуін де N есе азайту керек. Жүргізіп жіберу моменті кернеу квадратына пропорционал, сондықтан N 2 есе азаяды. Сондықтан өте аз немесе тіптен болмауы керек. Қозғалтқыштарды жүргізіп жіберуге статор орамасын жұлдызшадан ұшбұрышқа ауыстырып қосу тәсілі қолданылады (13.1.-сурет). Қосу статор орамасын жұлдызшамен моментінде қосады, қозғалтқыш айналуы қалыпты жиілікке жақындағанда оны ұшбұрышқа ауыстырып қосады. Қозғалтқышты бұлай жүргізіп жіберу тәсілінде жүргізіп жіберу тогы статор орамасының ұшбұрышпен қосылған кездегі тәсілімен салыстырғанда үш есе азаяды. Бұл жүргізіп жіберу тәсілін берілген кернеу желісінен қоректенетін қозғалтқыштың статорлық орамасы ұшбұрыштап жалғанатын жағдайларда ғана қолдануға болады.

Лекция