Стр. 138 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

Упрощенная HTML-версия

К полной версии

Содержание

Стр. 138 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты - №1 - открытая онлайн библиотека

Стр. 137

Стр. 138 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты - №2 - открытая онлайн библиотека

Стр. 139

Қазақстанның ашық кітапханасы

-

Кетер қолдарыңды! - деген дауыстар біріне-бірі жалғаса шығады.

Сарайдың тас еденінде бес-алты неміс қозғалмастан қалыпты. Бір қолын қысып алған,

бетін басқан, бүйірін басқан бірнешеуі сенделіп ортада жүр. Автоматтарын тастай беріп,

екі қолдарын қатар көтерген он шақты фашист қақпаға қарай барып қалыпты.

Ең құнсыз адам - қолға түскен жау. Онда ұят-ар дегеннен ешбір белгі қалмайды. Ол

сенің айт деріңнің аржағынан түсіп, ең қымбаттым дегенін аузына алады. Сондықтан да

ете жеркеніш көрінеді.

-

Капут! Гитлер капут!-деп, қолға түскендер бір ауыздан зар қағып тұр.

«Капут» күні әлі алыс екенін жақсы біледі. Бірақ жаны құрғырын сақтап қалу үшін

ұсынып тұрған «қымбаты» сол.

Толстов екеуміз төбедегі тесіктерден арқанмен саумалап сарайдың ішіне түстік.

Жараланған да, оққа ұшқан да бір адамым жоқ екен.

-

Ушаков, айдап алып шық! - дедім, Петяға. Петя мылтығының аузымен нұсқап,

немістерге қақпаны көрсетті. Немістер тұтқынға түсіп, кәнігі болып қалғандай, я болмаса,

бұл күйге іштей әзірленіп жүргендей, екі-екіден қатарланып, секек-секек басып қақпадан

шыға берді.

Қаруларын жинап алыңдар, сарайды қарап шығыңдар деп, артыма қарай бұрыла беріп ем,

кеудемнен темір сүйменмен түйіп қалғандай болды. Атылған мылтық даусын естіген-

естімегенімді әлі күнге дейін анық білмеймін. Тас сарайдың қабырғалары құлап бара

жатқандай болды. Үйілген жүктердің ар жағынан маған тесіле қарап тұрған қара шұбар

жыланның басын көріп қалдым. Ыңылдағанын да естігендеймін. Өзім де құлай бердім,

ышқынып атылған автомат даусын да анық естідім. Бұл кім, Володя ма екен жыланды

атып қалған деген ой бұлдыр ғана елестеді де аяқталмады...

Есімді жинап, кезімді ашсам, манағы қарт жұмыскерге сүйеніп отыр екемін. Арқамнан

қапсыра құшақтап алыпты. Бурыл мұртынан темекі исі мұрныма келеді.

-

Е, міне осылай... Көзіңді аш, балам,- дейді, қоңыр дауыс.

Қарсы алдымда маған үңіле қарап, аузын ашып қалған күйде манағы бала тұр. Мана бізге

жүгіріп келгенде баланың жүзі қып-қызыл еді, қазір сұрланып кеткен. Құшақтай ұстаған

мылтығы қисайыңқырап барады. Баланың бар бейнесінен «қатты ауыра ма, аға?» деген

сұрауды көргендеймін. Мұндайда бар баланың ойына түсетін сұрау осы болады. Мұны ол

орыс тілінде «Дядя, больно?» деп сұрай қалса, шын «больно» сонда болады... Володя

менің көңілімді аулағысы келгендей, тасада тұрып мені атып қалған неміс офицерін

жағасынан сүйреп әкеліп, үйіліп жатқан темір жаңқаларының қасына тастай берді. Жауым

кім екенін танып қалайын дегендей, көзім еріксіз соған барып тоқтады. Эсэстің капитаны

екен. Кеудесі қушиған, жіліншіктері жіп-жіңішке ши борбай, мойны қылқиған, сары

шашты, арық бірдеме. Істік мұрнын қарға тыға, қылжиып жатыр, өліп те қалған... Жайық

жағасында көп көрген өліп қалған су-тышқанға да ұқсап кетеді.

Қарсы алдыма сұр палатканы жайып, жігіттер мені ақырын ғана көтеріп, соған салып

жатыр. Мен дыбыс шығарғым келмейді, не болып жатқанын көріп-біліп жатсам да үн

шығара алар емеспін. Кезім қарауытып, құлағыма мақта тығылып бара жатқандай сезіледі.

Мені көтеріп жатқан адамдардың денелері кейде өзінен-өзі үлкейіп көрінеді.