Р қылмыстық құқығы бойынша қылмыстың түсінігі мен белгілері

Қылмыс қылмыстық құқықтың іргетастың категориясы болып табылады. Қылмыстық заңнамада негізгілерінің бірі болып қоғамға қауіпті әрекеттердің қайсысы қылмыс болып табылатындығын анықтау әрекетнің (процесінің) айтамыз. ҚР-ғы құқықтық реформа мемлекеттік бағдарламасында көрсетілгендей, заңмен қорғалатын ең жоғарғы әлеуметтік құндылықтар ретінде, табиғи құндылықтары мен бостандықтарының біріншілігі мен бөлінбейтіндігінен кейде қылмыс түсінігін деполитизациялау және дейдеологизациялау қажет. Сәйкесінше қылмысты топталуды оның қоғамдық қауіптілік деңгейіне сәйкес қайта қарастыру.Берілген ереже ҚР-ң 1997 жылғы ҚК-де көрініс тапты. ҚР-ң ҚК-ң 9-бабы: "Осы кодексте жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты қоғамдық қауіпті кінәлі түрде жасалған әрекет (әрекет және әрекетсіздік) қылмыс деп танылады". Мұндай заңнамалық анықтамалар бізді дамыған әлем елдерінің ҚК-ң ұқсас ережелеріне және құқық қолданушылық қызмет қағидасының орындалуын қамтамасыз етеді.ҚР ҚК 9 б 1 б берілген қылмыс анықтамасында қылмыстың келесідей белгілері бөлініп көрсетілген: "Қоғамдық қауіптілік (қарсы әрекет), құқыққа қайшылығы, кінәлілік, жазаланушылық".Қоғамдық қауіптілік – қылмыстың материальдық белгісі, әлеуметтік мәнін ашатын қылмыс белгісі, қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарға зиянын келтіретін немесе зиян келтіру қаупін туғызатын әрекет қоғамдық қауіпті деп танылады.Зиян әртүрлі болуы мүмкін: материалдық, психикалық, идеологиялық, физиологиялық, ұйымдық-басқармалық және т.б. ҚР ҚК 9-бабында қоғамдық қауіптілік кінәмен қатар әрекеттің объективтік заңдылығы ретінде анықталады.Қоғамдық қауіптілік тек қылмысқа ғана емес, басқа да құқық бұзушылықтарға тән. Қылмысқа қоғамдық қауіптіліктің жоғары деңгейі тән. Қылмыстың қоғамдық қауіптілігінің деңгейінің анықтауда - қылмыстық сандық сипаттамасы сот тәжірибесі нақты жасалған қылмыстық әрекеттің барлық жағдайларының жиынтығынан шығады (кінә нысаны, мақсаты, әдісі, жағдайы, қылмыс жасау сатысы, зардап ауырлығы, қылмыс қатысушылардың әрқайсысына қылмысқа қатысу деңгейі мен сипаты және т.б.). Қылмыстық әрекеттің екінші міндетті белгісі болып оның құқыққа қайшылығы табылады. Оның мәні қылмыстық заңмен жазалау қатерімен тыйым салынуы. Қалай болғанда да қоғамдық қауіпті әрекет егер ол үшін қылмыстық заңда жауапкершілік көзделмесе қылмыс болып табылмайды. Солай бола тұра әрбір қоғамдық қауіпті әрекет қылмыстық болып табылмайды, ол қоғамдық қауіптіліктің жеткілікті деңгейіне ие болу керек. Қылмыстық заңға қайшылық қоғамдық қауіптіліктің заңды көрінісі деген жалпы қабылданған көзғараспен келіскен жөн. Сонымен қатар қоғамдық қауіптілік түсінігін заңда қайшылық түсінігіне залал келтіре отырып абсолюттендірудің қажеттілігі жоқ. Бұл бір-бірінен салыстыруды қажет етпейтін өзара байланысты түсініктер.Қылмыстың келесі негізгі белгісі болып кінәліліктабылады. Кәнілілікадамның іс әрекетіне және оның нәтижесіне қатысты қасақаналық не абайсыздықтың орын алуы. Республикамыздың қылмыстық теориясымен тәжірибесі субъективтік қабілеттілікті қабылдайды және объективтік қабілеттілікті кінәсіз жауаптылықты көздемейді. Кінәсіз жасалған әрекет қылмыс болып табылмайды. Қылмыстың міндетті белгілері болып кінәлілік табылады, ол ҚК-ң Ерекше бөлімінің баптарының диспозициясында көрсетілген шектеулерді бұзғанда жаза қолдану қатерімен анықталады.Әрекет етіп жатқан қылмыстық заңнамада әртүрлі негіздермен қылмыстық жауапкершіліктен және жазадан босату көзделген және бұл декримилизация еместігін көрсетеді.Соңғы белгісі жазаланушылықҚК Ерекше бөлімінде барлық қылмыстар үшін жаза көрсетілгенімен анықталады.

11. Қылмыстың теріс қылықтан айырмашылығы.

Кылмыс қоғамғақауіпті және заңмен жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты әрекет-әрекетсіздік. Ол қоғамның қалыпты өмір немесе мемлекеттік құрылыс, шаруашылық жүйе, меншік және азаматтардың саяси, еңбектік, мүліктің және басқа да құқықтары. Қылмыстың занды сипаты - оларға қылмыстық заңмен тыйым салу мен жазалау шараларын қолдану болып табылады. Қылмысты заңда көрсетілген, қылмыстың барлық нысандык белгілерін иеленуші құқық бұзушылық өзінің жеңіл мәнділігіне байланысты қоғамға қауіпті болмаса, қылмыс болып саналмайды.

Теріс қылық - бұл қоғамға аз зиян келтіретін іс-әрекет, ал қылмыс - көп зиян келтіретін іс-әрекет

Теріс қылық дегеніміз- қылмыспен салыстырғанда қоғамға қауіптілігі біршама төмен және қоғамдағы құқықтық тәртіптің жекелеген жақтарына нұқсан келтіруші құқық бұзушылық.

Теріс қылық қоғамға зиян келтіргендіктен, әлеуметтік қауіпті болып табылады. Теріс қылық қоғам өмірінің қай саласында жасалуы, келтірген зиянының сипаты және тиісті құқықтық санкциясының ерекшеліктеріне байланысты әкімшілік, тәртіптік, азаматтық құқық бұзушылықтарға жіктелінеді.

1. Әкімшілік құқық бұзушылық - мемлекеттік басқару саласындағы қоғамдық қатынастарға зиян келтіретін әкімшілік, қаржылық, жер және басқа құқық салаларының нормаларымен реттелетін, әлеуметтік қауіпті әрекет-әрекетсіздік.

Мұндай құқық бұзушылықтар атқару және билік етудің қалыпты қызметіне кедергі келтіреді, жалпы қоғамдық тәртіпті бұзады (жол ережесін бұзу, өндірістегі қауіпсіздік ережесін бұзу және т.б.), азаматтардың құқықтары мен занды мүдделеріне нұқсан келтіреді.

Әкімшілік құқық бұзушылықгар тек объектілерінің жалпы сипаты және мемлекеттік басқарудың құқық тәртібіне қарсы бағытталғандығымен ғана емес, жазалау сипатында қолданылатын санкциялармен де ерекшелінеді. Мәселен, ескерту, айыппұл, жүргізу куәлігін алып қою және т.б.

2. Тәртіптік құқық бұзушылық қызметтік қатынас саласында бағынушылық тәртібін бұзуға бағытталатын, әлеуметтік қауіпті әрекет-әрекетсіздік. Ол өндірістің қызметтік, әскери және оқу тәртібін бұзып, олардың алдында түрған шаруашылық, әлеуметтік-мәдени, басқару және де мақсаттар мен міндеттерді орындауға кедергі болады. Бұл үшін мынадай санкциялар қолданылуы мүмкін: ескеру, сөгіс, жұмыстан шығару, оқу орнынан шығару және т.б.

3. Азаматтық құқық бұзушылық - азаматтық құқық нормаларымен реттелетін мүліктік және онымен байланысты жекелеген қатынастарға зиян келтіретін, әлеуметтік қауіпті әрекет-әрекетсіздік. Ол шарттық және шартсыз деп екіге бөлінеді. Шартты - азаматтық құқықтың шартқа қатысушы субъектілерінің әрекетінен туындаса, шартсыз - азаматтық құқықтың нормаларының талаптарын сақтамау және орындамаумен байланысты болады.

Азаматтық құқық бұзушылықтың қылмыстық әрекеттерден айырмашылығы, олардың занда тізімі берілмеген. Яғни, азаматтық құқық бұзушылыққа тән ерекшелік оларға мүліктік және мүліктік емес санкциялармен тыйым салынуы болып табылады. Мұнда және бұзылған құқықтың қалпына келтірілуі көзге түседі: заңға қайшы келетін мәмлені езгерту, келтірілген мүліктік зиянның орнын толтыру және т.б. Құқықты қалпына келтіруші санкциялар азаматтық құқық бұзушылық келтірілген зиянды салдарын бағалау және азаматтар мен ұйымдардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерінің қалпына келтіруін көздейді.