Коммерциялық банктердің теориялық аспектілері

Кіріспе

«Коммерциялық банк» термині, банкілер басымды жағдайда саудаға (commerce), тауар айырбасы операцияларына және төлемдерге қызмет көрсетуі кезіндегі банкі ісінің ерте кезеңінде пайда болды. Оның негізгі тапсырыскері сатармандар еді. Банкілер тауар айырбасымен байланысты тасымалдау, сақтау және басқада операцияларды несиелендірді. Өнеркәсіптік өндірістің өркендеуімен өндірістік циклді қысқа мерзімді несиелендіру бойынша операциялар пайда болды: айналым капиталын толықтыру, шикізаттар мен дайын бұйым қорларын құру, жалақы төлеу және т.б. несиесі.

Экономикамыздыңнарықтық қатынастарға көшуіне байланысты 80 жылдардың аяғы мен 90 жылдардың басында Қазақстанда коммерциялық банктер ашылып жұмыс жасай бастады. Коммерциялық банктердің бастапқыда көбірек ашылуда объективті құбылысты көрсетеді. Ол кезде коммерциялық банктер өздерінің атынан туындап отырғандай коммерцияға яғни саудаға қызмет ете бастады. Себебі, өндіріс экономикадағы дағдарыстарға сәйкес тоқтап қалған болатын. Сонымен қатар коммерциялық банктерде шоғарланған ақша қаражаттар да қысқа мерзімдік сипатқа ие болған жасырын емес. Коммерциялық банктер пайда табуды көздеп көптеп ашыла бастады.

Ежелгі банктер несиелік операциялар жүргізумен қатар салым иелеріне біртіндеп есеп айырысу қызметін де көрсетті. Есеп айырысулар банктердегі салым иелерінің бір шотынан басқа бір шотқа аудару арқылы жүргізілді.

1995 жылы Қазақстан Ұлттық банкінің Базель келісіміне қол қойған күннен бастап, коммерциялық банктер құрылымында өзгерістер бола бастады. Ол өзгерістер, негізінен ҚҰБ-нің банк жүйесін реформалауды жүргізу және жалғастырунан туындады.

Реформалаудан кейін коммерциялық банктер саны күр қысқарып, бәсекеге тұрақты бантер ғана қала бастады. Көптеген банктеріміз жабылып, немесе бірігіп, сондай-ақ өзге несиелік мекемелерге айналып кетті.

Банктік жүйенің тұрақты дамуы кезеңі ретінде 2000 жылдан осы күнге дейінге кезеңде атауға болады.

Қазіргі коммерциялық банктер тек қана саудаға ғана емес, өнеркәсіптің барлық салаларына бірдей қызмет етуде.

Бүгінгі күні Қазақстанның банктік секторы ТМД және Шығыс Еуропа елдеріндегі қаржы секторының ішінде тұрақты және біршама жете дамып отырған секторға жатады. Қазақстанның банк жүйесі өзінің көрсеткіштері мен деңгейі жағынан Шығыс Еуропаның елдерінің бірқатарының банк жүйесінің дамуымен тең түсуде.

Банктер қызметтерінің қолайлылығы іскер адамдардың назарынан тыс қалмады. Банктің клиенттер қатары ақырындап ұлғая түсті. Банктер өз кезегінде клиенттер арасында жасалатын келісім-шарттарды құруда сенім қызметтерін көрсетіп, сауда-саттықта делдал қызметін атқарды. Есеп айырысуларды жеңілдету мақсатында ежелгі банктер өздерінің банктік билеттерін шығарды. Олар толық құнды ақшалармен қатар айналыста жүрді. Ағылшын елінде алғашқы акционерлік банк - Ағылшын банкі 1694ж. құрылып, үкіметтен банкнота шығаруға құқық алады.

Бүгінгі күні Қазақстанның жетекші банктері ел экономикасының жағдайының жақсаруымен байланысты, алдағы уақытта да несиелерге сұраныстың өсетіндігін ескере отырып, халықаралық қаржы нарықтарынан қарыз тарту саясатын жалғастыруда. Осы мақсатқа жетуде екінші деңгейдегі банктерге ІРО-ға шығу немесе онымен стратегиялық серіктестікке түсуі қажет.

Сарапшылардың мәліметтері бойынша 2012 жылы ІРО-ға шығуға Халық банкі, Казкоммерцбанк және Центркредит банктері кірген болатын.

Тақырыптың өзектілігі бүгінгі коммерциялық банктер қызметіндегі корпоративтік басқару, тәуекелді басқару және капиталды арттыруға жалпы банктің тұрақтылығын қамтамасыз етуге байланысты проблемалардың болуымен сипатталады.

Зерттеу объектісіне – ҚР-ғы коммерциялық банктер сипаттамалары менқызметі, олардың клиенттерге қызмет көрсету түрлері мен операциялары және өнімдері жатады.

Курстық жұмыстың басты мақсаты – нарық жағдайына сай коммерциялық банктердің қызмет ету ерекшеліктерін теориялық және практикалық тұрғыдан зерттей отырып, қазіргі жағдайларға сай олардың қызметін ұйымдастыруды жетілдіру жолдарын іздестіру.

Қойылған мақсатқа жетуде мынадай міндеттерді шешу қажет:

- Коммерциялық банктердің мәнін ашу;

- Коммерциялық банктердің жіктелемін беру;

- ҚР-да банктік реформалардыың ерекшеліктерін сипаттау;

- Банктерді ашу және ұйымдастыру тәртібін қарастыру;

- Екінші деңгейдегі банктердің қызметін талдау жасау;

- Банктік қадағлау қызметін жетілдіруді қарастыру;

- Банктердің қызметін дұрыс бағалау жүйесін қарастыру.

Курстық жұмысының әдістемелік және теориялық негізі. Коммерциялық банктердің қызметін ұйымдастыруға бағытталған жазған шетелдік және отандық ғалымдардың шығармашылықтарын пайдаланады.

Курстық жұмыс құрылымы кіріспеден, үш тараудан, қорытынды мен пайдалылған әдебиттер тізімінен тұрады.

Коммерциялық банктердің теориялық аспектілері