Алалық, аудандық, жергілікті органның тергеу бөлімінің (бөлімшенің) бастығының құзыреті

ҚПК-де белгіленген құзыретіне сәйкес тергеу бөлінісінің басшысы қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арызды және басқа да себептерді СДТБТ- (сотқа дейінгі тергеп- тексерүдің бірынғай тізіміде) тіркеу үшін сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғанға тергеушіге дереу тапсыруды қамтамасыз етеді.

Тергеушіге СДТБТ-де себепті тіркеу, қылмыстық істі өзінің өндірісіне қабылдау, оқиға орнын қарап тексеру, кейінге қалдырылмайтын жедел-іздестіру іс-шараларын, тапсырмаларды, нүсқауларды орындаудың нақты мерзімдерін белгілей отырып, тергеу әрекеттерінің келісілген жоспарын дайындау және заңды процестік шешім қабылдау жүктеледі.

Келісілген жоспар қылмыстық құқық бұзушылықты тергеудің барлық кезеңдерін қамтиды және оған:

- тергеу және іздестіру болжамдары;

- тексеру үшін анықтауға жататын деректері;

- тергеу амалдарының тізбесі;

- жедел жолмен анықтауға жататын мән-жайлары;

- мерзімдер мен орындаушылар кіреді.

Жоспар өзгертіліп, толықтырылуы мүмкін, оны түзету бастамасы, тергеушіге де, жедел жұмыскерге де тиесілі.

Атап кету керек, ҚПК-нің 60-бабының 3-тармағына сәйкес тергеуші істің мән-жайларын жан-жақты, толық және объективті зерттеуге барлық шаралар қабылдауға, қылмыстық құқық бұзушылық жасағанын көрсететін жеткілікті дәлелдемелер жиналған адамды күдіктінің әрекетін саралау, оған бұлтартпау шарасын таңдау, қылмыстық құқық бұзушылықтың мән-жайларын баяндап, жиналған дәлелдемелерді сипаттай отырып, айыптау актісін құру арқылы қылмыстық қудалауды жүзеге асырады. Көзделген жағдайларда прокурорды процестік келісімді жасасуға мүмкіндік беретін мән-жайлардың анықталғаны туралы хабардар етеді

Үкімнің азаматтық талап қою, басқа да мүліктік өндіріп алулар немесе мүлікті ықтимал тәркілеу бөлігінде орындалуын қамтамасыз ету мақсатында тергеуші күдіктінің немесе оның әрекеттері үшін заң бойынша материалдық жауаптылықта болатын тұлғалардың мүлкін анықтау үшін шаралар қолданады. (ҚПК-нің 60-бабының 4-тармағы). Қылмыстық істер бойынша тергеп-тексеру жүргізген кезде тергеуші қылмыстық жолмен табылған не қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынған, басқа тұлғалардың меншігіне берілген мүлікті анықтау үшін де шаралар қолданады (ҚПК-нің 60-бабының 5-тармағы). Атап көрсету керек, тергеуші оқиға орнын қарауды жеке жүргізеді және оның сапасы үшін дербес жауапты.

Тергеушілердің қылмыстық құқық бұзушылықтарды тергеу кезінде ішкі істер органдарының басқа қызметтерімен өзара іс-қимыл жасасуы келісілген жоспарлаудың, өзара ақпаратпен алмасудың, тергеушінің ұйымдастырушы рөлі жағдайында әрбір қызметтің құзыретін нақты шектеу негізінде қылмыстық-процестік заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.

Тергеуші қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында:

- барлық жағдайларда әкімшілік полицияға белгіленген тәртіпте есепке алуға жататын жасөспірімдер туралы ақпарат жолдайды;

- бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халық арасында құқықтық насихаттауды жүргізуге қатысады;

- қылмыстық іс бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен мән-жайларды анықтап, тиісті мемлекеттік органдарға, ұйымдарға немесе оларды басқару функцияларын атқаратын адамдарға осындай мән-жайларды немесе басқа заң бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдау туралы ұсынымдарды енгізеді.

Ұсыным бір айлық мерзімде қабылданған шаралар туралы міндетті түрде хабарлай отырып, қарауға жатады (ҚПК-нің 200-бабы). {15}

Тергеу процесінде ішкі істер органдары жұмыскерлерінің қызметтік жұмысында кемшіліктер анықталған жағдайда тергеуші тиісті бастыққа ұсыным жолдайды.

Тергеушіге ішкі істер органдарының тергеуіне жататын қылмыстық құқық бұзушылық жасауда күдікті адам жеткізілген жағдайда ол ҚПК-нің 180-184-баптарында көзделген сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталуына себептердің және осы адамды ҚПК-нің 128-бабының тәртібінде ұстау негіздерінің бар-жоғын тексереді және тиісті шешім қабылдайды.

Қылмыстық істі ақтайтын негіздер (қылмыс оқиғасы, құрамы болмағандықтан) бойынша қысқартудың себебі бойынша тергеу барысында қамаудағыны, айыпталушыны қамаудан босату немесе ақтау үкімін шығарған кезінде қалалық, аудандық, желілік орган бастығының тергеу жөніндегі орынбасары, тергеу бөлімінің, бөлімшенің, тобының бастығы, топтың аға тергеушісі 24 сағат ішінде ІІД-КІІД-нің Тергеу басқармасы арқылы ІІМ Тергеу департаментіне арнайы ақпарат жолдайды.

Қылмыстық-процестік заңнаманы бұзудың өрескел фактілері қалалық, аудандық, желілік органның жедел кеңесінде міндетті қарауға жатады.