Тіл біліміндегі әлеуметтік бағыт

Когнитология және когнитивті лингвистика

Тілдік және мәдени коммуникация

ЕМТИХАН БИЛЕТІ

1. «Тіл туралы жаңа ілім» бағыты. Компаративтік тіл білімін ығыстырып, оның орнына келген жаңа бағыт кеңес тіл білімі тарихында «Тіл туралы жаңа ілім» немесе «Яфет тіл ғылымы» деп аталады. Бұл бағыт өкілдері маркстік-лениндік идеяны басшылыққа алды. Мұны қалыптастырушы иберий-кавказ тілдерінің маманы –Н.Я.Марр. Ол бастапқыда бұл тілдердің туыстық төркінін, олардың семит тілдерімен байланысын зерттеп, өз теориясын «яфет теориясы» деп атады. Кейін ол «Тіл туралы жаңа ілім» деген атпен ауыстырылды. Н.Я.Марр қалыптастырған тіл туралы ілімнің өзіндік жүйесі, концепциялары болды. Бұл концепциялардың қай-қайсысы да қоғам жөніндегі ілімнің мәніне жете түсінбей, оны тіл мәселелеріне теріс қолданудан туған жаңсақ қорытындылар еді. Бірақ осы қате тұжырымдар 1950 жылға дейін отан тіл білімінде үстем болып келді. Кеңес тіл ғалымдары өз зерттеулерінде оларды басшылыққа алуға міндетті саналды.

2. ХІХ ғасыр лингвистикасы. Тіл білімі тарихындағы түрлі ағымдардың тууына себеп болған басты нәрсе – тілге берілген анықтамалар, тілдің тууы, дамуы төңірегінде болды. Осыған байланысты тіл білімі тарихында ХІХ ғ.түрліше ағымдар мен бағыттар, мектептер қалыптасты. ХІХ ғ. алғашқы онжылдығында тіл білімі дамуының жаңа дәуірі тілді дамып, өзгеріп отыратын тарихи құбылыс деп танудан, тілдер өзара туыстас, төркіндес болады деп біліп, сол заңдылықтарды ашуға, зерттеуге салыстырмалы тарихи әдісті қолданудан басталды. Салыстырмалы-тарихи тіл білімінің негізін салушы Ф.Бопп. ХІХ ғ. тіл білімінде логикалық, психологиялық, натуралистік бағыттар мен жас грамматистер мектебі, Мәскеу лингвистикалық мектебі, Қазан лингвистикалық мектептері тіл білімі ғылымының дамуына қызмет етті. Логикалық бағыттың негізгі мақсаты-ойлаудың танытқыштық қызметін, логикалық категориялар мен тілдік категориялар арасындағы қатынасты зерттеу, тілдік категориялардың логикалық сипатын айқындау болды. Психологиялық бағыттың мақсаты-тіл ғылымындағы логикалық және формальды бағыттар мен мектептерге қарсы болу, психологияны әдістемелік ретінде тану, тілдің нақты қызметтері мен жұмсалуын зерттеу. ХІХ ғ. ортасында бұл бағытты қалыптастырған Берлин унив. проф. Г.Штейнталь болды. Натуралистік бағыттың көрнекті өкілі – А.Шлейхер. Натурализм жеке ағым ретінде ғылымда ХІХ ғ. 2-жартысында Дарвин ілімінің әсерінен пайда болды. «Дарвин теориясы және тіл білімі» атты еңбегінде А.Шлейхер тілді тірі ағза деп танып, ол туады, жетіледі, дамиды, қартаяды, өледі деп тұжырымдайды. Жас грамматистер бағыты ХІХғ. 70-ж. қалыптасты. Олар «тіл-адам баласы мәдениетінің жемісі, тілдің өмір сүруінің негізгі формасы – дара тіл» деп, тіл тарихын психология тұрғысынан түсіндіріп, тілге дұрыс анықтама бере алмады. Мәскеу лингвистикалық мектебін ХІХғ. 70-80 ж. Мәскеу университеті ғалымдары қалыптастырды. Негізгі өкілі – Ф.Фортунатов. Индивидуалдық психологизмді өздерінің әдіснамалық негізгі ұстанымы деп санады. Қазан линг.мектебі ХІХ ғ.аяғында п.б. Өкілі – Б.де Куртенэ. Ол жас грамматистерді қолдады. Дегенмен, ол екінші жағынан, «тілде даралықпен қатар жалпылық та болады, бұл екеуі бірлікте» дейді. Олардың тағы бір көтерген мәселесі тілдің статикалық және динамикалық күйі деген мәселе.

3. Функционалды стилистика, зерттеу нысаны, мәселелері.Функционалды стилистика қандай да бір байланыс саласындағы коммуникативті міндетке тәуелді тіл қызметінің заңдылығын зерттейтін ғылым. Ол бәрінен бұрын функционалды стильдердің айтылу жүйелігі мен өзіндік қызметі және өзге де функционалды‑стильдік ерекшеліктерді, яғни «стиль ішіндегі» жанрлық жағдаяттарды қарастырады. Оның міндетіне тілдің жеке стилистикалық мүмкіндіктерін қарым‑қатынас мақсаты мен міндетіне, мазмұн сипатына, ойлау формасына және әрбір әлеуметтік саладағы қарым‑қатынастың жағдаяттық ерекшелігіне байланысты зерттеу жатады. Оның нәтижесінде сөйлеу тілі (сөйлеу жүйелігі) ұйымдастырылады. Сөйлеу формаларының өзгерісі мәтіндегі баяндау формаларына динамикалық сипат береді. Жазушы сөйлеу формалары арқылы шығармада баяндалатын жайларға қандай мән беретінін байқатып, бірде оқиғаны өмірдің өзіндегідей кең, толықтай бейнеленсе, бірде жалпылама сырғыта сипаттайды. Жалпы стилистиканы зерттеудің әдіс‑тәсілдері екі топқа бөлініп қарастырылады: бірі теориялық таным әдістері, екіншісі теориялық‑практикалық әдістер. Стилистиканы қарастырудың тілдік теориялық әдістері: әңгіме, баяндау, түсіну, көркемдік элементтердің қызметін ашу, т.б. пайдаланылады. Тілдік материалдардың ерекшеліктерін таныту бағытында сөйлем мен мәтіндерге жан‑жақты талдау жүргізу, сөйлемдердің ішкі байланыстарын, интонациялары мен мәнерлілігін, стильдік және эмоционалды‑экспресивтік сапаларын анықтап, стилистикадағы тіл стильдерін ажырату функционалды стилистиканың өзекті мәселелері.

ЕМТИХАН БИЛЕТІ

1.Функционалды грамматиканың зерттелуі