Кеден органдарының қызметкерлерінің, лауазымды адамдарының әрекеттеріне шағымдану

Кеден органдары өзінің міндеттерін басқа да мемлекеттік органдармен бірлесе отырып атқарады. Кеден органдары өзінің фискалдық, реттеушілік және қорғаушылық қызметіне сай мемлекеттің басқа да атқарушы органдарымен, банк жүйесімен, түрлі экономикалық субъектілерімен, сыртқы экономикалық әрекетке қатысушы жеке және заңды тұлғалармен тығыз байланыс жасайды.

Азаматтардың өтініш жасау құқығы Қазақстан Республикасы Конституциясының 33-бабында бекітілген, соған сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-езі басқару органдарына тікелей өзі жүгінуге, сондай-ақ жеке және ұжымдық өтініштер жолдауға құқығы бар.

Азаматтардың өтініштерін жеке адамның құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін жүзеге асыру мен қорғаудың, оларды мемлекеттік органдарда, сондай-ақ үйымдарда қорғаудың бірыңғай тәртібін белгілеудің маңызды қүралы ретінде айқындау мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің «Азаматтардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 1995 жылғы 19-маусымда заң күші бар жарлығы қабылданған болатын. Енді бұл Жарлықтың орнына «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12-қаңтарда жаңа заң қабылданды. Бұл Заң жеке және занды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыру және қорғау мақсатында олардың өтініштерін беру мен қарауға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген осы аталған заңмен жене өзге де нормативтік құқықтық актілермен реттеледі.

Шағым - адамның өзінің бұзылған құқықтарын, бостандықтарын немесе заңцы мүдделерін қалпына келтіру немесе қорғау, лауазымды тұлғалардың заңсыз іс-әрекеттерін немесе әрекетсіздігін жою, сондай-ақ субъектілердің заңсыз шешімдерінің күшін жою туралы талабы.

Тәуелсіздік алғаннан бері жиырма жылға жуық аралықта кеден органдары күрделі ұйымдастырушылык-құрылу, қалыптасу дэуірін өткерді және бірнеше рет «қайта қүрулардан» өтті. Бұл «қайта қүрулар» күрылымдық өзгертулермен бірге басшыларының да жиі өзгеруіне де үшырап отырды.

қылмыстарды, есірткі құралдарының және айналымнан алынған басқа да заттардың немесе айналымы шектелген заттардың контрабандасын, сыбайлас жемқорлықты және өзге де құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу мақсатында эзірленді.

Тексеру сақталуын бақылау кеден органдарына жүктелген Қазақстан Республикасы заңнамаларының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, аталаған заңнама сақталмайды не толық көлемде сақталмайды деп тануға негіздер болған жағдайда жүргізіледі. Аталған бүйрықты қабылдау қаржылық шығындарға әкеп соқтырмайды.

2.3 Кеден органдарының қызметкерлерінің, лауазымды адамдарының әрекеттеріне шағымдану

Кеден органдары өзінің міндеттерін басқа да мемлекеттік органдармен бірлесе отырып атқарады. Кеден органдары өзінің фискалдық, реттеушілік және қорғаушылық қызметіне сай мемлекеттің басқа да атқарушы органдарымен, банк жүйесімен, түрлі экономикалық субъектілерімен, сыртқы экономикалық әрекетке қатысушы жеке және заңды тұлғалармен тығыз байланыс жасайды.

Азаматтардың өтініш жасау құқығы Қазақстан Республикасы Конституциясының 33-бабында бекітілген, соған сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-езі басқару органдарына тікелей өзі жүгінуге, сондай-ақ жеке және ұжымдық өтініштер жолдауға құқығы бар.

Азаматтардың өтініштерін жеке адамның құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін жүзеге асыру мен қорғаудың, оларды мемлекеттік органдарда, сондай-ақ үйымдарда қорғаудың бірыңғай тәртібін белгілеудің маңызды қүралы ретінде айқындау мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің «Азаматтардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 1995 жылғы 19-маусымда заң күші бар жарлығы қабылданған болатын. Енді Бұл Жарлықтың орнына «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12-қаңтарда жаңа заң қабылданды. Бұл Заң жеке және занды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыру және қорғау мақсатында олардың өтініштерін беру мен қарауға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген осы аталған заңмен жене өзге де нормативтік құқықтық актілермен реттеледі.

Шағым - адамның өзінің бұзылған құқықтарын, бостандықтарын немесе заңды мүдделерін қалпына келтіру немесе қорғау, лауазымды тұлғалардың заңсыз іс-әрекеттерін немесе әрекетсіздігін жою, сондай-ақ субъектілердің заңсыз шешімдерінің күшін жою туралы талабы.

Тәуелсіздік алғаннан бері жиырма жылға жуық аралықта кеден органдары күрделі үйымдастырушылық-күрылу, қалыптасу дэуірін өткерді және бірнеше рет «қайта қүрулардан» өтті. Бұл «қайта құрулар» қүрылымдық өзгертулермен бірге басшыларының да жиі өзгеруіне де үшырап отырды.

Осы өзгертулердің салдары, кеден қызметкерлерінің саяси-құқықтық сауаттылығының және тәрбиелік жұмыстарының төмендеуіне алып келді. Сонымен қатар, республикамыздың жер аумағының үлкендігі, кеден қызметкерлерінің санының аздығы, кеден бекеттерінің, қүрылымдарының жеткіліксіздігі кеден органдарының қызметкерлерінің тарапынан құқық бұзушылық әрекеттерге жол беру фактілерінің жиі орын алғандығын білеміз. Әрбір мемлекеттік орган белгіленген қү_қықтық-ү_йымдастырушлық шеңбердің аясында ғана өз қызметтерін жүзеге асыра алады. Бұл жұмыстарды нақты бір бағытта реттеп отыратын негізгі бағыттар қажет. Егер негізгі бағыттар болмаған жағдайда, тек қана кеден органдары емес, барлық органдарда бірізділік жойылады, қарым-қатынасқа түскен субъектілер арасында жұмыстарын дұрыс жүргізе алмайтын еді. Яғни қызметтер дұрыс жүзеге асырылуы үшін қағидалардың маңызы елеулі.

Кеден органдары жүмыс қағидаларының санынан заңдылық қағидасына ерекше көңіл бөлуі қажет. Заңтану эдебиетінде «заңдылық» түсінігіне төмендегіше анықтама беріледі. Атап айтқанда: «іс-әрекеттегі заңдардың барлық мемлекеттік органдар, қоғамдық ұжымдар, лауазымды тұлғалар және азаматтар тарапынан дәл әрі әрдайым сақталынуы». Бұл жерде заңдылық қағидасын екі түрғыдан қарауға болады. Біріншіден, кеден органдарының қызметкерлері және лауазымды тұлғалары қолданыстағы заңдарды қатаң әрі мүлтіксіз сақтауы, оны орындауы. Екіншіден, кеден органдарымен қатынасқа түскен кез келген субъектілердің өз тараптарымен заңдарды бұзбауы. Екінші мәселе қоғамдағы құқықтық сананың қалыптасуы деп айта аламыз. Алайда, қоғамдық санада заңдарға, құқықтық қорғау органдарына сенбеушілік, заңдарды айналып өту фактілері көп орын алуда. Бұқаралық ақпараттар құралдарында айтылып жатқан көптеген құқық бұзушылық әрекеттері туралы мәліметтер, заңдылық қағидасының қоғамдық санада терең қанат жаймағанын көрсетуде.

Кеден органдарының ішкі қауіпсіздік қызметі өз міндеттерін теріс пайдаланған, қызмет бабын асыра пайдаланған, сыбайлас жемқорлыққа т.б. құқық бұзушылықтарға жол берген қызметкерлер мен лауазымды адамдарды аныктап, заңдылық қағидасының сақталуына үлкен жұмыстар жүргізуде. ҚР Кеден Кодексінің 18-бабында кеден органдары қызметінің қағидалары төмендегіше көрсетілген:

1) заңдылық;

2) заң алдындағы қорғалу мен теңдік күқығын қамтамасыз ету, сыртқы экономикалық және кеден ісі саласындағы өзге де қызметке қатысушылардың құқықтарын қүрметтеу мен сақтау;

3) жариялылық.

Кеден органдарының жұмысына демократиялық қағиданың әсері өте зор. ҚР Кеден Кодексінің 8-бабына сәйкес, барлық тұлғалардың тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасына экелуге және Қазақстан Республикасынан экетуге тең негіздерде құқығы бар деп көрсетілген. Бұл демократиялық қағиданың негізгі бағытын көрсетеді. Ал демократиялық қағиданың негізі - кеден органдары өз жұмыстарында адам құқығы мен бостандықтарын сақтауға жеке адамдардың мүдделеріне қатысты мәселелерді қорғауына мүмкіндік беру.

Қазіргі кезде, кеден органдарының қызметкерлері мен лауазымды тұлғалардың әрекеттерінде заңдылықты сақтау және ведомстволық бақылауды жүзеге асыру көкейкесті мәселе ретінде қаралуда. Азаматтар мен үйымдар, кэсіпкерлер мен кәсіпорындардан кеден органдары мен лауазымды тұлғалардың заңсыз әрекеттері немесе әрекетсіздіктеріне байланысты шағымдар тасқыны толастамауда.

Қазіргі кезеңде, қалыптасқан жағдайды айтуға болады: кеден органының ішкі қүрылымы өзіне қатысты келіп түскен шағымды, өзі ішкі қауіпсіздік қызметін қатыстырмай, жауабын жазып жібереді. Сондықтан, алғашқы (сотқа дейінгі) кезеңде, дүрыс құқықтық бақылаудың болмауынан, Бұл категориядағы шағымдардың 40%-дан астамы ғана соттармен қанағаттандырылады, яғни кеден органдарының және лауазымды тұлғалардың әрекеттерінде заңдылықтың жағдайы төмен екендігін дәлелдейді. Кеден органдарының қызметкерлері мен лауазымды тұлғалардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымданудың құқықтық негіздерін айқындау үшін, алдымен тэжірибеде кездесетін кейбір үғымдарға түсінік берейік.

1. Шешім - ҚР кеден органының немесе оның лауазымды тұлғасының бекітілген талапқа сәйкес рэсімделген нұсқаға, рүқсат немесе тыйым салу сипатындағы мазмүны бар құқықтық акт.

2. Әрекет - заңдық салдардың пайда болуына байланысты кез келген (ҚР кеден органының немесе оның лауазымды тұлғасы атынан) іс-әрекеттерді жасау.

3. Әрекетсіздік - кеден органының немесе оның лауазымды тұлғасының белгілі шешім қабылдауда немесе белгілі әрекеттер жасау бойынша, міндеттерін орындамауы.

4. Шағым - кеден органының немесе оның лауазымды тұлғасының нақты шешімінің, әрекетінің немесе әрекетсіздігінің мазмүны бойыша бұзылған құқықтары, бостандықтары және заңды мүдделерін қалпына келтіруге байланысты заңсыз әрекеттері туралы адамның талабы. Шағымның пэні - басқа талаптардан өзгешелігі, шағымданушының бұзылған құқықтарын қалпына келтіру туралы талабы.

Шағымданушы шағым беру кезінде: біріншіден, өзінің құқықтары бұзылғандығын хабарлайды, екіншіден, оның қалпына келтіруін талап етеді. Шағымның негізі, оның «заңдық қүрамы» Бұл шағымданушыға тікелей және жеке әсер ететін, қолданыстағы ҚР заңдарының талаптарына сәйкес келмейтін мән жайлар бойынша, кеден органдарының шешімдері, әрекеттері немесе әрекетсіздіктері.

Шағымның сипаттық белгісі - құжаттың мәтінінде, кеден органының шешімдері мен әрекеттері заңсыз екендігін тану туралы, адамның бұзылған құқықтарын және заңды мүдделерін қалпына келтіру туралы талаптарының болуы.

ҚР кеден органдарының және оның лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекеттеріне немесе әрекетсіздіктеріне шағымдану тәртібі.міндетгі түрле бастапкыда жоғарғы кеден органына немесе жоғарғъ лауазымды тұлғага шагымданады және екінші кезеңде сотқа шағымданадьі (ҚРКК 494-бабы).

Құкыктың салдары бойынша шағымның басқа да талаптануларға байланысты ерекшелігі, шағымға берілген жауабы, екінші рет шағымдануға негіз болады. Кез келген адам егер өзінің құқықтары мен заңды мүдделеріне нақты және жеке қысым жасалды деп есептеген жағдайда, шешімдерге (соньш ішінде нормативтік актілерге) шағым беруге құқылы. Бұл жағдайда, кеден органының немесе оның лауазымды адамының шешімі, әрекеті адамға әсерін беруі мүмкін:

1) егер оның құқығы мен заңды мүддесі қолданыстағы заңмен тікелей бекітілген болса;

2) егер шешім шығарылып, ал осы адамға байланысты әрекеттер жеке жасалған кезде.

Шағым ҚР кеден органына оны құжаттық қамтамасыз ету құрылымына тіркеу арқылы келіп түседі.

Шағымды беру, шағымдалынған шешімнің немесе әрекеттің орындалуын тоқтатпайды, тек кеден органы немесе лауазымды адам берілген шағымды ҚР заңдарына сәйкес еместігі туралы негіз бар деп есептеген жағдайда ғана тоқтатуы мүмкін. Бұл жағдайда шағымдалынған шешім немесе әрекеттердің орындалуын бекітілген тәртіпке сәйкес толық немесе бөлігін орындалуын тоқтату мүмкін.

Шағым тікелей кеден органына немесе пошта арқылы жіберілуі мүмкін. Егер шағым тікелей кеден органына шағымданушымен берілсе, онда шағымды беру уақыты ҚР кеден органындағы шағымды тіркеу күні болып есептелінеді. Егер шағымданушы шағымды пошта арқылы жолдаса, онда жолдау уақыты болып конвертке қойылған штемпель дәлел болады.

Орынды себептермен шағымды беру уақытын өткізіп алған жағдайда, бекітілген тәртіппен шағымданушының жазбаша өтініші бойынша мерзімді қалпына келтірілуі мүмкін. Өтінішке мерзімді өткізіп алу себептерін дәлелдейтін құжаттар тіркеледі. Әрбір нақты жағдайда, шағымды қараушы кеден органының адамы себептердің орынды екендігін анықтайды.

Өтіп кеткен мерзімді қалпына келтіру, іс жүзінде шағымды қарауға қабылдау болып есептеледі. Мерзімді қалпына келтіруден бас тарту жағдайы бойынша (дәлелсіз себептермен), шағым беруші адамға жазбаша тұрде, іс жүзінде шағымды қараудан бас тартудың себептері мен негіздері түсіндіріледі.

Шағым беруші адам, шағым бойынша шешім қабылдағанға дейін, кез келген уақытта оны кері қайтарып алуы мүмкін.Ол үшін сәйкес өтінішті жазбаша тұрде жолдауы тиіс. Шағымды алу немесе күшті жою, берілген шағымға сәйкес белгінің қойылуы арқылы жасалады. Қайта алынған немесе күші жойылған шағым қарауға жатпайды, бірақ бақылау ретінде заңдылықты тексеру негіз бола алады.

ҚР Кеден Кодексінің 493-бабының 1-ші тармағына сәйкес, шағымды кезкелген тұлға, сондай ақ оның өкілдері бере алады. Өкілдің өкілеттігі.

Қазақстан Ресубликасының азаматтық туралы заңдарына сәйкес рәсімделген құжаттармен дәледенуі тиіс.

Заңды тұлғаның өкілі ретінде келісім шарт негізінде қызметкерлерімен немесе басқа ұйымдармен жүзеге асырылуы сенімхатпен, құқықтық көмек көрсету туралы шартымен, немесе заң кеңесі берген ордермен расталады. Шетел мемлекеті берген құзыретті органның өкілеттілік құжаттары мемлекеттік тілге аударылып заңдастырылуы тиіс.

Кеден органының лауазымды тұлғасының шешіміне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шаңымдану осы кеден органының бастығымен қаралады, ал кеден органының бастығының шешіміне, әрекеттеріне

Шағымдану ҚР жоғары түрған кеден органымен қарауға жатады. ҚР Мемлекеттік Кеден комитетінің және оның лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тікелей Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Кеден комитетінде қаралады.

Кімшілік қүдық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті кеден органдарының (лауазымды адамдардың) қаулыларына дау айту туралы істер бойынша іс жүргізу

Әкімшілік құқық бұзушылықтан зардап шеккен адам да сотта әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыға дау айтуға құқылы.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 538-бабының 2) және 3) тармақшаларында аталған органдар (лауазымды адамдар) шығарған, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер жөніндегі заңды күшіне енбеген қаулыларына әкімшілік жауаптылыққа тартылған, жэбір көрген адамдар және олардың заңды өкілдері мен қорғаушылары сотқа шағымдануы, сондай-ақ прокурор сотқа наразылық келтіруі мүмкін.

Шағымда Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің 150-бабында көзделген мәліметтер, сондай-ақ нақты алғанда қандай қаулыға шағым жасалып отырғаны туралы деректер, оның шығарылған, азаматқа көшірмесі тапсырылған немесе хабарланған күні көрсетілуге тиіс.

Сотқа шағым беру әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының орындалуын тоқтата түрады.

Мүдделі адамдардың жоғары түрған органдарға немесе жоғары түрған лауазымды адамға бағыныштылық тәртібімен алдын ала жүгінуі сотқа шағым беру және соттың оны мәні бойынша қарауы мен шешуі үшін міндетті шарт болып табылмайды.

Шағым беру мерзімінің өткізіліп алуы, әкімшілік жаза қолдану мерзімінің, сондай-ақ қаулының орындалу мерзімінің өтуі соттың шағымды қарауға қабылдаудан бас тартуына негіз болып табылмайды. Мерзімдер мен олардың істі дұрыс шешу үшін маңызын сот шағымның мазмүнына қарамастан тексереді.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 76-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің 278 және 279 -баптарына сәйкес мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, үйымдардың, лауазымды адамдар мен мемлекеттік қызметшілердің алқалық және жеке-дара шешімдері мен әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), азаматтар мен заңды тұлғалар АІЖК-нің 27-тарауында қарастырылған ретте, сот арқылы шағым келтіру үшін міндетті тұрде келесі шарттардың жиынтығы болу тиістілігіне, соттар назар аударады:

1) дау жариялы-қү-қықтық қатынастан (билік пен бағыныс қарым-қатынасы) шықса;

2) даулы шешімдермен, әрекеттермен (әрекетсіздікпен):

азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары Мен бостандықтары және заңмен қорғалатын мүдделері бүзылса;

азаматқа құқықтары мен бостандықтарын, ал заңды тұлғаға құқықтары мен заңмен қорғалған мүдделерін жүзеге асыруына кедергілер жасалса;

азаматқа немесе заңды тұлғаға элде бір міндет заңсыз жүктелсе не олар заңсыз жауапқа тартылса.

Жергілікті атқару органының жиналыс, митинг, шеру, тосқауылдар не демонстрацияға тыйым салу туралы шешіміне; мемлекеттік өкілетті органның тұлғаны оралман, мәжбүрлі көшпелі, қашқын деп танудан бас тартуы жөніндегі шешіміне; көлік құралдарының қозғалысын тоқтату не шектеу бойынша жол органдарының әрекеттеріне; заңды тұлғалардың немесе жеке кэсіпкерлердің банк шоттарынан салық берешегін салық органдарының мэжбүрлеп өндіріп алу әрекеттеріне; сот орындаушының атқару қүжатын орындау бойынша немесе мүндай әрекеттерді іске асырудан бас тарту жөніндегі шешімі мен әрекетіне де (әрекетсіздігіне), АІЖК-нің 27-тарауында көзделген ретте, дау айтылуы мүмкін.

АІЖК-нің 27-тарауының ережелері бойынша қаралуға жатпайды:

1) талап қою, ерекше іс жүргізу тәртібімен немесе АІЖК-нің 25, 26, 28, 29-тарауларында көзделген ережелер бойынша қаралуға жататын арыздар, сондай-ақ АІЖК-нің 279-бабының 2-бөлігінде көрсетілген шешімдер мен әрекеттер;

2) соттың, судьяның, прокурордың, тергеушінің, анықтаушының шешімдері мен әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) дау айту жөніндегі арыздар азаматтық іс жүргізу, қылмыстық іс жүргізу және әкімшілік іс жүргізу заңнамаларына сәйкес сотта басқа белгіленген тәртіпте қаралатын болса;

Ішкі істер, салық және кеден органдары қызметкерлерінің осы органдар басшыларының тәртіптік жаза қолдану немесе қызметтен босату жөніндегі бүйрықтарын заңсыз деп тану туралы арыздары; акционерлік қоғам, шаруашылық серіктестік органдарының акционерлері мен осы үйым қатысушыларының мүдделеріне қатысты қабылдаған шешімдеріне дау айту туралы арыздар; конкурстық, тендерлік комиссия, конкурстық басқармалардың шешіміне және әрекетіне (әрекетсіздігіне), дау айту жөніндегі арыздар талап қою өндірісінің ережелері бойынша қаралуға жатады.

Мемлекеттік өкімет, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, үйымдардың, лауазымды тұлғалар мен мемлекеттік қызметшілердің шешімдері мен әрекеттерін (әрекетсіздігін) заңға қайшы деп тану туралы азаматтар мен заңды тұлғалардың талаптары және осыған байланысты (мысалы, лауазымды тұлғаның заңсыз әрекеттерімен келтірілген моралдық не мүліктік зиянның орнын толтыру туралы талаптары, заңсыз алынған мүліктерді қайтару т.б.) талап арызды қарау тәртібінде жүргізіледі.

Мемлекеттік органдар деп мемлекет атынан Конституциямен, заңдармен, басқа нормативтік құқықтық актілермен:

1) жалпыға бірдей міндетті мінез-қүлық ережелерін белгілейтін актілер шығаруға;

2) элеуметтік мәні бар қоғамдық қатынастарды басқару мен реттеуге;

3) мемлекет белгілеген жалпыға бірдей міндетті мінез-қүлық ережелерінің сақталуын бақылауға (Қазақстан Республикасы "Әкімшілік ресімдеу туралы" Заңының 1 -бабының 2-тармағы) уэкілдік берілген органдар ұғынылады.

Қоғамдық бірлестіктер деп, саяси партиялар, кэсіптік одақтар және азаматтардың заңға қайшы келмейтін, өздерінің ортақ мақсаттарына жету үшін ерікті негізде қүрған басқа да бірлестіктері танылады (Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 106-бабының 1-тармағы). АК-тің 34-бабының 2 және 3-тармақтарында көзделген құқықтық- үйымдық нысандарда жүмыс істейтін заңды тұлғалар үйымдар деп аталады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уэкілетті органның (лауазымды адамның) қаулысына Қазақстан Республикасы Азаматтық іс- жүргізу кодексінің 275-бабының бірінші бөлігінде аталған адамдар қаулының көшірмесі табыс етілген күннен кейін он күн ішінде тікелей сотқа шағым бере алады..

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уэкілетті жоғары I - " түрған органның (лауазымды адамның) қаулысына осы баптың бірінші

бөлігінде көрсетілген мерзімдерде аталған адамдар сотқа шағым бере алады.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға шағым жоғары түрған органға (лауазымды адамға) және сотқа бір мезгілде түссе, онда шағымды сот қарайды.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға прокурор қаулының көшірмесін алған күннен бастап он күн ішінде сотқа наразылық келтіруі мүмкін.

Сот шағымды он күн мерзімде қарайды. Сот шағым берген адамға,

сондай-ақ іс әрекетіне шағым жасалып отырған әкімшілік органға немесе

лауазымды адамға сот отырысының өткізілетін уақыты мен орны туралы хабарлайды, алайда олардың келмей қалуы істің қаралуы мен шешілуіне кедергі болмайды.

Істі қараған кезде сот әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының заңдылығы мен негізділігін тексереді, ол заң негізінде жүргізіліп отыр ма және оны соған уәкілетті орган немесе лауазымды адам жүргізіп отыр ма, адамды әкімшілік жауапқа немесе оған жүктелген міндетті орындауға

тартудың белгіленген тәртібі сақталды ма, азамат заңдарға Бұл үшін тиісті жауаптылық белгіленген әкімшілік құқық бұзушылық жасады ма, ол осы құқық бұзушылық жасауға кінэлі ме дегенді анықтайды.

Сот азаматты әкімшілік құқық бұзушылық құрамы немесе оқиғасы болмағаны үшін әкімшілік жауапқа тарту негізсіз деп таныған жағдайда, сондай-ақ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде аталған, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді болдырмайтын өзге де жағдайларда сот әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі қаулының күшін жою туралы және ол істі қысқарту туралы ұйғарым шығарады.

Сот жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтың сипатын, құқық бұзушының кім екенін, оның кінәсінің деңгейін, мүліктік жағдайын, жауапкершілікті жұмсартатын өзге де мән-жайларды ескере отырып, жазалау шарасын өзгертуге құқылы. Соттың әкімшілік жазаны күшейтуіне жол берілмейді.

Егер сот әкімшілік органның, лауазымды адамның әкімшілік жаза қолдану жөніндегі іс-әрекеті заңды және негізделген деп тапса, сот қаулыны өзгертпей қалдырады, ал арызды қанағаттандырмайды.

Егер сот әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жөніндегі қаулыны әкімшілік орган немесе лауазымды адам өз қүзыретін бү_за отырып шығарғанын анықтаса, сот қаулының күшін жояды, ал әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі, егер әкімшілік жаза қолдану мерзімі өтіп кетпеген болса, жоғары түрған органның, лауазымды адамның қарауына жібереді немесе, егер әкімшілік жаза қолдану мерзімі өтіп кетсе, іс бойынша іс жүргізуді қысқартады.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уэкілетті органның (лауазымды адамның) қаулысына жасалған шағым (наразылық) бойынша шығарылған заңды күшіне енген және енбеген сот үйғарымдарына шағымдану Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс белгілеген тәртіппен жүргізіледі.

Қорытынды

Біріншіден, мемлекеттік шекараны техникалық қамсыздандыру қажет.

Екіншіден, құқық қорғау қызметкерлеріне контрабандамен күресті жүзеге асыру үшін қолайлы жағдайлар жасау.

Үшіншіден, контрабандамен күресте азаматтардың көмектері қажет. Республиканың әрбір азаматы контрабандалық тауарды (мемлекеттік акциздік белгілері жоқ) сатып ала отырып мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігін азайтып отырғанын білуі керек. Осыған сәйкес мемлекет бюджеттік сферадағы жүмысшылар алдындағы міндеттерін орындай алмайды: зейнеткердің зейнетақысын, дәрігерлер мен мүғалімдердің жалақысын, студенттердің степендиясын уақтылы бере алмайды. Сонымен бірге мемлекет әлеуметтік бағдарламаға да қаржы бөле алмайды. Елге көмек бере отырып біз, яғни Қазақстан Республикасының азаматтары өзімізге жәрдем етеміз.

ҚР құқық қорғау органдары мүндай жағдайлармен бірнеше бағытта күресуге тырысады. Бірінші кезекте - шекарада. Мүнымен көбінде кеден органдары айналысады. Оларға құжаттарды, тауарлардың шығуын және олардың импорт бойынша операциялардың заңдылығын бақылау міндеттері жүктелген. Бірақ іс жүзінде кеденшілер ҚР кеден шекарасы арқылы өтетін тауарлар ағымына бақылау жасауға жағдай жоқ. Мүндай жағдайларға бірнеше себептер бар: бірінші кезекте шекараны қорғаудың төмен деңгейі; екіншіден, Қазақстандык кеденнің нашар техникалық қастамасыз етілуі. Сонымен бірге қызметкерлердің төмен жалақысы да маңызды роль ойнайды. Осы себепті парақорлық, «туысқандық байланыстар» туындайды.

Келесі кезеңде контрабандамен күреспен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері айналысады және бірінші кезекте қаржы полициясының бөлімдері. Контрабандамен күрес Республиканың ішінде де жүріп жатыр. Ішкі істер органдарының қызметкерлері елдің маңызды автомагистральдарына бақылау жасауға тырысады. Тексеру көбінесе күдікті автокөлік құралдарына жүргізіледі. Сонымен бірге, тексеру контрабандистер өздерінің тауарларын өткізуге тырысатын көтерме базалар мен базарларға жүргізіледі. Бірақ әрқашанда Бұл бағытта барлығы ойдағыдай бола бермейді. Біріншіден, Ішкі істер органдары бақылау жасауы үшін осы орындарды қамти алмайды. Екіншіден, контрабандистердің сыбайластығы туралы үмытпау керек. Олар пара арқылы басшы органдардан заңсыз тауарлары үшін құжаттар базасын ала-алады. Соңғысы , күрестің үшінші бағыты - Бұл жеке сауданы бақылау болып табылады. Ішкі істер органдары контрабандалық тауарды нақты заңсыз сату кезінде қолға түсіргісі келеді. Бірақ Бұл өте қиын да күрделі жүмыс. Шынында, әр сатушының жанына бір-бірден полиция қызметкерін қоя алмайсыз.

Сонымен қатар, контрабандистер өздерінің әдістерінің арсеналын күн сайын өзгертіп, жаңартып отырады.

Контрабанданы тауып, анықтап, ұстау үшін кеден қызметкерлері мен ішкі істер органдарының қызметкерлері тек заңға қызмет етіп қана қоймай, сонымен бірге жақсы психолог болуы керек. ^ Көп жағдайда проблема ол - атқарушы органдар контрабандалықтауарларды күн сайын ұстағанмен, құқық қорғау органдарымен осы қылмысты ашу болып табылады