Жер сілкінісінің сейсмикалық салдары

Жер сілкінісі – табиғи апаттардың ішіндегі ең жойқыны. Материалдық шығындары жағынан бірінші және адам өлімі бойынша үшінші орында.

Зырян ауданы сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқан, мұнда жер сілкінісі күші 7 баллға дейін болуы мүмкін. Егер жер сілкінісі мен оның зардаптарына ерте бастан дайындалса, әлеуметтік-экономикалық шығындарды азайтуға болады.

Жер сілкінісіне қалай дайындалу керек:

1. үйде, мектепте, кеңседе үлкен қауіп төндіретін орындарды (терезенің, бекітілмеген ауыр заттардың, шыны витриналардың маңы) ерте бастан анықтаңыз;

2. қауіпсіз аумақтарда жұмыс және ұйықтайтын орынды орналастырыңыз;

3. шығу жолдарын анықтаңыз;

4. өз жақындарыңызға жер сілкінісі кезіндегі іс-қимыл ережесін оқытыңыз. Балалармен ойын түрінде ғимараттан көшіруді жүргізіңіз;

5. Сіз үйде жоқ кезде жер сілкінісі болса, қай жерде кездесетіндеріңізді отбасыңыздың мүшелрімен ақылдасыңыз;

6. Шұғыл көшу жағдайына қажетті заттарды сөмкеге салыңыз (барлық жеке бас құжаттардың түп нұсқалары мен көшірмелері, иелену құқығына құжаттар, отбасының барлық мүшелері үшін дәрі-дәрмектер, фонарь, шағын радио, қосымша шұлықтар мен жылы киімдер, су қоры және 1-3 күнге жететін пайдалануға дайын азық-түліктер, жеке гигиена заттары). Осының барлығын ауа өтпейтіндей етіп полиэтиленді пакетке орау қажет.

Жер сілкінісі кезінде:
- Есте сақтаңыз: егер жер сілкінісі басталса – үрейленбеңіз және басқалардың үрейленуіне жол бермеңіз.
- Газды, суды, электр қуатын өшіріңіз.
- Егер жер сілкінісінің күші аз болса қорықпаңыз, тұрған орныңыздан кетпеңіз. Қатты жер сілкінісі кезінде (дүмпу күші 5 және одан да жоғары) сіз ғимаратта болсаңыз:
- егер сіз ғимараттың екінші қабатында болсаңыз, ғимараттан шығуға ұмтылмаңыз;
- қауіпсіз орындарда тұрыңыз (ішкі бұрыштарда, іргелі қабырғалардың ойықтарында, бағаналар мен каркастың балкасының астында, берік партамен үстелдің астына тығылыңыз);
- Терезеден және ауыр жиһаздан алыс тұрыңыз.
- Лифтіні қолданбаңыз.
Егер сіз көшеде болсаңыз: Ғимараттардан, электр желілерінен алыс ашық жерге қашыңыз, үзілген электр сымдарына жақындамаңыз. Ғимараттарды жағалап жүгірмеңіз және оларға кірмеңіз.
Егер сіз автокөлікте болсаңыз: Ашық жерге тоқтаңыз, бірақ дүмпу тоқтағанша автомобильді тастап кетпеңіз.

Жер сілкінісінің сейсмикалық салдары - №1 - открытая онлайн библиотека Жер сілкінісінен кейін:

1. сабырлылықты және абайлылықты сақтаңыз;

2. сынған шынылардан, электр желілерінен алыс болыңыз;

3. балалар мен еңбекке жарамсыздарға көмектесіңіз, айналадағыларға алғашқы медициналық көмек көрсетіңіз;

4. өрттің бар-жоғын, судың, газдың ағуын тексеріңіз;

- басқару органдарына өзіңіздің тұрған жеріңіз, сіздің жаныңыздағы адамдардың саны және зардап шегу сипаты (осындай жағдайда) туралы хабарлаңыз;
- ұстамды болыңыз, шұғыл қызмет телефондарының уақытын көп алмаңыз;
- көшіру және баспанасыз қалғандарды жинау орыны туралы басқару органдарының нақты нұсқауларымен ақпараттарына мән беріңіз;
- қажет жағдайда үйінді астында қалғандарды және жараланғандарды іздеуде құтқарушыларға көмектесіңіз;
- ішек ауруларының алдын алу үшін санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтаңыз;
- бұзылған ғимараттарға жақындамаңыз және оларға кірмеңіз. Қайталанатын дүмпуге дайын болыңыз, олар бірнеше тәуліктен, жұмадан, айдан кейін қайталанса да, бұл жағдайда жер сілкінісінен кейін бірінші екі-үш сағат қауіпті болып саналады. Бірінші жер сілкінісінен кейін көп уақыт өткен сайын, қайталанатын дүмпудің мүмкіндігі азаятындығы белгілі.

Жер сілкінісінің сейсмикалық салдары

Жер сілкінісінің сейсмикалық салдары - №2 - открытая онлайн библиотекаҒалымдар жер сілкінісінің баллын өзіміз анықтауға болатын сейсмикалық салдары кестесін құрды:
1 балл - адам іс жүзінде ешқандай тербелісті сезбейді. Мұндай күштегі жер сілкінісі тек құрал арқылы ғана тіркеледі;
2 балл –бұл сәтте жоғарғықабатта жүрген аса сезімтал адамдар жеңіл тербелісті сезуі мүмкін;
3 балл –жеңіл жер сілкінісі туралы айтуға болады,ілініп тұрған заттар шайқалады, мысалы, жоғарғы қабаттағы ғана емес төменгі қабаттағы да шамшырақтар;
4 балл -барлық адамдар сезеді. Ілініп тұрған заттар үлкен ауытқумен шайқалады, жиһаздардың және ондағы заттардың дірілі байқалады;
5 балл –барлық ғимарат дірілдейді. Ғимараттабарлығы жеңіл қозғалыста болады;
6 балл –еден адамдар үрейленетіндей, жиһаздар құлайтындай жағдайда солқылдауы мүмкін. Кірпіштен салынған құрылыстарда және блоктан салынған ғимараттарда жарықшақтар пайда болуы мүмкін. Тауларда сырғымалар түсуі мүмкін;
7 балл – ғимараттардатік тұру қиынға соғады,көптеген заттар орнынан құлап, еденде домалайды. Жеңіл құрылыстардың қабырғаларында терең жарықшақтар пайда болады, түтін мұржаларының опырылуы мүмкін. Кірпіштен, блоктан салынған ғимараттардың қабырғаларында және түтін мұржаларында аздаған жарықшақтар пайда болады. Панельді және темірбетонды үйлердің қабырғаларында да аздаған жарықшақтар пайда болуы мүмкін. Адамдардың арасында үрей басталады. Асфальтта жарықшақтар мен сырғымалар түзілуі мүмкін;
8 балл -адамдар әзер тік тұрады, байрайлардағы топырақта жарықшақтар пайда болады, ғимараттардың қатты бұзылады, қабырғалар бұзылады;
9 балл – адамдар жұрісінен жаңылысады, топырақта жарықшақтар пайда болады, ғимараттар бұзылады;
10 балл – ғимараттар тұтас бұзылады;
11 балл – апат (катастрофа);
12 балл – рельефтердің (ландштаф) қатты өзгеруі.

ЖЕР СІЛКІНІСІ - ҚАҺАРЛЫ ЗІЛЗАЛАЛЫҚ
КЕЗДЕЙСОҚ ҚҰБЫЛЫС

Кенеттен пайда болатын және қас-қағым сәтте өтетін, күшті қиратушы дүлей зілзала - жер сілкінісі деп аталды.
Жер сiлкiнiсi - жер қыртысында немесе мантияның үстiңгi бөлiгiнде кенеттен болған қозғалыс пен жарылыс нәтижесiнде пайда болған және елеулi ауытқу түрiнде үлкен қашықтыққа таралатын жер асты дүмпуi мен Жер бетiнiң қозғалуы.
Жер сілкінісінің барысында адамдар қаза болады, үйлер, жолдар, көпірлер, арналар, тоғандар мен басқа да инженерлік ғимараттар - су құбырлары, канализация, электр беру жүйесі қирайды, байланыс бұзылады, қар көшкіні, сел, сырғыма қопарылыс пайда болады. Тау жыныстары жарылып, тастар құлайды, адамдарды үрей-дүрбелең билейді. Су асты және су жағалауындағы жер сілкінісі кезінде теңіз түбінің қозғалысы нәтижесінде теңіз гравитациялық толқындары - цунами пайда болып, құрлықта үлкен бүліншілік жасайды.

ЖАЛПЫ КЕҢЕСТЕР

Жер сілкінісі кезіндегі ғимарат ішіндегі кез-келген адам тірі қалу мүмкіндігін арттыру, жарақаттан сақтану үшін жер сілкінісі дүмпуі кезінде бас сауғалайтын жерді, қауіпсіз орынды алдын ала білуге тиіс, ал дүмпу аяқталғаннан кейін ғимараттан тез шығып кету керек.
Тәжірибеде салыстырмалы қауіпсіз орын - негізгі ішкі қабырғалардың ішіндегі бұрыштары, негізгі ішкі қабырғалардағы жерлер, коллоннадағы және каркас бағандарының асты, кіре-беріс есіктердің маңдайшаларының асты, берік үстелдер және т.б. екендігі дәлелденген.
Спитак жер сілкінісі кезінде (07.12.1988 ж.) ваннада болған 6 адам тірі қалған.
Жер сілкінісі кезінде қауіпті орындардың қатарына ішкі және сыртқы қабырғалардың әйнектелген терезелері, шеткі бөлмелер, әсіресе соңғы қабаттардағы, лифтілер, баспалдақтар алаңы мен балкондар жатады.
Үйде, жұмыста көшеде және өзге жерлерде жер сілкінісі кезінде өзіңіздің қалайша әрекет ететініңізді алдын ала ойластыруға тырысыңыз. Әсіресе жан-жақты, егжей-тегжейлі жоспар үйде де, жұмыста да болуға тиіс.
Ең алдымен өзіңіз тұратын немесе жұмыс істейтін ғимараттың сейсмикалық төзімділік дәрежесін ескеру қажет.
Өз ғимаратыңыздың, ғимарат шегінде өзіңіз тұрған жердің беріктігін және қатты жер сілкінісі кезінде сіздің құзырыңызда бар-жоғы 15-20 секунд қалатындығын назарға ала отыра сіз өзіңіз үшін ыңғайлы орынды алдын ала таңдап алуға, не болмаса ғимараттан тезірек шығып кетуге тырысуға, не оның ішіндегі салыстырмалы қауіпсіз орынға баруға әрекеттенесіз.
Алдын ала ойластырылған жоспар сізге жылдам және қисынды әрекет етуге көмектеседі. Алайда, жағдайға байланысты оны жылдам өзгертуге дайын болыңыз.
Дүмпулерден және өзіңіз тұрған ғимарат қатты теңселгеннен кейін ол бұзыла бастауы, жабынның жекелеген плиталары немесе тірек қабырғаларының блоктары құлауы мүмкін. Бұл жағдайда ғимаратты жер сілкінісі кезінде тастап кетуге әрекеттену ғимарат ішінде болғаннан гөрі едәуір қауіпсіз болуы мүмкін. Есіңізде болсын қоршаулардың (тірек қабырғалары емес), каркасты ғимараттардағы ілінбелі қабырға панелдерінің құлауы, ғимараттың толық қирайтындығын білдірмейді.