ПӘН БОЙЫНША ДӘРІС САБАҚТАРЫНЫҢ МАЗМҰНЫ. Мамандық (тар) 5В050300-Психология

КЕҢЕС БЕРУ ПСИХОЛОГИЯСЫ» ПӘНІНЕН АРНАЛҒАН ЛЕКЦИЯ ЖИНАҒЫ

Мамандық (тар) 5В050300-Психология

(шифр және атауы)

Дайындық бағыты (мамандандыру)Психология мамандықтарына

МодульМ 01ПСХ Кредит саны(KZ/ECTS) :3

(номер)

Модуль пәндері (семестрде оқытылатын пәннің аты және көлемі – кредит саны):

«КЕҢЕС БЕРУ ПСИХОЛОГИЯСЫ»

Маман дайындап шығаратын кафедра: «Психология және педагогика»

Модульбойынша лекция жинақтарына жауаптыкафедралар: «Психология және педагогика»

Модульбойынша лекция жинақтарына жауаптыоқытушылардың аты.жөні, әкесінің аты:

1. ___Момынова С.Н.____________ (1-ші комп.) e-mail:___________________

2. ___Абдібаева Г.М._______________ (2-ші комп.) e-mail:___________________

Тараз 2014 ж


Модульдің құзыреттілігі (формуляр номері) Құзыреттілік талаптарын меңгеру үшін пәнді оқытудың жоспарланған қажетті нәтижелері Бақылау түрі (бағалаушы құрал), сабақтың нөмірі және түрі.
ЖҚ-1.1 Гуманитарлық жаратылыстану ғылымдарының маңызды даму кезеңдерін білу қажет, кәсіби лексиканы білу және өзінің әрекетінде оны сауатты пайдалана алуы тиіс. Дәріс-1-2
ЖҚ-1.2 Өзінің кәсіби іс-әрекетінде әлеуметтік-гуманитарлық ғылым салаларының түрлі ерекшеліктерін қолдану. Дәріс 2
ЖҚ-2.1 Әлеуметтік білгірлік талаптарына сай оқыту және әлеуметтік коммуникацияның тәсілдерін игеру, кәсіби психологиялық қарым-қатынас дағдыларына ие болу. Дәріс 3
КҚ-1.1 Психология ғылымының дамуындағы қазіргі тендециялар мен білімдерді жариялау, психологиялық білімдердің құрылу кезеңдерін, дағдарыстарды, парадигмалық мінез-құлықтардың психологиялық дамуын білуі тиіс. Психодиагностиканың әдістеріне және диагностика ретінде практикалық психологтың әрекеттеріне қойылатын талаптарды меңгерту. Дәріс 4
КҚ-1.2 Психологиялық кеңес беруге оқыту адамға психологиялық көмек берудің формасы ретінде психолог- маман даярлау қажеті болып табылады. Сондықтан психологиялық кеңес беру, психодиагностикамен қатар психологиялық тәжірибенің кең тараған формасымен таныстыру, үйрету. Дәріс 5-7
КҚ-2.1 Психологиялық кеңес берудің өзінің жеке және арнайы мағынасынан басқа, кеңес беруде барлық психотехникалық жұмыстың негізі ретінде жалпы мағыналарды меңгеру. Жас өспірімдердің мамандық бағдарымен де, менеджердің тренингі болып та, отбасы және топтық психотерапиямен де, бір сөзбен айтқанда, басқа психотехникалық тәжірибемен айналысу дағдыларын меңгерту. Дәріс 8-10
КҚ-2.2 Клиентте пайда болған мәселені шешуге жедел көмек көрсету; - Мәселені шешу барысында біреудің қатысынсыз өздігінен шешуге көмек көрсету; - Клиентке уақытша көмек көрсете білу, мысалға клиент депрессияға ұшыраған кезде көрсетіледі; - Клиент өз мәселесін түсіну барысында оны шешуге дайын, бірақ сәл өз-өзіне сенімсіздік танытқан кезде кәсіби және моральдық қол ұшын беру білімдерімен кеңейту. Дәріс 11-12
КҚ-2.3 Психологиялық кеңес беруде қолданылатын процедуралар мен техникаларды меңгерту. Кеңес беру жұмысының процедуралары жайлы ақпарат беру. Психологиялық кеңес берудегі психодинамикалық бағыт, гуманистіктік бағыт пен гештальттерпия, Адлер теориясы мен бағыттары туралы теориялық білімдерін практикамен ұштастыра отырып байланыстыру, бекіту.     Дәріс 13-15

Пән бойынша оқытудың жоспарланған нәтижелері мақсатқа жетуді нактылап көрсетуді талап етеді. Нәтижесі 4.1, 4.2 және 4.3 бөлімдерінің мазмұнында ашылады.

ПӘН БОЙЫНША ДӘРІС САБАҚТАРЫНЫҢ МАЗМҰНЫ

№ апта Дәрістің тақырыбы мен тақырыпшалары (4.1, 4.2, 4.3 кестелер бірігуі мүмкін) Акад. сағаттар саны   Әдебиеттер (бет тері көрсетілсін)
    күндізгі сырттай  
Психологиялық кеңес беру пәні. Тарихы.
  1. Психологиялық кеңес беру пәніне жалпы сипаттама.
  2. Кеңес беру пәнінің тарихы
 
1,5   Н.ә-4 Қ.ә- 6
Психологиялық кеңес беру процесі.МП
  1. Психологиялық кеңес беру пәнінің зерттеу обьектісі
  2. Психологиялық кеңес беру пәнінің мақсаттары мен міндеттері
  3. Психологиялық кеңес беру пәніне қойылатын талаптар
   
1,5   Н.ә-3 Қ.ә- 6
Психология кеңес беру жұмысының тәртібі
  1. Психологиялық кеңес беру пәнінің тәртібі
  2. Кеңес беруші психологтың жеке ұйымдастыру жұмысы
   
1,5   Н.ә-5 Қ.ә- 3
Психологиялық кеңес беруде қолданылатын процедуралар мен техникалары
  1. Кеңес беру жұмысының процедуралары
  2. Кеңес беру жұмысының техникалары
 
1,5   Н.ә-6 Қ.ә- 5
Психологиялық кеңес берудің кезеңдері
  1. Психологиялық кеңес беру кезеңдері
  2. Психологиялық кеңес беруде Филипп Бурнард құрылымы
 
1,5   Н.ә-1,2,.5 Қ.ә- 1,5.
Психологиялық кеңес, коррекция және психотерапия 1. Психотерапия ұғымы. 2. Консультация ұғымы. 3. Психокоррекция ұғымы.   1,5   Н.ә-1,3,11 Қ.ә- 1.4.
Психоаналитикалық консультация 1. Сұхбаттасу тәсілдері. 2. Консультант позициясы.   1,5   Н.ә-1,3,11 Қ.ә- 1.4.
Психологиялық кеңес берудегі психодинамикалық бағыт 1. Психодинамикалық бағыттың даму тарихы, оның іргетасын қалаушылар. 2. Психодинамикалық теория. 3. Психоаналитикалық консультация.   1,5   Н.ә-2,3,5. Қ.ә- 3,6.
  Психологиялық кеңес берудегі бихевиористік бағыт
  1. Психологиядағы бихевиористік бағыт.
  2. Бихевиористік теория мен тәжірибнің маңызы
  3. Психолог бихевиористің қолданатын технологиялары
 
1,5   Н.ә-6 Қ.ә- 3
Психологиялық кеңес берудегі гуманистіктік бағытпен гештальттерпия 1. Гуманистік психологияның пайда болу тарихы. 2. Гуманистік психология концепциялары. 3. Гуманистік психология негізігі консультация принциіптері.     1,5   Н.ә-1.5. Қ.ә- 3
Психологиялық кеңес берудегі Адлер теориясы мен бағыттары 1. Психологиялық кеңес беруде Адлерлік теориясы 2. Психотерапия жайлы Адлер теориясы. Техникалары.     1,5   Н.ә-1.6. Қ.ә- 2.4.
Консультант және клиент. Консультант позициялары, типтері және кәсіби даярлығы 1. Психологиялық консультациядағы позициялар 2. Психологтың кәсіби қасиеттері 3. Супенревизор міндеттері   1,5   Н.ә-4.5. Қ.ә- 3,6.
Ойын – психотерапияның жетекші бағыты. Арт терапия. 1. Психологиялық кеңес беру психотерапиямен байланысы 2. Арт терапия. Арттерапияның кеңес беру жұмысындағы маңызы 1,5   Н.ә-3 Қ.ә- 4
Отбасы терапиясы. Отбасы мүшелеріне кеңес беру техникасы.
  1. Психологиялық кеңес беруде отбасы терапиясы
  2. Отбасы мүшелеріне кеңес беру техникасы
 
1,5   Н.ә-6 Қ.ә- 4
Психологиялық-педагогикалық кеңес беру. Кеңесберудің басқада түрлері.
  1. Психологиялық-педагогикалық кеңес беру.
  2. Психологиялық кеңес берудің басқада түрлері
 
1,5   Н.ә-6 Қ.ә- 3

1 Дәріс. Кіріспе

Жоспары:

  1. Психологиялық кеңес беру пәніне жалпы сипаттама
  2. Психологиялық кеңес беру пәнінің басқа пәндерімен байланысы.

Психологиялық кеңес беру - маман психологтың қажет еткен мамандарға тікелей кеңес немесе ұсыныс ретіндегі психологиялық көмекпен байланысты практикалық психологияның ерекше саласы. Кеңес беру адамның өзімен тығыз байланысты, әр түрлі күрделі психологиялық мәселелерді шешуге бағытталған, ұйымдастырылған әңгіме.

Психологиялық кеңес беруге оқыту адамға психологиялық көмек берудің формасы ретінде психолог- маман даярлау қажеті болып табылады. Сондықтан психологиялық кеңес беру, психодиагностикамен қатар психологиялық тәжірибенің кең тараған формасы. Психологиялық кеңес берудің өзінің жеке және арнайы мағынасынан басқа, кеңес беруде барлық психотехникалық жұмыстың негізі ретінде жалпы мағыналар бар. Бұл негізсіз, жас өспірімдердің мамандық бағдарымен де, менеджердің тренингі болып та, отбасы және топтық психотерапиямен де, бір сөзбен айтқанда, басқа психотехникалық тәжірибемен айналысу мүмкін емес.

  1. Қолданылған әдебиеттер
  2. Ахтаева Н.С., Әбдіғаппарова А.І. Әлеуметтік психология. - Алматы.: Қазақ университеті, 2007
  3. Бакли Р., Кейпл Д. Теория и практика тренинга.- Питер, 2002
  4. Головин С.Ю. Словарь психолога-практика – Минск., 2001
  5. Дружинин В.Н. Психология – Питер; 2002.
  6. Дубровина И.В. Рабочая книга школьного психолога.М осква.: Просвещение,1991

2 Дәріс. Психологиялық кеңес беру процесі.

Жоспары:

  1. Психологиялық кеңес беру пәнінің зерттеу обьектісі
  2. Психологиялық кеңес беру пәнінің мақсаттары мен міндеттері
  3. Психологиялық кеңес беру пәніне қойылатын талаптар

Кеңес беру психологиясы келесі мақсаттарды көздейді

- Клиентте пайда болған мәселені шешуге жедел көмек көрсету;

- Мәселені шешу барысында біреудің қатысынсыз өздігінен шешуге көмек көрсету;

- Клиентке уақытша көмек көрсете білу, мысалға клиент депрессияға ұшыраған кезде көрсетіледі;

- Клиент өз мәселесін түсіну барысында оны шешуге дайын, бірақ сәл өз-өзіне сенімсіздік танытқан кезде кәсіби және моральдық қол ұшын беру;

- Нағыз психологиялық кеңесті қажет ету кезінде клиентке яғни ол шыныменде маңызды және ұзақ психокоррекциялық немесе психотерапевтік көмекке мұқтаж екенін айта отырып көмек көрсету;

Кеңес беру психологиясы келесі мінедеттерді атқаруы тиіс

- Клиентте пайда болған мәселені анықтау;

- Онда пайда болған мәселенің маңыздылығы жайлы ақпарат беру;

- Мәселені клиенттің өзі шешуге қабілетті ма соны зерттеуғ

- Мәселені жақсы жағынан шешу үшін нақты кеңестер мен ұсыныстар беру;

- Болашақта болатын мәселені қалай ескерту керек екендігіне үйрету, оқыту;

- Өмірге қажетті психологиялық білім мен дағдыға және арнайы психологиялық дайындықсыз дұрыс шешімдер қабылдауға икемдеу.

Психологиялық кеңес беруге қойылатын талаптар

Кеңес беруші психолог келесі ережелерді сақтауы тиіс.

- Кеңес беруші психолог кәсіби іс-әрекетінде клиент алдында өзінің берген ұсыныстарымен ерекше жауапкершілікте болу керек;

- Кеңес беруші психологтың тәжірибелік іс-әрекеті моральдық-этикалық және заңдық негізге сай болу керек;

- Кеңес беруші психологтың іс-әрекеті гумандық мақсатта бағыт алу керек;

- Өзінің жұмысын клиенттің жеке өмірі мен. Тұлғалығын сыйлай отырып жүргізу керек;

- Кеңес беруші психолог клиентпен жұмыс барысында шынайылықты ұстану керек;

Кеңес беруші психологта келесі қасиеттер болуы керек.

- Эмпатияға қабілеттілігі;

- Ашықтылығы клиентті түсіну мақсатында оның ішкі жан дүниесіне кіріп, оның эмпатиялық сезімін оята отырып, өзінің жеке сезімін айтып, оны өзі үшін ашық ету;

- Өзінің жеке қамқорлығын көрсетіп, жест мимика әдістерін пайдалану;

- Мейірімділігі. Мейірімді эмоциялық қатынас көрсете алуы;

- Клиентке сене білу;

- Оптималды психологиялық арақашықтықты ұстану

- Көңілдендіре алуы, оның бойына өз-өзін өзгертуге сенімділік ұялату.

  1. Қолданылған әдебиеттер
  2. Ахтаева Н.С., Әбдіғаппарова А.І. Әлеуметтік психология. - Алматы.: Қазақ университеті, 2007
  3. Бакли Р., Кейпл Д. Теория и практика тренинга.- Питер, 2002
  4. Головин С.Ю. Словарь психолога-практика – Минск., 2001
  5. Дружинин В.Н. Психология – Питер; 2002.
  6. Дубровина И.В. Рабочая книга школьного психолога.М осква.: Просвещение,1991