ХХ ғасырдағы батыс философиясындағы прагматизм және структурализм бағыттары жайлы түсінік беріңіз (Ч. Пирс, У. Джемс, Леви-Стросс)

ХХ ғасырдың 60-70 жылдарында жаңа философиялық ағымдар структурализм, прагматизм, сыни рационализм, сциентизм, герменевтика алдыңғы шепке шықты. Прагматизм (pragma - іс-әрекет) - қазіргі заманғы философиядағы субъективті-идеалистік бағыт. Прагматизм терминін ғылыми айналымға 19 ғ-дың 70-жылдары америкалық философ Ч.С. Пирс (1839 - 1914) енгізді. Прагматизм негізінде ақиқаттың мәнділігі оның прагматикалық тиімділігімен анықталады деген “прагматизм принципі” жатыр.

Прагматизм - шапшаң әлеуметтік өзгерістер кезеңінде дүниеге келген практикалық философия, ол парасатты ой мен логикалық әдісті практикалық істермен астастыруға тырысып, тәжірибеге жүгінеді. У.Джеймс өзінің “Прагматизм” атты еңбегінде “Прагматикалық әдіс… әрбір ұғымды тиісті практикалық нәтижелерімен түсіндіруге тырысады. Джеймс еңбектерінде прагматизм қандай да бір теориядан туатын “практикалық нәтижелерді” салыстыру жолымен филоселосы таласты шешу тәсілі және ақиқат теориясы ретінде тұжырымдалады: ақиқат дегеніміз - “біз үшін тиімді болатын, өмірдің әрбір сәтіне сәйкес келіп, біздің бүкіл тәжірибеміздің жиынтығымен ұштасып жатқан әрекет” дейді. Сөйтіп, прагматизмның “практика” мен ақиқатты субъективті тұрғыдан түсінуі оның ұғымды (идеяны) әрекет “құралы” (Дж. Дьюи) деп, ал танымды субъективтік “ақиқаттардың” жиынтығы (Ф.К.С. Шиллер) деп анықтама беруіне әкеліп тірейді.

Структурализм (К.Леви – Стросс. Ж.Лакан. М.П.Фуко, Л.Альтюсер). Бұл философиялық ағымға әлеуметтік нақтылықтың, адамның ойлау жүйесінің әмбебаптық құрылымдарын (структурасын) айқындау арқылы жалпы философиялық тұжырымдар жасау және осы негізде, олардың мәнін түсінуге талпыну. Леви-Стросс әр түрлі халықтардың, тайпалардың аңыз, ертегілерін, мифтерін зерттей келе, кез келген бір миф жер жүзінің әр аймағында ешқандай айна қатесіз қайталанып жатады, олай болса, мифологиялық ойлау әр халықта белгілі бір логикаға бағынады деп ой қорытады. Ғылыми ойлау да осы сияқты логикалық заңдылыққа бағынады. Структурализмнің іімінше, құрылымдық тәсілдің негізінде кез-келген зерттеп отырған құбылыстарды өзгерткенде, олардың құрылымының (олардың қатынастарының жиынтығы ретінде) бір қалыпты болатындығын мойындау жатыр. Оның үстіне, құрылым объектінің «екелет» болмайтын кейбір бөлшектердің, т.б. өзгерту арқылы бір объектіден екіншіні, екіншіден үшіншіні т.с.с. алуға болатын ережелер жиынтығы.

ХХ ғасырдағы батыс философиясындағы экзистенциализм және герменевтика бағыттарына түсінік беріңіз (М. Хайдеггер, Ж.П. Сартр, А.Камю, Г.Г. Гадамер).

Экзистенциализм – антропологиялық бағыттағы мектептердің ең беделдісі. ХХ ғ. 20 жылдарынан бастап, дәлірек айтсақ бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін қалыптасқан ағым. Экзистенциализм (лат. еxixtenia - тіршілік) философиясының қалыптасуына С.Кьеркегордың философиясы, Ф.Ницшенің волюнтаризмі және Э.Гуссерлдің феноменологиясының ықпалы күшті болды деп саналады. Сонымен бірге экзистенциалистер көркем әдибиетке сүйенеді. Әсіресе, Ф.Достоевский, Ф.Кафка мен Р.Рилькенің шығармаларындағы мәселелерді олар философиялық әдістерді пайдалану арқылы шешуге талпынды. Ж.П.Сартр, А.Камю өздерінің идеясын көркем шығармалар жазумен жеткізді.

Экзистенциалистердің негізгі тақырыбы – адам болмысы, оның өмірінің мәні, күнделікті тіршілігі, адамның тұлғалық қасиетінің бірегейлігі, оның ішкі сезімімен қоршаған өмір арасындағы қайшылық. Дәстүр бойынша осы философиялық бағытқа М.Хайдеггер, К.Ясперс, Г.Марсель, Ж.П.Сартр, А.Камюді жатқызады. Экзистенциализмнің діни бұтағын К.Ясперс, Г.Марсельді, ал атеистік деп М.Хайдеггер, Ж.П.Сартр А.Камюді атайды.

Экзистенциализмнің негізгі ұғымы – экзистенция. Экзистенция – тұлғаның ішкі рухани тіршілігі, оның терең негізі. Бірақ, адамдар күнделікті күйбің тіршілікпен алданып оған мән бермейді. Тұлғаның жасырын қасиеттері қиын – қыстау жағдайда, өмір мен өлім қыспағында қалғанда ашылады. Экзистенциалистер адам болмысын түсіну және ғылыми ұғымдар тілімен жеткізу мүмкен емес дейді. Ғылым болмыстың өзін танымайды, тек оның жеке фрагменттерін таниды. Ғылымның өмірге бағыт беретін көмегі жоқ, адам мәселесін шешуге дәрменсіз. Адам өмірі қайталанбайды. Сыртқы дүние адамды билемейді. Адам өзі - өзіне себеп. Адам еркін ал еркіндік деп экзистенцияны айтамыз. Еркіндік адамның басына түскен ауыртпалық. Одан қашып құтыла алмайсың. Әрине, адам өзінің еркіндігінен өз еркімен босануы мүмкін. Бірақ, онда ол тұлға емес, біреуге (қоғамға) тәуелді. Онда, ол ешқандай жауапкершілікті сезінбейді. Ондай адам, өзінің қасіретке толы өмірі үшін өзін кінәламайды, қоғамды, мемлекетті кінәлайды.

Адамның еріктілігі – таңдай білуде, жауапкершілікте. Таңдау деп күнделікті өмірде, не киінем, не жеймін дейтін таңдау емес, адамның болашақ тағдырына байланысты таңдау. Ондай шешімді Сартр экзистенциалды таңдау дейді. Тек оның жеке басының шешімі ақиқат шешім болады да, тек сонда ғана ол «экзистенцияны» жүзеге асыра алады. Осыған байланысты мынадай бір мысал келтіруге болады.

Францияны Гитлерік Германия оккупациялаған кезде фашистер бір жас француздың шешесің атып тастайды. Шешесінен айырылған жас француз Ж.П.Сартрға келіп, мен енді не істеймің, дейді. Сартр, өзің қандай шешімге келдіңіз деп сұрайды. Менің шешімім, қарсыласу қатарында қалып немістерден кек алу, дейді жігіт. Олай болса сөйтініз, дейді Сартр. Бірақ, дейді жігіт, немістер өш алу үшін ағаларымды атып тастауы мүмкін, сондықтан Англияға өтіп кетемін бе деген тағы бар шешімім бар. Жақсы, онда Англияға өтіңіз дейді Сартр. Дегенмен, дейді онан әрі жаңағы жас жігіт, Ламанштан өтіп бара жатқанда немістер мен жүзіп бара жатқан кемені батырып жібере ме деп те қорқамын. Ендеше сізге Францияда қалу керек дейді Сартр. Адам өзінің тағдырын өзі шешеді өзін жасайды деген принцип экзистенциализмнің негізгі принциптерінің бірі.

Герменевтика (грек. Hermeneutikos - мағына беру) - Көне грек мифологиясындағы Гермес адамдарға құдайдың қалауын жеткізуші, құдайға адамдар мұқтажын жеткізуші құдай ретінде белгілі.

Герменевтика терминінің әр түрлі мағынасы бар. Ол мәтіндерді ұғындыру, түсндіру өнері, аудару өнері, түсіну теориясы.

Герменевтиканың негізгі сұрағы: Түсіну қалай мүмкін?

Герменевтиканың зерттеу нысанасы (пәні) – мәтін (текст)

Герменевтиканың негізгі ұғымдары: мәтін, түсіну, диалог;

“Герменевтикалық үш бұрыш”- мәтіннің авторымен, мәтінмен, және оқырман арасындағы өзара қатынас;

“Герменевтикалық шеңбер”- таным процесінің оралымдық(цикл) сипаты.

Ертеде діни, тарихи, көркем шығармаларды түсіну, түсіндіру оңайға түспеген. Орта ғасырда теолог-схолостар қасиетті кітаптардағы ( Ескі Өсиет, Жаңа Өсиет. Інжіл (Библия)) діни идеяларды түсіндірумен айналысқан. Герменевтиканың қалыптасуына үлкен үлес қосқан Ф. Шлеиермахер. Ол мәтіндерді ұғындырудың –грамматикалық және психологиялық екі әдісін атайды. Бірінші әдісі арқылы “тілдің рухы”, екіншісінің көмегімен- “автордың рухы ” ашылады. Мәтінді түсіндіру автормен оқырманның арасы жақын болғанда нәтижелі болады. Егер автор оқырманнан алыс болған жағдайда, мәтіннің мазмұны ешқашанда оқылмайды.

Түсіну, ұғыну екі жолмен іске асады: дивинация- шығарма авторының жанына бойлап ену, сезіну, не айтқысы келгенін аңғару:; салыстыру- мәтіннің жасырын мағынасын ашу.

Ғалымдар тарихи деректерге герменевтика әдісін қолданғанда бірнеше факторларды есепке алуы керек. Автор тарихи құжаттың мәтінін жасағанда оның мәдени ортасы, білімі, әлеуметтік жағдайы т.б. факторлар әсер етеді. Сол заманда билік басында кім тұрса, оныңда автордың тарихи құжатына әсері тиуі мүмкін. Соғыс немесе саяси күрес кезінде автор екі оттың арасында қалады, яғни тарихи оқиғаны ештене қоспай жазып шығуға мүдделі және басына қауіп-қатер төнсе тарихи шындық өзгеріп кетуі мүмкін. Сондықтан, мәтіннің авторының ішкі дүниесіне терең бойлап, оның образына кіру қажет.

Герменевтикаға философиялық бағыт берген неміс ойшылы Гадамер. Негізгі идеяларын “Ақиқат және әдіс” атаулы еңбегінде мазмұндайды. Философияны Гадамер мәтінді түсінудің амалы деп біледі. Философия обьективті дүниемен айналыспайды, тіпті оны білмейді.

Оғамға мәдениеттанушылық қатынастағы " өркениет" ұғымына анықтама беріңіз (Н.Данилевский, О.Шпенглер, А.Тойнби).

Мәдениет ұғымын тереңірек түсіну үшін, оған мағыналық жақындығы бар кейбір басқа ұғымдармен арақатынасын қарастырып өтейік. Осы сипатта біздің зердемізге бірінші түсетін ұғым - өркениет. Өркениет (цивилизация) семантикалық жағынан алғанда (латын тілінің - «civilis» сөзі) азаматтық дегенді білдіреді.Римдіктер бұл ұғымды «варварлықтар» деп өздері атаған, басқа халықтар мен мемлекеттерден айырмашылықтарын көрсету мақсатында қолданған. Яғни, «өркениет» олардың түсініктері бойынша азаматтық қоғамы, қалалық мәдениеті, заңға негізделген басқару тәртібі бар Рим империясының даму дәрежесін білдіреді. Ғасырлар бойы қалыптасқан осы екі ұғымның мағыналарын төмендегідей топтастыруға мүмкіндік бар:

Мәдениет пен өркениет бір. Олар синонимдер (И. Гердер, Э.Б. Тайлор).

Өркениет - мәдениеттің ақыры, оның кәрілік шағы, руханилықтың антиподы (Ж.Ж. Руссо, Ш. Фурье, О. Шпенглер).

Өркениет - мәдениеттің прогресі, болашаққа бой сермеуі, қоғамның парасаттылық деңгейі (Ф. Вольтер, Д. Белл).

Өркениет - тағылық пен варварлықтан кейінгі тарихи-мәдени саты (JI. Морган).

Өркениет - этностар мен мемлекеттерге тән мәдениеттің оқшау түрі (А. Тойнби, Н.Я. Данилевский және тағы басқалары).

Өркениет мәдениеттің техникалық даму деңгейі, оның материалдық жағы.

Бұдан көретініміз, мәдениет пен өркениет бір-бірімен байланысты ұғымдар екен. Мәдениеттанушы Г. Чайлдтың пікірінше, өркениетке еңбектің қоғамдық жолмен бөлінуі, қалалардың пайда болуы, жазбаша мәдениеттің дамуы, қолөнер мен сауданың өркендеуі, азаматтық қоғам мен мемлекеттің орнауы жатады. Мәдениетті тұлғалық сипатта қарастырғанда, бірнеше елеулі түсініктерге тоқтала кету қажет, олардың ішіндегі маңыздылары: мәдени әрекет, мәдени орта, мәдени игіліктер мен қажеттіліктер және мәдени ұйымдар мен ұжымдар. Бұлардың арасында ең түбегейлісі - мәдени әрекет. Әрекеттену - жалпы адам мен қоғамның өмір сүру тәсілі, тіршіліктің тірегі. Мәдени әрекет деп, әдетте, мәдениет игіліктерін өндіруге, таратуға, тұтынуға бағытталған мақсатқа сәйкес әлеуметтік іс-қимылдарды атайды. Мәдени игіліктерді толассыз жасау нәтижесінде адам өзінің де мәдени деңгейін көтереді.

Осы әрекеттің қайнары, түпкі қозғаушы күші ретінде ғылым адамның талап-мұқтаждарын, мәдени қажеттіліктерді бөліп қарастырады. Осылардың қатарына біз мынандай адамдық қажеттіліктерді жатқызамыз: өмірдің мәні мен мағынасын іздеу, өмірден өз орнын табуға ұмтылу, шығармашылыққа талпыныс, альтруизм, гумандылық және тағы басқалары. Мәдени орта ұғымы мәдениеттің коммуникациялық (қатынастық) табиғатымен тығыз байланысты. Мәдени орта заттықматериалдық, әлеуметтік ұйымдар мен ұжымдардан, рухани қызмет орындарынан тұрады. Оларға техника мен құрал-жабдықтардың даму деңгейі, тұрмыстық мәдени дәрежесі, адамдардың білімділігі, кәсіптік шеберлігі, рухани мәдениетті сақтау және насихаттау ұйымдары (мұрағаттар, мұражайлар, кітапханалар, клубтар және тағы басқалар) жатады.

Қайсыбір ұлттық мәдениетті алсақ та, ондағы салт-дәстүрлер жүйесіне бірден назарымыз ауады. «Салт-дәстүр, - дейді белгілі философ Гердер, - тіл мен мәдениет бастауларының анасы»[2]. Мәдениет өзінің кең мағынасыңда бір ұрпақтың келесі ұрпаққа жолдаған өмір сүру тәсілі болғандықтан, осы жалғастықты, мұрагерлікті жүзеге асыратын салт-дәстүрлер жүйесі мәдениет өзегін құрастырады. Әсіресе, жазу-сызу болмаған ерте заманда мәдениет ырымдар мен сәуегейлікке, сенім-нанымдарға, дәстүрлі түсініктерге иек артқан. Ал салт-дәстүрлерге Ғұзыхан Ақпанбет мынандай баға береді: «Олар - терең философиялық ойдың, ғасырлар бойы жинақталған тәжірибенің сұрыпталған тұжырымы, негізгі нәрі, қысқа да көркем бейнесі» [3]. Ғасырлар бойы күнделікті іс-тәжірибе негізінде сұрыпталған жазу-сызу мен азаматтық қоғам әлі жоқ кезде қалыптасқан салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар мәдени мирасқорлықтың жалғыз мүмкіндігі болды. Ескі ырымдар мен әдет-ғұрыптардан надандық, анайылықты емес, қазіргі ұлттық мәдениеттердің архетипін аңғарған жен. Кез келген ұлттық мәдениеттің негізі мен ділін, ондағы адамгершілік қасиеттер мен дүниетанымды ұғыну үшін мәдениеттің тағы бір түп-тамыры дінге жүгіну қажет. Тоталитарлық жүйе ұлттық мәдениеттерді құрту мақсатында, дінді «апиын» деген марксизм қағидасын басшылыққа алып, ешқандай қасиетті тірліктері жоқ, шолақ белсенді мәңгүрттерді тәрбиелеуге тырысты.

Ал шыңдығында діни Ренессанс («ренессанс» - француз сөзі - қайта жаңғыру) мәдени дамуда орасан зор роль атқарды. Дінге дейінгі дүниетаным ретіндегі мифте табиғат қасиетті күштерге баланса, ұлттық немесе дүниежүзілік діндерде адам мен қоғамның құдіреттілігіне басты назар аударылады. Осының нәтижесінде өркениет қалыптасады. Жалпы алғанда, дінтанусыз мәдениеттану жоқ. Мәдениеттің өзекті бөлігі - өнер. Таңбалы тастағы кескіндер мен тағы адамдардың ырым-билерінен бастап, Рафаэль мен Микеланджелоның мәңгілік туындыларымен жалғасқан, халықтың шығармашылық рухынан туған талай сұлу дүниелерсіз, өнер әлемінсіз, қандай мәдениеттің болсын рухын сезіне алмаймыз. Шынында да, өнер мәдениеттің алтын қазынасы, адамның ұлылығын білдіретін ғажап көріністердің бірі - оның әсемдікке, сұлулыққа ұмтылуы. Осыған дейін қарастырылған анықтамалардан бір түйінді ой айтуға болады: мәдениет - адам әлемі. Мәдениет көріністерінде адамдық парасат, оқыл-ой, ізгілік пен әдемілік заттандырылып, , игіліктер дүниесі құралған. Сонымен бірге мәдениет адамды I тұлға деңгейіне көтеретін негізгі құрал. Әл-Фараби айтқандай, адам - «хайуани мадани», яғни, мәдениетті жан. Адам - табиғат туындысы және ол үшін табиғи орта мәңгілік ; қажеттілік болып қалады. Мәдениет адамнан табиғатты бөліп алады деген пікір қанша рет айтылса да, адамның табиғи шығармашылықтың ең жоғары үлгісі екендігіне күмән жоқ. И. Гердердің тілімен айтқанда, адам - табиғаттың бірінші азаттық алған пендесі.

Ғасырлар - адамның мәдени дамуының куәсі. Бірақ осы алға қарай жылжу Жер-Анаға әр уақытта жайлы бола бермеді. Адам қоршаған ортаны өзіне ыңғайлы тұраққа айналдыруға тырысты, алайда осы белсенділік коп жағдайда табиғатты күйзелтіп, құлдыратып жіберді. Мәдениет пен табиғатты қарама-қарсы қоюдың бір түрі адамның табиғи антимәдениеттілігі жөніндегі ілімдер еді (киниктер, Ницше). Контрмәдениет атты XX ғасыр туындысы бұқаралық мәдениеттегі руханилықтың затқа, тауарға айналуына қарсы қозғалыс сипатында болды. Мәдениет пен табиғатты үштастыруға тырысатын ілім - мәдени антропология. Оның негізін салушылардың бірі - Э. Уилсон. Әрине аталған ілімдер табиғи-биологиялық заңдылықтарды тым әсірелеп жібереді, әйткенмен оның қисыны бар сияқты. Өйткені, XX ғасыр мәдениет пен табиғат дилеммасының адам тағдыры үшін қауіпті екендігін көрсетіп, заман талабына сәйкес экологиялық мәдениет ілімін тудырды. Адамдық шовинизмді тежейтін бұл ілімнің негізі есебінде мынадай идеяларды атап өткен жөн:

академик В.И. Вернадскийдің Ноосфера (парасатты орта) туралы ілімі;

Рим клубының экологиялық тұжырымдары;

Тейяр де Шарденнің адам жөніндегі гуманистік эволюциялық теориясы;

JI.H. Толстой, М. Ганди, А. Швейцер, Э. Фромм тағы басқалары дамытқан гуманистік этика тағы басқалары

Тағы айта кететін жайт, осы экология мәселелеріне байланысты Шығыс пен Батыстың арасындағы айырмашылық туралы. Интровертивтік Шығыс мәдениеті табиғатқа жақын, ол үстемдік етуге шақырған жоқ.

Сонымен, мәдениет адам мен табиғатты бөліп тұрған «қытай қорғаны» емес, керісінше, олардың арасындағы нәзік үндестік және рухани қыл-көпір. Осы үндестікті (гармонияны) одан әрі жетілдіру - адамзаттың алдындағы келелі міндет.

Адам және мәдениет мәселесін тереңдете түсетін тағы бір жайт адамның қабілеттілігіне, жан-жақтылығына, шексіздігіне байланысты. Американ ғалымы К. Поппер айтқандай, адам бірдей үш дүниеге: физикалық,ментальдық (психикалық) және идеалдыққа жатады. Сонда мәдениет осылардың қайсысымен көбірек анықталады деген занды сұрақ туады. Егер біз мәдениетті тек материалдық және рухани бөліктерге бөлудің қарадүрсін шеңберінен шыға алсақ, онда мәдениеттің өзінің ішкі мағынасында идеалды екендігіне көзіміз жетеді. Себебі, адамды қоршаған заттар, дүние - бұл мәдениеттің сыртқы көрінісі ғана, оның мәні - руханилықты адам әрекетінің нәтижесінде заттандыруда жатыр. Мәдениеттің ішкі мәні қоғамдағы өмір сүріп жатқан адамдардың өзіндік санасында, парасаттылық сезімдерінде, рухани ізденістерінде айқындалады.

Ж. П. Сартрлық көсемсөзді қайталасақ, адам әлемге еркін жіберілген, ол еріктілік жазасына кесілген. Осы сипатта мәдениеттің құпиясы - адамдағы «Мендік». Одан сыртқа ерекше бір нүр - азаттық, жауапкершілік, адамгершілік сәулесі нүр шашып тұр. Мәдениетте адам ғажап биік деңгейге көтеріледі. Мәдениет дегеніміз менің өмірім, менен бөлінген, мен өлгеннен кейін де тірі болатын менің шығармашылығым.

Енді мәдениеттің қоғамда атқаратын қызметтерін талқылайық. Алдымен қоғам және мәдениет ұғымдарында қаншама ұқсастық, үндестік болғанымен, олардың арасындағы мағыналық, айырмашылықты естен шығармаған жөн.

Қоғам - әлемнің бір бөлігі, белгілі бір мақсаттарды іске асыру жолында әрекет етіп жатқан субъектілердің (тұлғалардың, топтардың, этностардың, мемлекеттердің) байланыс нысандары. Яғни, қоғам ұғымындағы негізгі мәселе - адам және оның ұйымдасу нысандары, бұл ретте қоғамды зерттейтін басты ілімді әлеуметтану деп атайды. Ал мәдениет осы тұрғыдағы қоғамның белгілі бір қасиеті, көрінісі, сипаты мазмүнында қолданылады.