Кәмелетке толмағандардың ісін сотта қараудың ерекшеліктері

Кәмелетке толмағандардың ісін сотта карау соттың алғашқы сатысында, сот тындауы кезінде сот отырысына қатысушылармен қаралады. Бұл сатыда сот ҚР КДЖК-нің 307-бабына сәйкес кәмелетке толмағандардың ісін қысқартуға және оларға тәрбиелік мәндегі іс-шаралар қолдануға құқылы.

Басты сот талқылауының отырысына кәмелетке толмаған сотталушылардың ата-аналары мен өзге де занды өкілдері келуі тиіс. Олардын сот тергеуінде дәлелдерді зерттеуге қатысуға, айғақтар беруге, дәлелдер келтіруге, өтінімдер мен қарсылық білдіруге, соттың іс-әрекеттері мен шешімдеріне шағымдар жасауға, істі апелляциялық тәртіппен қараушы соттың отырысына қатысуға және шағымдарға түсіндірмелер беруге құқығы бар. Көрсетілген құқықтар оларға сот талқылауының даярлық бөлігінде түсіндірілуі тиіс.

Занды өкілдер сот отырысының залында бүкіл сот талқылауы бойы болады. Қажет жағдайда олардан сот куәгерлер ретінде жауап алынуы мүмкін. Заңды өкіл соттың дәлелді қаулысымен, егер оның іс-әрекеті кәмелетке толмаған сотталушының мүдделеріне залал келтіреді немесе істі объективті қарауға кедергі келтіруге бағытталған деп санайтын негіздер болса, сот талқылауына қатысудан шеттетілуі мүмкін. Бұл жағдайда кәмелетке толмаған сотталушының басқа занды өкілі жіберіледі.

Кәмелетке толмаған сотталушының занды өкілінің келмеуі, егер сот оның қатысуы қажет деп таппаса, істі қарауды тоқтатпайды.

Іске қорғаушының қатысуы міндетті. Кәмелетке толмаған сотталушының занды өкілі қорғаушы немесе азаматгық жауапкер ретінде іске қатысуға тартылған болса, ол процеске аталған қатысушылардың құқығына ие және міңдеттерін орындайды (ҚР ҚІЖК 492-бап).

Қорғаушының немесе занды өкілдің өтініші бойынша, сондай-ақ өзінің бастамашылығы бойынша сот тараптардың пікірін ескере отырып өзінің қаулысымен кәмелетке толмаған сотталушыны оған теріс әсер етуі мүмкін мән-жайларды зерттеу уақытында сот отырысының залынан шығаруға құқылы.

Кәмелетке толмаған сотталушы сот отырысының залына қайтып оралған соң төрағалық етуші оған оның болмаған кезінде өткен талқылаудың мазмұнын қажетті көлем мен нысанда хабарлайды және кәмелетке толмағанға өзінің жоқ кезінде жауап алынған адамдарға сұрақ қою мүмкіндігін береді (ҚР КДЖК 493-бап).

Кәмелетке толмағанға үкім шығару кезінде сот ҚР ҚІЖК 371-бабында аталған мәселелерменен бірге бас бостандығынан айыруға байланысты жоқ шартты соттау, жаза тағайындау туралы және ҚР Қылмыстық кодексінің 80, 81, 82-баптарында көзделген жағдайларда жазадан босату туралы мәселені талқылауға міндетті.

Бас бостандығынан айыруға байланысты жоқ шартты соттау, жаза шараларын қолдану, кәмелетке толмағандарға арналған арнаулы тәрбие беру немесе емдеу мекемесіне орналастыру не тәрбиелік ықпал етудің мәжбүрлеу шараларын қолдану жағдайларында сот бұл туралы мамандандырылған мемлекетгік органға хабарлайды және оған сотталушының мінез-құлқына бақылау жасауды жүзеге асыруды жүктейді (ҚР ҚІЖК 494-бап).

Соңында, егер кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмыс туралы іс бойынша осы қылмысты жасаған кәмелетке толмаған қылмыстық жаза шарасын қолданусыз түзелуі мүмкін деп танылса, сот айыптау үкімін шығара отырып, кәмелетке толмаған сотталушыны жазадан босатуға және оған Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 82-бабында көзделген тәрбиелік ықпал етудің мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқылы. Үкімнің көшірмесі мамандандырылған мемлекеттік органға жіберіледі (ҚР ҚІЖК 495-бап).

3.Артықшылықтары мен қылмыстық ізге түсуден иммунитеттері бар адамдар - бұлар сот процесінде ерекше адамдар, Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры, судьялар бұлар жөнінде ҚР ҚІЖК-нің 53-тарауында айтылған.

Иммунитет, латын тілінен алынған - аударғанда қандай да бір міндеттен босату деген мағына береді. С.И.Ожеговтың сөздігінде иммунитет сөзі кейбір адамдарға жалпы заңдарға бағынбайтын ерекше заң деген мағына берілген, ал дипломатиялық иммунитет дегеніміз жеке басына, қызмет орнына, үй-мүлкіне қол сұғуға болмайды дегенді білдіреді. «Привилегия» - айрыкша құқық, жеңілдік.

Иммунитеттері және айрықша құқығы бар адамдарға қылмыстық ізге түсу бойынша іс жүргізудің ерекше тәртібі мына адамдарға жүргізіледі:

-Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжіліс және Сенат депутаттарына;

-Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы мен мүшелеріне;

- Қазақстан Республикасының қылмыстық жүйедегі барлық судьяларға;

- Қазакстан Республикасының Бас Прокурорына;

- шетел азаматтарының кейбір категорияларына.