Стр. 104 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

Упрощенная HTML-версия

К полной версии

Содержание

Стр. 104 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты - №1 - открытая онлайн библиотека

Стр. 103

Стр. 104 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты - №2 - открытая онлайн библиотека

Стр. 105

Қазақстанның ашық кітапханасы

Алыста қалған жолдармен әлі ағылып жатқан жұрт дыбысынан біз де құлақ үзбей келеміз.

Бұл өңірдің тұрғын халқы түгел жол бойында. Дағдылы еңбек шарасынан шығып қалған

күйінішті жұрт оңай ашуланысып қалып, оңай айғайласып қалып келеді.

Бұл түнде бізден асығыс келе жатқан адам болмасқа керек. Бірақ тура жолмен жүре алмай,

қайдағы қалыстарды іздеп, бұраң жүріп келеміз. Шығысқа қарай ағылған жұртқа қарсы

жүру мүмкін емес. Бұл жұрттан ығыспай-ақ, қабырғаласып кете берер ең ол жұрттың

ішінде жаудың барлаушылары келе жатпағанына кім кепіл? Жауды аңқау керу - өз

аңқаулығың болады. Осындай қалың жұрт батысқа қарай ағылып бара жатса, сол көптің

бірі боп біз қандай оп-оңай араласып кете берер едік! Сол сияқты, сырт киімді өзгертіп

киіп, жаудың барлаушылары да қаптап-ақ, араласып келе жатқан болу керек. Жолға

жоламауымыздың себебі де осы.

Күдікті көрінген жерлерден жорға дуадақтай бұғып етіп, жұрт келе жатқан жолдардан

бұрылып кетіп, көп уақытымызды өлтіріп келеміз.

Иесіз қалған колхоз бақшалары төгіліп тұр. Пісіп қалған алма мен өрік топ-топ етіп үзіліп

түседі. Мейіз ағып барады. Ең аяғы күзетші иттердің де үргені естілмейді. Бидай бастары

біріне-бірі асылып, иіле бастаған.

Аяңдап кеткенде алдымызда отыратын Семен Зонин еңбектегенде ең артта қалады. Екі

метр ұзын бойы оралымға да келе бермейді, арқасында мықты бір нардың жүгі және бар.

Сондықтан ол даусыз бір нақылды әлсін-әлсін еске салып келе жатыр:

-

Уақыт жағынан ұтылып келе жатырмыз-ау, жолдас аға сержант...- деп бастайды

да сөз аяғын,- біздің ұтылыс, жау үшін ұтыс демейтін бе еді? - деп тындырады.

Мұнысы еңбектеуді қойып, сау аяңдап кетейік дегені екенін түсіне қалып, Петр оған:

-

Басқамыз тұрсақ, тұрайық,... Бірақ, Семен саған тұруға болмайды, көзге түсіп

қаласың. Одан да, отырмай, еңбектей бер,- дейді.

-

Түнде бұқсаң, күндіз қайтесің, жерге кіріп кетемісің?-деп, Семен де Петрді қаси

сөйлеп, сөз аяғын оңтайсыз орап әкеліп,-қорыққаныңнан!-деп бітірді.

-

Біздің уақыт түн ғой, Семен... Көзге түсіп қалсаң, арқаңдағы жүкті тым болмаса

алға қарай бір лақтырып жібер...- дейді Петр.

-

Саған қарай ма?

-

Ие, маған қарай.

-

Астында қалып жүрмейсің ғой?..

Күш жағынан онымен ешкім таласа алмай қалады. Семен кеңкілдеп күліп жібереді де:

-

Ендеше келіңдер... Бәрің арқама мініңдер. Сонда тезірек жетеміз,- деп тұра берген

түйедей шұбатылып, еңбектей жөнеледі.

Сол жағымызда теңіз жатқаны сезіледі. Өзі де көрінбейді. Толқын дыбысы да естілмейді,

дымқос ауадан тұз исі келеді. Батыс жақта әр жерде жанған үлкен өрттердің мұнары

қосылып, енді бір үлкен теңіз өртеніп жатқандай көрінеді. Кей жерлерді жау өртеп келеді,

енді бір жерлерді жау қолына түсірмейін деп, тұрғын елдің өзі өртеп кетіп барады.

Біз бақылап келе жатқан үлкен жолдың үстінде әскер бөлімдерінің ауыр қозғалысы сирей

бастады. Гүрс-гүрс басқан әскер адымы да естілмейді. Ағаш доңғалақтардың тықылы мен