Тақырып. Билік саяси феномен ретінде

1) Билік ұғымы, тұжырымдамалары, түрлері.

2) Билік құрылымы, билік қызметтері

3) Биліктің легитимділігі

1.Билік - саясаттың, бүкіл саясат әлемінің мәнін түсінуге мүмкіндік береді. Билік туралы түсінік күнделікті өмірде, ғылыми әдебиетте кеңінен қолданылады. Саясаттың негізгі мәселесі – билік, ал мазмұны – билік ұшін күрес және билікті жүргізу. Саяси билік бар жерде теңсіздік бар. Мұнда біреулер билеуге құқықты да, екіншілер оларға бағынұға міндетті. Бұл тенсіздікті қамтамасыз ететін әдіс-құралдары бар. 1) Экономикалық қор. Қандай саяси билік болмасын, оған қаржы-қаражат керек. Мысалы: сайлау науқаны уақытында көп қаржы жұмсалады. 2)Әлеуметтік ә.қ. Үстемдік етіп отырған билік өзін қолдайтын, оның одан әрі өмір сүрүіне мүдделі адамдарды топтастырады. 3)Күш жұмсау қ. Олар мемлекетті қорғайды, ішкі тәртіпті сақтайды, саяст билікті құлатұға әрекет жасаушыларға мүмкіндік бермейді. Оған Әскер, полиция, қауіпсіздік органдары, сот, прокуратура жатады. 4) Ақпарат құралдары. Радио, теледидар, баспасөз. Өз елдеріндегі жағдайларды ғана емес, дүние жүзінде не болып, не қойып жатқанын көріп-біліп отырады. Билік жөнінде ғалымдар арасында әр түрлі анықтамалар мен тұжырымдамалар бар:

1) телеологиялық анықтама билікті белгілі бір мақсатқа, белгілеген нәтижеге, қорытындыға жету мүмкіндігі деп түсіндіреді; 2)бихевиористік анықтама бойынша билік деп басқа адамдардың жұрыс – тұрысын, өзін - өзі ұстауын өзгерту мүмкіндігіне негізделген іс - әрекеттің ерекше түрі; 3) ИнструменталистікМұнда билікті бір құралдарды, амалдарды (зорлық-зомбылық, күштеу сияқты шараларды) пайдалану мүмкіндігі деп біледі.4)конфликтілік анықтама билікті дау – жанжал жағдайында игіліктті бөлуді реттейтін мүмкіндік, шиеленісті шешудің құралы деп тұсіндіреді; Сонымен билік деп - біреудің екіншілерге өмірін жүргізіп, ол іс - әрекеті, қызметіне ықпал етуін айтады. Биліктің түрлері: Биліктің құрылысына қарай басқару түрі және мемлекеттік құрылысы болып бөлінеді. Басқару түрі жоғарғы өкімет билігі кімнің қолында екендігін көрсетеді.. Соған байланысты монархиялықжәне республикалық болып екіге бөлінеді. Монархия деп мемлекеттің жоғарғы өкімет билігі жеке-дара, бір билуішінің қолында қолында болып, оләкеден балаға мұра ретінде қалатын түрін айтады. Оны хан, патша, император, король деп атауы мүмкін. Монархия өз кезегінде абсолюттік және конституциялық болып екіге бөлінеді. Абсолюттік монархия деп жоғарғы өкімет билігі бүтіндей, тұтасі формальды түрде де шектелместен бір адамның қолында тұрған қоғамдық құрылысты айтады. Конституциялық монархияда монархтың билігі белгілі дәрежеде заң шығаратын билік парламентпен шектеледі. Басқарудың мұндай түрі алғаш рет Англияда пайда болды және қазірдің өзінде ойдағыдай қызмет етуде. (Сауд Аравиясы. Испания, Жапония)

Республикадеп мемлекеттік биліктің барлық жоғары органдары белгілі бір уақытқа сайланатын немесе өкілдік мекемелер (парламент) арқылы қалыптасатын мемлекеттік басқарудың түрін айтады. Республика президенттік, парламенттік жыне аралас (немесе жартылай президенттік) болып екіге бөлінеді. Президенттік басқаруда, әдетте, мемлекеттің де үкіметтің де басшысы президент болып саналады. Оны парламент немесе халық сайлау мүмкін. Парламенттік тәртіпте елдің жоғарғы басшысы парламентке бағынады. Онда заң шығарушы билік те, атқарушы билік те парламентке тәуелді.

2. сұрақ.Саяси биліктің өзіндік қызметтері болады. Оған жататындар: 1)қоғамның саяси жүйесін қалыптастыру, 2)оның саяси өмірін ұйымдастыру, 3)әр түрлі деңгейдегі қоғам мен мемлекеттің істерін басқару, 4) үкімет органдары, саяси емес процесстерге басшылық жасау, 5) саяси және басқа қатынастарды бақылау және түптеп келгенде, 6) белгілі бір қоғамға сәйкес басқарудың түрін, саяси тәртіпті және мемлекеттік құрылысты, ашық не жабық қоғамды құру, 7) қоғамдық тәртіп пен тұрақтылықты қолдау, 8) дау - дамай, шиеленістерді ашып, оларға шек қою және дер кезінде шешу, 9) қоғамдық келісімге, мәлімге келу және т.б.

Демократиялық саяси жүйе ойдағыдай өз ісін атқаруы үшін әдетте, мемлекеттік билікті заң шығарушы, атқарушы, сот билігі етіп үш тармаққа бөледі. Оның негізін салушы Ағылшын ойшылы Джон Локк /1632-1704/ пен Француз ғалымы Ш.Л.Монтескье /1689-1753/ болды.

Заң шығарушы билік (парламент) заң шығарумен, оны бекіту, өзгерту немесе жоюмен айналысады. Атқарушы билікке үкімет пен әкімшілік жатады. Оларды заң шығарушы өкілдік органдар қалыптастырады. Соттық билік адамдардың қүқығын қорғайды, заңды бұрмалаушылық-тан сақтайды, парламент не президент қабылдаған заңдардың, конститудиялық жарғылардың сәйкестігін анықтайды. Билік саяси және мемлекеттік болып екіге бөлінеді. Бұл мәселенің үлкен астары бар. Себебі, бұрынғы кеңестік дәуірде бұл ұғымдарды теңестіріп, бірыңғайлау саяси жүйенің барлық құрылымын мемлекеттендірудің тәсіл демелік негізі болды. Саяси билік таптық, топтық жеке адамның саясатта тұжырымдалған өз еркін жүргізу мүмкіндігін білдіреді. Ал мемлекеттік билікке барлық адамдарға міндетті заңдарды шығаруға жеке - дара қүқығы бар заңдар мен ұйымдарды сақтау үшін ерекше күштеу аппаратына сүйенетін саяси биліктің түрі жатады. Себебі, біріншіден, саяси билік адамзат тарихының барлық кезеңдерінде болған. Екіншіден, саяси билік тек мемлекеттік аппарат арқылы ғана емес, сонымен бірге партиялар, кәсіподақтар, халықаралық ұйымдар сияқты саяси жүйенің басқа элементтері арқылы да билігін жүргізеді. Үшіншіден, мемлекеттік билік, жоғарыда көрсетілгендей, ерекше күштеу аппаратына сүйенеді және оның билігіне қоғамның барлық мүшелері тегіс бағынады.

3 сұрақ. Легитимділік(латын тілінде зандылық, шындық деген мағынаны білдіреді) дегеніміз халықтың үстемдік етіп отырған саяси билікті мойындауы, оның заңдылығы мен шешімдерін растауы. Немістің көрнекті ғалымы Макс Вебер билік басына келудегі легитимділікті үш үлгісін көрсетті:

1) Әдет-ғұрыптық легитимділік халықтың санасына сіңген, әбден бойлары үйреніп, дұрыс деп тапқан салт-дәстүрлерге сүйенеді. Мысалы, хан, патша т.с.с.

2)Харизматикалық легитимділік-ерекше батырлығымен, адалдығымен немесе басқа үлгі, қабілет-қасиеттермен көзге түчкен адамды басшы етіп жариялап, соның соңынан ереді. Мысалы Мұхаммед пайғамбар.

3)Ақыл-парасаттың, құқықтың заңдылығы қазіргі саяси құрылым орнатқан құқықтық ережелерге, тәртіптің ақыл-ойға сыйымдылығына негізделеді.

Мемлекеттік құқықтық тәртіптің заңдылығының ең биік дәрежесіне Конституция жатады.