Ресейдегі ақпан төңкерісіжәне оның Қ-станның демократияландыруына әсері 8 страница

Әрине, коммунистермен саяси-идеялық көзқарастары үйлеспейтін адамдардың бірігіп жұмыс істеуі оңайға түскен жоқ. Осы және басқа да қиындықтарға қарамастан, Қазақ революциялық комитетінің сан қырлы қызметі Азамат соғысын тезірек аяқтауға, Алаш қозғалысына қатысушыларға рақымшылық жасау ісін әзірлеу мен жариялауға және ең бастысы, патша үкіметі бөлшектеп тастаған байырғы қазақ жерін біріктіру негізінде Қазақ Кеңестік социалистік республикасын құру мақсатымен Қазақстан Кеңестерінің Құрылтай съезін шақыруға мүмкіндік берді.

Қазақ революциялық комитеті Қазақстан Кеңестерінің Құрылтай съезін шақырудың, болашақ республиканың шекараларын анықтаудың барлық дайындық жұмыстарын жүргізді. Бұл күрделі міндеттерді жүзеге асыруда Казревкомның жанында ұйымдастырылып, Ахмет Байтұрсынов басшылық еткен Қазақ республикасының шекараларын анықтау жөніндегі Комиссия үлкен рөл атқарды.

Қазақ кеңес автономиясын дайындау мен осы мемлекеттіліктің негізінде қазақ жерін біріктіруде күрделі де қиын жұмыс алғашкы кезекте ұлы державалық пиғылдағы шовинистермен толассыз күрес барысында жүзеге асырылды. Үлкен талас-тартыстар ұйымдастырылып жатқан Қазақ АКСР-інің құрамына Орал, Семей, Ақмола, Торғай облыстарының едәуір аймағын енгізу мәселесі бойынша туындады. Даулы мәселелерді шешу үшін Қазақ революциялық комитеті өз өкілдерін Омбы, Челябинск, Семей облыстарына жіберді. Тарихи әділеттілік үшін қазақ жерінің аумағын белгілеуде болашақ Қазақ республикасының шекараларын анықтауда Кеңес үкіметінің басшысы Лениннің қазақ халқының өкілдерін колдағанын атап өту керек.

Сонымен қатар Қазақ революциялық комитетінің жанынан Бүкілқазақ съезін шақыруға дайындық мәселесі бойынша құрамына А. Байтұрсынов, Б. Каралдин, С. Мендешев, В. Лукашев және Петров кірген Ерекше комиссия құрылды.

Комиссияға съезді шақыру мәселесі бойынша нұсқау әзірлеу тапсырылды, оның ішінде қазақ халқына арналған нұсқау А. Байтұрсынов, Б. Каралдин және Б. Мұқашевқа, ал орыстарға арналған нұскау В. Лукашев, Петров және С. Мендешевке тапсырылды. Комиссия алғашкы кезекте Кеңестердің Құрылтай съезіне депутаттар сайлау тәртібін дайындаумен айналысты.

Бірінші кезекте халықтың қандай топтары дауыс беру құқығынан айырылады деген мәселені талқылауда Комиссия мүшелерінің арасында белгілі бір келіспеушіліктер байқалды..

Бүкілқазақ съезін сайлау мәселесін бекіту

1920 жылы 23 тамызда Қазақ революциялық комитеті Кеңестердің Бүкілқазақ съезін сайлау мәселесі бойынша нұсқауды түбегейлі бекітті, ол бойынша съезге сайлау құқығы Орал, Торғай, Семей, Ақмола облыстарының, Астрахан губерниясының қазақтар тұратын бөлігінің (Бөкей Ордасы) барлық еңбекші халқына берілді. Өлкелік басқарудың құрамына кірмейтін облыстар мен уезд қазақтарының (Жетісу мен Сырдария, сондай-ақ Түркістан АКСР-інің кейбір облыстарының тұрғындары) өкілдері съезге кеңесші дауыс құқығымен қатысатын болды.

Сайлауға және сайлануға діни сенімі мен мекен-жайына қарамастан, 18 жаска толған, еңбекші табына жататын ер және әйел азаматтар құқылы деп есептелді. Сайлауға және сайлануға еңбексіз табыспен күн көретіндердің, саудагерлер мен алыпсатарлардың, діни қызметкерлердің, бұрынғы полиция мен жандармерия агенттерінің, Кеңес өкіметін мойындағандары туралы мәлімдемеген Алаш және ақтар қозғалысына қатысушылардың құқы болмады..

1. жылдың аяғына қарай Қазақстанның негізгі аумағының, 1920 жылы наурызда Жетісу жерінің ақ гвардияшылардан азат етілгенін айттық. Осының бәрі Қазақ АКСР-ін құрудың дайындық жұмыстарын аяқтауға қолайлы жағдай туғызды.

2. жылы 26 тамызда М.И. Калинин мен В.И. Ленин БОАК пен РКФСР ХКК-інің кеңестік федерациялық социалистік мемлекет РКФСР-дің құрамында, астанасы Орынбор қаласында болатын. Қырғыз (Қазақ) Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасын құру туралы Декретіне қол қойды.

Қыркүйекте барлық облыстарда, губерниялар мен уездерде кеңестердің бірінші Бүкілқазақстандық съезіне сайлау өткізілді.

Бүкілқазақстандық съезге делегаттар сайлау науқанын аяқтау қарсаңында, БОАК Президиумы Қазақ революциялық комитетінің құрамын қайта қарап шығып, 26 тамызда оны бекітті. Казревком құрамына В.А. Радус-Зенькович, И.Д. Мартынов, В. Покровский, С.Д. Авдеев, А. Байтұрсынов, С. Сейфуллин, X. Ғаббасов және т.б. енгізілді.

1920 жылғы 4-12 қазан аралығында Орынборда Қазақ АКСР-інің жұмысшы, шаруа, қазақ және қызыл әскер депутаттарының Құрылтай съезі өтті. Оған Қазақстанның барлық облыстарынан 273 делегат және Алтай губерниясы қазақтарынан 6 делегат қатысты. Делегаттар құрамы – 128 қазақ, 127 орыс, 18 басқа ұлттардың өкілдері, 197 коммунист пен олардың 4 жақтаушыларынан тұрды. Коммунистердің ішінде қазақтар аз еді.

Алашорданың көрнекті қайраткерлерінің бірі Әлімхан Ермековтің (Қазақстан Кеңестері Құрылтай съезінің делегаты) айтуынша «... съезд басталғанға дейін... Арганчеевтің (С. Арғыншиев. - К.Н.) пәтерінде Жангелдин, Мендешев, Әлихан Бөкейханов және басқалар қатысқан қазақ делегаттарының (партияда барлар мен жоқтар) мәжілісі ашылды... Мәжіліс едәуір кең көлемде өтті. Оған Әлібеков пен Әйтиев, сондай-ақ Смағұл Сәдуақасов... қатысуға тиіс болатын. Меніңше Сейфуллиннің тобы болмады. Мәжілісте партия мүшелері мен партия қатарында жоқ қазақтардың қарым-қатынасы туралы мәселе қойылды. Съезде қазақтардың ұлттық, тұрмыстық және шаруашылық ерекшеліктеріне қатысты мәселелерде бірігіп дауыс беруге шешім қабылданды... Сейфуллин келген соң, Жангелдин мен Сейфуллиннің солшыл (коммунистік. - К.Н.) тобы құрылды да, бұл шешімнің іске асуына кедергі келтірді».  

Бұдан съезде тек қана қазақ депутаттарынан тұратын фракция құру әрекетінің Ә. Жангелдин, С. Сейфуллин, А. Досов және басқа коммунистердің қарсылық білдіруімен іске аспай қалғанын байқауға болады.

Съездің күн тәртібі

Съездің күн тәртібіне 15 мәселе енгізілді: президиумды, мандаттық және редакциялық комиссияны сайлау, комиссияларды (әкімшілік, әскери, жер, экономикалық, құрылыс) сайлау, секцияларды анықтау (халыққа білім беру, денсаулық сақтау, әділет, әлеуметтік қамсыздандыру мен қаржы) және олардың өкілдерін сайлау, Қазақ революциялық комитетінің есебі, қазақ халқы еңбекшілерінің құқықтық декларациясы, азық-түлік, жер, әскер мәселелері, КазОАК мен КазАКСР ХКК-ін сайлау.

Қазақстан Кеңестерінің Құрылтай съезі қабылдаған аса маңызды саяси құжат «Қырғыз (Қазақ. - К.Н.) АКСР еңбекшілері құқықтарының декларациясы» болып табылады. Декларация Қазақ АКСР-інің құрылуы және оның ұйымдары мен қызметінің басты принциптерін белгіледі. Декларацияда еңбекшілердің өзара қатынастарының негізі «ендігі РКФСР-ға енетін ұлттардың өзара сенімі мен түсіністігіне негізделетін тығыз және туысқандық байланыста болып табылады» деп атап көрсетілді.

Қазақ АКСР-інің құрылуы. Съезд былай деп мәлімдеді: «Қырғыз (қазақ) халқының саналы еңбекші бұқарасы республиканың еңбекші халықтарының біртұтас ынтымақты әулетіне енеді... ал оның басты міндеті «адамды адам қанауын, қоғамның таптарға бөлінушілігін толық жою..., социалистік қоғам орнату». Съезд делегаттары 1920 жылғы 26 тамыздағы БОАК пен РКФСР ХКК-інің Автономиялы Қырғыз (Казак) Социалистік Кеңестік Республикасын құру туралы декретін құптап, мақұлдады. Декретте «Автономиялы Қырғыз (қазақ) Социалистік Кеңестік Республикасының басқару органдары жергілікті депутаттар Кеңестері, Қырғыз (Қазақ) Социалистік Кеңестік Республикасының Орталық Атқару Комитеті мен Халық Комиссарлары Кеңесі болып табылады», - деп атап көрсетілді.. КазАКСР-інің қарамағына 1917 жылға дейінгі шекарадағы Ақмола облысының Атбасар, Ақмола, Көкшетау, Петропавл уездері және Омбы уезінің бір бөлігі; Семей облысының Павлодар, Семей, Өскемен, Зайсан және Қарқаралы уездері: Торғай облысының Қостанай, Ақтөбе, Ырғыз және Торғай уездері: Орал облысының Орал, Лішін, Темір, Гурьев уездері қарады. Республиканың құрамына бұл облыстардан басқа Маңғыстау уезі, Каспий жағалауы облысының Красноводск уезіндегі 4- жэне 5-Адай болыстары, сондай-ақ КАКСР-інің құрамына Астрахан губерниясынан Синеморье болысы, Бөкей Ордасы, бірінші және екінші Приморский округінің қазақтар қоныстанған жер аумақтары енгізілді. КАКСР-інің құрамына Орынбор губерниясы да енді. Орынбор республиканың алғашқы астанасы болды (1925 жылғы дейін). Ресми мәліметтер бойынша 1920 жылы күзде республиканың жер аумағы 1 871 239 шаршы версті қамтыды, халқының саны - 5 046 000 адам, оның 46,6%-ын қазақтар құрады.

Ақмола және Семей облыстары ҚазАКСР-інің құрамына бірден енгізіле салмағанын айтып өту керек. Кеңестердің Құрылтай съезі бұл мәселені талқылай келіп, ол облыстарды басқаруды бірден ҚазАКСР-інің ХКК-не енгізу бұл жер аумақтарының шаруашылық қызметіне кері әсер етуі мүмкін деп есептеп, оларды басқаруды 1921 жылдың басына дейін Сібір Революциялық комитетіне қалдырды, республиканың ҚазОАК-і мен ХКК-іне бұл облыстарды басқаруды өз қолдарына алудың дайындық жұмыстарын таяу уақытта аяқтауды міндеттеді.

1918 жылғы көктемнен Түркістан АКСР-інің құрамында болып келген Жетісу мен Сырдария облыстарын Қазақ АКСР-іне қосу туралы мәселе осы облыстар өкілдерінің съезінде шешілуге тиіс болды..

ҚазАКСР-інің құрылуы өлкенің қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық өмірінде елеулі оқиға болып табылды. Осының нәтиже-сінде, таптық принциптер негізіндегі Кеңестер формасында болса да, байырғы қазақ жерінің едәуір аумағында Қазақстан мемлекеттілігі құрылды. КАКСР-інің құрылуы мен Ресей империясының бодандығы тұсында ыдырап кеткен Қазақстанның аумақтық тұтастығы қалпына келтіріле бастады. Қазақстаннынң аумақтық тұтастығын қалпына келтіру қазақ халқының болашақ тарихи тағдыры үшін аса маңызды рөл атқарды. Сондықтан да бұл аса қиын да күрделі проблеманы шешу үстінде Алашорданың бұрынғы қайраткерлері мен Кеңес өкіметінің белсенді жақтаушылары да (А. Байтұрсынов, Ә. Ермеков, Б. Каралдин және басқалар - бір жақ, С. Мендешев, С. Сейфуллин, Ә. Жангелдин тағы басқалар - екінші жақ) өздерінің идеялық және саяси келіспеушіліктерін ұлт мүддесі үшін ысырып қойып, бар жан-тәндерімен жұмыс істеді.

Құрылтай съезі өзінін күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша (жер мәселесі, экономикалық құрылыс туралы, әкімшілік мәселесі, әділет, әлеуметтік қамсыздандыру, қаржы, халыққа білім беру, денсаулық сақтау және басқалар бойынша) бірқатар шешімдер қабылдады.

Съезд құжаттарында жер туралы саясатқа қатысты қазақ кедейлері мен шаруалардың (қоныс аударушы. - К.Н.) мүддесін қамтамасыз ету мәселесі «әсіресе Қырғыз (қазақ) еңбекшілерінің қалың бұқарасын - патша үкіметі мен Ресей буржуазиясынынң тонағандары» атап көрсетілді.

Жерге қоныстандыру мәселесінде «патша үкіметі отарлау саясатынын қалдықтарын және ол тудырған әділетсіздік атаулының бәрін жою» шаралары қарастырылды.

Кеңестердің Құрылтай съезі 1920 жылғы 12 қазандағы қорытынды мәжілісінде Қазақ АКСР-і Орталық Атқару Комитетін (ҚазОАК) 76 мүше мен 25 кандидаттан сайлады. ҚазОАК-і Президиумының құрамына С. Мендешев (төраға), В.А. Радус-Зенькович, Ә. Жангелдин, И.А. Акулов, С. Сейфуллин, И.Ф. Киселев, Б. Алманов, А. Досов, Г.А. Коростелев, П.И. Ступпелер енді.

ҚазОАК-і Республика үкіметі - Халық Комиссарлары Кеңесінің құрамын 14 адамнан бекітті және оған республиканың бүкіл атқару билігін тымен берді. Қазақ АКСР-і ХКК-нің төрағалығына В.А. Радус-Зень-тағайындалды.

49 Қазақстан Кеңестерінің учредительдік сьезі. ҚазССРнің құрылуы.

Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы - бұрынғыКСРО құрамында болған одақтас республикалардың бірі; ол1920 ж. 26 тамызда құрылды және алғашқы кездеҚырғыз АКСР-і деп аталып,РКФСР құрамына кірді,1936 ж. 5 желтоқсанда одақтас республикаға айналды. КСРО-ның Азиялық бөлігінің оңтүстік-батысында орналасты, солтүстігінде РКФСР-мен, оңтүстігінде Түрікмен КСР-мен,Өзбек КСР-мен жәнеҚырғыз КСР-мен, шығысындаҚытаймен шектесті, батысындаКаспий теңізі. Қазақ КСР-ы - жер көлемі жағынан РКФСР-ден кейінгі екінші, халқының саны жағынан РКФСР менУкраинадан кейінгі үшінші одақтас республика болды. Жері 2724,9 мың км². Астанасы -Алматы қаласы. Әкімшілік жағынан 19 облысқа, 210 ауданға бөлінді, 82 қаласы болды.

Қазақ КСР - жұмысшылар мен шаруалардың социалисттік мемлекеті, КСРО құрамына кіретін одақтас кеңестік социалды республика.Конституциясы Қазақ КСР Кеңестерінің Төтенше 10-съезінде1937 ж.26 наурызда бекітілген. Мемлекет өкіметтің Жоғары органы - бір палаталы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі, оны халық 27 мың тұрғыннан бір депутат есебімен 4 жылғасайланатын.Жоғарғы Кеңестің сессиялары аралығындағы мемлекет өкіметтің жоғары органы - Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумы болып тағайындалған. Жоғарғы Кеңес Республика үкіметін - Қазақ КСР Министрлік Кеңесін құрды, Қазақ КСР заңдарын қабылдады.Облыстар менаудандарда,қалаларда,ауылдарда еңбекшілердепутаттарының тиісті Кеңестері өкіметтің жергілікті органдары болып табылатын. Оларды халық 2 жылға сайлайтын. КСРО Жоғарғы Кеңесінің Ұлттар Кеңесіне Қазақ КСР-ы 32 депутат жіберген. Жоғары сот органы - Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі 5 жылға сайлайтын Жоғарғысот. Оның құрамында 2 сот коллегиясы (азаматтық және қылмыстық істер бойынша) жәнеПленум бар. Сонымен қатар Жоғарғы Соттың Президиумы құралды. Қазақ КСР прокурорын КСРО Бас прокуроры 5 жылға тағайындалатын болған.

ҚАЗАҚ КЕҢЕСТІК СОЦИАЛИСТІК РЕСПУБЛИКАСЫ (ҚКСР) – 1936 – 91 ж. КСРО құрамында болған одақтас республика. 1936 ж. жаңадан қабылданған КСРО Конституциясына сәйкес РКФСР құрамынан шығып, жеке одақтас республикаға айналды (қ. Қазақ АКСР-ы). 1937 ж. наурызда респ. Кеңестерінің төтенше 10-съезі өтіп, Қ. к. с. р. конституциясы қабылданды. ҚКСР-нің мемл. өкіметі – Жоғ. Кеңес пен республика үкіметі – ХКК құрылды. Республиканың әнұраны, елтаңбасы, мемл. туы бекітілді. 1937 ж. маусымда өткен съезінде өлкелік партия ұйымы Қазақстан коммунистік партиясы (ҚКП) болып қайта құрылды. Бұрынғы 6 облысқа қосымша жаңадан Қостанай, Солт. Қазақстан (1936), Гурьев, Қызылорда, Павлодар (1938), Жамбыл, Семей, Ақмола (1939) облыстары қосылды. 1937 – 38 ж. елде жаппай қуғындау науқаны жүргізілді (қ. Саяси қуғын-сүргін). 2-дүниежүз. соғыс жылдарында (1941 – 45) Қазақстанда ондаған әскери құрамалар жасақталып, 1 млн-нан астам адам соғысқа қатысты. Соғыс жылдары ҚКСР өнеркәсібі КСРО-ның батыс аудандарынан көшіріліп әкелінген кәсіпорындардың есебінен едәуір ұлғайды. 142 кәсіпорын қысқа мерзім ішінде іске қосылды. Кәсіпорындардың жұмысшылары мен қызметкерлерінен басқа 1 млн-нан астам адам ҚКСР-на орналастырылды. Олардың ішінде депортацияға ұшыраған халықтар да болды (қ. Депортация). ҚКСР-ның а. ш. майдан мен тылды азық-түлікпен қамтамасыз етті. Ер-азаматтардың майданға кетуіне байланысты а. ш-нда негізгі жұмысты әйелдер атқарды (қ. Қазақстан екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында). 1944 ж. жаңадан Көкшетау, Талдықорған облыстары ашылды. Соғыстан кейінгі жылдары ҚКСР-да экономика мен мәдениетті көтеру шаралары іске аса бастады. ҚКСР соғыс кезінде жаудан босатылған 12 қала мен 45 ауданды өз қамқорлығына алып, оларға арнаулы мамандар аттандырып, құрал-саймандар, азық-түлік, киім-кешек тиелген эшелондар жөнелтті. 1946 ж. Қазақ КСР ҒА ашылды. 40 – 50 ж. бас кезінде кеңестік цензура қоғамның дамуын қатаң бақылауға алды. Орталықта “Ленинград ісі”, “Дәрігерлер ісі”, ҚКСР-де қолдан жасалған “Бекмаханов ісі” бойынша бір топ жетекші ғалымдар қудаланды. И.В. Сталин өлгеннен кейін (1953 ж., наурыз) 1953 – 54 ж. жоғарғы билікте өзара айтыс өрістеді (қ. Кеңес одағы коммунистік партиясы). Қазақстанда Орталықтың шешімімен ҚКП-ның 1-хатшысы Ж.Шаяхметов орнынан алынып, П.К. Понамаренко жіберілді. 1954 ж. орт-тың шешімімен тың және тыңайған жерлерді игеру басталды. РКФСР, Украина, Белоруссия, т.б. республикалардан тың игеруге 640 мың адам келді. Егістік көлемі 27 млн. га-дан асып, 1950 жылмен салыстырғанда 2,5 есе артты. Тың игерумен бірге өнеркәсіп те қауырт дамыды. 200-ден аса ірі өнеркәсіп орындары ашылды. Мойынты – Шу (438 км), Ақмола – Павлодар (428 км), Өскемен – Зырян (171 км) т. ж-дары салынды. Халықтың тұрмысы мен мәдениеті көтеріліп, 1958 ж. желтоқсанда Мәскеуде қазақ өнері мен әдебиетінің онкүндігі өтті. Тың және тыңайған жерлерді игеруден қазақ халқы экон., әлеум., мәдени зардаптар да шекті. Жергілікті халықтың үлес салм. 29%-ға дейін азайды. Қазақ а-дары шалғайда оқшауланып, мектептері жабылып қалды. Есепсіз көп жыртудың салдарынан жер эрозиясы пайда болды, мал жайылымына пайдаланылатын жерлер тарылды. 60-жылдардан бастап экономикаға ғыл.-тех. прогрестік жетістіктері кең көлемде енгізіле бастады. ҚКСР-дің жетекші кәсіпорындары соңғы технологиямен жарақтанып, дүние жүзіндегі таңдаулы мекемелер дәрежесіне жетті. Автоматика, телемеханика, электронды есептеу техникалары енгізілді. Автопарктер едәуір өсті әрі жаңарып отырды. Бірақ, экономика өндіріс алаңдарын кеңейту, жаңа шикізат көздерін тарту, кадрлар санын көбейту есебінен дамып, өнеркәсіптің шығарушы және өңдеуші салалары арасында сәйкессіздік ұлғая түсті. 1970 ж. республикада әкімш. өзгерістер болып, жаңадан Торғай, Маңғышлақ, Жезқазған облыстары құрылып, облыстар саны 19-ға жетті. 70 – 80 ж. ҚКСР агр.-өнеркәсіпті республикаға айналды. Экономиканың жалпы көрсеткіші жағынан республика одақта 3-орынға (РКСФР мен УКСР-дан кейін) көтерілді. Түсті металлургия (мыс, никель, боксит, қорғасын, мырыш, т.б. сирек кездесетін металдар қорыту), көмір, химия, жеңіл (жүн, былғары өндіру), тамақ (ет, балық, май өндіру, тұз өндіру) өнеркәсіптері және астық пен мал ш. бойынша ҚКСР одақтағы жетекші республикаға айналды. Дегенмен, КСРО-ны құрайтын, толық тең құқылы 15 республиканың қатарында саналғанымен, ҚКСР үкіметінің билігі шектеулі болды. Көптеген аса маңызды өндіріс орындары Мәскеуге тікелей бағынды. Ел басшылары шетке тікелей өзі шыға алмады. Қарулы Күштер орталықтың қолында болды. Кеңес қоғамында кеңінен орын алған келеңсіз құбылыстар (теңгермешілік, көз бояушылық, жеке адамдарды көтермелеу, т.б.) ҚКСР-да да кеңінен орын алды. Оған орталықтың жергілікті халықпен есептеспей, республика басшылығын өзі тағайындауы қосылды. 1986 ж. 16 желтоқсанда СОКП ОК-і Қазақстан компартиясын ұзақ жылдар басқарған Д.А. Қонаевты орнынан алып, орнына республикада бұрын болмаған Г.В. Колбин жіберілді. Нәтижесінде, Алматыда студент және жұмысшы жастардың бас көтеруі болды (қ. Желтоқсан көтерілісі). Экономикадағы келеңсіздіктер, одақтас республикалардың орталыққа ашық наразылығының күшеюі Кеңестер одағының тарауына алып келді (қ. Беловеж келісімі). 1991 ж. КСРО тарады да, ҚКСР тәуелсіз республикаға айналды;

50 Орта Азияның ұлттық-территориялық бөлінуі: себебі, салдары.

Ж. мамыр айында өткен Түпкістан өлкесінің Ү съезінде Түркістан кеңестік Автономиясы жарияланды. Түркістан республикасының құрамына Түркістан өлкесінің бұрынғы Сырдария және Жетісу облыстары кірді.

Осы жылдың қазан айында Түркістан өдкесі Кеңестерінің ҮІ съезінде Түркістан КСР-нің конституциясы бекітілді. Бұл конституцияны қабылдауда 1918 жылы шілде айында Кеңестердің бүкілресейлік Ү съезінде қабылданған РКФСР-дің конституциясы негізге алынды. Интервенция мен азамат соғысы Түркістан республикасының РКФСР-дің құрамына енуін мемлекеттік-құқықтық түрде рәсімделуіне кедергі келтірді. Тек 1920 жылдың қыркүйек айында өткен Түркістан кеңестерінің 1Х съезінде Түркістан КСР-нің РКФСР құрамына кіруін заңды түрде рәсімдеді. 1921 жылғы 11 сәуірде БОАК Түркістан Автономиялы Кеңестік социалистік Республикасының құрылуы туралы декрет қабылдады.

Түркістан АКСР-нің құрылуы мен дамуын Орта Азияда кеңестік ұлттық-мемлекеттік құрылымының алғашқы кезеңі деп қарастыруға болады. Бұл экономикалық және мәдени дамудың әртүрлі сатысында тұрған әртүрлі тұрмыстық ерекшеліктері бар жиырмадан аса Орта Азия халықтарының басын біріктірген территориялық автономия болды.

Түркістанды ұлттық-территориялық межелеу мәселесі 1921 жылдың 11 сәуіріндегі декрет қабылданғанға дейін көтерілді. Алайда, межелеуді жүргізу үлкен дайындықты талап етті, ал осы кезде аймақта жағдай шиеленісе түсті. Аймақтағы әлеуметтік-экономикалық ахуал үздіксіз соғыстар мен көтерілістердің нәтижесінде қиындай түсті. 1920 жылдың басына дейін Закаспийде ағылшындар мен ақгвардияшылардың және біріккен Хиуа және Қоқан хандықтарына қарсы соғыс жүріп жатты. Ферғанада басмаш құрылымдары белсенділік танытса, 1920 жылдың сәуіріне дейін Жетісу майданы жойылмаған еді. 1920 жылғы маусымда Верныйда антикеңестік бүлік шықты. Тек Хиуа мен Бұхараны алғаннан кейін ғана Орта Азиядағы жаңа ұлттық-территориялық бөліністері мен қайта құрылған Қазақ АКС Р-нің шекарасын анықтау мәселесін шешуге нақты мүмкіншілік туды.