Алалық, аудандық, желілік органдарда тергеу бөліністерінің бастышының құзыреті

Тергеу бөліністерінің бастығы қызметі жедел жағдайды және ІІМ-нің талаптарын ескере отырып, жартыжылдық және жылдық жұмыс жоспарларының негізінде жүзеге асырыады. Жоспарларды орындау барысында оларды түзету жүзеге асырыла алады. Өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы шешімді жоспарды бекіткен бөлініс басшысы қабылдайды. {11}

Жоспарда:

- қалалық, аудандық, желілік органда – қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы хабарламалар бойынша уақтылы ден қоюға, жедел-тергеу топтарының оқиға орындарына кідіріссіз шығуын қамтамасыз етуге тергеу бөлінісінің басқа қызметтермен өзара іс-қимыл жасасуын нығайтуға, жедел-криминалистикалық, ұйымдық және өзге де техникамен қамтамасыз етуге, жүктелген міндеттерді табысты орындау үшін еңбектің тиісті жағдайларын жасауға бағытталған кешенді іс-шаралар жүргізеді;

- тергеу бөлінісінде – тергеу жұмысын ұйымдастыруды жақсартуға, ведомстволық бақылау деңгейін арттыруға бағытталған нақты іс-шаралар (қажет болған жағдайда басқа қызметтермен келісілген), қылмыстық құқық бұзушылықтарды тергеу әдістемесін және тергеу амалдарын жүргізу тактикасын жетілдіру, тергеушілерге практикалық және әдістемелік көмек көрсету, жұмыстың оң тәжірибесін, заманауи ғылыми әдістерді тарату және енгізу, тергеушілердің кәсіби даярлығын арттыру жөніндегі іс-шаралар міндетті түрде көздейді.

Тергеу бөліністерінің басшылары тергеу жұмысын дұрыс ұйымдастыруға және тергеушілердің ішкі істер органдарының басқа қызметтерімен қылмыстық құқық бұзушылықтарды ашу, тергеу бойынша өзара іс-қимыл жасасуына, толық жауапты.{13}

Тергеу бөлінісінің жұмыс жоспарларын және жоғарыда тұрған органдардан келіп түскен бақылау тапсырмалардың орындалуын бақылайды:

- тергеу бөлінісінің қызметін, оның жедел және ішкі істер органдарының және өзге де қызметтерімен, сондай-ақ өзге де құқық қорғау органдарымен және ведомстволармен өзара іс-қимыл жасасуын үйлестіреді;

- анықтау органының басшысы ретінде қылмыстық құқық бұзушылықтарды ашу және тергеу үшін жедел-тергеу топтарын құрады (ҚПК-нің 194-бабы);

- қылмыстар туралы ішкі істер органдарының тергеуіне жатқызылған (ҚПК-нің 179-180, 187-баптары) өтініштер мен хабарламаларды шешім қабылдау үшін тергеу бөлінісіне жолдайды .(13);

- қылмыстық құқық бұзушылық туралы өтініштер мен хабарламаларды СДТБТ-де тіркеуге, оның ішінде байланыс құралдарын пайдалана отырып тіркеуге біруақытта шаралар қабылдай отырып, қылмыстық құқық бұзушылықтың іздерін анықтау және бекіту бойынша кейінге қалдыруға болмайтын тергеу амалдарын уақтылы және сапалы жүргізуді бақылайды,

- тергеушілердің жедел есепке алу істерінің және жасырын тергеу амалдарының материалдарымен танысуға құқықтарының іске асырылуын қамтамасыз етеді, тергеушілерге жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде алынған мәліметтер мен материалдарды оларды қылмыстық істерді тергеу кезінде дәлелдемелер ретінде пайдалану үшін белгіленген тәртіпте берудің уақтылығын бақылайды

- қылмыстық құқық бұзушылықтарды тергеу кезінде тергеу бөліністерінің қызметін, істердің мән-жайларын зерттеудің жан-жақтылығын және объективтілігін бақылайды

- ауыр және өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасаудың сипаты мен мән-жайларына байланысты оқиға орындарына өзі шығады, оқиға орнына қарап тексеруді жүргізуді және сотқа дейінгі тергеп-тексерудің материалын жинауды бақылайды, қажет болған жағдайда қосымша күштер мен құралдарды бөлуді қамтамасыз етеді;

- анықтау органдарының тергелетін қылмыстық істер бойынша тергеушілердің тапсырмалары мен нұсқауларын уақтылы және сапалы орындауын қамтамасыз етеді;

- қалыптасқан жедел жағдайды ескере отырып, қалалық, аудандық, желілік органның бастығына қызметтік жұмыстың өзекті мәселелерін жедел кеңестерде қарау туралы ұсыныс енгізеді, сондай-ақ тергеу бөліністердің қызметіндегі кемшіліктерді жою және жақсарту туралы ұсыныс енгізеді;

- тергеушілердің жұмыс уақытының ұтымды пайдалануын қамтамасыз етеді, барлық күштер мен құралдарды қылмыстарды тергеуге шоғырландыра отырып, тән емес функцияларды орындауды болдырмайды;

- өз құзыреті шегінде бағынысты тергеушілердің әрекеттері мен шешімдеріне шағымдарды қарайды және шешеді. Белгіленген тәртіпте тергеушілер мен бөлімнің (бөлімшенің, топтың) басқа да жұмыскерлерін көтермелеу және тәртіптік жазалар салу, ауыстыру туралы ұсыныстар енгізеді;

- тергеушілердің қызметтік жұмысына байланысты олардың өміріне, денсаулығына және меншігіне қолсұғушылық қаупі болған кезде оларды қорғау бойынша шаралар қабылдайды;

- әскери-қызметтік тәртіптің сақталуын талап етеді.