Дәрістің тақырыптық жоспары

ЛТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ

(әділсот, адвокатура және кәсіпкерлік құқық)

«МАҚҰЛДАНДЫ» «БЕКІТЕМІН»
Мемлекет және құқық теориясы кафедрасының меңгерушісі Ұлттық құқық жоғары мектебінің проректор - директоры
з.ғ.к., доцент Шапақ У. з.ғ.к, профессор Сейтенов К.К
  _________________ (қолы)   _____________________ (қолы)
  «____» 2010 ж.   «____» 2010 ж.

ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

«Мемлекет және құқық теориясы»

(пәннің атауы)

Мамандық: 5В030100 «Юриспруденция», 5В030300 «Құқық қорғау қызметі»

(шифр, атауы)

Ұлттық құқық жоғары мектебі

Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасы

АСТАНА – 2010

Пәннің оқу әдістемелік кешені мемлекеттік білім стандарты және «Мемлекет және құқық теориясы» пәнінің типтік оқу бағдарламасы негізінде заң ғылымдарының кандидаты, доцент У.Шапақ дайындады.

Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасының мәжілісінде талқыланды.

«26» тамыз 2010 ж. Хаттама № 1

Кафедра меңгерушісі ______________________________У.Ш Шапақ.

(қолы, аты-жөні)

Ұлттық құқық жоғары мектебінің оқу әдістемелік кеңесінде мақұлданды.

«31»тамыз 2010 ж. Хаттама № 1

Мазмұны

1. Пәннің типтік оқу бағдарламасы

2. Студенттерге арналған пәннің оқу бағдарламасы (syllabus)

2.1. Оқытушы туралы мәлімет

2.2. Пререквизиттер

2.3. Постреквизиттер

2.4. Пәннің жалпы сипаттамасы

2.5. Пәннің мазмұны

2.6. Дәрістің тақырыптық жоспары

2.7. Семинар сабақтарының мазмұны

2.8. Пән бойынша СОӨЖ тапсырмаларын орындау және тапсыру кестесі

2.9. Пән бойынша СӨЖ тапсырмаларын орындау және тапсыру кестесі

2.10. І, ІІ аралық бақылау сұрақтары

2.11. Емтихан сұрақтары

2.12. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

2.13. Негізгі терминдер мен түсініктер сөздігі

2.14. Пән бойынша І, ІІ аралық бақылау бойынша бағалау критерийлері

2.15. Білім бағалаудың жалпы шкаласы

3. Дәрістік кешен (дәріс тезистері, дәріс конспектілері)

4. Пәнді игеру үшін ұсынылатын әдістемелік нұсқаулықтар (реферат, глоссарий, эссе, персоналий, кесте, кроссворд және т.б.)

5. Курстық жұмыс жазуға арналған әдістемелік нұсқаулық

6. Диплом жұмысын жазуға арналған әдістемелік нұсқаулық

7. Білім алушылардың білімдерін бақылау және бағалау материалдары (жазбаша бақылау тапсырмалары, тақырыптар бойынша тест тапсырмалары, өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар, билеттер және т.б.)

8. Демонстрациялық материалдар (құрылғылар, плакат, слайд, кейс және т.б.)

9. Оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттермен (соның ішінде электронды тасығыштарда болуы) қамтамасыз етілуі

ҚАЗАҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІ

ЛТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ

(әділсот, адвокатура және кәсіпкерлік құқық)

Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасы

«МАҚҰЛДАНДЫ» «БЕКІТЕМІН»
Мемлекет және құқық теориясы кафедрасының меңгерушісі Ұлттық құқық жоғары мектебінің проректор - директоры
з.ғ.к., доцент Шапақ У. з.ғ.к, профессор Сейтенов К.К
  _________________ (қолы)   _____________________ (қолы)
  «____» 2010 ж.   «____» 2010 ж.

ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

(syllabus)

Пәннің атауы «Мемлекет және құқық теориясы»

Мамандықтар 5В030100 «Юриспруденция»

(шифр, атауы)

5В030300 «Құқық қорғау қызметі»

(шифр, атауы)

Оқу нысаны __күндізгі____________________

Пәннің коды _____________________________

Барлығы __4_кредит

Курс ___1__ Семестр ___1,2___

Дәріс ____40__сағат Семинар___20_сағат

АБ саны __2__

СОӨЖ __60___сағат

СӨЖ __60___сағат

Емтихан __2_ сағат Еңбек көлемі 180 сағат

АСТАНА – 2010

ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ (syllabus) «Мемлекет және құқық теориясы» пәнінің типтік оқу бағдарламасы негізінде дайындалды.

Пәннің оқу бағдарламасын(syllabus)мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасының доценті, з.ғ.к., Шапақ У.Ш дайындады.

Пәннің оқу бағдарламасы(syllabus)мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасының мәжілісінде талқыланды.

«26» тамыз 2010 ж. Хаттама № 1

Кафедра меңгерушісі ______________________________У.Ш Шапақ.

(қолы, аты-жөні)

Ұлттық құқық жоғары мектебінің оқу әдістемелік кеңесінде мақұлданды.

«31»тамыз 2010 ж. Хаттама № 1

Мазмұны

Бөлімдердің атаулары бет
1. Оқытушы туралы мәлімет  
2. Пререквизиттер  
3. Постреквизиттер  
4. Пәннің жалпы сипаттамасы  
5. Пәннің мазмұны  
6. Дәрістің тақырыптық жоспары  
7. Семинар сабақтарының мазмұны  
8. Пән бойынша СОӨЖ тапсырмаларын орындау және тапсыру кестесі  
9. Пән бойынша СӨЖ тапсырмаларын орындау және тапсыру кестесі  
10. І, ІІ аралық бақылау сұрақтары  
11. Емтихан сұрақтары  
12. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі  
13. Негізгі терминдер мен түсініктер сөздігі  
14. Пән бойынша І, ІІ аралық бақылау бойынша бағалау критерийлері  
15. Білім бағалаудың жалпы шкаласы  

1. Оқытушы туралы мәліметтер:

Шапақ У. Ш. – мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасының доценті, заң ғылымдарының кандидаты.

Қазақ гуманитарлық заң университеті, мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасы. каб. № 226. Жұмыс телефоны – 70-30-26.

2. Курстың пререквизиттері:

Аталған курсты меңгеру үшін алдын-ала орта жалпы білім беретін мектептерден алынуы тиісті құқықтық және тарихи білімдері болуы қажет. Қазақстан тарихы, шетелдердін мемлекет және құқық тарихы, қоғамтану, философия, әлеуметтану, саясаттану пәндерін оқып үйрену қажет.

3. Курстың постреквизиттері:

Студенттер аталған пәнді оқып игергеннен кейін, саяси құқықтық ілімдер тарихы, мемлекет және құқық теориясының мәселелері, салыстырмалы құқықтану және өзге де салалық заң ғылымдарын оқып үйренген абзал.

4. Пәннің жалпы сипаттамасы:

Мемлекет және құқық теориясы юридикалық ғылым және құқықтық пәндер жүйесінде ерекше орын алады. Оларға қарағанда, жалпы теориалық және әдістемелік функцияны орындай отырып, ол белгілі бағдарлық қызмет атқарады. Әдетте, оның мемлекеттік-құқықтық даму заңдлығы мен пән қарқынан ашатын сипаты әдістемелік жалпы заңдық пән, ол барлық мемлекеттік-құқықтық құбылыстарға қатысты бастапқы базалық білімдерді береді, соның ішінде салалық заңдық ғылымдармен де қолданылатын негізгі түсініктер мен категорияларды қалыптастырады, сондай-ақ құқық тиімділігіне және құқықтық реттеу механизмін жетілдіруге қатысты тұжырымдар мен ұсыныстар жасалынады.

«Мемлекет және құқық теориясы» оқу пәні студенттерге мемлекеттік-құқықтық құбылыстар туралы, қазіргі қоғам өміріндегі және саяси жүйедегі мемлекет пен құқықтың орны мен ролі туралы, заңдылық, құқық шығармашылық пен құқық қолданушылық, құқықбұзушылық пен құқықтық жүріс тұрыс, адам құқықтары мен бостандықтары, тұлға мен мемлекет өзара қатынасы туралы қазіргі білім жүйесін беруге арналған.

Сонымен, мемлекет және құқық теориясын заң факультетінің бірінші курсында оқытудың мақсаты студенттерге мемлекет және құқық мәніне, қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу механизміне қатысты негізгі ережелерді, сондай-ақ барынша мәнді өзекті мәселелерді, мемлекеттік-құқықтық құбылыстар туралы тұжырымдарды Қазақстан Республикасы ерекшелігін ескере отырып үйрету болып табылады.

Мемлекет және құқық теориясын оқып-үйрену барысында студенттер сонымен бірге құқық салалары бойынша білімдерді игереді, заң шығармашылықпен танысады, заңнаманың даму бағытын және Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы құқық тиімділігін талдайды. Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекет қалыптастырудың алғы шарттарымен танысады.

Мемлекет және құқық теориясы оқу пәні ретінде белгілі бір мағынада мамандыққа кіріспе болып табылады, аталған курсты оқыту барысында қоғам өмірінің тиісті мемлекеттік-құқықтық құбылыстарына дәстүрлі де, жаңа да көзқарастар есепке алынады, мемлекеттік-құқықтық практика шығармашылықпен пайдаланылады.

Мемлекет және құқық теориясын оқып үйренген соң студенттің меңгеретін білімі:

· Мемлекет, бұқаралық (жариялық) билік, егеменділік, басқару нысаны, мемлекеттің ішкі және сыртқы функциялары, унитарлық және федералдық, мемлекет механизмі, құқықтық мемлекет, объективтік құқық және субъективтік құқық, құқықтық норма, құқықшығармашылық, құқыққа сай мінез құлық, құқықбұзушылық, құқықтық сана, құқықтық мәдениет, заңдық дерек сияқты ұғымдардың мазмұнын білуі керек:

· Мемлекеттік-құқықтық оқиғаларда дұрыс бағдар ұстана білу, оларға баға беру, заң нормаларын талқылау, құқықтық ұйғарымға сәйкестік (сәйкес емес) тұрғысынан адамдардың әрекеттері мен қимылдарын талдай білуі керек.

· Келесі дағдыларды игеруі қажет: мемлекеттің кейбір нормативтік актілерінің жобаларын жағымды жақтары мен жетіспеушіліктерін көрсете отырып, соңғысын жою туралы ұсыныстарын енгізе отырып құру; студенттердің ғылыми конференциялары мен үйірмелеріне рефераттар мен баяндамалар әзірлеу; курстық және бітірушілік жұмыстар жазып, оларды оқытушылар мен комиссия алдында жария қорғай білу.

5. Пәннің мазмұны

Мемлекет және құқық теориясы пәнінің оқытылатын бөлімдері   Мақсаты   Міндеттері   Нәтижесі
Мемлекет теориясы Мемлекет түсінігінің жалпы мәселелерін, мемлекеттіліктің пайда болуы және тарихи дамуын, мемлекет нысанын және функцияларын, мемлекет аппаратын және қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттің алатын орнын қарастыру. 1.Мемлекеттің түсінігін және белгілерін ашып түсіну. 2.Мемлекеттің мәнін талдау. 3.Неолитикалық төңкеріс түсінігін саралау. 4.Мемлекет функциясы түсінігі және жіктелуін қарастыру. 5. Мемлекет аппарат түсінігін және мемлекеттік орган түсінігін ажырата білу. 6. Мемлекет нысаны түсінігін және оны құрайтын элементтерді білу. 7.Қоғамның саяси жүйе түсінігін және құрылымын анықтау. Мемлекетпен және басқада қоғамның саяси жүйе элементтерінің ара қатынасын зерттеу. 8.Құқықтық мемлекет түсінігі және белгілерін толық меңгеру.   І аралық бақылу өткізіледі. Коллоквиумды ауызша және тест тапсырады. Студенттер мемлекеттің саяси-құқықтық табиғаты, болмысы туралы толық, кең түсінік алуы керек. Кәдімгі мемлекетпен қоса құқықтық мемлекет түсінігін айыра білген жөн. Мемлекет механизмін түсінбей мемлекеттік реттеуді меңгеру мүмкін емес.
Құқық теориясы Құқық түсінігінің жалпы мәселелерін, құқықтың пайда болуы және тарихи дамуын, құқық нормасын және жүйесін, нормативтік-құқықтық акт, құқықтық сана, құқықтық қатынас, құқықты жүзеге асыру, құқық бұзушылық, заңды жауапкершілік, заңдылық және т.б қарастыру. 1.Қоғамның әлеуметтік норма түсінігі және олардың белгілерін білу. 2.Құқық түсінігіне деген әртүрлі көзқарастардың негіздерін анықтау. 3.Құқық мәнін аша түсіну. 5.Құқықтың қайнар көзін білу. 6.Қазіргі кездегі негізгі құқықтық жүйелерді ажырата алу. 7.Құқық нормасы түсінігі және белгілерін білу. 8.Құқық нормасының құрылымын және оның жіктемелерін толық түсіну. 9. Құқық жүйесі түсінігі және оның құрылымын меңгеру. 10.Нормативтк-құқықтық акт түсінігі және түрлерін білу. НҚА жүйелей білу. 11.Құқықшығармашылық түсінігі және түрлерін талдау. Құқықшығармашылық үрдісінің сатыларын білу. НҚА әрекет етуі. 12. Заңдық техника түсінігі және оларға қойылатын негізгі талаптарды білу. 13.Құқықтық сана түсінігін, құрылымын және түрлерін білу. 14.Құқықтық мәдениет және құқықтық тәрбие түсінігін аша алуы. 15.Құқықтық қатынас түсінігін, құрылымын және түрлерін білу. 16.Құқықтық жүзеге асыру түсінігін және нысанын білу. Құқықты қолдануды құқықты жүзеге асырудың ерекше нысаны ретінде қарастыру. 17.Құқық нормасына түсінік беру түсінігін және олардың жіктелуін толық меңгеру. 17.Құқықтағы ақаулық және оларды жою жолдарын білу. 18.Құқықтық жүріс тұрыс, құқық бұзушылық және заңдық жауапкершілік түсінігін аша білу. 19.Қоғамдық қатынасты құқықтық реттеу механизмін талдау. Заңдылық, қоғамдық тәртіп және құқықтық тәртіп мәнін талдау. ІІ аралық бақылау өткізу. Коллоквиумды ауызша және тест тапсырады. Заң факультет студенттері құқық және құқықтық жүйе бойынша теориялық біліммен жабдықталуы қажет. Сонымен қоса заңдылық, тәртіп және құқықбұзушылық ұғымын жете меңгерген дұрыс.

Дәрістің тақырыптық жоспары

Тақырыптар және олардың сағаты бойынша көлемі Бақылау сұрақтары Тақырыптың мақсаты және міндеті Проблемалық сұрақтар
1. Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдісі 1. Мемлекет және құқық теориясының пәні, оның мазмұны. 2. Мемлекет және құқық теориясының әдістемесі, оның мазмұны. 3. Мемлекет және құқық теориясының қоғамдық және заң ғылымдары жүйесіндегі алатын орны 2 сағат Мақсаты - мемлекет және құқық теориясы пәнінің мазмұнымен және әдістерінің ерекшеліктерімен таныстыру.   Міндеті - мемлекет және құқық теориясы пәнінің түсінігінің мәнін анықтау, мемлекет және құқық теориясы әдістерін жіктеу критерийлерін және заң ғылымдары жүйесіндегі мемлекет және құқық теориясының орны мен рөлін анықтау. Мемлекет және құқық теориясы оқу пәні. Мемлекет және құқық теориясының әдістерінің тәжірибелік маңыздылығы Қазақстандағы мемлекет және құқық теориясының қазіргі замандағы жағдайын сипаттау. Қоғамдық және заң ғылымдары жүйесіндегі мемлекет және құқық теориясының орны, рөлі және функциялары.
2. Мемлекет және құқықтың пайда болуы 1. Алғашқы қауымдық қоғам, оның дамуы және ыдырауы 2. Мемлекет және құқықтың пайда болуының негізгі заңдылықтары 3. Мемлекет және құқықтың пайда болу теорияларының әртүрлілігі 4. Мемлекет және құқықтың пайда болу нысандары 2 сағат Мақсаты - мемлекет және құқықтың пайда болу жолдарымен және негізгі теорияларымен тыңдаушыларды таныстыру. Міндеті - мемлекет және құқықтың пайда болуының себептерін анықтау, мемлекетке дейінгі кезеңдегі мемлекеттіліктің алғашқы белгілерінің элементтерін анықтау. Алғашқы қауымдық құрылыстың даму эволюциясының ерекшеліктері. Мемлекеттің пайда болуы туралы қалыптасқан негізгі теориялардың әртүрлілігінің себептері. Мемлекет және құқықтың өзара байланысы проблемаларын зерттеу.
3. Мемлекеттің түсінігі, мәні және әлеуметтік тағайындалуы 1. Мемлекеттің түсінігінің әртүрлілігі. 2. Мемлекеттің мәні және белгілері 3. Мемлекеттік билік әлеуметтік биліктің бір түрі ретінде 2 сағат Мақсаты – «Мемлекет» ұғымын ашып, оның мәнін көрсету.   Міндеті - күрделі саяси ұйым ретіндегі мемлекеттің мәнінің және тағайындалуының дамуын анықтау, мемлекеттік билікті жүзеге асыру нысандары мен тәсілдерін көрсету. Мемлекеттің жалпы әлеуметтік мәселелері. Мемлекет ұғымының көптүрлілігі. Мемлекеттің өзге әлеуметтік институттардан айырмашылығы. Қазақстан зайырлы, демократиялық, құқықтық мемлекет құру жолында. Қазақстан мемлекетін нығайту-тұрақтылық пен прогрестің басты факторы.
4. Мемлекеттің типологиясының ғылыми негіздері 1. Мемлекет типологиясының түсінігі 2. Мемлекетті типтерге бөлудің әдіс-тәсілдері 3. Мемлекетті жіктеудің тарихи хронологиялық түрлері. 1 сағат   Мақсаты - мемлекеттерді жіктеу үрдісі арқылы қоғамның тарихи дамуының негізгі мазмұны мен нысандарын түсіндіру.   Міндеті – мемлекеттердің «типологиясы» түсінігін және мемлекет типін анықтайтын факторларын қарастыру.   Мемлекеттің тарихи типін белгілейтін жағдайлар. Мемлекеттерді өркениеттік және формациялық критериймен бөлу негіздері.    
5.   Мемлекет нысаны 1. Мемлекет нысанының және оның элементтерінің түсінігі 2. Басқару нысаны және оның түрлері 3. Мемлекеттің құрылымдық нысаны 4. Саяси режим 2 сағат Мақсаты – мемлекет нысанын түсіндіру.   Міндеті – мемлекет нысаны әсер ететін факторларды анықтау. Басқару нысанының элементтерінің ерекшеліктерін қарастыру. Мемлекет нысанының түсінігі. Мемлекеттің әртүрлі типіндегі басқару нысаны. Мемлекеттердің ұлттық – аумақтық және әкімшілік-аумақтық құрылымының ерекшеліктері. Мемлекеттік саяси режим түрлерінің демократиялық және демократиялық емес болып бөлінуінің негіздері.
6. Мемлекет функциялары 1. Мемлекет функцияларының түсінігі 2. Мемлекет функцияларын жіктеудің критерийлері 3. Мемлекеттің негізгі ішкі және сыртқы функциялары 4. Мемлекет функцияларын іске асырылуының нысандары 2 сағат Мақсаты - мемлекеттің динамикалық үрдісінің дамуына, жаңаруына, нығаюына, оның өзінің саяси, экономикалық, әлеуметтік міндеттерін орындауына, қызмет атқаруына назар аудару.   Міндеті – мемлекеттің негізгі функцияларының мазмұнын анықтау және іске асыру нысандары мен әдістерін қарастыру. Мемлекеттің функциялары және мемлекеттік органдардың функциялары. Мемлекет функцияларын жіктеудің критерийлері. Мемлекет функцияларының іске асырылуының құқықтық және ұйымдастырушылық нысандары. Қазіргі кезеңдегі мемлекет функцияларының ерекшеліктері.  
7. Мемлекет механизмі (аппараты) 1. Мемлекет механизмі туралы түсінігі және құрылымы. 2. Мемлекеттік орган және оның белгілері. 3. Мемлекеттік органдардың жіктелуі 4. Мемлекеттік органдар қызметін ұйымдастыру қағидалары 2 сағат Мақсаты – мемлекет механизмі түсінігі және құрылымымен, оның ұйымдасу және қызмет ету қағидаларымен таныстыру.   Міндеті - мемлекеттік аппараттың құрылу ерекшеліктерін және оның қоғамдағы ролі мен маңызын қарастыру.   Мемлекеттік органдардың жіктелу мәселелері. ҚР мемлекеттік органдар жүйесі.  
8. Қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекет 1. Қоғамның саяси жүйесі туралы түсінік 2. Мемлекеттің қоғамның саяси жүйесіндегі орны мен ролі 3. Мемлекет және қоғамдық ұйымдар 1 сағат     Мақсаты – қоғамның саяси жүйесінің элементтерімен таныстыру.   Міндеті – қоғамның саяси жүйесін ұғымын анықтаудың функционалдық және институционалдық жолдарын, қоғамның саяси жүйесінде мемлекеттің ерекшеліктерін қарастыру.   Қоғамның саяси жүйесінің құрылымы. Мемлекеттің қоғамның саяси жүйесіндегі орны мен ролі. Мемлекет және саяси партиялар арақатынасы. Мемлекет және қоғамдық бірлестіктер.
9. Құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам 1. Құқықтық мемлекет идеясының дамуы. 2. Құқықтық мемлекет түсінігі және белгілері. 3. Азаматтық қоғамның түсінігі және құрылымы. 2 сағат Мақсаты - құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам түсінігі мен белгілерімен таныстыру.   Міндеті - құқықтық мемлекет концепциясының пайда болуын және дамуын, азаматтық қоғамның элементтерін қарастыру.   Ш.-Л. Монтескье және Дж. Локктың еңбектеріндегі құқықтық мемлекет идеясы. Құқықтық мемлекет орнатудың негізгі бағыттары. ҚР азаматтық қоғамның даму перспективалары.
10. Құқық түсінігі, оның белгілері мен функциялары. 1. Құқықтың түсінігі және мазмұны. 2. Құқықтың қағидалары. 3. Құқықтың фукциялары. 2 сағат Мақсаты - құқық туралы негізгі түсініктерді, құқықтың мәнін, маңызын, әлеуметтік құндылығын таныстыру.   Міндеті - құқықтың қоғамда атқаратын қызметін, мәнін, қағидаларын, мононормалардан айырмашылығын талдау, «құқық мәні» категориясының теоретикалық және тәжірибелік маңызын қарастыру. Қазіргі заманғы құқықтүсінушілікке жалпы сипаттама. Құқықтағы обьективтілік және субьективтілік. Құқық функциясының мазмұны, іске асыру нысандары.
11.   Әлеуметтік нормалар жүйесіндегі құқық 1. Әлеуметтік нормалардың түсінігі және жіктелуі. 2. Құқық және әдет-ғұрып. 3. Құқық және діни нормалар. 4. Құқық және моральдың өзара байланысы. 2 сағат Мақсаты - әлеуметтік нормалар жүйесінің жалпы сипаттамасымен таныстыру.   Міндеті - әлеуметтік нормалар мазмұнын және құқықтың әлеуметтік нормалар жүйесіндегі орны мен ролін қарастыру. Құқықтың әлеуметтік нормалар жүйесіндегі орны мен ролі. Құқық пен әдет-ғұрыптың, құқық пен діннің, құқық пен моральдың өзара байланысы мен өзара әрекет етуі.
12. Құқықтың қайнар көздері (нысаны) 1. Құқық қайнар көзінің (нысанының) түсінігі. 2. Құқық қайнар көздерінің негізгі түрлері. 3. Нормативтік-құқықтық акт және оның ерекшеліктері. 1 сағат Мақсаты - құқық қайнар көздерінің мазмұнымен және нормативтік құқықтық актілердің иерахиясымен таныстыру.   Міндеті - құқық қайнар көздерінің арақатынасын ашып көрсету.   Прецеденттік құқық нысаны. Құқықтық доктрина. Нормативтік шарт құқық нысаны ретінде. Заңның түсінігі. Заңның кері күші.  
13. Құқық типтері және қазіргі кездегі негізгі құқықтық жүйелер 1. Құқықтың тарихи типтері. 2. Құқықтық жүйелердің түсінігі және жіктелінуі. 3. Романо-германдық құқықтық жүйенің ерекшеліктері. 4. Англо-саксондық құқықтық жүйенің ерекшеліктері. 5. Мұсылмандық құқықтық жүйенің ерекшеліктері. 2 сағат Мақсаты - құқық типін анықтаудың нысанымен, негізгі құқықтық жүйелердің ерекшеліктерімен таныстыру.   Міндеті – негізгі құқықтық жүйелердің ерекшеліктерін салыстырмалы талдау.     Феодалдық типтегі құқық. Буржуазиялық құқық. Социалистік құқық. Құқықтық жүйелерді жіктеудің критерийлері. Негізгі құқықтық жүйелердің ерекшеліктері. Көшпелі қазақ өркениетіндегі құқықтық жүйенің құндылығы. Қазіргі Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесі.    
14.   Құқық нормасы 1. Құқықтық норманың түсінігі мен белгілері. 2. Құқықтық норманың құрылымы, жүйелері және түрлері. 3. Құқық нормасы және нормативтік акт бабының арақатынасы. 1 сағат Мақсаты - әлеуметтік ережелердің бір түрі ретіндегі құқықтық нормалардың мәні мен маңызын анықтау. Міндеті – құқық нормасын үлгі, ереже, шара, жүріс-тұрыс ретінде қарастыру. Құқықтық норманың құндылығы. Құқық нормасының жіктелінуінің критерийлері. Құқық нормасы мен нормативтік акт бабының арақатынасы. Құқықтық реттеу тәжірибесі үшін құқық нормаларының жіктелінуінің маңызы.
15. Құқық жүйесі және заңнама жүйесі 1. Құқық жүйесі түсінігі. 2. Құқықтың негізгі салаларының жалпы сипаттамасы. 3. Заң жүйесінің түсінігі, даму бағыттары. 4. Құқық жүйесі мен заңнама жүйесінің арақатынасы. 2 сағат   Мақсаты - құқық жүйесі мен заңнама жүйесінің түсінігі мен арақатынасын анықтау.   Міндеті – құқық нормаларының құқықтық институттарға, салаларға және бағынышты салаларға бөліну негіздерін, құқық жүйесі мен заңнама жүйесінің арақатынасын көрсету.     Құқық саласы құқық жүйесінің негізгі құрылымдық элементі ретінде. Халықаралық және ұлттық құқықтың арақатынасы.  
16. Құқықтық қатынастар 1. Құқықтық қатынастар ұғымы. 2. Құқықтық қатынастардың түрлері. 3. Құқықтық қатынастардың мазмұны. 2 сағат     Мақсаты - құқықтық қатынастардың қоғамдық байланыстың ерекше түрі ретіндегі маңызын, мазмұны мен ерекшеліктерін көрсету.   Міндеті - құқықтық қатынастардың жіктелінуін талдау.   Құқық және құқықтық қатынастар. Құқықтық қатынастардың пайда болуының шарттары. Құқықтық реттеу механиміндегі құқықтық қатынстардың алатын орны. Құқықтық қатынастардың субьектілері. Құқықтық қатынастың обьектілері және олардың жіктелуі. Заңды дерек құқықтық қатынастың пайда болу, өзгеру, тоқтату негіздері ретінде.  
17.   Құқық шығармашылық 1. Құқық шығармашылықтың түсінігі мен қағидалары. 2. Құқық шығармашылықтың сатылары. 3. Құқық шығармашылықтың түрлері. 4. Нормативтік-құқықтық актілерді жүйелеу. 2 сағат   Мақсаты - құқық шығармашылық қызметінің қоғамдық қатынастарды реттеудегі маңызын көрсету, нормативтік-құқықтық актілерді жүйелеудің түрлерімен таныстыру.   Міндеті - құқық шығармашылық үрдісіне жалпы сипаттамасын беру, нормативтік-құқықтық актілерді жүйелеудің проблемаларын қарастыру. Құқық шығармашылықтың жалпы сипаттамасы және ұғымы. Құқық шығармашылық процесінің ғылыми сапасын көтеру. Қазақстан Республикасының құқық шығармашылық қызметі. Нормативтік-құқықтық актілерді жүйелеудің қажеттігі.  
18. Құқықты іске асыру 1. Құқық нормаларын іс жүзіне асыру ұғымы және әдістері. 2. Құқық қолдану құқықты іске асырудың ерекше нысаны ретінде. 3. Құқық қолданудың негізгі сатылары. 4. Құқықтағы кемшіліктер және оларды толтырудың тәсілдері. 2 сағат   Мақсаты - құқықтық реттеу үрдісі ретінде құқықты іске асыру мәселелерімен танстыру.   Міндеті – құқықты қолдану үрдісінің ерекшеліктерін қарастыру.   Құқық нормаларын іс жүзіне асыру ұғымы және әдістері. Құқық қолдану актілерінің ерекшеліктері. Құқықтағы кемшілікті құқықшығармашылық қызмет жолдарымен толтыру. Заң коллизиясы және құқық нормаларының бәсекелестігі. Заңның аналогиясы және құқықтың аналогиясы.
19. Нормативтік құқықтық актілерге түсінік беру 1. Құқық нормаларына түсінік берудің мақсаттары мен маңызы 2. Құқық нормаларын түсінік берудің тәсілдері. 3. Субьектілері бойынша құқық нормаларына түсінік беру. 4. Көлемі бойынша құқық нормаларына түсінік беру. 2 сағат Мақсаты - заң шығарушы органның құқық нормаларында субьектілерінің бекітілген мінез-құлықтарын толыққанды түсінудегі құқық нормаларына түсінік берудің маңызын көрсету, әдісін, нәтижесін анықтау.   Міндеті - құқық нормаларына түсінік берудің жолдарын анықтау. Құқық нормаларын түсінік берудің түсінігі мен түрлері. Аутентикалық түсінік берудің ерекшеліктері. Нормативтік-құқықтық актілердің, құқық қолдану актілерінің және түсінік беру актілерінің арақатынасы.
20. Құқықтық сана және құқықтық мәдениет 1. Құқықтық сананың түсінігі және құрылымы. 2. Құқықтық сананың түрлері. 3. Құқықтық мәдениет: түсінігі, нысаны және функциясы. 2 сағат   Мақсаты - құқықтық сана мен құқықтық мәдениет ерекшеліктерімен таныстыру.   Міндеті – құқықтық сана мен құқықтық мәдениеттің құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның дамуындағы маңызы. Құқыққа құрметпен қарау және оны қазіргі кезеңде қалыптастыру процесстері. Құқықтық сананың басқа да қоғамдық санамен өзара әрекеттенуі. Құқықтық сана және оның деформацияға ұшырауы. Құқықтық сананың құқықтық идеология және құқықтық психология сияқты құрылымдарының осы үрдіске қатысуы. Жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастырудың алғышарттарын анықтау. Құқықтық тәрбиенің қоғамның санасына, мәдениетіне ықпалы.  
21. Құқыққа сай және құқыққа қайшы жүріс тұрыс. Заңды жауапкершілік. 1. Құқыққа сай жүріс-тұрыс түсінігі және түрлері. 2. Құқық бұзушылық ұғымы, түрлері. 3. Құқық бұзушылықтың құрамы. 4. Заңды жауапкершілік. 2 сағат   Мақсаты - қоғамдық қатынастарды реттеудегі құқыққа сай мінез-құлықтың, құқық бұзушылықтың, заңды жауапкершіліктің түсінігін ашып көрсету.   Міндеті – «құқыққа сай» және «құқыққа қайшы» ұғымдарының арақатынасын анықтау, заңды жауапкершіліктің мақсаты мен қағидаларын қарастыру. Конформистік және маргиналды заңды және құқыққа қайшы мінез құлыққа әсер ететін факторлар. Құқық бұзушылық құрамының элементтері. Заңды жауапкершіліктің негізі. Кінәсіздік презумпциясы және оның мәні.
22. Заңдылық және құқықтық тәртіп 1. Заңдылық ұғымы, қағидалары. 2. Заң және заңдылықтың субьектілері. 3. Құқықтық тәртіптің мазмұны, нысаны, құрылымы. 4. Заңдылық пен құқықтық тәрітіптің арақатынасы. 2 сағат Мақсаты - қоғам өмірін реттеудегі заңдылық және құқықтық тәртіптің мәнін түсіндіру.   Міндеті - заңдылық және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ететін кепілдіктерді қарастыру.   Заңдылықты қамтамасыз етудегі Конституцияның орны мен ролі. Заңдылық және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ететін кепілдіктері.
23. Құқық және тұлға 1. Адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының түсінігі мен жіктелінуі. 2. Тұлғаның құқықтық мәртебесі. 3. Мемлекет және тұлға: өзара жауапкершілігі 2 сағат     Мақсаты – адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарыны және міндеттерін қарастыру.   Міндеті – Тұлға құқықғының ерекшеліктерін қарастырып, тұлғаның құқықтық мәртебесін анықтау.   Мемлекеттің тұлға құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуі. Адам құқығы мен ұлт, халық құқығының арақатынасы. Демократиялық мемлекеттегі азшылықтың құқықтарын қорғау. Мемлекеттің азамат жғне азаматтың мемлекет алдындағы міндеттері мен жауапкершілігі.  
  Барлығы   30 сағат