Психологиялық зерттеудің негізгі әдістерінің өзарабайланысын көрсетіңіз

Ғылыми психология дамуды жеке адамның бүкіл өмір сүру процесінің негізі тәсілі ретінде қабылдайды. Психология ғылымы үшін даму принципі ерекше маңызға ие, себебі оның зерттейтің объектісі психика - өзінің аса үлкен динамизмімен сипатталады. Барша психикалық болмыс нақты даму процесінде пайда болады, жасайды және өзгереді (Б.Ф. Ломов).

Психологияда адамның психикалық ерекшеліктерін зерттейтін бірнеше әдістер бар. Олардың бір тобы негізгі әдіс, екінші тобы қосалқы әдіс деп аталынады.

Негізгі әдістер.

1.Байқау әдісі.

Белгілі жоспар бойынша жүйелі түрде біраз уақыт бойына зерттелуші адпмның психикалық ерекшеліктерін қадағалауды байқау әдісі деп атайды. Байқау табиғи жағдайда, зерттелінуші адамның әрекетіне әдейі араласпай-ақ жүргізіледі. Осы әдіс арқылы зерттелінушінің мимикасын, сөз реакцияларын, түрлі қозғалыстарын, міңез-құлқын, жалпы әрекетін байқауға болады.

Байқау әдісінің нәтижелі болып шығуы үшін қолданылатын қажетті кейбір шарттар:

байқаудың ұзақ уақыт бойына жүргізілуін және бір фактінің өзі бірнеше рет қайталанып зерттелінуін қамтамасыз ету;

зерттелетін объектіні айқын белгілеу және байқаудың мақсатын түсіне білу қажет;

байқалған фактілерді сол сәтте жазып отыру, басты фактілерді

іріктеп алу.

Байқау әдісінің кейбір кемшіліктері бар. Біріншіден, зерттеуші мұнда өзіне керек құбылыстарды әп-сәтте зерттеп алмайды да, көп уақытын жіберіп алады. Екіншіден, байқауды әр уақытта ойлағандай ұйымдастыруға жағдай болмай да қалады.

2) Тәжірибе.

Тәжірибе жасауда зерттеуші өзіне қажетті жан қуаттарының көлденеңнен кез болуын күтіп тұрмай, сол процестің тууына өзі жағдай жасайды. Психологияда тәжірибе лабораториялық және табиғи болып бөлінеді.

Неміс ғалымы В. Вундт психологияны тәжірибелік жолмен зерттеудің негізін салды, тұнғыш рет лаборатория ашты. Психологтар алғаш рет көру, есту, иіс түйсіктерін зерттеу үшін тәжірибені пайдаланды. 80-ші жылдары ес құбылыстарын зерттеу лабораторияда тұнғыш жүргізіле бастайды. Арнаулы әдістер қолдану арқылы жаттап алудың тездігі мен дәлдігі, ұмытудың жылдамдығы т. б. өлшенілді. Орыс психологы Н. Ланге эксперимент әдісімен зейін мен қабылдауға зерттеу жүргізді. 90-шы жылдарда француз психологы А. Бине алғаш рет ойлау процесіне тәжірибе жасады.

Тәжірибе жүргізу үшін арнаулы лабораториялық құралдар қажет. Мысалы, психикалық процестердің пайда болу шапшаңдығын өлшеу үшін – хроноскоп, тері түйсігінің сезгіштігін байқау үшін – эстезиометр, зейінің көлемін анықтау үшін – тахистоскоп, естуді өлшеу үшін – аудиометр т. б.Лабораторияда жүргізілетін эксперименттің нәтижелілігі төмендегі жағдайларға байланысты:

1. Байқалатын объекті жөнінде эксперимент жүргізушінің күн ілгері болжамының (гипотезасының) болуы тиіс;

2. Тәжірибе түріне лайықты жұмыс жағдайын жасау;

3. Тәжірибені күн ілгері белгіленген жоспар бойынша, арнаулы әдістемеге сай жүргізу;

4. Бір құбылысты бірнеше рет тексеруден өткізіп, оларға сандық және сапалық жағынан дербес талдау жасау;

5. Алынған мәліметтерге байланысты негізгі және ішінара қорытындылар шығару.

Табиғи экспериметті психологияға тұнғыш еңгізген орыс психолог А.Ф. Лазурский. Мұнда тәжірибе жүргізуші өзіне керек құбылысты табиғи жағдайда тұдырып отырады. Егер оқушылардың ойлауын, сезімін, еркін зерттеу керек болса, психолог қандай болмасын әрекет ұйымдастырады.

Қосалқы әдістер:

· Әңгемелесу әдісі арқылы психолог белгілі жоспар

бойынша зерттелінуші адамның жас және дара ерекшелігіне, білім көлеміне қарай күні бұрын әзірленген сұрақтар қояды.Әңгіме көбінесе жанама түрде ұйымдастырылады, мұнда сөйлесу әдісіне ерекше мән беріледі;

· Анкеттік әдіс арқылы кісі күні бұрын бланкіге жазылып '

қойылған сұрақтарға жазбаша жауап береді. Осы әдіспен әр түрлі топ ұжымының психологиялық өзгешеліктері зерттелінеді;

· Сұхбат барысында сұрақ қоюшы респондентпен әңгімелеседі, зерттеуді белгілі сұрақтың айналасында, арнаулы жоспар бойынша жүргізеді;

· Тест әдісі балалардың білімі мен икемділігі, бейімділігі, жалпы ақыл-ойының даму дәрежесі, жекелеген жан қуаттарының дамып, қалыптасуы жөнінен мағлумат алуға көмектеседі. Тест арқылы бала өз жасына қарағанда дұрыс дамыған ба, не оның дамуында өз кезеңінен ауытқушылық барма деген сауалдарға жауап алынады.