Жалпы мағлұматтар. Бір қабатты үймереттер белгілі технологиялық ретімен салынады, ол көлемді-жүйелеу

Бір қабатты үймереттер белгілі технологиялық ретімен салынады, ол көлемді-жүйелеу, орнатылатын құрылымдар шешімдеріне, цехтарды пайдалануға беру кезектілігіне, қойылған талаптарына және технологиялық жабдықтарды ертерек мезгілде орнатуды қамтамасыздандыруға байланысты құрастыру жұмысын (өндірісін) жобалағанды айқындалады.

Осыған орай технологиялық жабдықтардыорнату негізінде үшүлгі бойынша ұйымдастырылукы мүмкін:

- үймереттер әлде ғимараттардың жерүсті құрылыстары салынбаған кезде;

- құрылыс-құрастыру жұмыстарымен бірге қатарластырады. Мұндай жағдайда кешенді көтергіш-тасымал құралдары өзара байланысты бағдарлама арқылы, барынша толық екі жаққа бірдей пайдалануға болады;

- үймереттер әлде ғимараттар толық біткен соң арнайы құрастыру механизмі мен құрал-саймандар қолдана отырып, барлық жабдықтарды жинастыру және орнату.

Бір қабатты құрастырмалы өндіріс ғимараттарының құралымдарын құрастыру мамандандырылған тасқын арқылы жүргізіледі де, әрқайсысына тасымалдау, жинақ машина құрамы және лайықты құрастыру жабдықтары беріледі.

Учаскелердің мөлшері есеппен белгіленген олардың әрқайсысының жұмыс көлемі және еңбек сыйымдылығы шамамен бірдей болуы қажет және құрастыру учаскесі ретінде ғимараттардың сызба-нобайындағы ең кіші бөлігі белгіленеді, ол учаске құрылымдарды қажетті технологиялық үздіксіз құрастыруды, қауіпсіздік талабына сай еңбекті ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.

Ғимараттардың жерүсті қатарын салуда құрастырмалы темір-бетон әлде болат құралымдарын құрастыру жетекші процестерге жатады.

Құрастыру жұмысын нәтижелі жүзеге асыру жолдарының бірі – оны басқа құрылыс процестерімен (шатыр жабу, тазалық-техникалық және электр жинақтау жұмыстары, технологиялық жабдықтарды жинақтау, еден салу, әрлеу жұмыстары және т.б.) бірге тасқынды әдіспен жүргізу.

Бір қабатты өнеркәсіп үймереттердің ұстындары, арқалықтары, фермалары, жамылғы тақталары және сыртқы қабырға панельдері негізінде жекеленіпжүзеге асырылады (жеке, бір-бірлеп). Терезелер, күнтартқыштар, кранасты арқалықтар іріленген блоктармен (блокты құрастыру) құрастырылады. Одан басқа құралымдық бөлшектер жазық және кеңістік блоктармен құрастырылады, сонда олар сенімді жинақтық беріктікке ие болады.

Қазіргі құрылыстың дамуында бөлшектерді блоктау прогрестік әдістердің бірі болып саналуды. Бір қабатты өнеркәсіп құрылысында іріленген блоктармен көтеріп құрастыру, тек қана металл салмақ көтеретін жамылғы құралымдарға ғана қолданылуда.

Кешенді (қатар қолданылған) әдісте барлық құралымдарды құрастыру, дәлдеу және бекіту бір тасқынмен үймереттердің бір не бірнеше шектес ұялы бөлігінде жүргізіледі, сонда мықты құрастыру тұрақтылығы құрылады. Бірақ бұл әдіс темір-бетон қаңқалы бір қабатты өнеркәсіп үймереттерді салғанда қолданылмайды, себебі ірге тастың ойығы мен қаңқаның түйіскен жеріндегі бетон белгіленген (70%) беріктігіне жетпей (ол 3-4 күнде жетеді), қаңқаның үстіңгі құралымдарын орнатуға болмайды. Осыған орай әр түрлі құрастырмалы темір-бетон құралымдар салмақтарының айырмашылықтарына қарай бір кранмен құрастыруға да мүмкіншілік болмайды.

Көп қабатты өнеркәсіп үймереттердің құрама құралымдары кешенді әдіспен құрастырылады. Бірақ та кей бір жағдайларда құрастырылған әдісі де қолданылуы мүмкін. Үймереттердің талабына және өлшеміне қарай технологиялық жабдықтарды құрастыруына байланысты, жебелі және мұнаралы крандар үймереттерге қатынасы келесі үлгілер бойынша орналасуы мүмкін: бір немесе крандар бір жағында; екі әлде бірнеше крандар үймереттердің ұзынынан екі жағында: бір немесе бірнеше крандар үймерет салынатын таңбаға (нүктеге) тұрғызылады. Екі және бірнеше крандар істегенде жұмысты қауіпсіз жүргізу үшін құралымдарын құрастыру ретін белгілер, кран жебелерін тұрақты аралықта сақтай шараларын ескеру қажет. Азаматтық-тұрғын үймереттердің жерүсті қабаттары нөлдік цикл жұмыстары аяқталған соң, яғни үймереттердің жерасты қабаттары, коммуникациялар және үймереттердің төңірегіне уақытша әлде тұрақты жолдар салынып болғаннан кейін басталады.

Ауылшаруашылық ғимараттары мен үймереттері пайдалануына байланысты тұрғын-азаматтық және өнеркәсіп құрылыстарының объектілеріне ұқсас салынады. Бірақта ауыл шаруашылығына арналған өнеркәсіп объектілерді, сондай-ақ тұрғын және мәдени-тұрмыс үймереттерді салғанда ауылды жердің ерекше өзгешеліктері құрылысты ұйымдастыру және жұмыс өндірісінің әдісіне өзінше әсер етеді. Ауылшаруашылық құрылысының ерекшелігі объектілердің едәуір бытырап қашықсуы, жол бойы мен қамтамасыздандыратын зауыттардан қашықтығы және жеке объектілердің, басқалармен салыстырғандағы, жұмыс көлемінің шамалылығы.

Негізгі және қосалқы жұмыстар тек құрастыру жұмысының өндіру әдістері белгіленгенде және олардың құрамы белгіленген соң ғана біржола анықталады.

Әр құралымдар элементтерінің санын, олардың құрастыру салмағы мен сыртқы шектік өлшемін анықтай отырып алдымен негізгі жұмыстардың көлемі белгіленеді. Содан соң қосалқы жұмыстардың көлемі анықталады. Оларға кондукторларды, төсеніштерді орнату және орнын алмастыру, бекіту анкерлерін қондыру, қоршауларды орнату және т.б. жатады.

Қосалқы жұмыстардың көлемін анықтағанда көлемін анықтағанда олар элементтерді жинақтау мөлшеріндегі жұмыс құрамына негенін әлде енбегенін ескеру қажет.