Тымды шешім қабылдау кезеңдеріне сипаттама беріңіз

Ұтымды шешім- өткен тәжірибеге байланысты емес таңдау, ұтымды шешім талдау процесінің көмегімен негізделеді. Ол шешімнің қабылдануын жаңа күрделі жағдайда ықтималдығын жоғарлатуға көмектеседі.

Басқару шешімдерінің типтері.Басқару шешімдерін қабылдау актісі жетекшінің үлесі болып табылады, біраң әр түрлі негізде жүзеге асырылады.

Басқару шешімі:

1. Жеке:

- Адамдармен ақылдаспайтын аса жеке шешім "Мен солай іпештім" принципі бойынша жүргізіледі.

- Жеке - беруші, "біз мұнда кеңестік, сосын мен осылай шештім" формуласы бойынша жүзеге асады.

2. Ұжымдық:

- Барлық қызықтырылған жақтардың келісімі негізінде жасалады.

- Дауыс беру жолымен.

Басқару - шешімдерін қабылдау, орындау, дайындау процесі:

Жоспарлау процесі

Нұсқаны дайындау процесі және қозғалыстың нақты таңдау актісі

Не жасау керек және қалай жасау керектігі туралы ақпарат

Орындау процесі

Орындауды ұйымдастыру, мотивация

2. Шешім қабылдау- белгілі бір кезекті қадамдар мен кезеңдерден тұратын процесс.

Мәселердің ұтымды шешім қабылдау кезеңдері:

Мәселелерді ұтымды шешу қызметінешешім қабылдаудың белгілерін, шектеулерін құру, диагноз, соңғы таңдау жатады. Егер кері байланыс жүйесі арқылы таңдаудың көмегімен мәселенің нақты шешімінің мәліметі куәлан-дырылмаса, процесс аяқталмаған болып есептелмейді.

1-кезең. Мәселенің диагностикасы.Мәселені сезіну. Мәселе қашан да күрделі құбылыс, бірақ шешілуді талап етеді. Шешімді жасау пайда болған мәселеге байланысты. Мәселені қарастырудың екі амалы бар.

Мәселені шешу жолындағы бірінші қадам - анықтау

- Алға қойылған мақсаттарға жетпеу мәселелі оқиға болып табылады. Басқаша айтқанда, сіз мәселені дер кезінде ғана білесіз. Мәселені толығымен анықтау қиын, өйткені ұйымның барлық бөліктері өзара байланысқан. Мәселені дұрыс анықтау дегеніміз - жартысын анық шешу.

- Мәселе - бұл потенциалды мүмкіндік. Мысалы, тиімділікті жоғарлатудың активті іздестіруі, тіпті іс жақсы жүріп жатса да, жақсы басқармауға болады. Мәселенің диагнозы көбінесе аралық шешімдерді қабылдаудан бірнеше қадам ңашың түрған процедура болып табыла-ды. Күрделі мәселені анықтаудағы бірінші фаза - қиыншылықтарды мойындау және бекіту.

Мәселелердің пайда болу себептерін анықтау үшін (төмен пайда, өнімділік және сапа, өте жоғары шығындар, ұйымдағы көптеген жанжалдар және кадрлар ағымдылығының жоғарылығы) сыртқы және ішкі ақпаратты жинап талдау қажет. Бақылау барысында орынды және орынсыз ақпараттар арасындағы айырмашылықты көре алу және оларды бір-бірінен ажырата алу керек.

Орынды ақпарат- нақты мәселеге, адамға, мақсатқа және уақыт кезеңіне қатысты мәліметтер.

2-кезең. Шектеулер мен белгілерді құру.Мәселені құру мәселенің болуын сипаттау және қысқа сыйымды формулада мазмұндалу керек. Ұйымның көптеген мәселелерінің мүмкін шешімдері, не ұйымда қабылдаған шешімдерді жүзеге асыру үшін ресурстар жеткіліксіз болғандықтан, нақты болмайды. Шектелген оқиғалар нақты жетекшілерге байланысты. Мысалы, таңдаудың баламалы нұсқаларын бағалау керек, құралдардың сәйкес еместігі, жұмысшылар санының аздығы, ресурстарды сатып алуға қабілетсіздігі бұған өз әсерін тигізеді. Бұл стандарттарды шешім қабылдаудың белгілері деп атау қабылданған.

3-кезең. Баламаларды анықтау.Мәселе себептерін жоятын және мақсаттарына жетуге мүмкіндік беретін барлық мүмкіндік қозғалыстарын аныңтау керек. Баламалықтың үлкен мәселесі және оларды бағалау әрқашанда мүмкін болмайды. Сондыңтан жетекшілер неғұрлым қалаулы болып табылады, бірнеше баламамен қарастыру үшін таңдаудың нұсқа сандарын шектейді. Баламаларды бағалау жүретін стандарттарды анықтау және бірнеше нұсқаларды іріктеу керек. Осы жерде болжаумен қатар ақпаратты талдау және жинау жүргізіледі, шектеулер ескеріліп, орындаушылар тағайындалады. Шешім нұсқаулары жасалады.

4-кезең. Баламаларды бағалау.Барлық идеялардың тізімін құрғаннан кейін әрбір баламаны бағалауға өту керек. Бағалау кезінде жетекші әрқайсысының ерекше қасиеттері мен жетіспеушіліктерінің ортақ салдарын аныңтайды. Шешімдерді салыстыру үшін әрбір мүмкін болатын баламаның жүзеге асуға ықтимал нәтижелері өлшеуге болатын стандарттарға ие болуы қажет. Нұсқаларды бағалау тиімділіктер талабының негізінде жүргізіледі.

5-кезең. Соңғы тандау.Егер мәселе дұрыс аныңталған, баламалы шешімдер тиянақты өлшенген және бағаланған болса, таңдау жасау, яғни шешім қабылдау оңай. Жетекші баламаны неғұрлым жайлы ортаң салдармен таңдайды. Шешім қабылдау актісі нақты нұсқаны қабылдау жетекшінің міндеті болып табылады.