Сұрақ 1917 жылғы саяси партиялар мен ағымдар

ХХ-шы ғасырдың бас кезінде қазақ өлкесінде ұлттық саяси партияларының алғышартының қалыптасып, одан әрі дамуы қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысының маңызды кезеңі болып табылады. Қазақстанда ең алдымен отаршылдыққа қарсы ұлттық сұраныстарға жауап беруге бағытталған идеялар, одан туындаған қозғалыстар мен саяси партиялар құрыла бастады. Қазақ ұлтының демократиялық интеллигенциясының жетекшілері, біріншіден, патшалық Ресейдің халықты қорлайтын отарлау саясатының мәнін әшкерлеуді және қазақтардың этнос ретінде сақталып қалуы үшін оның келешігіне қатер төндіріп отырған патша үкіметінің өлкені кеулеп бара жатқан жан-жақты экспансиясының тоқтатуды мақсат етті. Екіншіден, олар заң шығарушы және басқарушы үкімет органдарының алдына кадеттер ұсынған үлгі мен әр түрлі петициялар арқылы талап-тілектер қою демонстрациялар мен шерулер ұйымдастыру, мемлекеттік думаның сайлауына белсенді түрде араласып, парламентке халық өкілдерін өткізу үшін күресуді мұрат тұтты. ХХ ғасыр басында панисламизм және пантүркішілдік ұлт-азаттық қозғалыстардың идеясына айналып, тегі мен тағдыры бір түрік халықтарын жақындата түсті. Пантүркішілдік, панисламизм Ресейде ХІХ ғ. 80-шы жылдарында татар интеллигенциясының мәдени-либералдық қозғалысы ретінде өмірге келді. Оның. Пантүркішілдіктен шыққан " жадидшілік" екі идеяның - ағартушылық пен діннің бірігуін білдіреді. Жадидшілдіктің негізін салған Исмаил Гаспаринский. 1917 жылы қазан төңкерісінен кейін түркiшiлдiктi жақтаушылар Ресейде қуғынға ұшырап, көпшілігі Түркияға кетті.. Қазақстанға панисламизм мен пантүркішілдік идеясы ХІХ ғ. соңында келді. Бұл идеяның жақтастары дін басылар, буржуазия және интеллигенция өкілдері болды. Қазақстандағы жадидшілер жаңа әдісті мектептер ашты. Ресейдегі панисламизм қозғалысының жақтастары жалпыресейлік мұсылман съездерін ұйымдастырып өткізіп отырды. Оған қазақтардан да депутаттар қатыстыАқпан революциясынан кейін 1917 жылы осы идеялар негізінде біраз саяси партиялар сахнаға шықты. Мысалы; "Шура-ислами«(Ислам кеңесі), «Шура-улема» (Діни қауым кеңесі). ХХ ғ. басында әлемнің күшті империялардың түркі халықтарының бірігуінен немесе ислам дініндегілердің бір ұранның астына жиналуынан алаңдағаны сонша " пантүркизм" , " панисламизм" деп атадыӘ. Бөкейхановтың 1910 жылғы жарияланған " Қырғыздар" атты әйгілі мақаласындағы ой тұжырымдары Петербург қаласында А.И. Костянекийдің редакциясымен жарық көрген " Формы национального движения в современных государствах" деген еңбекке енді. " ... Қырғыз халқының арасында, - деп жазады Ә. Бөкейханов осы мақалада - саяси партиялар әлі пайда болған жоқ... орыстандыру саясатының ауыртпалығын көтерген басқа шет аймақтардың халықтарындай, қырғыз халқы да үкіметке қарсы пікірде және орыстың оппозициялық партияларына көңіл қояды. Жақын болашақта... қырғыздар арасында қалыптасып келіп екі саяси бағытқа сай екі саяси партия құрылуы мүмкін. Оның бірін ұлттық-діни бағыттағы деп айтуға болар, Екіншісі қырғыз келешегі кең мағынадағы батыс мәдениетін енгізуге байланысты деп есептейтін бағыт. Сөйтіп, 1905–1907 жылдардағы революция кезінде қазақ қоғамында қазақ интеллигенция қатарында ұлт мәселесі жөніндегі идеялар пайда бола бастады. Бұл жылдары қазақ интеллигенциясы тарапынан Ресей жеріндегі саяси партияларды қазақ жеріне тарту жұмыстары жасалды. Мәселен, 1905 жылы Кадет партиясының бастауыш ұйымын құру жүргізілді, І-ІІІ бүкілресейлік мұсылмандар құрылтайлары өтіп, " Мұсылман партиясы қоғамының" құрылуы басталды. 1916 жылғы ұлт-азаттық революция, қазақ интеллигенциясының либералдық-демократиялық зиялылар тобы мен социал-демокртатяилық тобы болып бөлінуіне әкеліп, алғашқы ұйымдар мен қозғалыстардың басталуына тудырды. 1917 жылы 27 ақпанда Ресейде буржуазиялық-демократиялық төңкеріс болып, монархия құлады.. Ақпан төңкерілісі патша өкіметінің геноцид саясатын тежеді, ұлт саясаты саласында өзінің жалпы азаматтық мұраттарды-бостандықтарды, халықтардың теңдігін қолдайтынын мәлімдеді. Кадет ұйымы Ақпан төңкерісінен кейін Семейде, Петропавлда, Қостанайда, Оралда, Өскеменде құрыла бастады. Кадет партиясныың мақсаты: бөлінбес біртұтас Ресей, конституциялық монархия құру, қоныстандыру саясатын қолдау еді. 1917 жылдың көктемінде өлкенің ірі қалаларында, уездердің көпшілігінде, болыс орталықтарының бір бөлігінде Эсер (СР) партиясының ұйымдары құрылды. Осы ұсақ буржуазиялық партияның " жерді оны өңдейтіндерге беру керек" , " жер бүкіл халықтың меншігі" деген ұрандары, Түркістандағы съезде патша өкіметінің отарлау саясатының айыптауы оның уақытша табысқа жетуін қамтамасыз етті. 1917 жылғы жазға қарай барлық кеңестер солардың қолында болды Халықтың эсерлер партиясының Түркістан өлкелік съезд іс жүзінде Орта Азия мен Қазақстанның жергілікті халқына ұлттық автономия беруге қарсы шықты. Сонымен қатар қазақ өлкесінде діни сипаттағы партиялар құрылды. Иттифок-муслимин (мұсылмандар одағы) партиясының құрылғанын жариялады. Бұл парттия тұңғыш мұсылман партиясы Түркістан федералистердің партиясы болды. Сол сияқты 1917 жылы 14 наурызда Қазақстанның оңтүстігінде Шура-ислами ұйымы құрылды. Бұл ұйым ұлттық-демократиялық бағытта саяси күштері Алаш партиясымен қарым қатынаста болды. 1917 жылдың 22 қарашасында Шура-ислами Қоқан қаласында өткен Бүкіл Түркістандық төтенше ІV съезінде кеңес үкіметін мойындамау мен Түркістан автономиясын құру туралы шешім қабылдайды. 1918 жылы қаңтарда Ташкент Кеңесі мұсылман үкіметін жоймақшы болып ұйғарды. 5-ші ақпанда Қоқан қаласы шабуылмен алыр өртелді. Шура-ислами сияқты, Шура-улема де Түркістанды Ресейден бөлудің сеператтық иядеяларынан аулақ болды. Көрнекті дін заңның белгілері басшылық жағдайға ие болған бұл саяси ағымдар шариғат пен әдет негіздерін қорғаумен қатар, адамзат қоғамының демократиялық нормаларын да қорғады. Түркістандық Ерік партиясын да назардан тыс қалдырмаған жөн, өйткені 1919 жылдың көктемінде құрылған партяи ұлт мәселесіне көп көңіл аударды. Бұл партияның құрылуына қазақ Жанұзақов, башқұрт Вавилов, өзбек Әріпов бас-көз болды. Партияның құрылу үрдісі 1926 жылға дейін созылды. Бұл партияның ерекшілігі оның бағдарламасында бір емес, бірнеше ұлттар мен халықтардың алдындағы көкейкесті мәселелерінің көтерілуінде жатыр, яғни оның жетекшілері ұлттық мүдделерден гөрі ұлтаралық мәселелерді көре білді, жалпы халықтық мақсаттарды саралауға жеткізді 1905 жылы басталған Алаш қозғалысы 1917 жылы қайта Алаш партиясы болып жалғастырылды. Партияның негізгі бағыты - реформистік жолмен қазақ елін жаңа белестерге көтеру. " Үндеу авторының, алдағы атқарылар негізгі үш саласы бойынша басты мақсат-міндеттерді айқындағандығын аңғару қиын емес. Олар: 1. Саяси әрекетте бірінші орында жалпыресейлік проблемалар, әсіресе үкімет туралы және мемлекеттік құрылыс мәселелері тұрса керек. 2. Көшпелі және отырықшы халықтардың мүдделерін есепке алып, аграрлы мәселелердің жиынтығын ешбір кешіктірмей саяси күрестің күн тәртібіне қою. 3. Құрылтай жиналысына тиянақты дайындықтар жүргізу бұрыңғы қорғалықтық пен бас июшшіліктен құтылу жолында халықтың бірлігін нығайту қажеттілігі. 1917 жылы 28 наурызда " Речь" газетінде Ә. Бөкейханов " Заңсыз тартып алынған жерлерді қазақтарға дереу қайтарып беруді" талап етті Алаш партиясы атпен танылған ұлттық-демократиялық қазақ зиялыларының өтпелі кезеңдегі саяси ұйымы халық санасының қозғаушы күшін міндетін жалпы алғанда заман талабына сай адал атқарды. Алаш шын мәніндегі дәстүрлі саяси партия болып қалыптасып үлгермегенімен, іс жүзінде саяси ұйым ретінде қоғамдық қозғалыс дәрежесінен әдеттегі партияға өту кезеңі батсан кешірген өтпелі саяси ұйым болғандығына қарамастан. Осын негізгі мақстаттарды және олардан туындайтын басқа да әлеуметтік саяси міндеттерді шешуді Алаш басшылығы эволюциялық реформа жолымен жүзеге асыруды көздеді. 1919 жылы 3 тамызда А. Байтұрсынов " Революция и киргизы" шағын еңбегін жазды. Бұл еңбегінде қазақтардың бірінші революцияны қуанышпен қарсы алып, патшаның геноцид саясаты тоқталғаны мен ұлт мәселесі, мақсат-мүддесі көтеріледі деп түсінгенін айта келіп, екінші революция қазақ-қырғыз халқы үшін мүлде түсініксіз, мәні жоқ деп қарастырылғанын айтады. ... Екінші революция тек қазақ халқы үшін емес, сонымен қатар қазақ зиялылары үшін де мәнсіз деп қарастырылып анархияның басталғанын түсінді., алаштықтардың контрреволюционерлермен бірігіп, 1918–1920 жылдары шетелдік интервенциямен азамат соғысы кезінде кеңестерге қарсы соғыс қималдарын жүргізді. 1917 жылы Ресейдегі Кеңестер мен Уақытша үкімет арасындағы саяси қарсылықтың тереңдей шиеленісе түсуі барысында ұлттық социалистер ұлттық буржуазиялық ұйымдарын өз іргелерін аласырақ салып, тіпті кейбір әлеуметтік-саяси мәселелер төңірегінде оларға ашық түрде шыға бастады. Осыған ұқсас, сонымен сабақтас үдерістер Қазақстанда да орын алды. Ұлттық интеллигенцияның аз бөлігі (негізінен төменгі буын өкілдері) социалистік идеяларды ұстанып, социал-демократтар немесе эсерлермен (социал-революционерлермен) ынтымақтастықта болды. Олардың арасында С.Сейфуллин, С.Меңдешев, К.Тоғысов және т.б. ерекше көзге түсті. Үш жүз 1917 жылы қазан-қараша айларында пайда болды. Әуел баста ол Алаш партиясымен бірлесе әрекет жасау мүмкіндігі туралы мәлімдегенімен, ол ойынан тез қайтты да, көп кешікпей Қазақстанның қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық мәселелері жөнінен Алаштың басты опонентіне айналды [1, 126 б.]. Үш жүз өзінің әлеуметтік тегі жөнінен ұсақ буржуазияшыл демократтардың саяси ұйымы болды. Оның бағдарламалық мақсат-мүдделерінің алғашқы кезде Алаштың программасынан көп айырмасы болған жоқ. Олар соғыс мәселесі жөнінде ғана Алаштан басқа позиция ұстады. Кейінірек, іргесін Алаштан аулақ салып, большевиктер мен солшыл эсерлерге жақындай түсті және Қазан революциясы жеңіске жеткен соң Алашқа қарсы ашық күреске шықты Жұмысшы қозғалысының дамуында жергілікті ұйымдар мен социал-демократтар тобы маңызды рөл атқарды. Қазақстанда тұңғыш маркстік үйірме Атбасарда 1896 ж. ұйымдастырылды. ХХ ғ. басында маркстік үйірмелер Ақмолада, Петропавлда, Оралда, Семейде, Верныйда пайда болды. 1905 ж. бұрын құрылған маркстік үйірме негізінде Петропавл және Оралда РСДЖП ұйымдары, социал-демократтар топтары мен ұйымдары теміржол желілері бойындағы қалаларда, теміржол шеберханалары мен деполары орналасқан станцияларда пайда болды [ХХ ғасырдың бірінші ширегінде қазақ өлкесінде Кадет, Эсер, Алаш, Үш жүз, Шура-и-Ислами, Муслимин-и-иттифок, Ерік саяси партиялар құрылған еді. Кадет, Эсер партиялары ұлттық мәселелерді көтерген жоқ, ұлттық идеяларға қарсы болған, тек билік жолына ұмтылған, жалпы халықтық мәселелерді жамылып алған, қазақ өлкесінде үлкен нәтижелерге жете алмаған көз бояушы партия қатарына жатқызуға болады. Ұлттық мүддені көтере білген қалған партиялардың ішінде Шура-и-Ислами, Муслимин-и-иттифок Ұлттық мүддені көтерген Алаш, Үш жүз партиясы болды. Бірақ, Үш жүз партиясы ұлттық мүддені көтерсе де, билік жолындағы талас-тартыста бұзылып, күштері басым жаққа ауысқан партия деуге болады

. 12 Сұрақ үш жүз партиясы

1917 жылы қарашада Мұқан Әйтпенов және Шаймерден Әлжанов бастаған бір топ Омбы зиялылары «Үш жүз» аталатын саяси партия құрағандарын мәлім етті. Келесі жылдың басына қарай бұл саяси ұйымдағы басшылық Көлбай Тоғысовтың қолына көшедіБүкілресейлік Құрылтайға депутаттар сайлау науқанына дербес тізіммен түсіп, сайлауда бірде-бір өкілін өткізе алмады. Үшжүздіктердің қазақ қоғамы арасында беделінің жоқтығы басшылығында ел мойындаған саяси тұлғаның болмауына, сондай-ақ партияның халықты соңына ерте аларлық нақты бағдарлама ұсына алмауына байланысты еді. «Үш жүз» қазақ арасындағы мұсылмандықты қолдайтындығын және қорғайтындығын айта отырып, сонымен бірге атеистік ұстанымдағы большевиктермен қоян-қолтық жұмыс істеуге күш салды. Өз ретінде большевиктер үшжүздіктерді Алаш партиясының беделін түсіру мақсатында пайдалануға тырысты«Үш жүз» партиясы өз қызметін Кеңес үкіметінің бағыт бағдарын қолдауымен бастады. «Үш жүз» партисы Кеңес үкіметіне және жергілікті жердегі жұмысшылар, солдаттар және шаруалар кеңестеріне толық сенім білдіретіндігін жариялады. К. Төгісовтің келуіне байланысты халықтар достығы, орыс-қазақ достығы қалыптаса бастады. «Үш жүз», Алашпен көп мәселеде тоқайласып тұрды. Мыс: дін, сот ісі, құқық, земство, жер, соғыс, бейбітшілік. Мұсылман дініне үлкен құрметпен қарады. Бірақ тарихи деректер «Алаш» партиясы мен «Үш жүз» партиясының арасында да тартыс аз болмағанын көрсетеді. Алайда бұл тартыс партиялық бәсекелестіктен гөрі бірін-бірі партия ретінде мойындағысы келмейтін ымырасыз күреске көбірек ұқсайтын еді.Большевиктерге ермей тұрғанда «Үш жүз» партиясы «әуелі түркі-татар федерациясын құрып, орыстардан аулақ жүруді», содан соң біртіндеп автономиялы елге айналуды көздесе, «Алаш» партиясы автономияны Сібір автономшыларымен селбесе отырып алуды ойластырды.
Сонымен қатар «Үш жүз» партиясы «қазақ жұмысшылары мен кедейлерінің сөзін ұстаймыз» десе, негізінен интеллигенция өкілдерінен құралған «Алаш» партиясы қазақты бай мен кедейге бөлген жоқ«Үш жүз» партиясы мен «Алаш» партиясының саяси бағыттары бір еді. Олардың негізгі мақсаты – ескі үкімет билігін толығымен жойып, қазақ халқының өз алдына бөлек отау құруын жүзеге асыру. Осы мақсат жолында екі ұлттық партияның арасында күрес туындады. «Алаш» мүшелері «Үш жүздің» ісін жақтырмады. «Үш жүз» де «Алашты» өз газеттерінде ғайбаттап жатты» деп жазады. «Үш жүз» партиясы әуел баста «Алашпен» бірлесе әрекет жасау мүмкіндігі туралы мәлімдегенімен, ол райынан тез қайтты да, көп кешікпей «Алаштың» бас сынаушысына айналдыБолашақ «Үш жүз» партиясы мен «Алаш» партиясы жетекшілерінің арасындағы кейбір келіспеушіліктер 1917 жылғы мамырда Мәскеуде өткен бүкілресейлік мұсылмандар съезінен кейін байқалды.Қазақ ішінен барғандар арасынан Жаһанша Досмұхамедов, Көлбай Төгісов, Уәлитхан Танашев, Жақып Ақбаевтар осы съезде атқару кеңесінің мүшелері болып сайланды. Сонымен қатар съезге қатысқан басқа да делегаттарға қосыла отырып, олар "Алаш" партиясының жетекшілері Ахмет Байтұрсынұлы мен Әлихан Бөкейхан.жалпықазақ съезі 1-10 тамыз аралығында Ташкентке шақырылсын» деген ұсыныс жасады. Ал бұл кезде бірінші жалпықазақ съезін шақыруды ұйымдастыруға кіріскен Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, т.б. қазақ оқығандары ол съездің шешімдерін де, атқару комитетін де мойындамадыОның үстіне екінші бүкілресейлік мұсылмандар съезіне қазақтан өкіл жібермейтінін айтты. Бүкілресейлік құрылтай сайлауы жақындауына байланысты шілденің 21-26 аралығында Орынборда шұғыл өткен жалпықазақ съезі қазақ саяси партиясын құру туралы шешім қабылдады. Сонымен қатар «бір облыста бір списоктен артық болмасын, ол список осы жалпықазақ съезі көрсеткен список болсын» деген қаулы алды. «Үш жүз» партиясы жалпықазақ съезінің бұл шешімін мойындағысы келмеді. 1917 жылдың қазан айында Омбыға келген Әлихан Бөкейханмен кездесуде «Үш жүз» партиясының ұйымдастырушылары Мұқан Әйтпенов пен Шаймерден Әлжанов қазақ партиясының атауы «Үш жүз» болсын деген ұсыныс айтты және партия бағдарламасы жөнінде Әлихан Бөкейханмен пікір таластырды. «Сарыарқа» газеті «Алаштың туын ұстаған асқар белдей ерлерімізді... арамзалар қаппақ болып, жынын құсып, уын шашып жүр. Мұндайларға «Үш жүздің» партиясы деген атақ байланып, бар қазақтың ұйытқысы болған «Алаш» партиясының адамдарын арам аузымен былғамақшы болып жүр» деген мақала басты. «алаштықтар» «Үш жүз» партиясының құрылтайға ұсынған тізіміндегі алғашқы алты адамының депутат болуға лайықсыз екенін айтып, «Қазақ» газетіне мақала жариялады» Қарашаның 28-і күнгі құрылтай сайлауынан жеңілгеннен кейін «Үш жүз» партиясы мен «Алаш» партиясының тартысы одан әрі шиеленісті. 1917 жылдың желтоқсанынан 1918 жылдың мамырына дейін 10 нөмірі шыққан «Үш жүз» газеті «Алаш» партиясының ықпалындағы «Қазақ», «Сарыарқа», «Бірлік туы», «Ұран» газеттерімен айтысқа түсті.
«Қазақ» газеті: «Түрі адамға ұқсағанымен пиғылы айуан сияқты сұмдар «Үш жүз» партиясы деп атақ байланып, бар қазаққа ұйытқы болған «Алаш» партиясының адамдарын арам аузымен былғамақ болып жүр. «Үш жүз» партиясы – содырлы, сойқанды, жүзіқаралар партиясы. Бұл – жұртқа келген үлкен дерт. деп жазды.«Үш жүз» газеті де қарап қалмай, «Ит жоқта шошқа үреді қораға, ұл жоқта құл жүреді жораға» деген мақала жариялап, Әлихан Бөкейханның ар-намысына тиетін сөздерді аямады.«Біз «Үш жүздің» артынан жүреміз! Рас, біз «Үш жүз» партиясын кешірек ашып, халықтың көбі білмей қалды. Екі партия арасындағы егес 1918 жылы жазда «Үш жүз» партиясы жойылғанға дейін жалғасты.«Алаш» пен «Үш жүздің» арасындағы алауыздықты сәтімен пайдаланған большевиктер Омбыдағы «Революционная мысль» газеті арқылы 17 қарашада «қазақ кедейлерін соңына ерткен» «Үш жүз» партиясын құрылуымен құттықтап, «Үш жүз» партиясын қолдаушылардың хаттарын жариялап отырды.«Алаш» партиясымен күресті басты мақсатына айналдырған «Үш жүз» партиясы да біртіндеп большевиктерге қарай ойысты. Бұл жөнінде «Алаш» партиясы «...Көлбай Төгісов пен Ермұхамет Тоқбаевтар орыс большевиктерін қолдаған қылмысты әрекеттерін тоқтатпаса, «Алаш» партиясының жауы деп танып, оларды қазақ халқының арасынан аластататындықтарын» мәлімдеді.Большевиктердің ұсынысымен Омбы губерниялық кеңесі атқару комитетінің құрамына сайланған, кейін басқа да қызметтер атқарған Көлбай Төгісов «Алаш» партиясын қуып, таратуға бар күшін салды. Зайсандағы «Үш жүз» партиясының мүшелеріне жіберген жеделхатында: «Алаш» партиясы қуылды. Оның бірнеше мүшелері қамауға алынды. Бөкейхановқа іздеу жарияланды. Демократиялық «Үш жүз» партиясы күннен күнге өсіп, жеңілмейтін күшке айналып келеді. Зайсандағы «Алаш» партиясын тезірек қуып, тарату керек», – деп жазды.Омбыда шығатын «Известия» газетінің сәуірдің 23-індегі санында Көлбай Төгісов Әлихан Бөкейханды ұстап бергендерге - 10 000 сом, ал Ахмет Байтұрсынұлын ұстап бергендерге 3 000 сом ақша беретіндігін жариялады. Көлбай Төгісов онымен де тоқтамай, «Алаш» партиясының Владимир Ленин және Иосиф Сталинмен келіссөз жүргізгенін естіп, 1918 жылы сәуірдің 21-інде «кадет Бөкейханов басқаратын буржуазиялық «Алаш» партиясына қарсы құрылған «Үш жүз» деген қазақ социалистік партиясының бар екенін білдіріп» жеделхат жолдап, «Алашпен» күресте өздерін қолдауын сұрап, Сталинмен телеграф арқылы сөйлесті. Алайда бұл уақытта «Үш жүз» партиясының өз ішінен де жік шыққан еді. Партияның бұрынғы төрағасы Мұқан Әйтпенов орнына келген Көлбай Төгісовке «Үш жүздің» Омбыда өткен кезектен тыс жиналысында түрлі айып тақты. Көп ұзамай Төгісовті 1918 жылғы сәуірде эсерлер құрған Батыс Сібір үкіметі тұтқынға алды. «Алаш» партиясынан кешірім сұрап, тұтқыннан босауға жәрдемдесуді сұрады. Бірақ олар кешірім бере алмайтындықтарын, оның қылмысты ісін «Алаш» партиясының сотында тексеруге қалдыратындықтары туралы» шешім шығарды.Көлбай Төгісов 1919 жылы, Омбы қаласын басып алған Колчак өкіметінің қолынан қаза тапты. Кейбір деректер «түрмеден қашып шыққан Көлбайды «Алаш» партиясының мүшелері қайта ұстап берді» деп көрсетеді. Бірер жылдан соң «Алаш» партиясы да большевиктер билігін мойындауға мәжбүр болды.Тарихшылар «Алаш» жетекшілерінің ұстанымдары барлық уақытта бірдей сай келе бермегенін алға тартып, «Үш жүздің» «Алаш» партиясымен қайшылықтарын біржақты бағалауға болмайды деген пікір айтады. Көлбай– қоғам қайраткері, журналист, драматург. Зайсандағы ауыл шаруашылық мектебін бітірген. Орыс тіліне жетік болғандықтан отарлық билік орындарының ұйғарымымен Зайсан уездінің бітімгерлік сотының тілмашы болып қызмет етті. Бірінші орыс революциясы тұсында Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, Ж.Ақпаев секілді қайраткерлермен бірге патша өкіметінің жүргізіп отырған отарлық саясатына қарсы шықты. Қарқаралы хұзырхатын әзірлеуге қатысты. 1906 ж. “Семипалатинский листок” газетінде патша өкіметінің қазақ халқына жасап жатқан қысымшылықтары жайлы мақалалар жариялады. Қазақ жеріне земство енгізу қажеттігін жақтады.1909 ж. патша өкіметінің ұйғарымына орай “халықты бүлікке үндеуші” ретінде тұтқынға алынып, 1912 жылға дейін түрмеде отырды

. “Надандық құрбаны” атты пьеса жазды. Оның “Шура и ислам” ұйымына мүше болып кіріп, Қазалыда 1917 ж. мамырда Мәскеуде өткен бүкілресейлік мұсылмандар кеңесіне мүше болып сайланды. Осы жылы жазда Зайсан у-не оралып, онда қазақ еңбекшілерінің съезін өткізуді ұйымдастырды. М.Әйтпеновпен бірге Омбыда “Үш жүз” партиясын құруға басшылық етті.

13 сұрақ Қазан кеңес үкіметі

Уақытша үкіметтің халық күткен аграрлық мәселені шеше алмауы, езілген халықтарға өзін-өзі билеуі немесе автономия алу мәселесін күн тәртібіне қоюға тырыспауы, жұмысшыларға 8 сағаттық жұмыс күнін енгізу сияқты көкейкесті мәселелерді шешпеуі халық наразылығын одан әрі күшейтті. 1917 ж. жазының соңы мен күзінің бас кезінде бүкіл Ресейдің жер-жерінде бұқараның Уақытша үкіметке деген қарсылығы өсе түсті. Бұл Кеңестердегі большевиктердің ықпалының артуына жағдай жасады. Ал “Барлық билік Кеңестерге берілсін” деген ұран қайта көтерді. Енді бұл ұран қарулы көтеріліске, Уақытша үкіметті құлатуға, пролетариат диктатурасын орнатуға бағытталды. 1917 ж. 24 қазанда Петроградта қарулы көтеріліс басталды. Келесі күні көтерілісшілер қаланың ең маңызды объектілерін басып алды. 1917 ж. 25 қазанда (7 қарашада) Әскери-революциялық комитет Уақытша үкіметтің билігінің жойылғандығын жариялады. Осылайша Қазан төңкерісі жеңіске жетті Қазақстанда Кеңес өкіметін орнату төрт айға, 1917 ж. соңынан 1918 ж. наурызына дейін созылды. Бұл процесс аймақтың әлеуметтік–экономикалық және мәдени баяу дамуымен, ұлтаралық қатынастардың күрделілігімен, жұмысшылар мен большевиктік ұйымдардың аздығымен шиеленісе түсті. Кеңес өкіметінің Қазақстанда орнауына Ленин бастаған большевиктердің халыққа бейбітшілік, жұмысшыларға зауыт пен фабрика, шаруаларға жер, ұлттар мен ұлыстарға теңдік пен бостандық беру жөніндегі уәдесі өз септігін тигізді. Кеңес Кеңес өкіметі Уақытша үкіметтің жақтастары қарулы қарсылық көрсете алмаған Сырдария, Ақмола облыстары және Бөкей Ордасында бейбіт жолмен орнады. Ал, Торғай, Орал, Орынбор, Семей және Жетісу облыстарында Кеңес өкіметін орнату үшін қиян-кескі күрес болды. Облыстық орталықтар мен уездік қалаларда кеңес өкіметі қызыл гвардиялық отрядтардың және жергілікті горнизондар солдаттарының қарулы көтерілісі арқылы орнады. Перовск (Қызылорда) жұмысшылары мен солдаттары өкімет билігін 1917 ж. 30 қазанда (12 қараша) өз қолына алды. Ташкентте Кеңес үкіметі 1917 жылы 1 қарашада кескілескен ұрыс нәтижесінде орнады. Ал 1917 жылдың қараша айының орта кезінде Кеңес өкіметі Черняев (Шымкент) қаласында жеңді. Қараша-желтоқсан айларында Кеңес өкіметі Әулиетада, Түркістанда, Қазалыда, Арал поселкісінде және облыстың басқа да ірі елді мекендерінде бейбіт жолмен орнады. Көкшетау, Павлодар, Атбасар, Өскемен уездерінде казак-орыс әскерлерінің басым болуынан Кеңес өкіметі үшін күрес біраз қиындыққа кездесті. Кеңес өкіметі 1918 ж. наурыз айында Жаркентте, Сергиопольде (Аягөзде), Талдықорғанда, сәуірдің бас кезінде Лепсіде орнады.Кеңес өкіметін орнатумен бірге өлкенің шаруашылығы мен мәдениетін қайта құру шаралары қатар жүргізілді. Өнеркәсіп орындарында, мәселен Спасск заводында, Қарағанды шахтасында, Успен кенішінде, Ембі мұнай кәсіпорындарында бақылау қойылып, сондай-ақ банктер мемлекет меншігіне көшірілді. Кеңестердің 2-ші Бүкілресейлік съезінде қабылданған Жер туралы декрет бойынша алғашқы шаралар жүргізіле бастады. Қазан төңкерісінің алғашқы күндерінен бастап-ақ облыстық және уездік орталықтарда да жұмысшылар мен шаруалардың өкіметін нығайту ісі, ауылдық және селолық Кеңестерді құру ісімен бірге жүргізілді. 1918 жылдың күзінен бастап басқарудағы ала-құлалық жойылып, билік Кеңес атқару комитеттері қолына алына бастады. Сонда да болса, ауыл-селоларда әлі Кеңестер күш ала алмай жатты. Кеңес өкіметінің нұсқау, жарлықтарын іске асыруға қарсылық күшті болды. Халық азық-түлік тапшылығынан зардап шекті. Кеңес өкіметіне қарсы күштер бас көтерді. Кеңеске қарсы күштердің қарсылығын басу үшін, жергілікті жерлерде өкімет билігін нығайту қажет болды. Кеңес өкіметін нығайту жолындағы күресте облыстық және уездік кеңестер съездері көп роль атқарды. Облыстық, уездік, болыстық кеңестерде жер, азық-түлік, шаруашылық, сот, бақылау, қаржы бөлімдерінің жұмысын жолға қоюға бағытталған шаралар іске асырылды. Кеңестердің жанынан еңбек, ағарту, денсаулық сақтау т.б. бөлімдері ашылды. Кеңес қызметкерлерін даярлайтын курстар жұмыс істей бастады. Кеңес өкіметіне деген сенімсіздік күшейді. Лениннің дайындаған “Еңбекшілер мен қаналған халықтардың құқықтары Декларацияда “Кеңестік Ресей Республикасы еркін ұлттар одағының негізіндегі кеңестік ұлттық республикалардың федерациясы түрінде құрылады” делінген. РКФСР құрылғаннан кейін елдің Шығысында жаңа автономиялық республикаларды құруға дайындық жұмыстары басталды. Большевиктік ұйымдар, Қазақстан және Түркістанның Кеңестері кеңестік бүкілқазақ, бүкілтүркістандық съездерін шақыруға дайындала бастады. 1918 ж. көктемінде еліміздің шығысында Түркістан автономиялық Кеңестік социалистік республикасы құрылды. Қазақстанның оңтүстік аймағы (бұрынғы Сырдария және Жетісу облыстары) Түркістан автономиясының құрамына кірді. Бірақта 1918 ж. қаңтарда кеңестердің 3 - Бүкілресейлік съезі Ленин дайындаған “Еңбекшілер мен қаналушы халықтар құқықтарының Декларациясында” өзге ұлттардың өзін-өзі билеу құқы жоққа шығарылды. Қоқанд қаласы шабуылмен алынып, Түркістан автономиясы күшпен таратылды. Қазақстанда кеңестердің бүкілқазақ съезін шақыруға дайындық жұмыстары кеңес өкіметін нығайту процесімен қатар жүргізілді. Мұның өзі шын мәнінде кеңестік мемлекеттікті құру және оны бекіту үшін күрес екендігін көрсетті. Қазақ зиялылары мемлекет құру процесінің кеңестік жолмен шешілуімен келісе алмады. Мұндай қарсылықтың себептері мынада еді: бірінші - қазақ зиялылары әуел бастан тәуелсіз ұлттық автономия құруды жоспарласа, екінші - олар Қазан төңкерісін қабылдамады, сөйтіп Кеңес үкіметін мойындамады, оны заңсыз орнаған үкімет деп есептеді. Сондықтан да „Алаш” зиялылары құрастырған бағдарламаның жобасы “Қазақ” газетінде жарияланды жобасы он пункттен тұрды. Осы бағдарлама Құрылтай жиналысына сайлауда “Алаш” партиясының ірі табысқа жетуін қамтамасыз етті және 1917 ж. 5-12 желтоқсанда Орынборда өткен Екінші жалпықазақтық съезде қазақ халқының әр түрлі топтарының өкілдерін біріктірді.. Съезде қазақ автономиясы құрамына Бөкей ордасы, Орал, Торғай, Ақмола, Семей, Жетісу облыстары және Закаспий облысымен Алтай губерниясының қазақтар мекендеген аудандары енуге тиіс деп шешті. Алаш-Орда (алаш автономиясының үкіметі) деген ат беру жөнінде шешім қабылдап және бүкіл қазақ халқына “бағынатын үкіметіміз осы деп сеніп… басқа үкіметті мойындамай, өз үкіметінің әмірін екі қылмай орындау керектігі” баса ескертілді. Съезд қазақ милициясын құру жоспарын жасады Халел және Жаһанша Досмұхамедовтер Оралдан Мәскеуге барып, Халық Комиссары Кеңесінің төрағасы В.И. Ленинмен және Ұлт істері жөніндегі халық комиссары И.В.Сталинмен кездесіп, оларға 1917 ж. желтоқсанда өткен екінші қазақ-қырғыз съезінің қаулысын табыс етті. И.В. Сталин қаулымен танысқаннан кейін 19-20 наурызда Семейдегі Ә.Бөкейханов және Х. Ғаббасовпен телефон арқылы Сталин сөзіндегі ең елеулі нәрсе оның жалпы қазақ-қырғыз съезі қаулысы мен Ресей халықтарының құқығы туралы декларацияның өзара үндес екендігін мойындауы еді. Міне, осы үндестік Кеңес өкіметіне Алашорданы мойындауға негіз болатындығын білдіріп, Сталин тек жалғыз ғана шарт қояды. Ол өз ретінде Алашорданың Кеңес өкіметін мойындайтындығын мәлімдеуі болатын. И.Сталиннің сөзінен тағы бір жағдайды анық аңғаруға болады. Кеңес өкіметі “басыбайлы бөлініп кету секілді ұлт ниеттерін жарыққа шығару” үшін ең алдымен оны мойындау қажеттілігін талап етті. Сонымен бірге автономия алу мәселесі орталықта шешілетіндігін ескертті. Алашордашылар үшін мұндай жағдай қиындық тудырғанымен олар И.Сталиннің ұсынысын талқылап, автономияға қатысты өз шешімдерін мәлімдеді. Ол қаулы төмендегідей еді: 1918 жылы наурыздың 21-інде Алашорданың мүшелері ұлт жұмысын басқарушы халық комиссары Сталиннің Алаш автономиясы туралы айтқан сөзінен кейін Кеңес өкіметін Ресейдегі барлық автономиялы халықтардың кіндік өкіметі деуге қаулы қылып, төмендегі өз шарттарын білдіріп: “Желтоқсанның 5-нен 13-іне шейін Орынборда болған жалпықазақ-қырғыз съезінің қаулысы бойынша тоқтаусыз Алаш автономиясын жариялайтындықтарын, талап етті. Өкінішке орай Ұлт істері жөніндегі халық комиссары Алашорданың қойған талап-шарттарына тікелей ресми түрде жауап бермеді И.Сталин және қол қойған жеделхат келді. Жеделхатта “қырғыз істері бойынша Комиссариат құру үшін тез арада өкілдер жіберу” жөнінде айтылды. Мұның өзі кеңес өкіметінің өлкедегі барлық істі өз қолдарына алғандығын көрсетті. Жеделхатта Ұлт істері жөніндегі халық комиссариаты жанынан қазақ бөлімі ашылып, оның құрамына қазақ халқының өкілдерін сайлау құқығы Алашордаға берілетіндігі де айтылған Сталинмен жүргізген келіссөздерінде кеңес үкіметінің ұлттық тұтастық негіздегі қазақ мемлекеттігін мойындамайтындығын, тек кеңестік негіздегі автономия беруге даяр екендігін көрсетіп берді Х.Ғаббасов 1918 жылдың 1 сәуірінде РКФСР Халық Комиссарлары мен Ұлт істері жөніндегі комиссариатқа жеделхат жолдап, қазақ халқының ұлттық тұтастық мүддесін көздейтін Алашорда өкіметін тез арада ресми түрде мойындауын тағы да талап етті. Кеңес өкіметі мұндай талаптарды жауапсыз қалдырды. Осылайша алаштықтардың кеңес үкіметі шеңберінде біртұтас ұлттық мемлекет құруға талпынысы нәтижесіз аяқталды.

14 сұрақ Азамат соғысы

Қазақстан азамат соғысы жылдарында - жұмысшы-шаруа Кеңестерінің орталықтағы және жергілікті жерлердегі билікті басып алуы алғашқы күннен-ақ құлатылған таптардың қарулы қарсылығын туғызды Қазан қарулы көтерілісі мен Азамат соғысының арасында айқын шек болмады. Ел 1917 жылғы 25 казаннан бастап Азамат соғысы жағдайында өмір сүрді немесе бұл дата елді таптық белгісі бойынша бір-біріне жау екі лагерьге бөліп тастады, арадағы күрес бітіспес қанды қырғынға ұласты.Қазақстанда Азамат соғысы ошақтарының бірі Орынборда - қазақ атаманы Дутовтың 1917 жылы қарашаның аяғында Кеңес өкіметін құлатып, 1917 жылы 5-13 желтоқсанда Орынборда «Алаш» партиясының II Бүкілқазақ съезі болып өтті. Съезде Уақытша халықтық кеңес - «Алашорда құрылды. Азамат соғысы басталысымен Алашорда бастаған және Кеңестер мен большевиктерді қолдаған екі жақ бір-біріне қарсы тұрды. антикеңестік күштердің әлеуметтік базасын қазақ әскерлері, көпестер мен саудагерлер құрады. Жетісу қазақ әскерлерінің «Әскери кеңесі» Жетісудағы жоғары билік - «Әскери үкіметті» құрды. Ақ гвардияшыл офицерлер мен юнкерлер Верный қаласына жан-жақтан келіп бас қосып жатты, осы жерде алаш полкі құрыла 1917 жылы қарашада азамат соғысының ошағы Оралда қалыптасты. Осында құрылған Орал қазақ әскерлерінің облыстық «Әскери үкіметі» ақ гвардия офицерлеріне, қазақтардың атаман-кулак элементтеріне сүйенді, оларға жергілікті әсерлер, меньшевиктер және алашордашылар белсенді түрде қолдау көрсеттіАзамат соғысының етек алуына бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында тұтқынға түскен Австрия-Венгрия армиясының солдаттарынан құрылған Чехословак корпусы бүлігінің үлкен маңызы болды. Жақсы қаруланған 50 мың адамдық корпус 1918 жылы мамырдың аяғында сібір магистралінің ұзына. 1918 Кеңес өкіметі Семей қаласында құлатылды. Жетісу облысы атқару комитетінің қаулысымен Жетісу майданы әскерлерінің штабы құрылды. Алайда облыстың біріккен қарулы күштері ақ гвардияшыларға соққы бере алмады. Қызыл гвардия отряды командир қайтыс болуына байланысты шегінуге мәжбүр болды. Қоныс аударушы шаруалардың үлкен тобы Черкасск селосында қорғаныс шарасын ұйымдастырды. Бұл «Черкасск қорғанысы» деп аталды.1918 жылы жазда Кеңес өкіметі Қазақстанда Жетісудың басым бөлігінде, Сырдария облысында, Торғай облысынын оңтүстік өңірлерінде және Бөкей Ордасының бірқатар аумағында ғана сақталып қалды Әскери коммунизм саясаты«Әскери коммунизм» саясаты РКФСР-дағы нысанда, дәл сондай ауқымда жүргізілмегенмен, оның жекелеген элементтері Қазақстанда да іске асырылды. Бұл саясатты толықтай жүзеге асыру негізгі астықты өңірлерді «ақтардан» азат еткеннен кейін, яғни 1920 жылдың басында ғана мүмкін болды.[2].Бұл екі арада Азамат соғысы елде кеңінен қанат жая түсті. Қазақстанмен шектесетін аумақтарда бірқатар аймақтық кеңеске қарсы үкіметтер пайда болды.Антанта елдері қолдаған чехословак корпусының көмегімен Самарада әсер-ақгвардияшылар үкіметі - Құрылтай жиналысы комитеті (Комуч), Омбыда адмирал Колчак баскарған Уақытша Сібір үкіметі құрылды. 1918 жылы 18 қаңтарда Орынбордан куылған атаман Дутов Кенестерге қарсы қайта шабуылға шықты, 1918 жылы 3 шілдеде Орынборды басып алып, Кеңестік Түркістанды Орталық Ресейден бөліп тастады.Қазақстанның көптетен өңірлерінде Азамат соғысының етек жайып, Кеңес өкіметін құлату жағдайларында Алашорда (Алаш автономиясының үкіметі) Кеңестерге қарсы бірігіп күресу үшін Орынборда атаман Дутовпен одақ құрды. Омбыдағы Уақытша Сібір үкіметімен тығыз байланыс орнатты, II Бүкілқазақ съезінің шешіміне сәйкес ұлттық қарулы күштерді құруы тиіс болды.1918 жылы маусымда Алашорда үкіметі жергілікті жерлерде нақты билікке қол жеткізу үшін біркатар декреттер қабылдады, соған сәйкес Алаш автономиясының аумағында Кеңес өкіметі шығарған барлық құжаттар мен заң актілері жарамсыз деп танылды.[3]. 24 маусымда Алашорда өз жұмысына кірісті. II Бүкілқазақ съезінің шешімдерін жүзеге асыратын болады. Башқұрт және Сібір автономияларына туысқан автономиялар ретінде қараймыз. Большевиктерді тарату ісінде олармен одақтаспыз. Торғайда Алашорданың облыстық бөлімін, уездерде уездік бөлімдерін ашуға кірісіңіздер. Земство белгілі бір уақытка дейін сақталады. Земство ісіне Алашорда араласпайды. Әр болыстан халық милициясын құру үшін дереу 30 жігіттен жинаңыздар. Қару-жарақ, киім-кешекпен қамтамасыз ету, офицерлерді оқыту мәселелері бойынша Дутовпен сөйлесіңіздер. Ақмола мен Семей облыстарында жігіттер жиналып жатыр. Алаш комитеттеріне келетін болсақ, олар мұнымен қоса қазақ халқынын өкілі міндетін мойнына алып, «Сібірлік уақытша үкіметтің жергілікті өкілдерімен» тығыз байланыста жұмыс істеуі керек.[8].Алайда ұлттық автономия идеясы большевиктер тарапынан кеңестік тұғырнама мен таптық принцип тұрғысында ғана қолдау тапты. Алаш көсемдері Кеңестерге қарсы күресте биліктің жергілікті органдарымен байланыс орнатуға тырысты, ал олар Ә.Н. Бөкейхановтың ұлттық идеясына мүлде салқындық таныттыБольшевизм осы анархиямен теңестірілді. Большевиктер билігін құлатып, кадет-әсерлер үкіметін орнату ақгвардияшылардың есебі бойынша олар анархия мен бүліншілікке тоқтау салады Елде бір орталықтан баскарылатын билік органы болмады. Ақмола мен Семей облыстарында Сібір үкіметімен қатар Сібір қазақ әскерінің билік аппараты да қызмет етті. Заңдылық пен билік қала мен поселкелерде бір түрлі, станицаларда екінші түрлі, ауылдарда үшінші түрлі әрекет етті. Сібір үкіметі тарапынан Алашорда билігіне қолдау көрсетілмеді. Сібір кадеттерінің орталық органында басылған мақала Сібір үкіметінің ұстанған бағытын ашып берді. «Қырғыз өкілдері талап етіп отырған нысандағы автономия Ресейден толық бөлінді, оның аумағында дербес қырғыз мемлекетін құруды көздейді.Біз бұратана халықтың мәдени-ұлттық қажеттерін қанағаттандыру туралы талаптарын кеңінен қолдауға әзірміз, бірақ дербестікке ұмтылу мемлекетгін өзін-өзі құртуына алып келеді. Сібір мен Алаш арасындағы мүдде жақындығы екі автономияның тығыз одақ құруын қажет етеді. Өзара түсіністік олардың күшін біріктіреді. Біз Сібір автономиялық үкіметінің талқылауына өзара келісімнің мынадай пункттерін ұсынамыз.Сібір үкіметі мен Алаш автономиясы бірін-бірі тану, мойындауаркылы карым-катынаска түседі»Келесі бес пункттің мазмұны мына тұрғыда болып келедіАлашорда тек казак халкының ғана билік органы болып табылады;ұлттық әскер жалпы сібірлік басқарма мен Алашорданың әскери бөліміне бағынады;банк пен қаржы-қаражат мекемелері Сібір үкіметінің қарамағына беріледі;Ресей Алаш автономиясын мойындамаған жағдайда Түркістаннан айырылады, ал Сібір Алаш сияқты одақтасын жоғалтады: «Автономияның құлау қаупі Алаш партиясына қалай болғанда да Алашорданы Сібірмен одақ болудан бас тартуға, Алаш автономиясын жариялауға және қырғыз халқының бірлігін сақтап қалуға тырысуға мәжбүр етеді.Сібір үкіметінің Алаш автономиясын мойындауы Түркістанды Ресей аумағындағы федерациялық құрылым ретінде орнығуына мүмкіндік берер еді.. Майдандағы жағдай сенімсіз болды, сібірлік ақ гвардияшылар жақын тұрған одақтасын жоғалтып алғысы келмеді. Олар бірқатар шара қолдануға дейін барды арнайы комиссия құрылды комиссия Алашорда басшыларының ұсыныстарын қарап, Сібір үкіметі Алашордамен белгілі бір келісімге келуі қажет деген қорытындыға келді. Комиссия Алашорда мен қазақ автономиясының саяси статусы туралы мәселені айналып өтіп, хаттағы бірқатар ұсыныстар бойынша келісілген шешімдер қабылдады: Алашорда қазақ халқының билік органы деп танылды, оған киіз үй басы бойынша және арнайы салық жинауға рұқсат етілді. Бұдан басқа, Алашорда ұлттық сот жүйесін құруға мүмкіндік алды. Қарулы күштерге - ұлттық әскерге келетін болсақ, ол Сібірдің белгілі бір әскери ведомствосының принциптеріне негізделе отырып құрылатын және қару-жарақпен қамтамасыз етілетін болды. Ұлттық әскердің басшысын, бөлімшелердің командирлерін Алашорда үкіметінің келісімімен Сібір әскери үкіметі тағайындайтын болды.[18]. Сөйтіп, Алашорданы жартылай тану мәмілесіне қол жеткізілді, бірақ мұнымен бірге Сібір үкіметіне бұл келісімді қайта қарауға мүмкіндік берілдіУфа мемлекеттік мәжілісінің қараған басты мәселесі Бүкілресейлік жоғаргы өкімет билігін құру болатын. Жаңа үкімет Директория деген атқа ие болды. Ресейді Кеңес өкіметінен азат ету үшін күресу;Ресейдің күшпен тартып алынған, ыдыраған және бөлініп кеткен облыстарын біріктіру; Мемлекет тұтастығы, күшті мемлекет билігі көптеген адамдарды, солардың қатарында Алаш көсемі Ә. Бөкейхановты да аландатты.. Ә.Н. Бөкейханов Уфада Ойыл уәлаяты жетекшілерінің жиынына қатысуын пайдалана отырып, Мемлекеттік мәжіліске Қазақстаннан келген барлық Алашорда мүшелерінің арнайы отырысын өткізді. Қазақстан көлемінде үкімет аппаратын құру мәселелерін талқылады. Н.Д. Авсентьев пен оның әріптестері Алашорда үкіметі жойылсын, оның кызметі мәдени-тұрмыстық және шаруашылық-экономикалық мәселелермен шектелсін деген шешімге келді.[21].Алашорданы тарату туралы шешім Ә. Бөкейханов пен барлық Алаш қайраткерлеріне мүлде күтпеген жағдай болды.Шын мәнінде Алашорда басшылығы 1918 жылы ұлттық қарулы күшті құрумен айналысқан еді. Алғашқы Алаш отряды, айтылып өткендей, 1918 жылы қаңтар-ақпанда Верныйда құрылған болатын, бірақ Жетісуда Кеңес өкіметі орнасымен (1918 жылғы наурыз) ол қарусыздандырылып, таратылды. Директорияның, кейін Колчак үкіметінің ұстанымына айналды.Ұлттық мемлекеттілікті құру мүмкіндігінен айыру қазақ халқынын басым көпшілігін Кеңес өкіметімен белсенді түрде күресуден шет қалдырды. Оның үстіне аз санды, нашар қаруланған «халық милициясының» құрамалары Қазақстандағы Азамат соғысының барысымен қорытындыларында қандай да бір елеулі рөл атқара алмады Қазақстан аумағындағы ақ гвардияшылар басып алған жерлердегі көтерілістер Шығыс пен Оңтүстік майдандарда соғысып жатқан Қызыл Армияның негізгі күштеріне айтарлықтай көмек көрсетті. Бұл әсіресе Орынбор мен Оралды азат етуде, Колчакты түбегейлі талқандауда айқын көрінді. Кеңес үкіметі Қазақстан майдандарында соғысып жатқан Қызыл Армия бөлімдеріне қажетті әскери көмегін аямады. Мұндай әскери көмектердің айқын мысалдарының бірі Ә. Жангелдин экспедициясы болып табылады. Ол, 57 күннен кейін, аса киын дала жолымен жүріп өткен экспедициялық отряд өзін асыға күтіп отырған Ақтобе майданының әскері тұрған Шалқар стансасына келіп жетті. 1927 жылы Ә. Жангелдин осы экспедицияны ұйымдастырғаны және Отан алдында басқа да сіңірген еңбектері үшін Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды.Азамат соғысы жағдайындағы Қазақстанның кеңестік өңірлерінде Қызыл армия бөлімдерін құру едәуір табысты өтті. Қызыл армия қатарына орыстарменбірге қазақ халқынын өкілдері де кірді. Бүкілресейлік Орталық Атқару комитетінің 1918 жылғы 29 мамырдағы Декреті бойынша Қызыл армияны ерікті түрде жасақтау міндетті әскери қызметпен алмастырылды1918 жылы жазда Қызыл армияның бірынғай құрамдас бөлігі ретінде ұлттық әскери құрамалар құрыла бастадыАқ гвардияшылармен күресуге Қазақстан еңбекшілерімен бірге өз еріктерімен Қызыл армия қатарына кірген шетелдік жұмысшылар мен шаруалар: венгрлер, немістер, чехтар, поляктар қатысты.Қазақстан аумағында ак гвардияшылар басып алған жерлерде партизандық қозгалыстар мен халық көтерілістері кең өpic алды. Партизан қозғалысының ірі ошағы Қостанай уезін түгел қамтыды.. Ә. Бөкейхановтың айтуымен Алашорданың көрнекті қайраткері Ахмет Байтұрсынов бастаған Алаш азаматтары Кеңестік билікпен келісімге баруға мәжбүр болды.Алашорда көсемдерінің жағдайы 1919 жылы көктемде бірқатар себептерге байланысты мүлде күрделеніп кетті. Колчактык режим шын мәнінде монархиялық билікті қайта орнатуды көксеушілердің диктатурасы болды1919 жылы наурызда тұтқынға алынғандардың ішінде кейбір Алаш белсенділері де болды Кеңес өкіметі қазақ халқының ұлттық мемлекеттілігін құруға әзірлік жасау жөнінде шешімге келді1919 жылы 10 шілдеде В.И. Ленин «Қырғыз (қазақ. - К.Н.) өлкесін басқару жөніндегі революциялық Комитет» («Казревком») құру туралы декретке қол қойды. 1920 жылдың басында белгілі болғанындай, А. Байтұрсынов пен оның жақтастарының Алашорда белсенділеріне рақымшылық жасау туралы мәселені табанды түрде талап етуі өз нәтижесін берді«Кеңес өкіметіне тікелей немесе жанама түрде қарсылық көрсеткен барлық қырғыз (қазақ) халқы өкілдеріне толық кешірім беріледіСол кезде, қарашада, Түркістан майданының саяси бөлімі Алашорданың Батыс бөлімшесінің отрядтары үшін «Кеңес өкіметіне сенімсіздік жойылсын!» деп жазылған үндеухат басып шығарды. 1919 жылдың соңында ақ гвардияшылардан толық азат етілді.Азамат соғысының ең соңғы майданы - Солтүстік Жетісу майданы 1920 жылы наурызда жойылды. Қазақстан аумағында біртіндеп Кеңес билігі қалпына келтіріле бастады. Осындай жағдайда, әсіресе 1919 жылдың ортасынан бастап жекелеген қайраткерлер, олардың қатарында Алашорда қосемдері де Кеңес өкіметі жағына өте бастады, оған Кеңес өкіметінің Алаш қозғалысына қатысушыларға кең көлемде қайырымдылық жасағаны өз әсерін тигіздіКазревком құрған комиссия (С. Мендешев, Иванов) Алаш белсенділерінін жағдайын зерттеп шығып, қызыл қазақтар мен алашордашылар бірігіп жұмыс істей алмайды деген қорытындыға келді.Ревком мен Алашорданың арасында ешқандай келісімнің болмағаны, алашордалықтардың дербес құқықтарына қол сұқпау және бұрынғы саяси сипаттағы іс-әрекеттері үшін рақымшылық жасау өз күшін сақтайтыны айтылсын.Алашорданың Батыс бөлімшесі белсенді қызметкерлерінің Ревком мүшесі болуына, сондай-ақ басқа да жауапты қызметтерге қойылуына жол берілмесін».[32]. Алаш қайраткерлері 19-20-жылдары саяси аренадан кетсе де, Қазақстанның мәдениеті мен ғылымын және халық шаруашылығын дамыту ісіне елеулі үлес қосты.Кеңес өкіметі бірнеше мәрте жариялаған рақымшылыққа (1919, 1920 жылдар) қарамастан, Алаш қозғалысының белсенді қайраткерлері XX ғасырдың 20-30-жылдарында буржуазиялық ұлтшылдар және халық жаулары деген жаламен репрессияға ұшырады.

15 сұрақ Қаз АКСР