Ақпарат түсінігі. Информатиканың пәндік аймағы ж/е міндеттері

«Ақпарат» термині латынның «informatio» - түсініктеме, баяндама, хабар басу деген сөзінен шыққан.

Ақпарат – белгілі бір (адам, жануар, зат, құбылыс) туралы таңбалар мен сигналдар түрінде берілетін мағлұматтар.

Ақпараттың негізгі қасиеттері: дәлдігі, толықтығы, бағалығы, қажеттілігі, анықтылығы, түсініктілігі.

Ақпарат түрлері: мәтін, сурет, фотобейне, дыбыстық сигналдар, электрлік сигналдары, магниттік жазба ж/е т.б.

"Информатика" термині француздардың informatique (ақпарат) ж/е automatique (автоматика) сөздерінен шыққан, оның мағынасы -"ақпараттық автоматика". Ағылшын тілнде - "Сomputer science“ термині қолданылады, сөзбе-сөз аудармасы "Компьютерлік ғылым".

Информатика – есептеу техникасы құралдарының көмегімен ақпаратты қабылдау, құру, сақтау, түрлендіру, өңдеу ж/е жеткізу тәсілдерін жүйеге келтіретін техникалық ғылыми пән. Информатика – ақпараттық процесстерді зерттейтін ғылым.

Пәндік аймақты келесі ұғымдар анықтайды:

-есетеу техникасы құралдарының аппараттық жасақтамасы;

-есептеу техникасы құралдарының программалық жасақтамасы;

-аппараттық ж/е программалық жасақтамалардың өзара әсерлесуі;

-адамның аппараттық ж/е программалық жасақтамалармен әсерлесу құралдары;

Информатиканың профильдік емес пән мамандықтары үшін негізгі міндеттері:

- ақпарат, ақпарат құрылымы мен қасиеттері, оны алу сақтау, өңдеу ж/е жеткізу әдістері туралы ұғымдарды беру;

-есептеу техникасының аппараттық ж/е программалық құралдарымен жұмыс тәсілдері мен әдістерін жүйелендіру;

Информатиканың профильдік пән мамандықтары үшін негізгі міндеттері:

- информатика мен есептеу техникасының базалық ұғымдары мен заңдылықтарын;

- информатиканың пәндік аймағы мен негізгі әдістерін;

- информатиканың даму тарихын;

- ақпаратты өндеуді автоматтандыруға негізделген жүйелерді құру тәсілдері мен әдістерін;

- аппараттық ж/е программалық жасақтамаларды басқау тәсілдері мен әдістерін;

- компьютерлік программаларды құру тәсілдері, әдістері мен құралдарын;

- ақпаратарды қорғау тәсілдерін жалпылау, қорғау әдістері мен құралдарын құру іскерлігіне үйрету болып табылады.


ДК жұмыс істеу қағидалары. Джон фон-Нейман қағидалары. Дербес компьютер архитектурасы. Негізгі блок/ы мен олардың атқаратын қызметі.

Джон фон-Нейман принципі:

1. Ақпарат екілік сан жүйесінде бейнеленеді ж/е оның бірлігі сөз д.а. Яғни, 0 мен 1 тұратын жиындар сандарды, командаларды ж/е т.б. ақпараттық объектілерді бейнелейді ж/е оларды сөздер деп атайды.

2. Әртүрлі типтегі ақпарат сөздері (сандар мен командалар) бір жадта сақталынады, олар бірдей кодталынады, бірақ оларды пайдалану өзгеше болады.

3. Ақпарат сөздері машина жадысының ұяшықтарына орналасады; әрбір ұяшыққа номер беріледі, ол номер сонда жазылған сөздің адресі деп есептелінеді.

4. Алгоритм командалар деп аталынатын басқарушы сөздердің тізбегінен тұрады; әрбір команда орындалатын амалдар мен оған қатысушы информациялық сөздерді анықтайды. Машина командалары арқылы құрастырылған алгоритмді программа деп атайды.

5. Есептеулердің орындалу тәртібі алгоритммен анықталып, командалардың тізбегімен (программамен) сипатталынады.

ДК архитектурасы деп компьютер бөліктерінің негізгі жиынтығы мен олардың арасындағы байланысты айтады.

ДК мына құрылғылардан тұрады: 1) Негізгі жады (есте сақтау құрылғысы); 2) Процессор; 3) Шеткі аймақтық құрылғылар

Негізгі жады ақпаратты сақтауға арналған. Ол өзі: оперативтік жад ж/е тұрақты жад деп екіге бөлінеді. ОЗУ – оперативтік жады;и ПЗУ – тұрақты жады

Оперативтік жадыға осы кезде қажетті ғана ақпарат сақталады. Компьютер өшкен кезде оперативті жадыдағы ақпарат өшеді. Компьютердің жұмыс істеу жылдамдығы оның оперативтік сыйымдылығына байланысты. Тұрақты жады ақпаратты оны дайындау барысында электрондық немесе механикалық әдіспен жазылады. Негізгі жады регистрлерден тұрады. Регистр – ақпаратты екілік кодта уақытша сақтайтын құрылғы. Регистрдегі еске сақтау құрылғысы – триггер деп аталады. Триггер деп 0 немесе 1 деген екі күйдің бірінде болатын құрылғыны айтады.

Процессор немесе микропроцессор

Бұл құрылғының негізгі атқаратын қызметі машина жадына келетін ақпаратты түрлендіру. Процессордың құрамында басқару құрылғысы, арифметикалық логикалық құрылғы, регистрлер болады. Процессор мен негізгі жады аналық платада орналасады.

Шеткі аймақтық құрылғылар.

Принтер: мәтінді немесе графикалық ақпаратты қағазға түсіру (матрицалық, лазерлік, сия бүріккіш).

Плоттер немесе график сызғыш: үлкен форматтағы графиктік мәліметтерді қағазға шығаруға арналған.

Сканер: графиктік немесе мәтіндік мәліметтерді компьютерге енгізуге арналған.

CD ROM: компакт дискілерді оқуға арналған құрылғы.

Модем: телефон желісі арқылы басқа компьютерлермен ақпарат алмасуға арналған құрылғы.

Стример: мәліметтерді магниттік лентада сақтауға арналған.

Желілік адаптер: компьютерді жергілікті желіде қолдануға мүмкіндік береді.

IBM PC компьютерлері 3 блоктан тұрады:

1-блок жүйелік блок;

2-блок мәтіндік ж/е графикалық ақпаратты бейнелейтін монитор немесе дисплей;

3-символдарды енгізуге арналған пернетақта;

Жүйелік блок құрамы: Микропроцессор, оперативті жады, аналық плата, қоректену блогы, қатқыл диск, ж/е т.б.

Мәтіндік ж/е графикалық ақпаратты шығару үшін монитор немесе дисплей қолданылады.