О.Конттың қоғам дамуының кезеңдерін сипаттаңыз. 4 страница

зерттеу тақырыбының, проблемасының, болжамының анықталуы;тақырыптың мәніне, зерттеу объектісінің проблемасы мен табиғатына қатысты әдебиеттерді, әр түрлі ақпарат көздерін зерделеу;алғашқы бақылау, тәжірибелі сарапшылармен сұхбат жүргізу, алғашқы құжаттарды зерттеу негізіндегі зерттеу объектісінің алғашқы сипаттамасы;негізгі зерттеуді жүргізу;алғашқы зерттеу қорытындыларын өңдеу және есеп құру;

26. Әлеуметтанудағы сауалнама әдісі: ауызша және жазбаша. Сауалнаманың қолданылу аясын, артықшылықтары мен кемшіліктерін қарастырыңыз.Сауалнама - нақты адамдар тобына сұрақтар қою арқылы алғашқы ақпаратты жинау әдісі. Зерттеушінің респондентпен анкета арқылы жүзеге асырылатын байланысына негізделген эмпирикалық зерттеуін әлеуметтанулық өлшеу тәсілі.Сауалнама мақсаты - жеке және қоғамдық санадағы құбылыстар немесе қарапайым фактілер, оқиғалар туралы ақпарат алу. Сауалнама ақпараттың дәлдігі мен жүйелігін қамтамасыз етеді. Бұл әдіс экономикалық тұрғыдан да тиімді, яғни оған шығын, уақыт және құрал аз жұмсалады. Сауалнаманың әртүрлі жолдары бар: қалыпқа түспеген (еркін сұхбат, т.б.) және қалыпты (алдын ала дайындалған сұрақтар көмегімен). Сауалнама өткізу жиілігіне байланысты бір рет және көп рет болып бөлінеді. Сауалнама тиімділігі тұрақты сұхбат алушы және сауалнамаға қатысушылардың болуынан тәуелді. Жалпы сауалнама нәтижелері тек ғалымдарға ғана емес, сонымен бірге өкіметтік және қоғамдық ұйымдар өкілдеріне, жалпы қауымға да белгілі болады.Сауалнама әдісінің жазбаша және ауызша түрлері де бар.Респоденттермен жазбаша және ауызша сауалнама жүргізудің анкета және сұхбат деген 2 түрі бар. Анкеталық сауалнама көп жағдайда алдын ала дайындалған анкетамен жүргізіледі, респоденттің аты жөні көрсетілмей анонимді түрде болады. Негізінен анкета үш бөлімнен құралады: ундеулік, негізгі, төлқұжаттық.Үндеулік бөлімде қысқаша зерттеудің мақсаты туралы айтылып, оның мәні мен маңыздылығы атап өтіледі және зерттеу нәтижесі қалайша қолданылатыны жазылады, анкетаны толтыру ережесі көрсетіледі, Қайтарылған жауаптардың құпия түрінде болатынына кепілдік беріледі. Анкетаның негізгі бөлімінде қажетті ақпарат алуға бағытталған сұрақтар орналасады.Алғашқы сұрақтар барынша түсінікті, қызықты болуы керек. Осыдан кейін сұрақтар олардың пікірін , оқиғалар мен қазіргі жағдайға беретін бағаларын білуге бағытталуы әрі күрделі болуы шарт. Ал төлқұжаттық бөлімде респоденттердің демографиялық мәліметтері (жасы, жынысы т.б) жөніндегі сұрақтар қойылады.Анкетаны құрастыруда сұрақтардың тұжырымдылығына баса назар аударылады.. Анкетаны дайындау үшін зерттеуші сауалнаманың мақсаты мен міндеттерін анықтап біліп алады, Содан соң логикалық жүйеде.Әлеуметтанымдық ақпаратты жинау үшін қолданылған сұхбат әдісі зерттеушінің тұрғындармен мақсатты тікелей сұрақ-жауап жүргізу жолымен ақпарат жинау әдісі болып табылады. Бұл әдіс адамдардың пікірін, олардың мінез-құлық уәждемелерін, тілдерді меңгеру деңгейін, қоршаған ортаны, олардың діни дүниетанымын, өмірлік жоспарлары мен мақсат-бағыттарын, белгілі бір мәселе жөнінде хабардарлығын т.с.с. анықтау және бағалау мақсатында қолданылады.

27. Анкеталық әдіс. Анкета құру техникасын көрсетіңіз.Анкеталық әдіс - қоғамдық тұрмыс пен әлеуметтік жағдайды зерттеудің нақтылы социологиялык эдісінін бірі. Анкеталық әдіс көпшіліктің белгілі бір мәселеге қатысын немесе пікірін анықтау үшін қолданылады.Анкеталық әдістің екі түрі бар: 1) интервью-анкета (анкеталарды белгілі бір адам арқылы таратып, ондағы сұрақтарға жауап алу); 2) сырттай сұрастыру (сұраққа жауап берушілер анкеталарды интервью алушылардың қатысуынсыз толтырады).Анкеталық қолдануда сұрақ қоюдың бірнеше түрі болады. 1) Дихотомиялық сұрақ (жауап берушілерден "ия", "солай", "жоқ", "олай емес" т.б. сөздердің астын сызу немесе тұсына белгі қою арқылы өзінің пікірін білдіру талап етіледі). 2) Жабық анкета (сұраққа беретін жауаптардың бірнеше нұсқалары тізіледі де, жауап беруші солардың бірін белгілеу арқылы өз пікірін білдіреді). 3) Ашық анкета (жауаптын мазмұнына ешбір шек қойылмайды) - неғұрлым мазмұнды, толық мәлімет алудын тиімді жолы.Анкеталық әдіс қолданылғанда жауап берушілердің аты-жөніне ерекше мән беріледі. Егер бұл шарт дұрыс орындалса, зерттеуде қажетті мәліметтің алынуы қамтамасыз етіледі. Анкеталық әдіс арқылы жиналған мағлұматтарды талдау кезінде алынған мәліметтердің объективтік шындыққа сәйкестігіне көп мән беріледі. Сондықтан зерттеуге тиісті әлеуметтік топтардың бір типті болуын мұқият қадағалаған жөн. Ол үшін анкеталарды таратпастан бүрын зерттелетін объектінің (әлеуметтік топ, ұжым т.б.) белгілі бір қоғам құрамындағы алатын орнын анықтау қажет және сұрақтардың қисынды болуы, соңғы сұрақтар алдыңғы сұрақтармен ұштасып, объектінің мәнін тереңірек қамтуы тиіс.Нақтылы социологиялық зерттеулерді жүргізгенде, анкеталарды қанша адамға тарату керек екендігі, зерттеудің мақсаты мен міндетіне қарай адамдарды сұрыптау, олардың білім дәрежесін, әлеуметтік күйін т.б. жағдайларын алдын ала анықтау, осыған байланысты анкеталар таратылатын адамдарды топтарға бөлу мәселелерін ғылыми тұрғыдан шешу қажет.Анкеталық әдіс қолданылғанда, синтетик, (жинақтау), демограф, (халық құрамын зерттеу) әдістер қажетіне қарай пайдаланылады. Ғылыми зерттеу практикасында анкеталық әдіс дербес қолданылмайды. Бүл әдіс нақтылы социолог, зерттеулердің басқа әдістерімен тығыз байланысты болғандықтан, соларды бірге пайдаланудың нәтижесінде ғана объектінің жан-жақты зерттелуі қамтамасыз етіледі.

28.Бақылау әдісі,негізгі сипаттамасы,оның кезеңдері мен түрлерін талдаңыз.Бақылау – оқиға куәгерінің оқиға өтіп жатқан кездегі оқиғаны тікелей тіркеу әдісі. Ол статистика әлсіз, бастапқы таным пункті ретінде бағдарламаны жасау кезеңінде; индивид пен топтардың сөйлесу, мінез-құлық формаларын зерттеу кезінде қолданылады. Мамандар бақылаудың мынадай түрлерін бөліп көрсетеді: бақылау зерттеушілердің зерттелетін оқиғаға араласпауынсыз жүзеге асырылған кездегі қалыпқа келтірілген және қалыпқа келтірілмеген, қосылған ( мысалы, социолог митингтің қатысушысы болады) және қосылмаған. Табиғи ортада, табиғи жағдайда және лабораторияда ( мысалы, әлеуметтік – психологиялық тәжірибелерде) жүретін далалық бақылау да кездеседі. Бақылаудың бірліктерін топтастыру - әлеуметтік ақпаратты бейнелеудің алғашқы және қарапайым түрі. Бақылау әдісінің қолдану аясы айтарлықтай кең - маркетингтен бастап ғылым әлеуметтануына дейін – кіші топтарды зерттеуден бұқаралық сана мен мінез-құлықты зерттеуге дейін болады. Сонымен қатар, әлеуметтану ғылымында түйсіну арқылы ақпаратты жинау және обьект жөнінде барлық фактілерді тіркеу әдісін бақылау деп атайды. Ол қарапайым бақылаудан мынандай белгілері арқылы ерекшеленеді:

1) Нақты зерттеу мақсатында бағындырылады.

2) Белгілібір әдістеме арқылы жүргізіледі

3) Бақылаудың мәліметтері белгілі бір әдістемемен хаттамаларға, күнделіктерге көшіріледі

4) Бақылау жолымен алынған ақпараттың сенімділігі және негізділігі тексерістен өтеді.

Бақылаудың бірнеше түрлері бар. Оны жүргізу техникасына, кімді бақылау қажеттігіне орай бақылау – бақылаулық және бақылаусыздақ, яғни спонтандық түрлерге бөлінеді. Бақылаулық түрі зерттеудің тиянақты жоспарына және реттілігіне сәйкес жүргізіледі. Тұрақтылығына қарай бақылау жүйелі және кездейсоқ болып бөлінеді. Жүйелі бақылауда, айталық, айдың күніндегі қимыл – әрекет ұқыпты түрде күнделікке түсіріліп отырады, кездейсоқ бақылауда ақпарат жоспарсыз жүргізіледі. Бақылаушының қолданатын әдісіне орай бақылаудың іштен және сырттан бақылау деп те ажыратылады. Іштен және сырттан ашық түрде немесе жасырын (бүркеніш) атпен жүргізуге болады.

29.Эксперимент әдісі және оның ерекшеліктерін, түрлерін қарастырыңыз. .Эксперимент әдісі ойлауды зерттеулерде жеткілікті кең қолданыс тапты. Ол арнайы жағдайлардағы зерттеліп отырған құбылыстың белсенді түрде қайта жаңғыруын қамтамасыз етеді, бұл ойлау процесінің ашылуына әсер ететін факторларды айқын анықтауға, зерпттеудің жағдайларын қайталауға және онымен статистикалық мәліметтерді жинақтауға, жағдайларды түрлендіруге және сонымен себеп–салдарлық қатынастарды анықтауға мүмкіндік береді. Мысал ретінде жасанды түсініктердің (әр түрлі модификациялардағы) қалыптасуы, сондай-ақ шешуге берілген ойлау тапсырмаларын шешуде көмек сөздерді қолданумен байланысты тәжірибелер алынуы мүмкін.Эксперимент табиғи және лабораториялық болады. Мәні бойынша, табиғи эксперимент оқытудың жаңа әдістерін енгізу жағдайлары, ғылыми зерттеуде жаңа приборларды қолдану жағдалары болып табылады. Барлық саналуандықта бұл жағдайларға бір жалпы ерекшелік тән: оларда ойлау іс- әрекеттің мәнді өзгеруіне жағдайлар жасалады. “Табиғи эксперименттің” өзіне тән нұсқалары адамның ойлау іс-әрекетіне мәнді өзгерістер енгізетін ауру, ми жұмысының бұзылуы болып табылады.Эксперименттерді жүргізуде зерттелушінің эксперимент жағдайына реакциясын, оның эксперинтатормен қарым–қатынасын ескеру маңызды.Лабораториялық та, табиғи да эксперименттерді қалыптастырушыға және тұжырымдаушыға бөледі. Қалыптастырушы эксперименттер, өз кезегінде, қалыптасу процедурасының бағытталғанымен ажыратылуы мүмкін: бір жағдайда операциялық–техникалық жаққа, ал екіншісінде–қажеттіліктік– мотивациялыққа.

30. Микро және макро социология.Микросоциология –адамдардың күнделікті өмірдегі қарым-қатынасын- интеракция ретінде, олардың өзара іс-әрекет түрлерін зерттейді. Бұл сала жұмыс істейтін зерттеушілердің есептеуінше әлеуметтік құбылыстар адамдардың бір- бірімен өзара қарым-қатынасына мән бергенде ғана мазмұндар негізін талдап түсінуге болады. Олардың басты зерттеу тақырыбы-индивидтер іс-әрекет, олардың әдеті, мотивтері, қоғамның тұрақтылығы немесе ондағы өзгерістерге серін зерттейді.Макросоциология – негізінде кез-келген қоғамның мәнін түсінуге көмектесетін іс-әрекет үлгілеріне мән береді. Бұл құрылымдар өздеріне мынадай қоғамдық институттарды енгізеді, олар отбасы, білім, дін сондай ақ, саяси және экономикалық құрылыс. Адамдар туылғаннан бастап осы әлеуметтік құрылымдарға енеді әрі оның терең әсерін байқайды. Макросоциологтар қоғамның түрлі бөліктерінің қарым-қатынастарын зерттеуге аса мән береді, олар сондай ақ, осы өзара байланыстардың өзгеруін де анақтауға тырысады.

31. Әлеуметтік факт .Әлеуметтік факт – қоғамдық өмірдің әртүрлі сфераларына немесе белгілі бір әлеуметтік процесстерге тән біртекті оқиғалар жиынтығы немесе бір реттік қоғамдық маңызы зор оқиға.[1] Сырттан көрінуі, мәжбүрлеу және болмай қоймайтындығы секілді қасиеттері бар күрделі ұғым. Оны Э.Дюркгеймнің ұжымдық ар-ұят пен ұжымдықөкілдік жөніндегі тұжырымдамаларының аясында түсіну керек. Әлеуметтік факт ұжым болып жасалады, сондықтан діни де, ресми нормалардан, практикалардан туындайтын қимыл тәсілдері. Нормалар мен мекемелер - қатаң пошымдағы Әлеуметтік фактінің мысалдары. Олар топ ұжымболып қабылдаған, орныққан, сондықтан адамға танылып, сіңірілетін тәртіптер. Олар ұжым болып өзірленетіндіктен инсаниятты болып табылады, сондықтан адамның қылықтарың тізгіндеп отырады.Әлеуметтану үшін қызықты проблема - міңсіз өкілдік пен материалдық қоғамдық ұйымдардың және олардың құрамдас әрекеттерінің арасындағы айырмашылық, мысалы, ұжым болып мақұлдаған нормалар мен шын практика арасындағы айырмашылық. Дюркгейм Осыдан келіп “әлеуметтік факт теориясы” шығарды. Әлеуметтік шындықтың мазмұнын, Дюркгейм бойынша болмыстың не экономикалық,не құқықтықтық және басқа да фактілерін жатқызуға болмайтын әлеуметтік фактілер құрайды.Бұл әлеуметтік фактілердің мынадай өз алдына дербес сипаттамалары бар: ғылым мен дін арасындағы қарым-қатынас осы ғылым саласы дамуының “классикалык” кезеңдегі барлық социологтардын дерлік зерттеу тақырыптар ішінен негізгілерінің бірі болады.

32. Әлеуметтануда қоғам және жүйе түсінігі.Әлеуметтануда қоғам деп мынандай сипаттамалары бар жиынтықты атайды:

1.Өмір сүретін террриториялық бірлігінің болуы;

2. Өзара байланысы тұрақты және біртұтас адамдар жиынтығының болуы;

3. Өзін-өзі қамтамасыз етуі, өзін-өзі басқарып отыруы, өзін-өзі өсіріп отыруы және тб.

4. әлеуметтік байланыстардың негізін құрайтын мінез-құлық нормалары мен әдет-ғұрыптар жүйесін құрайтын дамыған мәдени дәрежесінің болуы.

Жалпы әлеуметтану ғылымы тұрғысынан алғанда қоғамға мынандай анықтама беруге болады. Қоғам дегеніміз кең мағынасында алғанда – адамдардың өздерінің қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатындағы өзара байланыстары мен өзара әрекеттерінің қалыптасқан формаларының тарихи бірлестігі. Яғни, ол өзін-өзі реттеумен, өзін-өзі дамытумен, өзін-өзі толықтырумен және өндірумен сипатталатын, мәдени деңгейі жоғары бірлестік. Ал, тар мағынасында алғанда қоғам деп тарихи, әлеуметтік-мәдени және басқа да ерекшеліктерімен кӛрінетін нақты қоғам түсіндіріледі. Әлеуметтану ғылымында қоғам әлеуметтік құрылым, адамдардың ӛзара әрекет ететін кеңістігі болып табылады.

Қоғам – бұл әлеуметтік жүйенің типі, ол жүйе ретінде қоршаған ортаға қатысты алғанда өзін-өзі жетілдірудің неғұрлым жоғары деңгейіне қол жеткізе алады». Осы берілген анықтамалардың бәрін жинақтай келе мынандай қорытынды жасауға болады:

Қоғам – адамдарды қалай болса солай емес, белгілі бір ережелер бойынша байланыстыратын ӛзара әрекеттер жүйесі.

Тұрақты әлеуметтік байланыстар мен қатынастар орнатудағы ӛзара әркеттердің жүйесі.

Оның құрамдас элементтері мыналар: адамдар, олардың арасындағы әлеуметтік байланыстар, әлеуметтік институттар мен ұйымдар, әлеуметтік топтар мен қауымдастықтар, әлеуметтік нормалар және әдет-ғұрыптар. Әлеуметтану ғылымының басты міндеті – қоғамның осындай құрылысын ашып кӛрсетіп, оның аса маңызды элементтерінің ғылыми классификациясын жасау болып табылады.

Сонымен әлеуметтік жүйе күйіндегі қоғам деп бір-бірімен тығыз байланысқан және өзара әрекеттегі және әлеуметтік тұтастықты құрайтын, үлкен реттілікпен жинақталған әлеуметтік құбылыстар мен процестер түсіндіріледі

33. Әлеуметтік статика және динамика концепциясы.Әлеуметтік статика және динамика концепциясы Конт әлеуметтануды әлеуметтік статика мен әлеуметтік динамикаға ажыратады. Әлеуметтік статика қоғамды олардың элементтерінің тұтастығы мен тепе-теңдігі жағдайы ретінде зерттейді және негізгі заңы ретінде әлеуметтік гармония заңың қолданады. Әлеуметтік статиканың міндеті – отбасы, адам, өмір шарттарын зерттеу.Әлеуметтік динамика қоғам дамуының жетекші күшін айқындайды. Конт мазмұндауында мұндай күштерге; экономикалық табиғи шарттар, климат, географиялық орта, сондай-ақ адам санасы, ойы, көз-қарастары жатады. Әлеуметтік статика, өмір сүру заңдарын қарастырса, әлеуметтік динамика қоғам өзгерісінің кезеңдерін мен заңдарын сипаттайды

Әлеуметтік статика – қоғамдық тәртіп, ұйым, үйлесім теориясы. Конт қоғамды барлық бөліктері өзара тығыз байланысты, бір-бірімен берік бірлікте ғана тануға болатын органикалық тұтас дүние ретінде қарастырады. Бұл тұжырымдама индивидтер теориясына, яғни қоғамды жеке адамдардың (индивидтердің) келісім – шарттарының жемісі ретінде түсіндірушілерге қарсы бағытталған. Қоғамның құрылымын айқындап, үйлесімділік пен тәртіпті қамтамасыз етіп отыратын принциптерді зерттеу кезінде Конт осы принциптерді оларды жүзеге асыратын әлеуметтік саясатпен тығыз байланыстырады. Ол алдымен негізгі қоғамдық институттарды (отбасы, мемлекет, дін) олардың әлеуметтік қызметі, әлеуметтік ықпалдастықтығы тұрғысынан қарастырады. Конт заңы бойынша, адамзат қоғамы дамудың теологиялық, метафизикалық және позитивтік үш сатысын басынан өткереді Конт Ағарту дәуірінің ғалымдары өз заманының әлеуметтік тәртіптеріне тым шүйліге қарап, қоғамдық институттар арасындағы байланыстарды лайық бағалай алмады деп санады.
Сондықтан ол осы мәселемен түбегейлі айналысып, жаңа пәнді «әлеуметтік физика», кейіннен біржола «әлеуметтану» деп атап, ғылыми айналымға енгізді. Ол экономикалық өмір, әр замандағы үстем идеялар, индивидуалдық пошымдары, отбасы құрылымы, тіл және әлеуметтану ғылымының ерекше объектілері деп белгіледі. Адамзат ақыл-ойының даму барысын үш белескен: теологиялық (үш мың жылдай уақыт), метафизикалық (XIV-XVIII ғасырлар), позитивтік немесе ғылыми белестерге бөледі. Конт сондай-ақ ғылымдар иерархиясын ұсынып, оны математика, астрономия, физика, химия, биология және әлеуметтану деп көрсетеді. .

Леумтеттік зерттеу мақсаты.Қоғамдық өмірдегі нақты фактілерді жинау және талдау социологиялық зерттеулерде қолданылатын арнайы кешенді әдістердің көмегімен жүзеге асырылады. Социологиялық зерттеудің мақсаты әлеуметтік процестерді, әлеуметтік даму заңдылықтарын, олардың нақты көрінуін тереңірек зерттеу болып табылады. Өзінің ерекше әдістерін басқара отырып эмпирикалық социология процестер мен құбылыстардың мәнін теориялық тұрғыдан тануды толықтыра түседі. Социологиялық зерттеудің эмпирикалық сатысы әр жақтылық пен алуан түрлілік, жекелік және кездейсоқтық сақталатын әлеуметтік шындықтың бейнесін береді. Эмпирикалық талдау теориялық білімнің бастау көзі және негізі болып табылады, ол қоғамдық құбылыстар мен процестерді теориялық тұрғыдан талдауға жол ашады. Социологиялық зерттеу - нақты теориялық және әлеуметтік проблемаларды шешу үшін зерттелетін объекті жөнінде жаңа білім алуға мүмкіндік беретін теориялық және эмпирикалық рәсімер жүйесі. Социологиялық зерттеуде ғылыми қызметтің мынадай элементтері бар: а) зерттеу объектісі - әлеуметтік шындық процестері мен құбылысы; б) зерттеу субъектісі; в) социологиялық зерттеу белгілі-бір мақсатқа жетуге және нақты міндеттерді шешуге бағытталған; г) міндетті шешу құралдары - әдістер, ұйымдастыру іс-шаралары және т.б. бар. Социологиялық зерттеу түрлері мыналарға байланысты: І. Мақсаты және теориялық бағдары. Мұнда олар: 1) статистикалық; 2) тәжірибелік; 3) типологиялық; 4) тарихи болуы мүмкін; 5) кейбір таңдамалы оқиғаларды зерттеу мақсатында жүргізілуі мүмкін (монографиялық сипаттама). ІІ. Социологиялық зерттеудің екінші бір түрлері: материалды талдау әдісі. Мұнда олар: 1) барлау (сынау, пилотажды, зондажды); 2) сипаттамалық (сарапшылардың сауалнамасы, мақсатты сипаттама (объекті туралы түсінік); 3) талдамалық (себептік байланыстарды сипаттау және анықтау) болуы мүмкін. Барлағыш зерттеу – нақты-социологиялық зерттеудің ең бір қарапайым түрі; ол шағын зерттелетін жиынтықты қамтиды және ықшамдалған бағдарлама мен көлемі бойынша сығымдалған құралдарға (сауалнама, бланк-интервью, сауалнама парағы және басқалары) негізделеді. Барлағыш зерттеудің бір түрі – экспресс-сауалнама.

35. Зерттеудегі интерпретация түсінігі.Бағдарламаның бұл бөлімінде түсініктердің операционализациясы мен интерпретация процедуралардың көмегімен социологиялық зерттеудің теоретикалық концепциясы бастапқы ақпарат жинаудың инструментарийне айналады.

Социологиялық талдау пәнінің мәнін ашуға зерттеу мәселесінің теоретикалық түсінуіне қызмет ететін, бірқатар шешуші түсініктер мен категориялар қолданады.

Қолданылған негізгі түсініктердің мағынасын ашу интерпретациялау деп аталады. Түсініктің мазмұны толық ашылды деп айтуға болады, тек сол жағдайда, егер оның интерпретациясы екі бағытта жүреді: берілген ұғымды басқа ұғымдармен салыстыру (түсініктердің теоретикалық интерпретациясы) мен оны берілген бақылау мен экспериментімен салыстыру (түсініктердің эмпирикалық интерпретациясы).

Көбінесе негізгі түсініктер басқа жеке түсініктерден құралады. Осылай, «Өңдірістік ереже жағдайы» негізгі түсінігі бірнеше түсініктерден тұрады: « еңбек ереже жағдайы», «технологиялық ереже жағдайы», өз арада «еңбек ереже жағдайы» түсінігі жоспарлы тапсырмалар мен орындау нормаларын атқаруды; ішкі еңбек тәртібінің ережелерін орындау; жұмыс уақытының қолдану режимін, жетекшілердің бұйрығын орындау және т.б. білдіреді.

Осыған байланысты, басты түсініктердің интерпретациясы оның құрушылардың ажыратылуын белгілейді. Негізгі түсініктерді интерпретациялауын жалғастыру және бөлшектендіру операционализация түсінігі деп аталады. Ол негізгі түсініктерді сипаттайтын, жеке түсініктердің ізденісін іске асырады

36. Діни әлеуметтену. Діндегі секуляризация процесі. Дін социологиясы адамдардың дінге негізделген әлеуметтік қатынастарын зерттейді. Сондықтан, дін әлеуметтік феномен ретінде социологтар үшін аса маңызды зерттеу объектісі ретінде қарастырылуда. Дін социологиясы діннің кейбір бағыттары бойынша адамдарды белгілі әлеуметтік әрекеттерге жетелейтін қоғам сегменттерін пайда болуын зерттейді. Мәселен, бір діннің яки сектаның (тариқаттың) мүшелері өздерінің діни наным-сенімі бойынша белгілі бір әлеуметтік іс-амалдарды жүзеге асырып жатса, белгілі бір формада киініп, белгілі қоғамдық қатынастарға түсіп жатса, бұл тікелей дін социологиясының зерттеу саласына кіреді. Ғылымда діннің мәні қалай бағаланып түсіндірілгенімен, социология қоғамның дінге әсер ету жәйтін мойындамай алмайды, жоқ дегенде теологияға қарағанда ол діннің мазмұнының және оны ұйымдастыру формаларының өзгерісін табиғи, эмпирикалық белгіленіп отыратын күштердің, бірінші кезекте әлеуметтік күштер әрекетінің нәтижесі ретінде түсінеді. Бұл дінді психология, философия немесе тарих қалай көріп, бейнелейтінінен ерекшеленеді. Дін социологиясының ғылыми пән ретінде қалыптасуы көбінесе еуропалық қоғамындағы әлеуметтік, экономикалық және мәдени процестердің арқасында. Бұл сұрақтарды шешуге елеулі талпыныстардың бірін О.Конт (1798 - 1857) жасады. Ол әлеуметтік өмірді зерттеуге жаратылыстану ғылымдары қолданып жүрген индуктивті әдісті қолдануды ұсынды. Діннің рөлі және әлеуметтік тәртіптің негізінде не нәрсе жатыр деген сұраққа байланысты О.Конт "тарихтың үш сатысы жайлы заңында” жауап берді. Бірінші саты діни немесе "теологиялық жағдай”, онда адам санасында дәлелсіз ойға негізделген оқиғалар, субъективтік негізсіздіктер үстем етеді. Екіншісі - философиялық, "метафизикалық жағдай”, онда абстракция, дөрекі дерексіздер шынайылық ретінде қабылданады. Үшінші - позитивті, ол жерде ғылымның көмегімен қолда бар жағдайларға дұрыс баға беруге қол жеткізіледі. Осы үш "сана жағдайының” әрбірі бүкіл әлеуметтік ұйымдасудың негізін құрайды. Дін және позитивті білім, ғылым арасындағы жанжалдың міндетті түрде болатындығын мойындай отырып, оның дами түсуі діннің құлдырауына және міндетті түрде оның өліміне алып келеді дей отырып, Конт әлеуметтік байланыстардың ыдырау қаупін болжады. Ақырында Конт әлеуметтік байланыстардың рухани тірегі ретінде "екінші теологиялық синтез” керек деген қорытындыға келіп, адамзаттың бірыңғай ортақ "ұлы тірі жан” култі, барлық өмір сүргендердің, өмірден өткендердің және болашақ ұрпақтардың үлкен әлеуметтік организмі ретінде "позитивті дінді” жасады. К.Маркс (1818 - 1883) дінді қоғаммен өзара байланысында қарастырды, бірақ оның түсінігінде ол екі дербес өмір сүретін шаманың өзара әрекеттесуі болған жоқ. Маркс, шын мәнінде алғаш болып дін өзінің табиғатымен әлеуметтік феномен болатынын көрсетті. Ол қоғамдық байланыстар, қатынастар жүйесіне енгізілген және оның түп-тамыры әлеуметтік құрылымдарда. Діннің түсіндірмесін содан іздеу керек. Жаратылыстан тыс, қасиетті жайлы көзқарастар осындай негізде пайда болды: дін аспан есебінен емес, жердің есебінен өмір сүреді.