Кардиология» тақырыбы («Терапия» бағыты бойынша «Ішкі аурулар» пәні

Ішкі аурулар_ қаз

$$$001

Жүрек ұшында систолалық діріл тән:

A) Митралді қақпақшасының жеткіліксіздігіне;

B) Аорта қақпақшасының жеткіліксіздігіне;

C) Митральді стенозға;

D) Аорта сабауының стенозына;

E) Үш жармалы қақпақшаның жеткіліксіздігіне.

(Дұрыс жауап) = А

(Күрделілігі) =1

(Әдебиет) = Ройтберг Г.Е., Струтынский А.В. Внутренние болезни. Сердечно-сосудистая система. М.: Бином, 2003.

(Курс) = 7

(Семестр) = 14

$$$002

40 жасар науқас әйел. Айқын бұлшық еттің әлсіреуі, бұлшық еттің тартылуы, парестезиялар. АҚ 180/100 мм. сын. бағ. Экстрасистолия типі бойынша ырғақтың бұзылуы. ЭКГ-да барлық бөліктерде теріс Т тісше. Зәр анализінде – изостенурия, зәрдің сілтілік реакциясы. Артериалды гипертензияның мүмкін болатын себебі:

A) Біріншілік альдостеронизм

B) Феохромоцитома

C) Эссенциалды артериалды гипертензия

D) Бүйрек артериаларының фибромускулярлы дисплазиясы

E) Созылмалы гломерулонефрит, гипертониялық форма

(Дұрыс жауап) = А

(Күрделілігі) =2

(Әдебиет) = Ройтберг Г.Е., Струтынский А.В. Внутренние болезни. Сердечно-сосудистая система. М.: Бином, 2003.

(Курс) = 7

(Семестр) = 14

$$$003

Науқастың ЭКГ-сында V1-V4 бөліктерінде ST сегментінің көтерілуі мен QS комплексі байқалды. 2 аптадан кейінгі ЭКГ-да сондай. Науқаста дамыған мүмкін патология:

A) Сол жақ қарыншаның алдыңғы қабырғасының аневризманың дамуы

B) Сол жақ қарыншаның алдыңғы қабырғасының қайталама инфарктысы

C) Рецидивирлеуші миокард инфарктысы

D) Миокард инфарктысының типтік ағымы

E) Перикардит

(Дұрыс жауап) = А

(Күрделілігі) =2

(Әдебиет) = Ройтберг Г.Е., Струтынский А.В. Внутренние болезни. Сердечно-сосудистая система. М.: Бином, 2003.

(Курс) = 7

(Семестр) = 14

$$$004

34 жасар науқас, ауруханаға физикалық күштемеге байланысы жоқ жүрек маңындағы ауырсынуға, ентігуге, жүрек маңындағы іркіліске, аяқтарының ісінуіне шағымданып түсті. Анамнезінде ұзақ уақыт бойы ішімдік ішеді. Аптасына 2-3 рет 500-700г арақ ішеді. Әсіресе соңғы жыл бойы ішімдікті көп қабылдайды. Тексеру кезінде жүрек жақтан өзгерістер анықталды. Жүрек шекараларының солға кеңеюі, ЭКГ-да электрлік осі өзгермеген, атриовентрикулярлы өткізгіштіктің бәсендеуі (PQ - 0,28с), кеуде бөліктерінде ST сегментінің төмендеуі, V4-V6 бөліктерде екі фазалы Т тісшесі. ЭхоКГ-да – сол жақ қарынша миокардының жиырылу қабілеттілігінің төмендеуі. Анағұрлым мүмкін диагноз:

A) Алкогольді кардиомиопатия

B) Миокардит

C) Идиопатиялық гипертрофиялық кардиомиопатия

D) Жүректің ишемиялық ауруы

E) Жүрек ақауы

(Дұрыс жауап) = А

(Күрделілігі) =2

(Әдебиет) = Ройтберг Г.Е., Струтынский А.В. Внутренние болезни. Сердечно-сосудистая система. М.: Бином, 2003.

(Курс) = 7

(Семестр) = 14

$$$005

56 жастағы М атты науқас күрт әлсіздікті, қатты терлегенін, сол қолға берілетін төс артындағы қатты қысып ауырсынуды сезді. Нитроглицерин қабылдағанда ауырсыну басылды, бірақ 10-15 минуттан кейін ауырсыну қайталанды. Анамнезінде – ЖИА. Күштемелі стенокардия. Терапевт оны қарап, миокард инфарктісіне күдіктенеді және промедол екпесін жасады. 10 минуттан кейін ауырсынулар басылды. Әлсіздік, адиномия, тершеңдік жойылды. Тексергенде: жүрек тондары тұйықталған, жүрек ырғағы дұрыс, ЖЖЖ минутына 80 рет, АҚ 140/80мм с.б.б. Тексерілгенде: ЭКГ- да Гис будасының сол аяқшасының толық бөгемесі анықталды. Диагнозды анықтау үшін тексеру әдісін көрсетіңіз.

A) Коронарография

B) ВЭМ

C) ЭКГ динамикасында

D) ЭхоКГ

E) ЖҚА

(Дұрыс жауап) = А

(Күрделілігі) =3

(Әдебиет) = Ройтберг Г.Е., Струтынский А.В. Внутренние болезни. Сердечно-сосудистая система. М.: Бином, 2003.

(Курс) = 7

(Семестр) = 14

$$$006

45 жастағы науқас қалтыраумен өтетін фебрилді қызбаға; жөтелге, қан түкіруге; буындардағы, бел тұсындағы ауырсынуларға шағымданады. Анамнезінде - фурункулез. Қарағанда: терісі «сүт қосылған кофе» түсті, аяқтарда – петехиалды бөртпелер; «барабан таяқшалары» мен «сағат шынысы» симптомы. Зерттегенде: эритроциттер - 2,9 млн, Нв – 92 г/л, лейкоциттер – 22 мың, ЭТЖ – 46 мм/сағ, диспротеинемия, протеинурия. Рентгенограммада – оң өкпеде сына тәрізді көлеңке. Диагнозды дәлелдеуде неғұрлым деректі тәсіл:

A) Эхокардиография

B) Бронхоскопия

C) Сцинтиграфия

D) Буындардың рентгенографиясы

E) Өкпенің компьютерлік томографиясы

(Дұрыс жауап) = А

(Күрделілігі) =3

(Әдебиет) = Ройтберг Г.Е., Струтынский А.В. Внутренние болезни. Сердечно-сосудистая система. М.: Бином, 2003.

(Курс) = 7

(Семестр) = 14

$$$007

67 жастағы науқас ауыр ентігуге, кейде түнгі уақытта тұншығуға, жатқан кезде пайда болатын құрғақ аз өнімді жөтелге шағымданады. Анамнезінде бірнеше миокард инфаркты. Зерттегенде: өкпе артериясында ІІ тон акценті, өкпеде дауыссыз сырылдар, гепатомегалия, аяқтарда айқын ісінулер, асцит. ЭКГ: сол қарыншаның алдыңғы-бүйір қабырғасының тыртықты өзгерістері. ЭхоКГ: айдау фракциясы - 36%. Алдыңғы қабырғада, аралық пердеде, жүрек ұшында және сол қарыншаның бүйір қабырғасында гипокинезия аймақтары. Неғұрлым тиімді тактика:

A) Лазикс

B) Эгилок

C) Вазилип

D) Моноприл

E) Дилтиазем

(Дұрыс жауап) = А

(Күрделілігі) =3

(Әдебиет) = Ройтберг Г.Е., Струтынский А.В. Внутренние болезни. Сердечно-сосудистая система. М.: Бином, 2003.

(Курс) = 7

(Семестр) = 14