Сабақ: Сабақтың тақырыбы: Бақылау жұмысы

Мақсаты:

Сабақтың мақсаттарының бағыттары Сабақ мақсаты
Білім беру Оқушының үшбұрыш тақырыбын оқып үйренудің жобасын өмір тәжірибесімен байланыстыра отырып, қажетті деңгейде жазықтықтағы фигураны біртұтас қабылдауына және меңгеруіне мүмкіндік тудыру.
Тәрбиелеу Тапсырмаларды орындау барысында оқушының жан дүниесіне ықпал ететін адамгершілік тұлғалық қасиеттері мен ұлттық дүниетаным мәселелеріне қатысты танымдық-тағлымдық ой-пікір туындату, жартылай ізденіске ықпал ету.
Дамыту Оқушының жан дүниесінің ерекшеліктерін ескере отырып, әр оқушының практикалық білігі мен сызба дағды машықтарын дамытуға және тапқырлығы мен ой ұшқырлығын ұштауға жағдай жасау.

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Жалпылау

III. Бақылау тапсырмасы.

Бақылау жұмысы 3А+2В+1С шарты бойынша құрылды.

І нұсқа

А деңгейі

1. Екі кесінді сызыңдар. Біріншісі 42 мм, екіншісі 7 мм ұзын болсын

2. А,В, және С нүктелері бір түзудің бойында жатыр; АВ= 3см, ВС= 5см. С нүктесі АВ кесіндісіне тиісті ме?

3. АОВ бұрышын тең етіп 3 бөлікке бөліп, шыққан бұрыштардың шамасын есептеңдер. ÐАОВ=1800

В деңгейі

1. ΔАВС= ΔMNP; МР= 7см, ÐР =700 болғанда АВС үшбұрышынан берілгенге сәйкес қабырғаның ұзындығы және бұрыштың градустық өлшеуіші қандай болады?

2. Сыбайлас бұрыштардың біреуі екіншісінен 3 есе үлкен. Осы бұрыштардың шамасын есептеңдер.

С деңгейі

3. Жазыңқы ( аа1) бұрышының төбесінен бір жарты жазықтыққа қарай b және с сәулелері жүргізілген. Егер Ð( аb)=800 , Ð(ас)=1300 болса , онда

( bс) бұрышы неге тең?

2 нұсқа

А деңгейі

1. Түзу бойындағы С және D нүктелерінің арасында К нүктесі орналасқан. СD және КD кесінділерінің ұзындықтарын салыстырыңдар.

2. M, N, K үш нүкте белгілеңдер, Осы нүктелердің әрбір екеуі арқылы түзулер жүргізіңдер.

3. 5 буыннан тұратын сынақ сызық сызыңдар. Оның төбелеріндегі бұрыштардың мәндерін есептеп, шыққан мәндерді жазыңдар.

В деңгейі

1. Егер: 1) Ð(ас)=600 , Ð( аb)=450 болса, с сәулесі ( аb) бұрышы қабырғаларының арасынан өте ала ма?

2. ΔАВС= ΔMNP; АС= 10см, ÐВ=600 болғанда MNP үшбұрышынан берілгенге сәйкес қабырғаның ұзындығы және бұрыштың градустық өлшеуіші қандай болады?

С деңгейі

1. Жазыңқы ( аа1) бұрышының төбесінен бір жарты жазықтыққа қарай b және с сәулелері жүргізілген. Ð( а1b)=1400 , Ð(а1 с)=600 болса , онда

( bс) бұрышы неге тең?

IV. Үй тапсырмасы: Геометрия туралы ертегі жазу. Нүкте, түзу, бұрыш туралы

V. Рефлексия

VI. Сабақ қорытындысы

10 – сабақ:

Геометрия әлеміне саяхат» математикалық жарысы

(Дәстүрлі емес сабақ)

І. Сабақтың тақырыбы: өткен тақырыптарды пысықтау сабағы.

ІІ. Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: геометриялық фигуралар және олардың қасиеттерін, анықтамаларын білу.

ә) дамытушылық: оқушылар шығармашылығын дамыту, ой өрісін арттыру.

б) тәрбиелік: ұжымдылыққа, білімдерін бағалай білуге тәрбиелеу.

ІІІ.Сабақтың көрнекілігі:

Слайд, интерактивті тақта, үшбұрыштар, мақал-мәтел, жұмбақтар.

ІV. Сабақтың түрі: жарыс сабағы.

V.Сабақтың ұйымдастырылуы: Оқушылар 3-топқа бөлінеді, топ басшысы тағайындалады.

VI.Сабақтың өту барысы:

1.Күй ойналып тұрады.

Мұғалім: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлайды. Бүгінгі сабақ жарыс түрінде өтіледі.

Мұғалім: Балалар «жарыс» сөзінің мағынасын қалай түсінесіңдер?

Оқушы: спорт түрлерінен, ат жарыс, білім жарысы т.б.

Мұғалім: Спорттық, халықаралық, аудандық, қалалық, мектепішілік жарыстар болып жатады. Олай болса, сонымен қатар Қазақстанымыздың тәуелсіздігіне 20 жылдық мерекесі болып жатыр, осыған орай бүгінгі сабағымыз осы мерекелерге арналады.

Мұғалім: Бүгінгі сабақ 5 бөлімнен құралады:

1.Топтық таныстыру.

2. «Атадан қалған асыл сөз»

3.Тапқырлық сайысы, сөз жұмбақ құрастыру.

4.Полиглот

5.Сиқырлы үшбұрыштар

Топтық таныстыру.

Сіздер 3 топқа бөлініп отырсыңдар.

1) Қаныш ата тобы деп атауыңыздың себебі не?

2) Абай ата деп атауыңыздың себебі не?

3) Қасым ата деп атауыңыздың себебі не?

Оқушылар жауап береді:

2. «Атадан қалған асыл сөз»

Олай болса, ақылың болса ақылға ер, ақылың болмаса нақылға ер демекші «Атадан қалған асыл сөз» кезеңін бастаймыз.

Шарты: Әр топ кезектесіп нақыл сөз айтады, келесі топ мағынасын түсіндіреді.

Қаныш ата Білімдіге дүние жарық,

Білімсіздің күні кәріп.

Абай ата: Ақылдассаң шешерсің,

Ақылдаспасаң кем кесерсің!

Қасым ата: Мектеп кеме,

Білім теңіз.