Еңбек қорғау бойынша оқыту және кәсіби дайындау

Ұйымның барлық жұмыскерлері, сонымен бірге оның тікелей басшылары еңбек қорғау бойынша оқудан өтуі тиіс және ҚР Еңбек кодексімен анықталған тәртіппен еңбек қорғау талаптары бойынша білімдерін тексеруі қажет.

Жұмысқа келетін барлық жұмыскерлер, сонымен бірге басқа жұмысқа ауысатын жұмыскерлер, жұмыс беруші (немесе


басқарушы тұлғалар) еңбек қорғау бойынша нұсқаудан өтуі қажет және жұмысты қауіпсіз орындау тәсілдері мен әдістерін оқытуды ұйымдастыруға және зардап шегушіге алғашқы көмек көрсете білуі қажет [3].

Зиянды және қауіпті жұмысқа келген жұмысшыға, еңбек қорғау бойынша заңнамаларымен сәйкес кәсіби таңдаудан өту талап етіледі, жұмыс беруші жұмыс орынында сынақ мерзімін өткізе отырып, жұмысты қауіпсіз орындау тәсілдері мен әдістерін үйретуді қамтамасыз ете отырып, емтиханнан өткізеді, ал еңбек әрекеті үрдісінде – еңбек қорғау бойынша оқуларды үздіксіз жүргізеді және еңбек қорғау бойынша қойылатын талаптарға сәйкес білімдерін тексеріп отырады [4].

Өндірістік кәсіпорын басшылары жұмыскерлер мен инженерлі-техникалық жұмыскерлердің білімін арттыруға арналған білім беру бағдарламасына, техника қауіпсіздігі нормалары мен ережелерін өндірістік санитария мен еңбек гигиенасын оқып үйренуді қосуы қажет, сонымен бірге жұмыстың қауіпсіз әдістерін көрсете отырып, тәжірибелік жұмыстарды көрсетуге; бірнеше ауысым аралығында жұмыс орынында жаңадан жұмысқа келгендерге техника қауіпсіздігі мәселелері бойынша нұсқаунама жүргізуге; еңбек қорғаудың салалық ережелерінде қарастырылған мерзімде жұмыскерлерге қайта нұсқаулама жүргізуге міндетті; жұмыскердің арнайы нұсқауламадан өтпей тұрып басқа жұмыс орынына ауысуына жол бермеу қажет; техника қауіпсіздігі бойынша өте жоғары талап қойылатын агрегаттар, қондырғылар мен жабдықтарға қызмет ететін жұмыскерлер үшін техника қауіпсіздігі ережесі бойынша нұсқау жүргізу қажет; арнайы курс аяқталғаннан кейін осы механизмдерді басқаруға құқығы бар екендігін растайтын арнайы төлқұжат берілуі қажет; басқарушылар мен инженерлі-техникалық қызметкерлердің еңбек қорғау бойынша білімдерін тексеру қажет, сонымен бірге аталған пәндер бойынша өндірістегі басшылар сәйкес дайындықты қамтамасыз етуі қажет.

Жұмыскерлерді, инженерлі-техникалық қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігіне оқыту түрі мен тәртібі 12.0.004-90 «Еңбек қауіпсіздігіне жұмыскерлері оқытуды ұйымдастыру Жалпы ережесімен» бекітілген [3].


Барлық өндірістер мен ұйымдарда еңбек қорғау талаптары мен ережелеріне жұмыскерлерді оқытып, дайындау өндірістің қауіпсіздік дәрежесі мен сипатына тәуелсіз жүргізіледі.

Оқытуды жүргізу өндірістердің басшыларына, ұйымдардың басшыларына, ал бөлімшелерде – бөлімшелердің басшыларына жүктелінеді. Жұмыскерлерді еңбек қорғауға оқытуды дер кезінде жүргізуі мен оның сапасын бақылауды еңбек қорғау бөлімдері қадағалайды.

Жұмыстың қауіпсіз тәсілдері мен әдістеріне жаңа жұмыскерлерді тәжірибе жүзінде үйретуді, өндірістерде оқыту шеберханаларында, цехтарда, учаскелерде нұсқаулама жүргізушінің басшылығымен жүргізіледі немесе жоғары білімді жұмыскердің басшылығымен немесе арнайы дайындығы бар маманның көмегімен жұмыс орынында жүргізіледі.

Жұмыскерлерге нұсқауды жүргізу уақыты мен сипаты бойынша кіріспе, жұмыс орнындағы алғашқы, қайталау, жоспардан тыс және арнайы деп бөлінеді [3].

Кіріспе нұсқауды ұйымдағы осы міндет жүктелген бұйрықбойынша еңбек қорғау бойынша мамандары немесе инженерлі-техникалық жұмыскерлері жүргізеді, олардың мамандығының түріне қарамастан жұмысқа жаңа қабылданғандарына, осы мамандығы немесе кәсібі бойынша жұмыс өтіліне, сонымен қатар ұйымдағы уақытша іс-сапарға келген азаматтар мен жұмыскерлерге нұсқау жүргізіледі.

Кіріспе нұсқау еңбек қорғауға арналған арнайы кабинетте немесе қазіргі заманғы техникалық құралдары қолданылатын, сонымен қатар көрнекі құралдары бар бөлмелерде жүргізіледі (плакаттар, нақты экспонаттар, үлгілер, кино мен слайдтар, видеороликтер).

Кіріспе нұсқау ССТҚ стандарттарының талаптарымен сәйкес жасалған бағдарлама бойынша әңгімелесу түрінде жүргізіледі, сонымен қатар кәсіби ұйымдармен келісе отырып, бас инженер жүктеген барлық міндеттерді орындауы қажет.

Кіріспе нұсқауды жүргізу арнайы журналда тіркеледі, ол еңбек қорғау бойынша арнайы маманда сақталынады. Кіріспе нұсқауды жүргізушінің жазбасымен бірге жұмысқа жіберілгендігін растайтын құжатқа өзінің қолы қойылады.


Нұсқаудан өткендігі туралы жазбаның көшірмесі жұмыскердің жеке ісінде болуы қажет.

Кіріспе нұсқауды жүргізу кезінде мамандығы мен жұмыстың сипатына байланысты, еңбек қорғау бойынша еңбек заңнамасының басты бөлімдері түсіндірілуі қажет; ішкі еңбек тәртіптемесінің ережесі өндірістік және қосымша ғимараттардағы ішкі тәртіп ережесі; машиналардағы, механизмдердегі және басқа жабдықтардағы жұмыс кезіндегі негізгі қауіпсіздік ережелері; электр қауіпсіздігі ережесі, жеке гигиенасы; жеке жұмыскердің өзіне ғана қатысты және олардың жұмыс киімдеріне қойылатын басты талаптары; жеке қорғаныс құралдарын қолдану тәртібі мен ережесі; алғашқы көмек көрсету әдістері мен тәсілдері; техника қауіпсіздігі ережелерін бұзғандағы жауапкершілік талаптары; жұмыс орындарындағы басты өртке қарсы шаралары.

Жұмыс орнындағы алғашқы нұсқауды өндірістегі,

ұйымдардағы қайта қабылданған тікелей басшы жүргізеді; бір бөлімшеден басқасына ауысқан жұмысшыға; жаңа жұмысты атқаруға кіріскен жұмысшыға нұсқау жүргізіледі. Осы нұсқауды әрбір жұмысшыға жеке жүргізеді, тәжірибе жүзінде еңбек қорғаудың қауіпсіз тәсілдері мен әдістері көрсетіледі.

Техника қауіпсіздігі бойынша кіріспе нұсқаудан өткеннен кейін жұмысқа қайта қабылданған жұмыскер жұмыс орынына, учаскеге немесе цехқа кіріспе нұсқаудан өткендігі туралы белгісімен кадрлар бөлімінің бағдарламасымен қайта оралады.

Алғашқы нұсқау тек қана жаңадан келген жұмыскерлерге ғана емес, сонымен бірге жұмыскердің жаңа жұмыс түріне ауысқан кезінде де және қауіптілігі өте жоғары жұмыс түрінде де қайта жүргізілуі қажет (биіктікте, зиянды жұмыс жағдайында, жұмыс істеп тұрған электр қондырғыларында немесе көліктік техникасы жұмыс істеп тұрған аймақтарда).

Нұсқаудың мақсаты – белгілі мамандығы бойынша нақты жұмыс орынындағы міндеттерімен, жұмыс орынындағы тәртіппен, құрылғылар мен жабдықтар және механизмдерді жөндеу кезіндегі тәртіппен (іске қосу, тоқтату, майлау сияқты), аспаптармен және онымен қалай жұмыс істейтіндігімен, оларды қолдану ережесімен таныстыру.


Сонымен қатар, нұсқауды жүргізу кезінде жұмыс жүргізуші (шебер) нақты мамандыққа арналған техника қауіпсіздігі бойынша ескертулер мен нұсқаулардың бар екендігімен жұмыскерді таныстыруы қажет.

Жұмыс орынындағы нұсқауламаны жүргізген кезде сәтсіз оқиғаның алдын алатын қауіпсіз тәсілдер мен әдістерді қолданатын тәжірибелік көрсетілімдері болуы тиіс. Жұмыскерді өзінің жеке жұмыс істеуіне рұқсат берілген кезінен бастап, жұмыс орынындағы нұсқауды тіркеу журналына нұсқаудан өткендігін растайтын күні мен қолтаңбасы қойылады.

Қайталама нұсқауды еңбек қорғау бойынша ережелер меннұсқау бойынша білім деңгейлерін тексеру мен арттыру мақсатында жеке немесе бір мамандықтың жұмысшылар тобымен және жұмыс орынында нұсқау бағдарламасы бойынша бригадаларға жүргізеді.

Жоспардан тыс нұсқауламаны еңбек қорғау бойыншаережелері технологиялық үрдістер өзгергенде немесе жабдықтарды, қосымша құралдарды, аспаптарды жаңалаған кезде, еңбек қорғау қауіпсіздігін жұмысшылардың бұзған кезінде, 30 күннен жоғары үзілістерде (қосымша еңбек қауіпсіздігі талаптарын қажет ететін жұмыстар үшін) және 60 күнтізбелік жұмыс күндерінде жүргізеді (қалған барлық жұмыс түрлері үшін).

Жоспардан тыс нұсқау жүргізу туралы ақпараттары жұмыс орнында журналға тіркелінеді.

Жоспардан тыс нұсқауды жұмыс басқарушы жеке-жеке немесе жұмыс орнында алғашқы нұсқау көлеміндегідей бір мамандық топтарына жүргізеді.

Арнайы нұсқау. Арнайы нұсқауды мамандықпенбайланысы жоқ (көтеру, шығару, алаңды тазалау, өндірістік кәсіпорыннан, цехтан тыс жерлерде бір реттік жұмыстарды атқаруда), төтенше жағдай, катастрофа, апат салдарын жою, өндірістік жұмыста наряд-рұқсаты және т.б. рұқсат құжаттары толтырылатын, сонымен қатар тәжірибеден өтуші оқушыларға өндірістік кәсіпорынды таныстыру (экскурсия т.б.) жұмыстарын жүргізген кезде өткізеді.

Басшылар мен инженерлі-техникалық қызметкерлердің білімін көтеру мен білімдерін тексеру еңбек қорғау бойынша


арнайы курстарда (семинарларда), білімін көтеру институттарында, ғылыми-зерттеу институттарындағы курстарда, сонымен қатар жоғары оқу орындарындағы білімін көтеру курстары мен факультеттерінде жүргізіледі.

Басшылар мен мамандардың еңбек қорғау бойынша білімдерін тексеру, оларды жаңа қызметке тағайындағаннан кейін бір айдан кем емес уақыт аралығында жүргізіледі, ал жұмыскерлер үшін – үш жылда бір рет жүргізіліп отырады.