Сот-медицииа сараптамасының объектілері

Сот-медицина сараптамасының объектілері: тірі адамдар, өліктер, медициналық сипаттағы мәселелер туындайтын тергеу және сот істерінің айғақты заттары мен материалдары. Сараптаманың әрбір түрі арнаулы ережелерге, мөселен, "Дене жарақаттарының ауырлық дәрежесін анықтау ере-желері", "Сот-медицина мәйітханаларына өліктерді жіберу, оларды қабылдау ережелері, зерттеу, сақтау және беру тәртібіне" сәйкес жүргізіледі. Бұл ережелерді Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен және республиканың Бас прокуратурасымен, Ішкі істер министрлігімен, Жоғарғы Сотымен келісілген, сондықтан олар дәрігерлер үшін де, тергеу және сот органдарының қызметкерлеріне де міндетті.

Тірі адамдарға сараптама жасау. Тірі адамдарды куәландыру сот-медицина сараптамасының ең жиі кездесетін түрі болып табылады. Сот медицинасының тәжірибесінде тірі адамдарға сараптама жасаудың мымадай түрлері жүргізіледі:

1. Жарақаттану кезінде:

а) дене жарақаттарының ауырлық дәрежесін анықтау;

а) еңбекке жарамдылықты жоғалтуды анықтау;

б) өзін-өзі зақымдауды (дене мүшесін зақымдаушылықты) анықтау.

2. Жыныс жағдайын анықтау кезінде:

а) жыныстық жетілгендікті анықтау;

ә) жыныс амандығын анықтау;

б) тұқымдылық қабілетті анықтау;

в) даулы жыныстық жағдайды анықтау (гермафродитизм);

г) жүктілікті, бала туғандықты, түсікті анықтау.

3. Жыныстық қылмыстар кезінде:

а) зорлап жасалған жыныс қатынасын анықтау;

ә) азғындықәрекеттерді анықтау;

б) еркекаралық жыныс қатынасын анықтау;

в) сөз ауруының жүғуын анықтау.

4. Басқа себептер бойынша:

а) мас болуға сараптама;

ә) жас шамасын анықтау;

б) адамдардың ұқсастыгын анықтау.

Тірі адамдарға сараптама арнаулы сот-медицина емханаларында (ірі қалаларда) немесе әдеттегі поликлиника кабинеттерінде жүргізіледі. Оның клиникалық дәрігерлер қатысуымен кешенді түрде жүргізілуі де жиі кездеседі. Сот-медицина сараптамасын басқа дәрігердің кеңесі керек болған жағдайда куәландырылушыны сол маманға жіберіп, кейбір мәселелерді оның шещуіне қалдырады.

Сарапшының маман дәрігерге жолдамасында сараптаманың мақсаты көрсетілуге тиіс, істің қысқаша мән-жайы хабарланып, кеңесші-дәрігердің шешуі талап етілетін мәселелер айқын тұжырымдалады. Кеңесшінің жауаптары бірінші кезекте объективті зерттеу нәтижелеріне негізделуге тиіс. Жәбірленушіден алынған анамнестикалық мәліметтер оларды объективті зерттеу әдістерінің нәтижелері қуаттаған жағдайда ғана ескеріледі.

Өлікке сараптама жасау. "Сот-медицина мәйітханаларына өліктерді жіберу, оларды қабылдау ережелері, зерттеу, сақтау және беру тәртібі" бойынша мыналар сот-медицина тұрғысынан зерттелуге тиіс:

1) қандай да бір зорлық жасалуы (мехаиикалық зақымдану, механикалық асфиксия, улану, суға кету, жоғары және төмен температураның әсері, электр тоғының соғуы, қылмысты аборт және т.б.) себепті, сондай-ақ өлу түрі мен өлген жеріне (соның ішінде емдеу мекемелерінде) қарамастан, зорлап өлтірілген деп күдік келтірілген жағдайда өлген адамдардын өліктері;

2) дұрыс емделмегені немесе заңсыз емделгені жөнінде тергеу органдарына шағым түскен болса, емдеу мекемелерінде аурудың диагнозы белгісіз жағдайда өлген адамдардың өліктері, сондай-ақ емдеу мекемелеріне өліп қалғаннаң кейін жеткізілген адамдардың өліктері;

3) емдеу мекемесінің дәрігері өлу себептерін анықтамаған және "Өлу туралы дәрігер куәлігі" берілмеген жағдайда, өлген жеріне қарамастан, кенеттен өлген адамдардың өліктері;

4) кім екені анықталмаған адамдардын өліктері.

Өліктерді сот-медициналық тұрғысынан сою қалалар мең ірі елді мекендерде арнаулы сот-медицина мәйітханаларында не ауруханалардын секциялық залдарында жүзеге асырылады. Кейде сот-медицнна тұрғысынан союды кездейсоқ орында жасауға тура келеді. Мұндай реттерде өлікті сою үшін қарапайым болса да жағдай жасау осы сараптаманын жүргізілуін белгілеген тергеушінің міндетіне жатады.

Мәйітханаға өлікпен бірге сот-медицииа сараптамасын жүргізу туралы қаулы немесе милиция органдарының қатынасы және өлік табылған жерді қарау хаттамасының көшірмесі немесе өлік емдеу мекемесінен түскен жағдайда науқас тарихы қоса жіберілуге тйіс. Егер хаттама немесе науқас тарихы мәйітханаға өлікпен бірге жіберілмеген болса, олар кейіннен өлік зерттелетін кезге қарай жеткізілуі керек.

Өлікті сот-медицина тұрғысынан сою милиция немесе прокуратура органдары қаулысының негізінде жүргізілсе, ол сот-медицина сараптамасы деп аталады. Ал егер ол арнаулы қаулы болмай, сот немесе прокуратура органдарының қатынасына сәйкес өткізілсе, ол өлікті сот-медицина тұрғысынан зерттеу деп саналады.

"Ережелерге" сәйкес өлікті сот-медицина тұрғысынан кез келген зерттеуге қоса үш қуыстың (бас, кеуде, қарын) мүшелері, ал қажет болған жағдайда басқа қуыстар (омыртқа қуысы, мұрынның қосалқы қуысы) сойылып, сондай-ақ бұлшық еттері жарылып, сүйектері арамен кесіліп зерттеледі.

Егер өлікген немесе оның киім-кешегінен зақымдалған жер табылса, олар сот-медицина сараптамасының қорытындысында (актісінде) егжей-тегжейлі суреттеліп қана қоймай, сонымен бірге сот фотосуреттерінің барлық ережелері сақтала отырып суретке түсірілуге тиіс. Фотосуреттер қорытындыга (актіге) қоса тіркеледі. Сонымен бірге өліктегі жарақаттардың наласу схемалары (суреттемесі) жасалуға тиіс. Бұл схемаларды өлікті сот-медицина тұрғысынан жасалған зерттеу қо-рытындысына (актісіне) қоса тіркеу керек.

Қаны сыртқа ағып, зорлап өлтірілген жағдайда өлікті сойып зерттеген кезде қанның қай топқа жататынын анықтау үшін өліктен алынған қан үлгілерін сот-медицина лабораториясына жіберу қажет.

Ішкі мүшелері уланған деп күдік келтірілген жағдайда өліктің қаны мен басқа да ұлпалары сот-химия тұрғысынан зерттеуге жіберілуге тиіс.

Өліктерге қандай да болсын операциялар жасауға немесе өзге де зерттеулер мен тәжірибелер жүргізуге, сондай-ақ оқу және галыми мақсаттар үшін өлік материалдарын алуға өлікгі зерттеу тапсырылған сот-медицина сарапшысының келісуімен ғана рұқсат етіледі және ол туралы сот-медицина сараптамасының қорытындысында (актісінде) міндетті түрде көрсетіледі.

Өте жүқпалы аурулардан (дизентериядан, скарлатинадан, т.б.) өлген адамдардың өліктерін жерлеу үшін мәйітханадан мықтап жабылған табытқа салып беріледі. Табыттың түбіне дезинфекциялайтын және ылғалды сіңіріп алатын заттар: шымтезек, құрғақ ағаш үгінділері, хлорлы әк салынуға тиіс. Жерлеуші адамдардан мүндай өліктерді табытты ашпай және үйге немесе басқа жерге апармай, тура жерлейтін жеріне жеткізу жөнінде міндеттеме алынады. Міндеттемеде бүл ере-желер бүзылған ретте қылмыстық жауапқа тартылатыны ес-кертілуге тиіс.

Өлікті сойған кезде өте жұқпалы аурулар табылған жағдайдың бәрінде сот-медицина сарапшысы бұл жәнінде дереу эпидемиологқа хабарлап, мәйітхананы және басқа да барлық қосалқы орындарды мұқият дезинфекциялауды қамтамасыз етуге міндетті.

Белгісіз адамдардың мәйіттерін зерттеудің өз ерекшеліктері бар. Белгісіз адамдардың мәйітін сырттай қарау ерекше мұқият жүргізіліп, барлық белгілері, киім-кешегінің жеке ерекшеліктері суреттелуге, сонымен бірге ауызша бейнелері жасалуга тиіс. Адамдардың өліктері суретке, дактилоскопияга түсіріледі және оларға тану карточкалары жасалады. Бұған қоса, қанның қандай топ пен типке жататыны да анықталады. Ол үшін қан үлгілері сот-медицина лабораториясына зерттеуге жіберіледі, сондай-ақ шашының, сыртқы жыныс мүшелері маңайындағы және дененің басқа бөліктеріндегі жүн қылшықтарының үлгілері де алынады.

Танылмаған өліктерді мәйітханада сақтау мерзімі олардың сақталу жағдайына байланысты болады, бірақ тергеу мүдделері үшін өлікті неғұрлым ұзақ сақгау керек болатын жағдайларды қоспағанда, сақтау мерзімі 7 күннен аспауга тиіс.

Танылмаған өліктерді жерлеуте немесе өртеп көмуге, сондай-ақ ғылыми және оқу мақсаттарында олардың әлдебір беліктері мен мүшелерін кесіп алуға немесе оқу мақсаты үшін өліктің өзін беруге милиция не прокуратура органдары жазбаша рұқсат етуге тиіс. Ал өлік анықталған кезде ол туралы мәліметтер тіркеу журналына және сот-медицина сараптамасының қорытындысына (актісіне) қосымша енгізіледі.

Мәйітханаға бөлшектелген өліктің және онымен бірге табылған басқа да заттардың бөліктері түскен жағдайда олар өте мүқият, егжей-тегжейлі сипатталып, суретке түсіріледі. Бұл орайда негізгі міндет жеке ерекшеліктерін, бөлшектеу құраддары мен әдісін сипаттайтын белгілерді анықтап көрсету қажет. Бөлшектелген өлік бөліктеріне сот-медицина сараптамасын комиссия арқылы жүргізген жөн. Мұндай жағдайларда:

а) зерттеудің салыстырмалы анатомиялық, биологиялық және басқа да әдістері арқылы өлік бөліктерінің (күдік келтірілген реттерде) адамдікі немесе жануарлардікі екенін;

ә) қанын, жұмсақ ұлпаларын немесе сүйектерін зерттеу жолымен олардың қай топ пен типке жататынын;

б) сот-химия зерттеуінің көмегімен улану белгілерінің бар-жоғын;

в) протездерінің, соның ішінде тіс (егер болса) протездерінің, шаш, сыртқы жыныс мүшелері мен дененің басқа да бөліктерінен алынган жүн қылшықтары үлгілерінің ерекшеліктерін анықтау қажет.

Өліктің бөлшектелген бөліктері сипатталып, зерттелгеннен кейін прокуратура органдары ерекше өкім бергенге дейін формалин ерітіндісіне салынып жабылған күйінде мәйітханада сақталады.

Айғақты заттарға сараптама жасау.Қазақстан Республикасы қылмыстық істер жүргізу кодексінің 58-бабына сәйкес, "қылмыс істеудің құралы болған, қылмыстық әрекеттердің объектісі болған жене үстінде қылмыстың іздері сақтлған заттар, сол сияқты іс үшін елеулі маңызы бар мән-жайларды анықтауға өзінің қасиеттері бойынша қызмет ете алатын басқа нәрселер" айғақты заттар деп түсініледі. Сөйтіп, мейлінше әр алуан объектілер айғақты заттар болуы мүмкін.

Зерттеу үшін медицина және биология білімі қажет болатын айғақты заттар сот-медицина сараптамасын жүргізуге жатады. Сот-медицина тәжірибесінде қан дағы бар деп күдік келтірілген объектілер, шаш, шәует, сүт, сілекей, сүйектердің және ішкі органдардың бөліктері, т.б. мейлінше көп зерттеледі.

Іс материалдары бойынша сараптама жасау:

а) алғашқы сот-медицина сараптамасынын нәтижелері бар күрделі тергеу істерінін материалдары бойынша;

ә) көсіптік қүқық бұзушылық үшін медицина қызметкерлерін қылмыстық жауапқа тарту туралы істер бойынша жүргізіледі. Мұндай сараптамаларды әрқашанда комиссия жүргізеді. Күрделі істердің материалдары бойынша сараптама жүргізу де мәселені көбінесе комиссия болып шешуді талап етеді.