Дәріс тақырыбы Ежелгi Үндiнің мемлекеті мен құқығы Факультет_ ұлттық құқық жоғары мектебі

Оқытушы Спанов А.Қ. ____________Академиялық жыл___2013-2014________

Курс ___1______________________Семестр__1_______

Дәрістің мақсаты: Көне Индияның ішкі және сыртқы саяси-құқықтарын қарастыру. Индиядағы провинцияларға бөлінуін және олардың құқықтық жүйесін зерттеу

Жоспары:

1. Мемлекеттің жеке құқықтары және негізгі белгілері

2. Ішкі қоғамдық құрылысы

3. Мемлекеттік құрылымы

4. Құқықтың негізгі белгілері

5. Құқықтың дамуы және оның мазмұны

Дәрістің қысқаша мазмұны:

Тақырып 4. Ежелгi Үндiнің мемлекеті мен құқығы

Ежелгі Үнді мемлекетінің қалыптасуы. Үнді-адамзаттық мәдениеті ошағының бірі. Үнді тарихы өте көне ғасырдан бастау алады.

Б.э.д. ІІ мыңжылдықтың аяғы мен Імыңжылдықтың басындағы Солтүстік Үндістан тарихының негізгі деректеріне ертедегі үнді діни-әдеби ескерткештері ведалар жатады. Олар ән ұрандар, құрбандық пен қарғыс және қасиетті дәстүрлердің жыр жинақтары болып саналады. Ведалар үндіевропалық тілде пайда болған(“веда” сөзі, мысалы, орыстың “ведать” сөзімен туыстас). Оларды құрастыру фактісін өзі Үндістанда үндіевропалық тайпалардың келуімен байланыстырылады. Тілі, діні және аңызы жағынан ведалар Иранның “Авестасына” ұқсас.Ертедегі ведаларды шығарған үнділіктер мен ирандықтардың арғы аталары ортақ бір территорияда тұрған туысқан тайпалар болуы мүмкін. Ғылымда бұлардың екеуінде ариилер деп атау қалыптасқан (арья-қайырымды ерте үнді, ерте иран тайпалық бірлестіктеріндегі жоғары ру басшылары деген аттан-ақ көрініп тұр.

Варналар таптық қоғамға дейін пайда болып, таптық қоғамда жария бекітілді. Кейін, тең құқылылар топтарға, ал тең еместер өздерінің қоғамдық дәрежелеріне қарай және құқықтары мен міндеттеріне байланысты бөліне бастады. Некелер тек өз варналарында ғана қиылуға рұхсат етілді, яғни қатаң эндогамдық талап қойылды; белгілі қәсіп мұрагерлікпен бекітілді; бір құдайға бас иеді. Сөйтіп, варналар сапалық өзгеріске ұшырады, яғни тұйық топтарға (каста) айналды. Кастаға жатқызылу адамның тумысынан белгілі болған және мұраланады. Әлеуметтік, экономикалық және идеологиялық сипаттағы факторлар Үндістанда өз ерекшелігі бар әлеуметтік құрылымның пайда болуына, нығайуына және сақталуына ұйытқы болды.Үнді деректері, жекелеп алсақ «Ману заңы» варналарға мынадай сипаттама береді: брахмандар – абыздар тайпасы мүшелері, кшатрии - әскери аристократия, вайшья – қатардағы шаруалар, шудра – құқығы жоқ қоғам мүшелері енген. Брахмандар абыздардың функциясын атқарған және құдіретті ілімді менгергендер, қоғамда құрметті орынға ие болған. Оларды «авадхья» - қолсұғылмайтындар деп таныған. Шудра варнасының пайда болуы соғыстармен және қоғамдық, мүліктік теңсіздіктің күшеюімен байланыстырады. Өйткені, осының нәтижесінде қауым мүшелері емес көптеген адамдар пайда болды, оларды шудра деп атаған. Қауымға келген келімсектер қауымныңтолыққанды мүшелері сияқты құқыққа ие бола алмады. Олар қоғамдық жұмыстарды шешуге кіріспейді, қауымдық жиналыстарда қатыспайды; «екінші рет дүнииеге келу» атты құдіретті жораны өтпейді, демек шудралардан басқа ерікті қауым мүшелері «екінші рет туылған» (двиджати) деп саналған. Ал, ең төменгі төртінші варна, бір ғана рет туылған шудралар деп есептелген.

СӨЖ тапсырмасы:

№1 СӨЖ: Ежелгі Үндінің құқығы (Ману заңдары және Артхашастра Каутилья)

№2 СӨЖ: Глоссарий

Бұл жұмысты орындау үшін оқу курсының басынан бастап, ұсынылған тақырыптармен жұмыс істеп, терминдер сөздігін жасау қажет. Яғни, сіз үшін таныс емес, жаңа сөздердің (терминдердің) барлығын жазып алып, оларға анықтама бересіз.

СӨЖ тапсырмасын бағалау критерийлері

Мәтінді заңда негізделген нысан бойынша толтыру

Казустарды тақырыпқа сай ұйымдастыру

1. Рәсімдеу сапасы

2. Сауатты талқылау

СОӨЖ тапсырмасы:. Ежелгі Үндінің құқығы (Ману заңдары және Артхашастра Каутилья)

Тақырып бойынша туындайтын сұрақтарды оқып келіп оқытушымен пікір алмасу.

Үй тапсырмасы:

Дәрістің қарастырылатын сұрақтарына байланысты кесте сызасыз.

Тақырып бойынша әдебиеттер тізімі:

Негізгі әдебиеттер:

1.Мұхтарова А.К. Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы. Алматы, 1999.

2.Булгакова Д.А., Истаев А.Ж., Всеобщая история государства и права. Алматы, 1999.

3.Галанза П.Н. История государства и права зарубежных стран (рабовладельческое и феодальное государства и право) Москва,1980.

4.Батыр К.И. Всеобщая история государства и права. Москва, 1994