Науқастардың тексерістері

Науқастың шағымдары

Беттің домбығып, ісінуі көбінесе таңертең ұйқыдан кейін

Дизуриялық өзгерітер (зәрдің шығуының, мөлшерінің өзгеруі)

Бел маңайының ауырсынуы, жыныс мүшелеріне әсерін тигізуі

Дене қызуы көтеріліп, улану белгілерінің білнуі

Бастың ауыруы, көз қабілетінің нашарлауы

Ауыру сыртартқысы

Әсер ететін мәнбірлер, ауруға әкеліп соққан себептер

Аурудың басталуы, дамуы, ағым ерекшеліктері

Өткізілген тексерістердің көрсеткіш нәтижелері

Қолданған емнің түрі және ағзаға әсері

Өмір - баян сыртартқысы

Тұқым қуалаушылық

Жағымсыз қылықтары

Мамандығының негізгі ерекшеліктері

Тамақтану сипаттамасы, тұрмыс жағдайы

Науқасты тікелей тексеру 8бейнелеме

Қарау Сипалау Тықылдату
Терінің бозаруы Ісіктің білінуі Трофикалық бұзылыстар Бүйректерді Несеп ағар жолының бойымен Пастернак белгісін анықтау Ісіктік сұйықты анықтау
Зертханалық тексеру Құрал – жабдық арқылы тексеру
Жалпы қан анализі Биохимиялық қан анализі Зәрді тексеру (жалпы зәр анализі, бактерияларға тексеру, зәрді Нечипоренко және Зимницкий сынамасына тексеру) Кешенді бүйректің рентгенографиясы Ультра дыбыспен зерттеу Урография, хромоцистоскопия Сканерлеу әдісі Көздің түбін тексеру  

Бүйректің төмен түскенін анықтау үшін науқасты тұрғызып тексерген дұрыс. Өзіндік ұрғылау немесе соққылау әдістері қолданылады (Пастернак белгісі). Зерттеуші адам сол алақаның оң немесе сол бүйрек маңайындағы белге қояды, ал басқа алақанымен немесе саусақтарының ұшымен соның үстінен ұрады. Егер ұрғылағанда ауырсыну байқалса, онда Пастернак белгісін оң нәтижелі деп есептейді. Бүйрек ауруларында артериялдық қан қысымы көтерілуі мүмкін, ол өткір және созылмалы нефритте байқалады. Созылмалы нефриті бар науқастарда гипертензия әсерінен басыңда торлы қабаттың тамырлары кішірейіп, одан кейін тамырлардың склерозы дамиды.

Бұнымен қоса зертханалық және құрал жабдық аппараттары арқылы тексеру өз маңыздылығын осы аурудың дерт анықтамасын нақтылауға үлесін қосады. Зәрде патологиялық қосылыстар болуы мүмкін. Гематурия (құрамында қан), пиурия (зәрде ірің болуы), протеинурия (зәрде ақуыздың) болуы өзгерістер байқалады. Айтылып кеткен өзгерістерді анықтау үшін зәрді зертханалық зерттейді. Зәрді зертханалық тексеріспен тексергенде келесі зәр анализдерінің түрлерін жүргізеді: жалпы зәр анализі, зәрді бактерияларға тексеру, Нечипоренко, Аддис – Каковский, Зимницкий сынамаларын жүргізу және т.б. Бүйрек ауруларын дерт анықтамасында функционалды сынамалар ерекше орын алады. Бүйректің ағзадағы пішіні, оның орналасқан орнын, құрамдық бөгде заттардың болуын рентген сәулесі мен ультра дыбыс зерттеу арқылы анықтайды, ал сүзбе жұмысын тексеру үшін бүйрекке бояу затын жіберіп, сол жіберген бояу заттың шыққан жылдамдық уақыты арқылы анықтайды (урография әдісі). Бүйректің қатерлі ісігін анықтау үшін биопсия тәсілін қолдана отырып, тінді зерттейтін орталыққа жіберіп, анықтайды. Сонымен қатар зәр жолдарын эндоскоп аппараттарымен жиі тексереді: уретроскоппен зәр шығару каналын, ал цистоскоппен қуықты тексереді.

Негізгі белгілері

Бүйрек ауруларына тән белгілер: ісіктер, зәр бөлінуі мен зәр шығарудың бұзылуы, зәрдің құрамының өзгеруі, артериялдық қан қысымының жоғары болуы. Бүйрек ауруларындағы ісіктер тұрақтылығымен жайылғаны, көрінуі әртүрлі. Ісік жиі таңертең бетте пайда болады, жылы және тығыз емес болады. Кейде олар барлық тері астына жиналып, мөлшері өте үлкен болады (анасарка); сұйықтың іш қуысында жиналуы мүмкін (асцит), кеуде қуысында жиналуы гидроторакс деп аталады.

Зәр шығару жүйесінің ауруларындағы жиі белгінің бірі– диурездің өзгеруі. Тәулікті зәр мөлшерінің көбеюі – полиурия деп аталады, ал азаюы – олигурия, мүлдем шықпай тоқтап қалуы – анурия. Кейде түнгі зәрдің мөлшері күндізгі зәр мөлшерінен көбейіп кетеді , оны никтурия деп атайды. Ісіктер әдетте зәрдің бөлінуінің азаюымен байланысты. Диурездің кенеттен төмендеуі (тәулігіне 200 мл аз болуы) нақты анурияның белгісі болуы мүмкін. Зәрдің кенет бөлінуінің азаюы немесе зәрдің кенет тоқтауы зәрдің өткір шықпай қалуының белгісі, бұл кезде қуықта зәр болады, бірақ әртүрлі себептермен зәр сыртқа шықпайды. Мұндай жағдай несеп арнасының таспен немесе ісікпен бітелуіне байланысты. Диурездің біршама көбеюі бүйректің қызметінің қалпына келе бастағанының белгісі. Дизуриялық көріністер – ауырсыну және жиі зәр шығуы–көбінесе зәр шығару жолдарының қабынуымен байланысты (цистит, уретит, простатит), сонымен қатар несеп ағарда тас болғанда кездеседі. Бүйрек аурулары кейде науқасқа білінбей өтуі мүмкін, бірақ бүйректегі немесе зәр шығару жолдарындағы өзгерістер зәрдің сәйкес өзгеруін толтырады. Зәрдің түсінің өзгеруі көбінесе құрамында қанның болуына байланысты – макрогематурия. Бүйрек шаншуынан кейін пайда болған макрогематурия бүйрек тас ауруында көбінесе байқалады. Ауырсынусыз, кенеттен дамыған, көп мөлшерде болған макрогематурияда бүйрек ісігінің жоқтығын бақылау керек. Гломерулонефритте де макрогематурия байқалуы мүмкін. Зәрдің түсі науқас қабылдап жүрген әртүрлі дәрілік заттардың зәрде болуы әсерінен өзгеруі мүмкін. Қоңыр түсті, кейде қызыл түс деп қалуы мүмкін, ол зәрдің құрамындағы зәр қышқылдарының тұздары (ураттар) кездесуінен болады. Тұнбаға түсетін ураттар зәрдің мөлдірлігін өзгертеді: ол мөлдір немесе лайланған. Лайланған зәр көп мөлшердегі лейкоцитер (пиурия) мен бактериялардың қосылуынан болады. Гематуриядан басқа бүйрек ауруларында кездесетін өте маңызды белгі - протеинурия. Протеинурия – зәрмен қалыптағыдан көп ақуыздың бөлінуі. Бұл бүйрек зақымданғанының ең жиі белгісі. Бүйрек ауруларында зәр анализінде протеинуриямен бірге цилиндрлер байқалады. Цилиндрлер бүйрек арналарының ақуыздың іздері болып табылады. Протеинурия, цилиндрурия, ісіктің болуы нефротикалық (ісіну) синдромға тән белгі. Көптеген бүйрек аурулары артериялдық қан қысымының көтерілуі мен сипатталады. Гипертониялық синдромның ерекшелігі - ол диастолдық қан қысымының біршама жоғары болуы. Бүйрек ауруларындағы кездесетін белгілерге бел маңайының ауырсынуы және дене қызуының көтерілуі жатады. Бел маңайының ауырсынуы бүйрек қапшығының созылуына немесе несеп ағардың бітелуімен байланысты болуы мүмкін. Белдің төменгі жаққа әсерін беруі, күшті толғақ тәрізді ауырсынуы тас сырқатына тән белгі. Бүйрек аурулары бар науқастарда дене қызуының көтерілуі ағзада жұқпаның бар болуының түсіндіреді. Бүйрек ішкі ортаның қалыпты құрамын ұстап тұра алмаған жағдайда, науқаста созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі дамығанда, бүйрек арқылы улы заттардың шығарылуы бұзылады. Бұл улы заттар тері және кілегей қабат арқылы шығарылады да, терінің қышуы, іштің өтуі, құсу, лоқсу, ауыздан зәр иісінің шығуы, геморрагиялық белгілердің дамуына әкеліп соқтырады. Бүйректің екі жақты диффузды зақымдануы созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінің дамуына әкеліп соғуы мүмкін. Бүйрек аурулары жиі кездеседі. Бұларға келесі нозологиялық түрлері жатады: пиелонефрит, гломерулонефрит және бүйрек тас ауруы.

Пиелонефрит

Пиелонефрит дегеніміз бүйректің ішкі милы қабатының, яғни тостағаншаларының және табақшаларының қабынуып, зақындалуымен сипатталатын ауру. Негізінде жиі 40 жасқа дейін, әсіресе жүктілік кезіңде кездеседі. Үлкен жастағы ер адамдар әйелдерге қарағанда жиі ауырады, аденома себебінен зәрдің жүрмей, тұрып қалуынан дамиды. Сырқат екі түрмен өтеді: өткір және созылмал

Бұл сырқатты көбінесе әртүрлі қоздырғыштар қоздырады: ішек таяқ-шалары, энтерококк, протей, стафилококк, кейде бірнеше қоздырғыштар-дың тобымен қоздырылады. Әсер ететін мәнбірлерге ағзаның қорғаныс қызметінің төмендеуі, суық тию, витаминдердің керекті мөл-шерде жеткіліксіздігі, қан айналымының бұзылуы, барлық ағзаның жұқ-памен уыттануы, туа біткен бүйрек және зәр шығару жолдарының ауыт-қулары жатады. Кейбір жағдайларда ісік сырттан несеп ағарды басып, зәрдің тұрып қалуына, яғни пиелонефриттің дамуына әкеліп соғады. Сонымен қатар пиелонефриттің дамуына қант сусамыры, подагра және басқа ауруларда әсерін тигізеді. Бүйректің тостағаншаларымен, табақшаларына жұқпаның ену жолдары: көп жағдайда жұқпа қан, лимфа арқылы енеді және несеп ағардың қабаты, қуықтан несеп ағар үсті бөлігі арқылы енеді. Тостағаншаларының және табақшаларының зақымданып қабынуы алғашқы зәрдің реабсорбция дәрісін бұзып уродинамиканы өзгертеді.

Жіктелуі. Дамуына байланысты пиелонефрит бір жақты немесе екі жақты, біріншілік немесе екіншілік болуы мүмкін.

Жедел пиелонефрит

Клиникалық бейнесі. Аурудың клиникалық белгілері жұқпадан 2-4 апта өткеннен кейін білінеді. Ағымына байланысты сырқаттың өте жедел, жедел, жеделдеу және жасырынды түрлері болады. Өте жедел түрінде науқастың жағдайы нашар, тәлігіне бірнеше рет қалшылдап, әлсірейді. Жедел түрінде қалшылдау тәулігіне 1 рет білінеді, аурудың жергілікті белгілері айқын байқалады. Жеделдеу түрінде жалпы белгілер аса білінбей, жергілікті өзгерістер байқалады. Жасырынды (латенттік) түрінде аурудың белгілері білінбейді де, науқастың жағдайы бұзылмайды. Негізінде сырқаттың ағымы жалпы жұқпа дәрісіне тән және жергілікті белгілерімен сипатталынады. Сырқат күрт басталады. Дене қызуы 400 С дейін көтеріледі. Науқас қалтырап, қатты терлейді. Науқастың жалпы жағдайы нашарлайды, уыттану белгілері байқалады: басы ауырады, лоқсиды, құсады, әлсізденеді, тамаққа тәбеті төмендейді. Жергілікті белгілерге бел аймағының қатты сыздап ауырсынуы, бұлшық еттерінің жиырылуы жатады. Сонымен қатар дизурия белгілері білінеді. Зәрдің мөлшері мен құрамы өзгереді, зәрдің шығуы жиілейді, оны поллакурия деп атайды, зәрдің ауырсынып шығуын – ишурия дейді, кейбір жағдайларда олигурия байқалуы мүмкін (зәр мөлшерінің азаюы). Жедел пиелонефриттің келесі клиникалық түрлері бар: өте өткір түріне тән белгілер – дене қызуының көтерілуі, тәулігіне екі, үш рет қайталанып қалтырау, жалпы сепсистің белгілері және аздап білінетін жергілікті белгілер кездеседі. Ошақты түрі негізінде жергілікті белгілермен сипатталады, яғни, зақымдалынған бүйректің ауырсынуы, зәрдің құрамы мен мөлшерінің өзгеруі білінеді, жалпы белгілер айқын білінбейді. Шоғырланған ағымында жалпы және жергілікті белгілер шағын түрде сипатталынады. Науқастың түрі боз, тершең, бел аймағын екі қолмен соққанда ауырсыну білінеді (Пастернак белгісі оң нәтижелі). Жалпы қан анализінде айқын лейкоцитоз, нейтрофилез байқалады, ЭТЖ артады. Қарт науқастарда және иммунитеті төмен науқастарда лейкоцитоз айқын емес. Зәр анализдерінде сырқаттың маңызды белгісі қатты білінген пиурия болып табылады. Зәрді бактерияға тексергенде зәрде бактерия анықталады, оны бактериурия деп атайды (Нечипоренко сынамасы). Зәрдің түсі лайлы, мөлдір емес. Рентген сәулесімен, ультра дыбыс әдісімен зерттегенде зақымдалған бүйрек көлемінің ұлғайғаның көрсетеді. Экскреторлы урограммада зәр шығару жолдарының көлеңкесі көрінбейді немесе бояу затпен біраз уақыт өткеннен кейін толтырылады.

Емі. Бұл сырқаттың емдәмді және төсек тәртібін сақтау маңызды болып табылады. Қоздырғыштардың антибиотиктерге сезімталдығын анықтап, антибиотиктер тобының дәрі-дәрмектерімен қолданады. Негізгі қолданатын антибиотиктерге мыналар жатады: ампициллин, вибрамицин, амоксиклав, цефалоспориндер (кефзол), доксициклин. Сонымен қатар химиодәрілерін де қолданады. Сульфаниламидтер – бисептол, нитрофуран тобы – фурагин, фурадонин немесе невиграмон, неграм. Уыттану белгілерін басу үшін науқастарға көп мөлшерде сұйықтықтарды ұсынылады: көк шай, минерал сулары, емдік шөптің тұнбалары, қайнатпалары. Егер зәрдің тұрып қалу белгісі білінбесе, осылармен бірге көк тамырға гемодез, физиологиялық ерітінділерін енгізеді. Өте қолайлы ем ретінде бел аймағына парафин, диатермия, жылы компресстер, жылытқыштар, физиоем шараларын қолданады. Қатты ауырсынуда жиырылуыға қарсы спазмолитик тобының дәрілерін қолданады: папаверин, платифилин ерітінділерін. Зәр жолдарының бітелуі анықталса, түтік сүңгіні қолданып зәрді сыртқа шығарады. Егер осы аталған шаралар қолайсыз болып табылса, науқасқа хирургиялық ем тағайындайды.

Алдын алуы. Біріншілік алдын алуға ағзадағы жұқпа ошақтарын емдеп, санация жүргізіп отырған жөн. Екіншілік алдын алуда жалпы тәжірибелік дәрігермен, терапевтпен пациент 1 жылға диспансерлік тізімге алынады. Клиникалық қан анализін, зәрді Нечипоренко сынамасымен тапсырып отырады. Ошақты жұқпаларды уақытында емдеп, уросептикалармен ем жүргізіп отырған жөн. Ағзаға суық тигізбеу керек.

Созылмалы пиелонефрит

Клиникалық бейнесі. Сырқаттың белгілері бастапқы кезеңінде көзге көрінбейді. Созылмалы пиелонефриттің негізгі себебі: өткір пиелонефритті өз уақытында емдемегендіктен, сонымен қатар цистит, пиелит болып табылады. Аурудың клиникасы кезеңіне және түріне байланысты. Созылмалы пиелонефриттің 5 негізгі клиникалық түрі бар: жасырынды (латентті), гипертониялық, қозу, анемиялық, гематуриялық.

Жасырынды түрінде аурудың белгілері білінбей өтеді. Науқас пиелонефрит сырқатының бар екендігін сезбейді, тек зәр, қан анализіздерін тапсырған кезде аурудың белгілері табылады. Науқас тез шаршағыштыққа, тамаққа тәбетінің төмендеуіне, дене қызуының сәл көтерілуіне шағымданады. Қанда анемия, ЭТЖ артады. Зәрде сәл протеинурия және лейкоцитурия білінеді. Полиурия мен никтурия байқалады.

Гипертониялық түрінде негізгі аурудың белгісі артериялдық қан қысымының көтерілуі. Артериялыдқ қан қысымының көтерілуі бүйректің ишемиясымен байланысты. Науқаста бастың ауруы, айналуы, ентігу, жүрек маңайының ауырсынуы байқалады. Зәр өзгерістері онша білінбейді.

Аурудың қозу түрінде науқастардың шағымдары: әлсіздік, тез шаршау, бел маңайының ауырсынуы, дене қызуының көтерілуі. Уыттану белгілері дамиды. Циститтің белгілері пайда болады, әртүрлі дизурия белгілері білінеді: поллакиурия, ишурия, никтурия. Созылмалы пиелонефритте бел аймағында топасты үздіксіз ауырсыну байқалады.

Анемиялық түрінде гипохромдық қан аздық синдромы аурудың басты белгісі болып табылады.

Гематуриялық түрінде зәрде бастапқы кезден бастап қан айқындалынады, көбнесе микрогематурия. Аурудың бұл түрінде науқас әлсізденеді, дене қызуы көтерілуі мүмкін, бел маңайы сәл ауырсынады.

Сырқаттың қозу кезеңінде бел маңайының ауырсынуы ұлғаяды, дене қызуы көтеріледі, дизурия белгілері күшейеді. Созылмалы пиелоне-фрит көп жағдайда созылмалы бүйрек жеткіліксіздігіне әкеліп соғады.

Дерт анықтамасын науқастардың шағымдарына, клинкалық бейнесіне, зертханалық және құрал жабдық аппарат арқылы тексергендегі нәтижелеріне сүйене отырып нақты түрде қорытындысын шығарады. Жалпы қан анализінде лейкоцитоз, анемия білінеді, ЭТЖ артады. Жалпы зәр анализінде пиурия, білімсіз протеинурия анықталады. Нечипоренко, Каковский – Аддис сынамаларында зәрдің тұнбасында лейкоциттердің көбеюі анықталынады. Құрал – жабдық аппарат арқылы тексерістерде, яғни, экскреторлы урограммада бояу заттың баяу қарқынмен бөлінуін, тостағанша мен табақшаларының кеңейіп зақымданғаның байқауға болады. Осымен қатар изотопты ренография, ультра дыбыспен зерттеу әдістері дерт анықтамасын жүргізуге көмектеседі.

Емі. Емдәмді және төсек тәртібін сақтау маңызды роль атқарады. №7 устел тағайындылынады (қышқыл, ащы, тұзды тағамдарды қолданбайды). Қозу кезінде ас тұзының мөлшері тәлігіне 5-8 гр дейін шектеледі. Қан аздықта құрамында темір бар тағамдар қолданылады. Қабынуға қарсы уроантисептиктермен ем қолданады: антибиотиктер, сульфаниламидтер, нитрофуран туындылары, фторохинолондар. Антибиотиктердің ішінде көп қолданатын топтарына пенициллиндер, цефалоспориндер, левомицетин жатады. Нитрофурандардың ішінде невиграмонның әсері нәтижелі. Бүйректің қан айналымын жақсарту мақсатымен трентал бір ай бойы, курантил, гепарин 5000 БІ 2 рет күніне 2 апта бойы тағайындалынады. Ағзаның иммун жағдайын жақсарту мақсатымен иммуномодуляторларды қолданады: эхинацея, левамизол т.б. Қазіргі кездерде эфференттік ем кең қолданады (қанды ультра сәулемен тазарту). Қозуды алдын алуға қарсы ем шараларын өткізген жөн. 4 – 6 ай бойы емдік шөп дәрілерін қолданады:

фитолизин, альтей, бүйрек шайы т.б. Осымен бірге 10 күндік бактериялар-ға қарсы ем шараларын қолданып өткізген жөн: левомицин, тетрациклин, фуразолидон. Бүйрек қан айналымын жақсарту үшін трентал, курантил қолданған дұрыс. Симптомдық ем жүргізіледі: артериалды гипертен-зияда – қан қысымын төмендететін дәрілер, қан аздықта – темір препараттары. Физиоем шараларын қолдану қажет: парафин, диатермия, жылытқыштар.

Болжамы. Сырқатты уақытында дұрыс емдеген жағдайда бүйрек жұмысы ұзақ уақытқа сақталынады.

Жедел гломерулонефрит

Жедел гломерулонефрит дегеніміз екі бүйректің шумақты денешіктерінің (нефрондардың) қабынып, бүйректің сүзбе жұмысының бұзылуымен сипатталатын ауру. Сырқаттың себебіне жұқпа мәнбірі әсер етеді. Сонымен қатар аурудың дамуына иммунды серпелістер қатысады. Әр тұжырымдардың қорытындысы бойынша гломерулонефрит 1 – 3% тен 3 – 5% ке дейін бүйрек аурулардың ішінде кездеседі.

Этиологиясы. «А» тобынан В–гемолитикалық стрептококк болып табылады яғни, баспа, ортаңғы құлақтың қабынуы (отит), гайморит аурулары әкеліп соғуы мүмкін. Әсер ететін мәнбірлерге суық тию, сілтімен, сірке қышқылымен улану, кейбір дәрілердің әсерлері, ішімдік, жарақатанулар жатады.

Клиникалық бейнесі. Бұл аурумен 40 жасқа дейінгі ер адамдар мен әйел-дер бірдей ауырады. Жұқпадан 2 – 3 апта өткеннен кейін гломерулонеф-рит ауруының алғашқы белгілері біртіндеп біліне бастайды. Науқас әлсіз-деніп, уыттану белгілері білінеді: басының ауырсынуы, дене қызуының көтерілуі, тамаққа деген тәбетінің тартпауы. Бел маңайы ауырсынады, зәр-дің мөлшері азая бастайды, 300 мл - ден зәрдің мөлшері азайғаннан соң олигурия пайда болады. Зәрдің мөлшері 20 – 100 мл дейін азаяды, түсі «ет-тің жуындысы» тәрізді болады (макрогематурия), сонымен қатар зәрде протеинурия, цилиндрурия байқалады. Денеде ісік білінеді, артериялдық қан қысымы көтеріледі. Сырқаттың өту ағымында төрт басты синдром айқын түрде білінеді. Бірінші түрінде шумақтардың зақымдануынан зәрдің мөлшерімен құрамы өзгереді. Олигурия – зәрдің мөлшері тәулігіне 200 мл – ден аз немесе анурия пайда болады (зәрдің мүлдем тоқтап, шықпай қал-уы). Шумақтардың сүзу қызметі зақымдалғандықтан, зәрдің салмағы жо-ғары болады. Екінші түрінде жүрек – тамыр жүйесінің өзгерістері нақты түрде байқалады. Артериялдық қан қысымы көтеріледі, әсіресе босаңсу қысымының (диастолдық) көрсеткіші. Жүректің сол жақ шекарасы ұлғаяды, аритмия, экстрасистолия байқалады. Сонымен қатар зәрде ауруға тән өзгерістер де байқалады.

11сурет Гломерулонефриттегі ісіктің

бетте білінуі

Сырқаттың үшінші түрінде негізгі белгі ісік болып табылады. Ісік таңер-тең науқастың бетінен басталып, дененің жоғарғы жақ бөліктеріне жайылады. Бірте – бірте ісік дененің барлық бөліктеріне жайылып, сипа-лағанда жылы, жұмсақ болып сезіледі. Ми белгісі төртінші түрінде кез-деседі. Мидың ісінуінен ми эклампсиясы дамуы мүмкін. Бұл жағдайларда құсу, лоқсу болуы керек. Анурия жағдайында дененің құрысып – тырысуы байқалады. Көбінесе сырқаттың клиникалық белгілері аралас түрде байқа-лады. Аурудың ағымы 3-4 аптадан 1-1,5 жылға дейін созылуы мүмкін.

Асқынуылары. Бүйрек эклампсиясы, мидың дерттері (энцефалопатия), жедел жүрек – тамыр және бүйрек жеткіліксіздері, көз көру қабілетінің төмендеуі, миокард инфарктісінің дамуы мүмкін. Энцефалопатия ми тамырларының ісініп тарылуымен сипатталады. Науқаста күрт тырысу дамиды. Есінен танады, көз қарашағы жарыққа әсер етпейді. Дем алуы бұзылып, аузынан көбік шығады. Терісі көгерінкейді. Қан қысымы жоғарлайды. Ұстаманың ұзақтығы 30-40 минутқа дейін созылады. Гломерулонефртиттің ауыр ағымында өткір бүйрек жеткіліксіздігі дамуы мүмкін. Оның негізгі клиникалық белгілеріне ісіну, терінің қышынуы, олиго-немесе анурия, диспепсиялық белгілер, жүрек-қан тамыр жүйесінің зақымдануы, геморрагиялық синдром, уремиялық кома жатады. Өршу кезеңі 1 – 4 аптаға дейін созылады. 60 – 70% өткір гломерулонефрит толық жазылып шығады немесе созылмалы түріне айналады. Егер зәрдегі өзгерістер бір жылдың ішінде қалпына келмесе, созылмалы гломерулонефритке ауысқанын білдіреді.

Емі. Бастапқы 2-3 аптада қатаң төсек тәртібін сақтау маңызды болып табылады, сондықтанда бүйір астына ісіктер кеткенше және қан қысымы қалыптасқанша жылытқыш пайдаланып, қолданған жөн. 7 емдәм тәртібін сақтау, тәулігіне тұздың мөлшері 1,5 г –нан аспау керек, судың мөлшері 500 мл – ге дейін, тағамдарды шектеу керек. Ал құнарлы тағамдары ретінде жеміс –жидектерді жеткілікті түрде беру керек. Қоздырғыштарға қарсы антибиотиктерді тағайындап, қолданады: пенициллин, оксациллин, эритромицин. Патогендік ем ретінде иммунды депрессанттармен арнайы түрде қолданады: глюкокортикоидтар (преднизолон, гидрокортизон, меркаптопурин және т.б. дәрілер). Аллергия өзгерістеріне қарсы антигистамин дәрілерін қолданады: пипольфен, тавегил, супрастин, диазолин т.б. Қанның ұюына қарсы гепарин, фибринолизин, курантил дәрілерін қолданады. Артериялдық қан қысымы көтерілген кездерде гипотензиялық дәрілерін береді: клофелин, нифедипин, капотен, энам, эднит т.б. Ісікті жою мақсатымен зәр шығаратын дәрілерді пайдаланады: гипотиазид, фуросемид, триампур т.б. дәрілер. Сырқаттың ауыр түрінде гемодиализ жүргізеді (тәулікті диурездің мөлшері тым азайғанда, зәр салмағы төмендегенде, қан мен зәрде креатинин мөлшерінің азайғанында).

Болжамы. 2-4 айдан кейін клиникалық және зертханалық өзгерістер жойылады. Бірақ бүйректегі морфологиялық өзгерістер 1-2 жылға дейін байқалады. Дұрыс ем қолданған науқастар толық жазылып шығады.

Созылмалы гломерулонефрит

Кең таралған ұзақ ағымды екі бүйректің бір мезетте иммунды қабыну дәрісімен сипаталынатын бүйректің созылмалы сырқаты. Сырқаттың түпті негізі шумақты денешіктердің зақымдалып, өлі еттенуі; бүйрек қызметінен айырылып созылмалы бүйрек жеткіліксіздігімен аяқталуы. Егер өткір гломерулонефриттегі зәрдің өзгерістері бір жылдың ішінде қалпына келмесе бұл аурудың созылмалы түріне ауысуы болып табылады.

Этиологиясы. Бірінші қатарда вирусты және жұқпа мәнбірлері орын алады. Әсер ететін мәнбірлерге ішімдік мөлшерін шамадан тыс көп қолдану, зәр қышқылының алмасу дәрісінің өзгеруі, ретсіз дәрі – дәрмектерді қолдану жатады, әсіресе вакциналармен, сары сумен.

Клиникалық бейнесі. Сырқаттың бірнеше клиникалық түрлері бар: латентті (шоғырланған), нефротикалық (ісіну), гипертониялық (артериялдық қан қысымының көтерілуімен сипаталатын түрі), гематуриялық, қатерлі және аралас түрі. Сырқаттың шоғырланған түрінде көзге шалынатын өзгерістер зәрдің анализінде ғана байқалады: протеинурия, гематурия, цилиндрурия. Науқас шағымданбайды. Гломерулонефриттің нефротикалық түрі 20% кездеседі. Сырқаттың бұл түрінде уыттану белгілерімен қатар олигурия, ұлғайған ісіктер, іштің ауырсынуы, дене қызуының көтерілуі байқалады. Қарағанда:Беті домбығып, аяқтарында, бел маңайында ісіну байқалады.Теріс бозарып, құрғайды.Науқас әлсіздікке, тамаққа тәбетінің төмендеуіне шағымданады. Қанда гиперхолестеринемия, қарқынды протеинурия байқалады. Зәрдің мөлшері азаяды. Науқастың өмір сүру ұзақты 8 – 10 жылдарға барады. Гипертониялық түрі де жиі кездеседі. Сырқаттың жалпы белгілерімен қатар артериялдық қан қысымының көрсеткіші 200, 220, 240 сынап бағанасының көрсеткіші бойынша. Науқастардың шағымдары қан қысымының көтерілуімен байланысты. Көбінесе науқастардың шетінеуіне миға қанның құйылуы (инсульт), миокард инфарктісі, жүрек демікпесі, өкпе ісінуі әкеліп соғады. Сырқаттың бұл түрінде ісіктер айқын білінбейді. Дене қызуы сәл ғана көтеріледі, науқастың басы ауырсынып, көз көру қабілеті күрт төмендейді. Сырқаттың гематуриялық түрі сирек кездеседі. Бұл түрінде протеинурия аз, қан қысымы қалыпта, ісік білінбейді. Созылмалы гломерулонефриттің аралас түрі аурудың ең ауыр түрі болып табылады. Өту ағымында нефротикалық белгілері байқалады, қан қысымы көтеріледі, олигурия, анасарка, жоғарғы дәрежеде протеинурия байқалады. Науқастың жалпы өмір сүру уақыты екі – үш жыл. Науқас көбінесе уремиялық комадан қайтыс болады. Бұл кезеңде уыттану белгілері айқын білініп, науқас есінен танады,деміөзгереді, ауызынан зәрдің иісі шығады.Асқынулары. Созылмалы бүйрек, жүрек жеткіліксіздіктері, ілеспелі жұқпалы аурулар, қатерлі қан қысымының көтерілуі. Емі. Емдәм тәртібі маңызды роль атқарады, ол аурудың түріне және кезеңіне байланысты тағайындалып, өзгертіліп отырады. Ісік түрінде тұздың мөлшері 1,5 – 2,5 г нан аспауы тиіс. Қан қысымы көтерілуімен сипатталатын түрінде тұздың мөлшері 5 грамм мөлшеріне дейін болуы керек. Сонымен қоса емдәмнің құрамы жеміс жидектермен және көкөніс сусындарымен жеткілікті түрде жабдықталған болуы керек. Сырқаттың ең басты емдеу қағидасы гормондармен емдеп, қабыну дәрісін басу болып табылады. Гормондарды тағайындау және емдеу арнайы түрдегі ескерулерді ұстана отырып қолданылады. Сонымен қатар иммунды дәріске қарсы иммундық депрессанттарын қолданады (делагил, хлорохин, плаквенил). Нефротикалық түрінде ісікті жою үшін зәр шығаратын дәрілерін пайдаланады (фуросемид, верошпирон, альдактон). Артериялдық қан қысымы көтерілуімен сипатталатын гломерулонефриттің түрінде гипотензиялық дәрілердің әр түрлі жиынтықтарын қолданады. Соңғы жылдары плазмаферезді кеңінен қолданып жүр.

Цистит

Бұл қуықтың ішкі кілегей қабатының қабынуы. Себебі - жұқпа қоздырғыштары болып табылады. Оның ішінде 80% ішек таяқшалары кездеседі және энтеробактериялар, стафилококктар, стрептококктарда қоздырады. Қуыққа жұқпа бүйрек түбекшешелері қабынғанда зәр шығару өзекшелерінен келіп түседі. Сырқатқа әкеліп соғатын мәнбірлерге қуықта зәрдің тұрып қалуы (жүктілікте, жыныс жолдарының қабынуында), суық тигізіп алғанда, ер адамдарда жыныс бездерінің қабынуы (аденома) жатады. Ағымына байланысты жедел және созылмалы түрлерге бөлінеді.

Клиникалық бейнесі. Науқас жалпы уыттану белгілеріне шағымданады. Әлсізденеді, өткір кезеңінде дене қызуы субфебрильді болуы мүмкін, тамаққа тәбеті тартпайды. Дизуриялық белгілер сырқатқа тән болып табылады. Науқас зәр шығарған кезде несеп ағар арнасының ең сыртқы саңылау аймағында ауырсынудың болуына, ашып, қышу сезімінің пайда болуына, зәрдің шығуы жиілеп және ауырсынуына шағымданады. Бұны ишурия деп атайды. Қасағаның үстін сипалағанда ауырсыну сезімі білінеді. Науқас зәрге жиі және ауырсынып отыруының салдарынан мазасызданып, ұйқысы бұзылады.

Емі. Төсек тәртібін сақтау, шат маңайына жылытқыш қою. Бұл ауруда емдәм маңызды роль атқармайды. Жалпы емдәм түрін тағайындайды. Қоздырғыштарға қарсы антибиотик және сульфаниламид топтарының дәрі- дәрмектері қолданылады: фуразолидон, фурагин, невиграмон, бисептол, цефалоспориндер және шөптік ем дәрілері. Физиоемдік шараларын жүргізеді: парафин, УВЧ, жылы ванналар. Ауырсынуды басу үшін спазмолитик тобының дәрі-дәрмектері қолданылады: но-шпа, баралгин ерітінділері. Зәр тоқтап, шықпай қалғанда түтік сүңгімен қолдана отырып зәрді сырқта шығару және қуықты фурациллин ерітіндісімен жуу.

Бүйрек тас ауруы

Бұл ауру зәр жолдарында тастың пайда болуымен сипататалтын ауру. Бұнымен көбінесе 20 мен 50 жас аралығындағы ер адамдар қатары жиі ауырады. Аурудың себебі нақты, дәл анықталмаған. Ауруға әкеліп соқ-тыратын себептерге: зәр жолдарындағы туа біткен өзгерістер, зәр жүруінің тоқтап қалуы, зәр жолдарындағы жұқпалар (пиелонефрит, уретрит), зат алмасуының бұзылуы (ураттардың, фосфаттардың, оксалаттардың мөлшерінің көбеюі), эндокринді жүйесінің әр түрлі аурулары, Д – витаминінің ағзада көп мөлшерде және А витаминінің аз мөлшерде түзілуі, ас қорыту жүйелерінің қабыну аурулары (гастрит, колит, гепатит), ұзақ уақытқа төсек тартып жатқан сырқаттар (сүйектердің зақымдануы, пара – гемипарездер), нәсілдік аурулар қатары жатады. Қышқыл ортада пайда болған тастардың құрамында зәр қышқылдары кездеседі. Сілті ортада пайда болған тастардың құрамында фосфаттар кездеседі. Ал қышқыл және сілті ортасында пайда болған тастардың құрамында оксалаттар кездеседі. Тастардың көлемі майда, ірі келген пішіндегі түрлерін кездестіруге болады және жалғыз немесе бірнешеге дейін барады.

Клиникалық бейнесі. Сырқаттың ағымы ұстама түрде өтеді. Ең маңызды белгілері: ауырсыну, гематурия, пиурия, тастардың өзінен өзі зәрмен бірге сыртқа шығуы. Бүйрек ұстамасы аяқ астынан күрт ауырсыну белгісімен басталады. Ауырсыну бел аймағында пайда болып, несеп ағар және жыныс мүшелеріне тарайды. Зәр шығуы жиілеп және ауырсынуымен сипатталды. Сонымен қатар лоқсу, құсу, іштің кебуі байқалады. Науқас өзіне ыңғайлы жағдай қалыпын таба алмай мазасыз күйде болады. Ауырсыну сезімі қатты қарқынмен өтіп, тек қана наркотикалық жансыздандыру мен тыныштандырылып, басылады. Ауырсынудың ұзақтылы бір тәуліктен аспайды. Бүйректің ұстамасына несеп ағар арнасындағы тастың қысылып қалуы әкеледі. Зәрдің мөлшері азайып, мүлде болмауы мүмкін. Осының салдарынан дене қызуының көтерілуі байқалады. Қарағанда: бел аймағанда ауырсыну сезімі білінеді, Пастернак белгісі оң нәтижелі, сипалағанда бүйрек және несеп ағар аймақтары ауырсынады. Зәрде аз мөлшерде ақуыз, эритроциттер, лейкоциттер кездеседі. Ұстамадан кейін тас орнынан жылжып, зәрмен сыртқа шығуы мүмкін. Көбінесе бұл ауру науқастардың 13% де белгісіз түрде өтеді. Ұстама арасында науқастарда шағым болмайды.

Емі. Ұстама кезіңде жылы емшараларды бел аймағына қолданылады (жылытқыш немесе ванна). Дәрігер нұсқауымен жансыздандыратын және жиырылуға қарсы босату үшін спазмолитик дәрілері енгізіледі: баралгин, атропин, платифилин. Ауырсыну сезімі басылмаса наркотикалық жансыздандыратын дәрілерді тағайындайды: омнапон, промедол немесе бүйректі бөгеу новокаинмен өткізіледі.

Егер науқастың жағдайы оңалмаса, хирургиялық емге көшеді. Емдәм тағамдарының құрамында пуринді заттарды шектеу: қуырылған ет, сорпаны бермеу. Сырқаттың емі тастардың құрамына байланысты.Урат тастары пайда болған жағдайда сүт өсімдік тағамдары зәрді сілтілендіру үшін қолданылады. Фосфатурия жағдайында табиғи минералды суларын көп мөлшерде пайдаланған тиімді. Ілеспелі жұқпа жағдайында антибиотиктерді, нитрофурандарды, сульфанильамидтерді қолданған жөн. Қазіргі кезде тастарды лазер арқылы үгітіп, сыртқа шығару әдісін қолданады.