Эссе: Топырақта негізгі және беткі қабатын өңдеу және оның тәсілдері құралдары

Топырақтың беткi қабатын өңдеудiң тереңдiгi 10 см дейiн, ал саяз өңдеудiң тереңдiгi 20 см дейiн болады. Топырақтың беткi қабатын өңдеу тәсiлдерiне тырмалау, тығыздау, сыдыра жырту жатса, ал беткi қабатын және саяз өңдеудiң тәсiлдерiне культивациялау, шұңқырлау және т.б. жатады.

Сыдыра жырту. Сыдыра жыртуды топырақ өңдеудiң тәсiлi ретiнде алғаш рет Розенберг-Липинский (15, 88) арнайы жабдықталған сыдыра жыртқышпен шымды ұсақтауға ұсынған болатын. Кейiннен табақты және түрендi сыдыра жыртқыштар қолданыла бастады. қазіргі кезде ойық және жазық табақты сыдыра жыртқыштар кең қолданылуда. Ойық табақты сыдыра жыртқыштар топырақты тұқым себу алдында және сүрi танапта өңдеу үшiн қолданылса, ал жазық табақтылары –көктемде ылғал жабуға қолданылады.Ойық табақтар топырақты кеседi, үгiтедi және аударады, ал жазық табақтар топырақты қопсытады және ығыстырады.Топырақ өңдеу жүйесiнде сыдыра жырту кеңiнен қолданылады. Әсiресе Еуропа мен ТМД елдерiнде кең таралған. Сыдыра жырту дәндi дақылдарды жинағаннан кейiн аңыз паясы мен сүрi танаптарды өңдеуге, әсiресе жатаған бидайықтың тамырсабағын ұсақтауға пайдаланылады. Сонымен қатар оны тың немесе тыңайған жерлердi, көп жылдық шөптердiң қыртысын жыртудың алдында немесе кейiннен шымды ұсақтауға қолданады.Сыдыра жыртудың пайдасымен қатар жағымсыз әсерi де байқалады. Онда аңыз паясы жойылады, топырақтың беткi қабаты шаңданады, құрғайды. Солтүстiк Қазақстан жағдайында сыдыра жыртуды топырақты өңдеудiң тәсiлi ретiнде қолдануды шектеу, кейбiр жағдайларда қолданудан бас тарту керек. Көктемi ылғалды болған жылдары сыдыра жыртуды қолдану тиiмдiрек, себебi олар арамшөптердi, әсiресе қара сұлыны жақсы жояды, аңыздық тұқымсепкiштердiң жұмысына қолайлы жағдай жасайды. Өндiрiсте сыдыра жыртқыштардың гидрофицияланған түрлерi ЛДГ-10, ЛДГ-15, ЛДГ-20 кеңiнен таралған.

Культивациялау. Топырақтың қопсытылуын, үгiтiлуiн және iшiнара араласуын, сонымен қатар, тегiстелуiн, арамшөптердің толық оталуын қамтамасыз ететiн топырақ өңдеу тәсiлiн – культивациялау дейдi. Ол үшiн түрлi культиваторлар қолданылады. ТМД-ның Еуропалық елдерiнде қазтабандарының алымы 30-33 см болатын, кең алымды КШУ-12, КШУ-18 культиваторлары жиi қолданылады. Олар тұқым себу алдында және сүрi танапта топырақты 6-18 см тереңдiкте жаппай өңдеуге арналған. Культиваторлардың серiппелi және роторлы қопсытқыш тырмалары бар.

Шұңқырлау. Бұл агротехникалық шара сүдiгер көтерiлген немесе сүрi танапта ұзындығы 1,3 м, енi 0,5 м және тереңдiгi 15-20 см тұйық шұңқыр жасау үшiн жүргiзiледi. Әр шұңқырға 19-25 л су сыяды, сонда бiр гектарда 250-300 м3 су жинауға мүмкiндiк туады (2).Шұңқырларды қазуға ЛОД-10 шұңқырлағышын немесе ЛДГ-10 сыдыра жыртқышына шұңқыр қазуға арналған ПЛДГ-10 қондырғысын жалғап қолданады. Шұңқырлағыштарды жұмысқа қосарда қимыл бұрышын 300-қа тең етiп қояды. Ықтырмалы сүрi танаптарда шұңқырлағышын ықтырмалардың арасы өңделедi.

Тырмалау. Тырмалау жұмыс органдары әр түрлi: тiстi, инелi немесе шетi кесiлген ойық табақтары бар құралдармен жүргiзiледi. Тiстi және инелi тырмалар топырақтың бетiн қопсытады және тегiстейдi. Өңдеудiң тереңдiгi 3-4 см ден 5-6 см дейiн болады.

Тiстi тырмалар ауыр, орташа және жеңiл (БЗТС-1, БЗСС-1, ЗБП-0,6А) болады. Олар жердi соқамен жыртқаннан кейiн қолданылатын машиналар кешенiне кiредi және тек аңыз сабағы немесе өсімдік қалдығы жоқ танаптарда ғана жұмыс атқара алады. Ауыр тырманың бiр тiсiне түсетiн салмақ 2-3 кг болса,орташада 1-2 кг, жеңiл тырмада 0,5-1 кг болады.Тiстi тырмаларды көп жылдық шөптердiң, күздiк дәндi дақылдардың және отамалы дақылдардың, әсiресе жүгерiнiң егiстерiне күтiм жасағанда пайдаланады.Күзде өңделмеген немесе жазықтiлгiш құралдармен қңделген, бетiнде аңыз паясы бар танаптардың беткi қабатын қопсытуға инелi тырмалар қолданылады. ғопсыту тереңдiгi 4-10 см, аңыз қалдығының 75-80% сақталады. БИГ-3А инелi тырмаларының шанышқыларын топыраққа дқңес жағымен кiретiндей етiп (бәсең жағдай) қоюға болады. Бұл жағдайда топырақ күштiрек қопсытылады және араласады, арамшөптердің тұқымдары топыраққа жақсы сiңiрiледi. Егер инелер топыраққа тiгiнен кiретiн болса (белсендi жағдай) аңыз қалдықтары жақсы сақталады, топырақ шамалы араласады.

Тығыздау (катоктау).Бұл топырақтың тығыздалуын, кесектердiң үгiтiлуiн және топырақ бетiнiң iшiнара тегiстелуiн қамтамасыз ететiн топырақты өңдеу тәсiлi. қазіргі кезеңде бұдыр лы сақиналы ЗККШ-6 және салмағын реттеу үшiн iшiне су құйылатын ЗКВГ-1,4 тегiс шаңтастар кең таралған.Арамшөптердің, әсiресе қара сұлының тұқымдарын елiктету үшiн топырақты тығыздауды көбінесе ерте көктемде жүргiзедi.Тұқым сепкеннен кейiн тығыздау - оны топырақпен жанасуын жақсартады, дәндi дақылдардың танаптық өнгіштігін 10-15% арттырады.Тұқым сепкеннен кейiнгi тығыздау топырақтың су режимiне елеулi әсер етпейдi және көңіл толарлық қосымша өнім бермейдi. Сортаң топырақтарды тығыздау, әсiресе ылғалды жағдайда, тiптi зиянды да болады, себебi зиянды топырақ қабыршағы пайда болуы мүмкiн. Мұндай топырақтарда тұқым сепкеннен кейiнгi тығыздау дәндi дақылдардың өнім iн төмендетедi. Одан да тұқым себер алдында тығыздаған тиiмдiрек.