VІІ. Тақырып: Орташа тіс жегісін емдеу сатылары

1. Мақсаты: студенттерді орташа тіс жегісінде жегіленген қуысты пломбалау дағдысына үйрету.

2. Үйрету әдісі:кіші топтар.

3. Ақырғы нәтиже:орташа тіс жегісіндежегіленген қуыстарды пломбалау дағдысын игеру.

4. Медициналық заттар мен қондырғылар тізімі:муляж

5. Дағдыны орындау алгоритмін сипаттау (8 қадам)

№ п/п Тапсырма сатыларының критерийлері Орындал мады Жартылай орындалды 0,5 Орын далды 1,0
Материалдарды таңдау: бүйрек тәрізді лоток, стоматологиялық айна, стоматологиялық пинцет, бұрыштық зонд, экскаватор, гладилка, штопфер, стерильді мақталы шариктер, борлар, ұштықтар,ажыратқыш төсеніш, пломбалаушы материал, 3% сутегі асқын тотығы ерітіндісі, 0,05% хлоргексидин ерітіндісі.      
Жегіленген қуысты егеу:оң қолға дөңгелек боры бар ұштықты алады және жегіленген қуысты егейді.      
Жегіленген қуысты ашу:оң қолға дөңгелек боры бар ұштықты алады және жегіленген қуысты ашады. Жегіленген қуысты кеңейту:оң қолға орташа, содан кейін үлкен мөлшерлі фиссуралы боры бар ұштықты алады және жегіленген қуысты кеңейтеді.      
Некрэктомия жүргізу:оң қолға дөңгелек боры бар ұштықты алады және жегіленген қуыстан көрінетін сау бөліктерге дейін эмаль мен дентиннің зақымданған тіндерін алып тастайды. Содан кейін жегіленген қуыстың түбі аймағында зақымданған тіндерді экскаватормен алып тастайды. Түбінде пигменттелген дентиннің жұқа қабатын қалдырады.      
Жегіленген қуысты қалыптастыру: оң қолға кері конусты, содан кейін фиссуралы боры бар ұштықты алады, тік қабырғалары, сүйір бұрыштары, жазық түбі бар жәшік тәрізді қуыс жасайды. Қуыстың формасы - үшбұрышты, тікбұрышты, крест тәрізді.      
Қуысты медикаментозды өңдеу және кептіру:оң қолға ұшында 3% сутегі асқын тотығы ерітіндісіне малынған мақтасы бар пинцетті алады және тіс қуысын өңдейді, содан кейін 0,05% хлоргексидин ерітіндісіменөңдейді.      
Ажыратқыш төсенішті салу:оң қолға ұшында ажыратқыш төсеніші бар гладилканы алады және жұқа қабатпен жегіленген қуыстың түбі мен қабырғасына эмаль-дентин шекарасына дейін біркелкі салады. Содан кейін оң қолға штопфер алады және ажыратқыш төсенішті тығыздайды. Тұрақты пломбаны салу:оң қолға ұшында тұрақты пломбасы бар гладилканы алады және ажыратқыш төсеніштің үстінен біркелкі салады. Содан кейін оң қолға штопфер алады және тістің анатомиялық формасын жасай отырып, тұрақты пломбаны тығыздайды.      
Пломбаны өңдеуді және тегістеуді өткізу:оң қолға алдымен ірі дисперсті, содан кейін ұсақ дисперсті алмазды боры бар ұштықты алады және өңдейді, пломбаның бүйір беткейлерін штрипстермен өңдейді. Пломбалауды абразивті сықпалары бар щеткалармен, резиналы дөңгелектермен және қалпақшалармен аяқтайды.      

VІІІ. Тақырып: Терең тіс жегісін емдеу сатылары (жәй ағымды түрі)

1. Мақсаты: студенттерді терең тіс жегісінде жегіленген қуысты пломбалау дағдысына үйрету.

2. Үйрету әдісі:кіші топтар.

3. Ақырғы нәтиже:терең тіс жегісіндежегіленген қуыстарды пломбалау дағдысын игеру.

4. Медициналық заттар мен қондырғылар тізімі:муляж

5. Дағдыны орындау алгоритмін сипаттау (8 қадам)

№ п/п Тапсырма сатыларының критерийлері Орындалмады Жартылай орындалды 0,5 Орындалды 1,0
Материалдарды таңдау: бүйрек тәрізді лоток, стоматологиялық айна, стоматологиялық пинцет, бұрыштық зонд, экскаватор, гладилка, штопфер, стерильді мақталы шариктер, борлар, ұштықтар, емдік сықпа, ажыратқыш төсеніш, пломбалаушы материал, 3% сутегі асқын тотығы ерітіндісі, 0,05% хлоргексидин ерітіндісі.      
Жансыздандыруды өткізу: оң қолға 10% лидокаин ерітіндісіне малынған мақталы шаригі бар пинцет алады және жегіленген қуысқа салады.      
Тіс қуысын механикалық және дәрілік өңдеу:оң қолға дөңгелек боры бар ұштықты алады, жегіленген қуысты ашады және кеңейтеді, салбыраңқы жиектерден тістің сау тініне дейін эмальды алып тастайды. Содан кейін оң қолға орташа, кейін үлкен мөлшерлі фиссуралы боры бар ұштықты алады, жегіленген қуысты қалыптастырады. Оң қолға 3% сутегі асқын тотығы ерітіндісіне малынған мақталы шаригі бар пинцет алады және тіс қуысын өңдейді және ауа ағынымен кептіреді.      
Емдік төсеніш салу:оң қолға зонд алып жегі қуыс түбіне емдік пастаны нүктелі түрде салады. Уақытша пломбаны І келуде салу:оң қолға пинцет алып мақталы шарикті жегі қуысқа салып, дентин байламымен 10-14 күнге қысымсыз жабады.      
Уақытша пломбаны ІІ келуде алу мен дәрілік өңдеу: оң қолға экскаватор алып уақытша пломба мен мақталы шарикті алады. Оң қолға 3% сутегі асқын тотығы ерітіндісіне малынған мақталы шаригі бар пинцет алады және тіс қуысын өңдейді және ауа ағынымен кептіреді.      
Ажыратқыш төсенішті ІІ келуде салу: Оң қолға ұшында ажыратқыш төсеніші бар гладилканы алады және жұқа қабатпен жегіленген қуыстың түбі мен қабырғасына эмаль-дентин шекарасына дейін біркелкі салады.      
Тұрақты пломбаны салу:оң қолға ұшында тұрақты пломбасы бар гладилканы алады және ажыратқыш төсеніштің үстінен біркелкі салады. Содан кейін оң қолға штопфер алады және тістің анатомиялық формасын жасай отырып, тұрақты пломбаны тығыздайды.      
Окклюзиограмманы анықтау: оң қолға көшірме қағазы бар пинцет алады және пломбаның беткейіне қояды және науқасты тістеуін сұрайды. Пломбаны өңдеуді және тегістеуді өткізу:оң қолға алдымен ірі дисперсті, содан кейін ұсақ дисперсті алмазды боры бар ұштықты алады және өңдейді, пломбаның бүйір беткейлерін штрипстермен өңдейді. Пломбалауды абразивті сықпалары бар щеткалармен, резиналы дөңгелектермен және қалпақшалармен аяқтайды.      

ІХ. Тақырып: Терең тіс жегісін емдеу сатылары (тез ағымды түрі)

1. Мақсаты: студенттерді терең тіс жегісінде жегіленген қуысты пломбалау дағдысына үйрету.

2. Үйрету әдісі:кіші топтар.

3. Ақырғы нәтиже:терең тіс жегісіндежегіленген қуыстарды пломбалау дағдысын игеру.

4. Медициналық заттар мен қондырғылар тізімі:муляж

5. Дағдыны орындау алгоритмін сипаттау (8 қадам)